-Керегесін тұрғызамыз. 288-жаттығу Әдейі, жорта, амалсыздан, босқа, бекерге деген мақсат және себеп-салдар үстеулерін қатыстырып, бірнеше сөйлем құрап жазыңдар. Уақытты босқа өткізгеннен гөрі салт дәстүріміз туралы білімімізді жетілдірген әлдеқайда пайдалы. 289-жаттығу Бүгін: мезгіл үстеуі-бүгін көрінсе. Ертең: мезгіл үстеуі-ертең шығады. Таңертең: мезгіл үстеуі-таңертең жетіп. Өте: күшейткіш үстеу-өте көңілді. Енді: мезгіл үстеуі - енді барасың. Тез: сын-қимыл үстеуі - тез қимылдамасақ болмайды. Былтыр: мезгіл үстеуі- былтыр барғанда. Сыртында: мекен үстеуі- сыртында бар. Маңында: мекен үстеуі-маңында болады. Оқушылар жазып келген мәліметтерін оқиды. Тұсаукесер -Енді киіз үй құрастыруды жалғастырайық. Керегеден кейін киіз үйдің шаңырағын бақанмен көтереміз. Шаңырақтың тапсырмасы санжұмбақ шешу екен. Балалар, мына санжұмбаққа назар аударайық. Санжұмбақтың тапсырмалары: Екі я одан да көп түбірдің немесе сөздің бірігіп, тіркесіп немесе қосарланып тұрақтануынан жасалатын үстеулер. Қимылдың, іс-әрекеттің болу мақсатын білдіретін үстеулер. Сынның немесе қимылдың белгісін я сапасын күшейтіп, я солғындатып көрсететін үстеулер. Ілгері, кейін, жоғары, төмен үстеулері үстеудің қай мағыналық түріне жатады? Сөйлемде қимылдың, сын-сапаның әр түрлі белгілерін, сипатын білдіріп, өзгертуге келе бермейтін сөз табы. Әрқандай тұлғадағы өз деген есімдіктен құралатын есімдік түрі. Бірде ешқандай қосымшасыз тұрып, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беріп, анықтауыш қызметін бірде кім? не? деген сұрақтарға жауап беріп бастауыш я баяндауыш қызметін атқаратын сөз табы. Таң және ертең сөздерінің бірігуіне жасалған күрделі үстеу. Қашан? қашаннан? Деген сұрақтарға жауап беретін үстеудің түрі. Бірталай, онша, сонша, қыруар үстеулері үстеудің қай түріне жатады? Жалпылау, жинақтау мағынасын білдіретін есімдіктің түрі. Күшейткіш үстеулер құрамы жағынан қандай болып келеді? Үстеулердің сөйлемдегі қызметі. Мен, сен, сіз, ол есімдіктері есімдіктің қай түріне жатады? -Санжұмбақтың шешуі қалай болды? -Ендеше, біздің бүгінгі тақырыбымыз –үстеудің емлесі. Күрделі (ү) Мақсат (с) Күшейткіш (т) Мекен (е) Үстеу (у) Өздік (д Есімше (і) Таңертең (ң) Мезгіл (е) Мөлшер (м) Жалпылау (л) Негізгі (е) Пысықтауыш (с) Жіктеу (і) Негізгі Бөлім -Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күннің жады мен сабақтың тақырыбын жазамыз. -Балалар, киіз үйдің шаңырағынан кейін оны уықтармен бекітеміз. Ал уықтар бізге үстеудің емлесін дұрыстап түсініп алуды тапсырған екен. Олай болса, мұқият тыңдайық. -Мына мысалдарды дәптерімізге жазайық: Әдетте киіз үйі барлар жаздыгүні маусым айында үй тіге бастайтын. Ақ ордаға жиналған қонақтар емін-еркін әңгіме-дүкен құрды. Бүгін халық жайлауға көшіп, күні бойы үйлерін тігумен болды. Оқушылар күннің жады мен тақырыпты дәптерлеріне жазады. Үстеудің емлесі Оқушылар мысалдарды дәптерлеріне жазып алады. Әдетте киіз үйі барлар жаздыгүні маусым айында үй тіге бастайтын. Жаздыгүні: жаздың+күні сөздерінің бірігуі арқылы жасалған, күрделі мезгіл үстеуі. Ақ ордаға жиналған қонақтар емін-еркін әңгіме-дүкен құрды. Емін-еркін: күрделі сын-қимыл үстеуі, сөздердің қосарлануы арқылы жасалған. Бүгін халық жайлауға көшіп, күні бойы үйлерін тігумен болды. Бүгін: бұл+күн сөздерінің бірігуінен жасалған, күрделі мезгіл үстеуі. Күні бойы: сөздердің тіркесуінен құралған күрделі мезгіл үстеуі. Қорытынды -Балалар, киіз үйдің енді есігін орналастыруымыз керек. Киіз үйдің есігі-сықырлауық деп аталады. Сықырлауықтың тапсырмасына көшелік. -Оқулықпен жұмыс. Балалар, енді жаттығулармен жұмыстанайық.
-Балалар, киіз үйдің қаңқасын құрастырып болдық. Енді оның сырты киізбен жабылады. Осы кезеңнің тапсырмасын орындайық.
-Осымен балалар, киіз үйді құрастырып болдық. Оның құрылысымен таныстық. Киіз үйді қазақ халқы «қасиетті, киелі қарашаңырағымыз» деп дәріптеген. Ұлттық құндылықтарымызды қадірлейік, балалар |