kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?стеуді? емлесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

П?ні:

?аза? тілі

Сыныбы:

6-сынып

Уа?ыты:

Саба?ты? та?ырыбы:

?стеуді? емлесі

??зыреттілікке жеткізетін ма?сат-міндеттері:

а) а?паратты?

А?парат к?здері ар?ылы  ?стеу туралы б?рын?ы білетін т?сініктерін пайдалана отырып, ?стеуді? емлесін  ме?герту.

?) коммуникативтік

Та?ырып бойынша о?ушыларды? ал?ан а?паратын ауызша ж?не жазбаша тілде пайдалана білу да?дысын ?алыптастыру.

б) проблеманы шешу:

О?ушылар?а жатты?у ж?мыстары мен тапсырмалар беру ар?ылы ?з беттерімен ж?мыстану?а  да?дыландыру.

Саба?ты? т?рі:

Аралас саба?

Саба?ты? ?дісі:

С?здік, к?рнекілік, практикалы?, морфологиялы? талдау ?дісі

Саба?та ?олданылатын педагогикалы? технологиялар:

АКТ, дамыта о?ыту

К?рнекілігі:  

Интерактивті та?та, плакат, «Жеті ?азына» кітабы (1,2,3-кітаптары)

П?наралы? байланыс:

?дебиет

Саба?ты? барысы:

М??алімні?  ?ызметі:

О?ушыны? ?ызметі:

К?тілетін н?тиже:

I.?йымдастыру б?лімі

-С?леметсіздер ме, о?ушылар? Отыры?ыздар.

-Кезекші, б?гінгі саба?ымызда барлы?ы т?гел ме?

-Олай болса, о?у ??ралдарымызды реттеп, саба??а дайындалайы?.

М??аліммен амандасу, саба?та кімні? жо? екенін айту, саба??а дайындалу

С?лемдесу ар?ылы о?ушылар мен м??алім арасында ынтыма?тасты? ?атынас орнайды.

II.?й тапсырмасын тексеру

-Балалар, ?аза?тарды? ертедегі т?р?ын ?йлері туралы не білеміз?

-Д?рыс-а?. Ендеше біздер б?гін киіз ?йді? ??рылысымен танысамыз. Алдымен киіз ?й ??растыру ?шін не істейміз?

-Д?рыс. Осы ?рбір атал?ан киіз ?йді? б?лшектеріні? тапсырмасын д?рыс орындаса?, киіз ?йді де тез ??растырып боламыз.

-Ал, ендеше керегені? тапсырмасына к?шейік. ?й тапсырмасын тексеру.

-Балалар, сіздерге ?йге 288, 289-жатты?улар ж?не аталмай ж?рген, ?мыт бол?ан салт-д?ст?рлер туралы ?осымша м?лімет жазып келуге берілген болатын.

-Ендеше, 288-жатты?удан бастап тексерейік.

–?ане, кім дайын?

-289-жатты?у. С?йлемдерден ?стеулерді тауып, оларды? т?рлерін ажыраты?дар, ?ай с?збен тіркесіп т?р?анын айты?дар.

-Жарайсы?дар, енді аталмай, ?мыт бол?ан салт-д?ст?рлер туралы жазып келген ?осымша м?ліметтерді о?иы?.

- ?аза?тар б?рында киіз ?йде т?р?ан.

-Керегесін т?р?ызамыз.

  1.  

?дейі, жорта, амалсыздан, бос?а, бекерге деген ма?сат ж?не себеп-салдар ?стеулерін ?атыстырып, бірнеше с?йлем ??рап жазы?дар.

 

Уа?ытты бос?а ?ткізгеннен г?рі салт д?ст?ріміз туралы білімімізді жетілдірген ?лде?айда пайдалы.

  1.  
  2. мезгіл ?стеуі-б?гін к?рінсе. Ерте?: мезгіл ?стеуі-ерте? шы?ады. Та?ерте?: мезгіл ?стеуі-та?ерте? жетіп. ?те: к?шейткіш ?стеу-?те к??ілді. Енді: мезгіл ?стеуі- енді барасы?. Тез: сын-?имыл ?стеуі -тез ?имылдамаса? болмайды. Былтыр: мезгіл ?стеуі- былтыр бар?анда. Сыртында: мекен ?стеуі- сыртында бар. Ма?ында: мекен ?стеуі-ма?ында болады.

О?ушылар  жазып келген м?ліметтерін о?иды.

О?ушылар ?ткен ?стеу, ?стеуді? ма?ыналы? т?рлерін  ?й тапсырмасын тексерту ар?ылы пысы?тайды.

?стеу та?ырыбы бойынша с?ра?тар?а жауап бере отырып, білімдерін пысы?тайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?стеуді? емлесі»


Пәні:

Қазақ тілі

Сыныбы:

6-сынып

Уақыты:


Сабақтың тақырыбы:

Үстеудің емлесі

Құзыреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық


Ақпарат көздері арқылы үстеу туралы бұрынғы білетін түсініктерін пайдалана отырып, үстеудің емлесін меңгерту.

ә) коммуникативтік

Тақырып бойынша оқушылардың алған ақпаратын ауызша және жазбаша тілде пайдалана білу дағдысын қалыптастыру.

б) проблеманы шешу:

Оқушыларға жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар беру арқылы өз беттерімен жұмыстануға дағдыландыру.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:

Сөздік, көрнекілік, практикалық, морфологиялық талдау әдісі

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

АКТ, дамыта оқыту

Көрнекілігі:

Интерактивті тақта, плакат, «Жеті қазына» кітабы (1,2,3-кітаптары)

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет








Сабақтың барысы:

Мұғалімнің қызметі:

Оқушының қызметі:

Күтілетін нәтиже:

I.Ұйымдастыру бөлімі

-Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Отырыңыздар.

-Кезекші, бүгінгі сабағымызда барлығы түгел ме?

-Олай болса, оқу құралдарымызды реттеп, сабаққа дайындалайық.

Мұғаліммен амандасу, сабақта кімнің жоқ екенін айту, сабаққа дайындалу

Сәлемдесу арқылы оқушылар мен мұғалім арасында ынтымақтастық қатынас орнайды.

II.Үй тапсырмасын тексеру

















-Балалар, қазақтардың ертедегі тұрғын үйлері туралы не білеміз?

-Дұрыс-ақ. Ендеше біздер бүгін киіз үйдің құрылысымен танысамыз. Алдымен киіз үй құрастыру үшін не істейміз?

-Дұрыс. Осы әрбір аталған киіз үйдің бөлшектерінің тапсырмасын дұрыс орындасақ, киіз үйді де тез құрастырып боламыз.

-Ал, ендеше керегенің тапсырмасына көшейік. Үй тапсырмасын тексеру.

-Балалар, сіздерге үйге 288, 289-жаттығулар және аталмай жүрген, ұмыт болған салт-дәстүрлер туралы қосымша мәлімет жазып келуге берілген болатын.

-Ендеше, 288-жаттығудан бастап тексерейік.

–Қане, кім дайын?




-289-жаттығу. Сөйлемдерден үстеулерді тауып, олардың түрлерін ажыратыңдар, қай сөзбен тіркесіп тұрғанын айтыңдар.








-Жарайсыңдар, енді аталмай, ұмыт болған салт-дәстүрлер туралы жазып келген қосымша мәліметтерді оқиық.

- Қазақтар бұрында киіз үйде тұрған.

-Керегесін тұрғызамыз.

288-жаттығу

Әдейі, жорта, амалсыздан, босқа, бекерге деген мақсат және себеп-салдар үстеулерін қатыстырып, бірнеше сөйлем құрап жазыңдар.


Уақытты босқа өткізгеннен гөрі салт дәстүріміз туралы білімімізді жетілдірген әлдеқайда пайдалы.

289-жаттығу

Бүгін: мезгіл үстеуі-бүгін көрінсе. Ертең: мезгіл үстеуі-ертең шығады. Таңертең: мезгіл үстеуі-таңертең жетіп. Өте: күшейткіш үстеу-өте көңілді. Енді: мезгіл үстеуі- енді барасың. Тез: сын-қимыл үстеуі -тез қимылдамасақ болмайды. Былтыр: мезгіл үстеуі- былтыр барғанда. Сыртында: мекен үстеуі- сыртында бар. Маңында: мекен үстеуі-маңында болады.

Оқушылар жазып келген мәліметтерін оқиды.

Оқушылар өткен үстеу, үстеудің мағыналық түрлерін үй тапсырмасын тексерту арқылы пысықтайды.




















Үстеу тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, білімдерін пысықтайды.



III.Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық

-Енді киіз үй құрастыруды жалғастырайық. Керегеден кейін киіз үйдің шаңырағын бақанмен көтереміз. Шаңырақтың тапсырмасы санжұмбақ шешу екен.

Балалар, мына санжұмбаққа назар аударайық.

Санжұмбақтың тапсырмалары:

  1. Екі я одан да көп түбірдің немесе сөздің бірігіп, тіркесіп немесе қосарланып тұрақтануынан жасалатын үстеулер.

  2. Қимылдың, іс-әрекеттің болу мақсатын білдіретін үстеулер.

  3. Сынның немесе қимылдың белгісін я сапасын күшейтіп, я солғындатып көрсететін үстеулер.

  4. Ілгері, кейін, жоғары, төмен үстеулері үстеудің қай мағыналық түріне жатады?

  5. Сөйлемде қимылдың, сын-сапаның әр түрлі белгілерін, сипатын білдіріп, өзгертуге келе бермейтін сөз табы.

  6. Әрқандай тұлғадағы өз деген есімдіктен құралатын есімдік түрі.

  7. Бірде ешқандай қосымшасыз тұрып, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беріп, анықтауыш қызметін бірде кім? не? деген сұрақтарға жауап беріп бастауыш я баяндауыш қызметін атқаратын сөз табы.

  8. Таң және ертең сөздерінің бірігуіне жасалған күрделі үстеу.

  9. Қашан? қашаннан? Деген сұрақтарға жауап беретін үстеудің түрі.

  10. Бірталай, онша, сонша, қыруар үстеулері үстеудің қай түріне жатады?

  11. Жалпылау, жинақтау мағынасын білдіретін есімдіктің түрі.

  12. Күшейткіш үстеулер құрамы жағынан қандай болып келеді?

  13. Үстеулердің сөйлемдегі қызметі.

  14. Мен, сен, сіз, ол есімдіктері есімдіктің қай түріне жатады?







-Санжұмбақтың шешуі қалай болды?

-Ендеше, біздің бүгінгі тақырыбымыз –үстеудің емлесі.

  1. Күрделі (ү)

  2. Мақсат (с)

  3. Күшейткіш (т)

  4. Мекен (е)

  5. Үстеу (у)

  6. Өздік (д)

  7. Есімше (і)

  8. Таңертең (ң)

  9. Мезгіл (е)

  10. Мөлшер (м)

  11. Жалпылау (л)

  12. Негізгі (е)

  13. Пысықтауыш (с)

  14. Жіктеу (і)

  • Үстеудің емлесі

Үстеу, үстеудің мағыналық түрлерін пысықтауға арналған санжұмбақты шеше отырып, үстеудің емлесін меңгеруге дайындалады. Қазақтың киіз үйі туралы білімдерін кеңейтеді.























Үстеудің мағыналық түрлерін естеріне түсіреді.

IV.Жаңа материалды меңгертуді ұйымдастыру

-Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күннің жады мен сабақтың тақырыбын жазамыз.

-Балалар, киіз үйдің шаңырағынан кейін оны уықтармен бекітеміз. Ал уықтар бізге үстеудің емлесін дұрыстап түсініп алуды тапсырған екен. Олай болса, мұқият тыңдайық.

-Мына мысалдарды дәптерімізге жазайық:

Әдетте киіз үйі барлар жаздыгүні маусым айында үй тіге бастайтын.




Ақ ордаға жиналған қонақтар емін-еркін әңгіме-дүкен құрды.





Бүгін халық жайлауға көшіп, күні бойы үйлерін тігумен болды.

Оқушылар күннің жады мен тақырыпты дәптерлеріне жазады.

Наурыз айының екісі.

Үстеудің емлесі




Оқушылар мысалдарды дәптерлеріне жазып алады.

Әдетте киіз үйі барлар жаздыгүні маусым айында үй тіге бастайтын.

Жаздыгүні: жаздың+күні сөздерінің бірігуі арқылы жасалған, күрделі мезгіл үстеуі.

Ақ ордаға жиналған қонақтар емін-еркін әңгіме-дүкен құрды.

Емін-еркін: күрделі сын-қимыл үстеуі, сөздердің қосарлануы арқылы жасалған.

Бүгін халық жайлауға көшіп, күні бойы үйлерін тігумен болды.

Бүгін: бұл+күн сөздерінің бірігуінен жасалған, күрделі мезгіл үстеуі.

Күні бойы: сөздердің тіркесуінен құралған күрделі мезгіл үстеуі.



Оқушылар ақпарат көздері арқылы үстеудің емлесін меңгереді.


















Мысалдар арқылы сөйлемдерден үстеулерді тауып, оларға сұрақ қойып, қандай сөзбен тіркесіп тұрғанын ажыратуды үйренеді.


Берілген сөйлемдерді оқи отырып, киіз үй туралы танымдарын кеңейтеді.


V.Жаңа білімді бекіту




Мұғалімнің көмегімен бекіту













Оқушының өз бетімен бекітуі


-Балалар, киіз үйдің енді есігін орналастыруымыз керек. Киіз үйдің есігі-сықырлауық деп аталады.

Сықырлауықтың тапсырмасына көшелік.

-Оқулықпен жұмыс. Балалар, енді жаттығулармен жұмыстанайық.



-Балалар, киіз үйдің қаңқасын құрастырып болдық. Енді оның сырты киізбен жабылады. Осы кезеңнің тапсырмасын орындайық.




-Осымен балалар, киіз үйді құрастырып болдық. Оның құрылысымен таныстық.

Киіз үйді қазақ халқы «қасиетті, киелі қарашаңырағымыз» деп дәріптеген. Ұлттық құндылықтарымызды қадірлейік, балалар!

Оқулықпен жұмыс:

292-жаттығу

Енді-мезгіл үстеуі. Күн-түн-мезгіл үстеуі. Бұрын –мезгіл үстеуі. Ілгері – мекен үстеуі. Күні-түні –мезгіл үстеуі. Талай-талай-мөлшер үстеуі.

293-жаттығу

Әбден ұзап, оң жақ бүйірге қарай, артына түсті, онша жақындаған жоқ, енді жүре бастады, ақырын жүре бастады, алды-артына қарайды, әрлі-берлі бұрылып, жанына жақындай, үстінен гүрс ете түсті.

294-жаттығу

Кейіннен келе жатқан, артына қарады, біраз жүрген соң, жан-жағына қарап тұрды, бір күн жүріпті, бір түн жүріпті, таңертең түскен, үстінде келе жатып, лезде тыпырлағандай,оңынан шығып, солынан шығып, алдынан шығып, тіпті жақындап, қыстыгүні келе жатқан,бұрын көріне бастады, жақыннан көрінді, ақырын келді, жанына келді, тіпті жақын көрінді,жан-жағына бұрып, артына бұрылып, жоғары ұшып, жоғары көтеріліп.




1-тапсырма:

Бірталай жылдан бастау алады: сөздердің бірігуінен жасалған күрделі мезгіл үстеуі.

Әбден құрастырылып болғасын: негізгі күшейткіш үстеу.

Сөйтіп жабылады: туынды сын-қимыл үстеуі.

Соңында жабылады: туынды мезгіл үстеуі.

Әдейілеп шабылады: туынды мақсат үстеуі.

Ең маңыздысы: негізгі күшейткіш үстеу.

Осылай төтеп берген: сын-қимыл үстеуі.


1-қатар:

  1. Бекер-себеп-салдар үстеуі, негізгі үстеу.

  2. Бірталай-мезгіл үстеуі, күрделі үстеуі, бірігу арқылы жасалған.

2-қатар:

  1. Тым-негізгі күшейткіш үстеу.

  2. Енді-негізгі мезгіл үстеуі.

3-қатар:

  1. Талай-негізгі мөлшер үстеуі.

  2. Жоғары-негізгі мекен үстеуі.

  3. Дәл: негізгі күшейткіш үстеу.

  4. Қасында: туынды мекен үстеуі.



Оқушылар жаттығу жұмысын орындау арқылы үстеулерді сөйлемнен сұрақ қоя отырып табуды, тіркескен сөзін ажыратуды үйренеді.







Үстеулердің сұрақтарын, тіркескен сөздерін, мағыналық түрлерін ажыратуды үйренеді. Өткен үстеудің мағыналық түрлері туралы білімдерін пысықтайды.















Берілген сөйлемдерден үстеулерді тауып, тіркесіп тұрған сөзін анықтауды үйренеді. Киіз үй туралы мәтінді оқи отырып, танымдарын кеңейтеді.























Берілген өлең шумақтарынан үстеулерді тауып, олардың қалай жасалып тұрғанын анықтауды үйренеді.









Киіз үйді құрастыру үшін қандай бөлшектер керек екенін үйренеді. Оның маңызы туралы білімдерін кеңейтеді.

VI. Үйге тапсырма

Үй тапсырмасын тыңдап, түсініп алады.

Сұрақтары болса қояды.


Үй тапсырмасын орындау арқылы өз беттерімен жұмыстануға үйренеді.

VII.Қорытындылау

Оқушыларды сабаққа қатысуларына байланысты білімдерін бағалау.

-Осымен сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

Оқушылар мұғалімнің сабақты қорытындылауын тыңдайды.

Оқушыларға кемшіліктері, жетістіктерін айта отырып бағалайды.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
?стеуді? емлесі

Автор: Габбасова Бакытканым Зарифовна

Дата: 09.03.2016

Номер свидетельства: 303448

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "?стеуді? емлесі."
    ["seo_title"] => string(17) "ustieudiniemliesi"
    ["file_id"] => string(6) "305395"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457939177"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "Ашы? саба?. Та?ырып: "Екпін" - 5 сынып, "?стеуді? емлесі" 6 сынып. "
    ["seo_title"] => string(62) "ashyk-sabak-tak-yryp-iekpin-5-synyp-ustieudin-iemliesi-6-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "193736"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427691923"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(133) "Ашы? саба?. та?ырып; "Екпін". "Екпін т?рлері" 5 сынып. "?стеуді? емлесі" 6 сынып. "
    ["seo_title"] => string(78) "ashyk-sabak-tak-yryp-iekpin-iekpin-turlieri-5-synyp-ustieudin-iemliesi-6-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "193947"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427714335"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Үстеудің емлесі"
    ["seo_title"] => string(20) "ustieudin_iemliesi_1"
    ["file_id"] => string(6) "460587"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1520097428"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Үстеудің емлесі"
    ["seo_title"] => string(18) "ustieudin_iemliesi"
    ["file_id"] => string(6) "387386"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1486131194"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства