Септік жалғау зат есімге жалғанғанда, оған белгілі бір грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде оны басқа сөздермен байланысқа түсіреді. Қазақ тілінде 7 септік түрі бар. Атау септік ойдың, іс-әрекеттің иесін білдірді.Бала(кім?) жүгірді.Ілік септік зат кімнің меншігі екенін, не нәрсеге тән екенін білдіреді: Асқардың(кімнің?) қаламы.Барыс септігі іс қимылдың бағытын,мекенін, мезгілін білдіреді: Мектепке (қайда?)барды.Табыс септігі іс-қимылдың объектісін білдіреді, яғни затты нұсқайды: суретті(нені?) көрді. Жатыс септік іс-қимылдың орнын, мекенін, мезгілін, кімде екенін білдіреді:тауда (қайда?) өседі.Шығыс септік заттық мағынаны, затт істелу тегін, әрекеттің шығуын көзін,мезгілін, мекенін білдіреді: үйден (қайдан?)шықты. Көмектес септігі іс-қимылдың амалын, істелу құралын, бірлестікті білдіреді: Асқармен(кіммен?) бірге істеді. Зат есім көптік, тәуелдік жалғаулы тұлғада тұрып та септеле береді. Зат есімнің септелуі Атау септік су гүлдер Ілік септік су-дың гүлдер-дің Барыс септік су-ға гүлдер-ге Табыс септік су-ды гүлдер-ді Жатыс септік су-да гүлдер-де Шығыс септік су-дан гүлдер-ден Көмектес септік су-мен гүлдер-мен Септеу Атау: Барлығыңа үлгі болар, қарақтар, Байсалды да, ақылды да Марат бар. Ілік: Жеке басым ең алдымен Мараттың Жасы үлкенді сыйлағанын жараттым. Барыс: Сенбейсің бе, күнделікті парақта: Талай бестік қойылыпты Маратқа. Табыс: Батыл емес дей алмайсың Маратты, Сол үйретті ауылдағы бар атты. Қолдану бөлімі.Тақтамен жұмыс. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау |