kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жақсы көңіл күй жан шуағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып оқушылардың адамгершіліктерін дамыту. Дұрыс әрекет жасауға үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жақсы көңіл күй жан шуағы»


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп: Өскемен қаласы әкімдігінің «О. Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ

Мерзiм ____________ Мұғалiм Советова М.Е

Сынып 5 «М», 5 «Ж» Оқушылар саны 5 «М»__, 5 «Ж»__ Тақырып 5. Талаптыға Нұр жауар

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттері: ізгілік,қабілеттілік, адамгершілік.



Сабақ мақсаты Адамдардың алдына қойған мақсатын, табиғи дарындылығын, қабілетін жетілдіруде ізденуге, талаптана білуге үйрету дұрыс әрекет ету құндылығынан туындайтыны туралы түсінік беру.

Міндеттері:

- оқушыларды еңбекқорлыққа үйрету;

- оқушылар бойындағы табиғи дарындылығын дамыту;

- төзімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

оқулық, дәптер

(аудио,видео жазбалар)

Сабақ барысы:

 1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.

 Оқу құралдарына назар аудару. 5Т

2.Тыныштық сәтi.

«Нұрға бөлену» 5 мин.

3.Үй тапсырмасын тексеру:

Тапсырма :

31-беттегі Шәкәрімнің «Талап пен ақыл» мәтінімен танысып келу.

Ақын талапты неге теңеп тұр?

Талаптың алты түрлі ноқтасына нені жатқызамыз?

Талаптану адамға не үшін қажет?

Талаптанудың адам өміріне септігі қандай?

Талаптануда қандай қасиеттер шыңдалады?


Сабақ барысын талдау:

  1. 4. Дәйексөз

"Талаптан да білім мен өнер үйрен, 
Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл." 
Ш. Құдайбердиев 

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Оқушылар дәйексөздің мағынасы бойынша өз пайымдауларын жасайды.

2-рет ер балаларға,  2- рет қыз балаларға айтқызу.

Дәйексөзді дәптерлеріне жаздыру.

Барлығы бірге айту.


5. Оқиғаны әңгімелеу.

Аңыз әңгіме 
Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп,еркелетеді. Өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, бейәдеп жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына ешкім жүрмеуге тырысады. 
Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ дейді. Бірінші бала тақтайға 37 шеге қағады. 
«Балам,өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады: 
«Енді балам, ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр». Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде таусыпты. Әкесі қуанып «Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне өзіңді өзің тәрбиеледің, жақсы адам болып жолға түстің. Бірақ балам, мына тақтайға қарашы,бұрынғысындай тегіс әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да олар қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің? Бәрібір ол жүректің түбінде қалады ғой. Әрине, бұл күндердің әркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы. Бірақ бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол», -дейді. 
Сұрақтар: 
- Баланың іс әрекетіне қарап, мінез құлқына қандай баға беруге болады? 
- Әкесі қандай айла ойлап тапты? 
- Бала өзін тежеп ұстауға қалай үйренді? 
- Әкесінің «Бұл саған өмірлік сабақ болсын» дегенін қалай түсіндіңдер? 
_ Бала дұрыс әрекет жасады деп ойлайсыңдар ма? 


6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 
Сынып 2 топқа бөлінеді 
1топ: (талаптану тақырыбына өлең шығару) 
2 топ: (өзіңнің жасаған жақсылығыңды есіңе түсіріп көр) суретпен бейнелеуге тырыс 


7.Топпен ән айту.

Біз өмірдің гүліміз 

Нұрланамыз бәріміз 
(Сөзі өзгертілген) 
Ақ ниетпен 
Пәк жүрекпен 
Өмірге біз келеміз. 
Қуанышты 
Ізгілікті 
Күн нұрындай төгеміз. 

Адалдықпен 
Ақиқатқа 
Жүгінеміз бәріміз. 
Жақсылықты 
Жамандықты 
Айырады жанымыз. 

Адамзатқа 
Махаббатпен 
Шырқалады әніміз. 
Мейіріммен 
Шуақ шашып 
Нұрланамыз бәріміз. 


5. Үй тапсырмасы

35-бет. М.Мақатаев өлең жолдарымен танысып келу.


9. Соңғы тыныштық сәтi

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!












2



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жақсы көңіл күй жан шуағы

Автор: Советова Мейрамгуль Ергазыкызы

Дата: 08.11.2016

Номер свидетельства: 356651

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) ""Жа?сы к??іл к?й - жан шуа?ы""
    ["seo_title"] => string(31) "zhak-sy-kon-il-kui-zhan-shuag-y"
    ["file_id"] => string(6) "254240"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1447730392"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Жа?сы к??іл к?й – жан шуа?ы"
    ["seo_title"] => string(24) "zhaksykonilkuizhanshuagy"
    ["file_id"] => string(6) "285937"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454259343"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Жақсы көңіл күй – жан шуағы"
    ["seo_title"] => string(33) "zhak_sy_kon_il_kui_zhan_shuag_y_2"
    ["file_id"] => string(6) "421610"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1497368328"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Тренинг «Жа?сы к??іл-к?й жан шуа?ы»"
    ["seo_title"] => string(41) "trieningh-zhak-sy-kon-il-kui-zhan-shuag-y"
    ["file_id"] => string(6) "297679"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1456227800"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Жақсы көңіл-күй - жан шуағы"
    ["seo_title"] => string(33) "zhak_sy_kon_il_kui_zhan_shuag_y_1"
    ["file_id"] => string(6) "413112"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1493844700"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства