kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Урок самопознаний "Оқуға құштарлық"

Нажмите, чтобы узнать подробности

урок самопознаний "Оқуға құштарлық"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Урок самопознаний "Оқуға құштарлық"»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: №32 Мерзiм: __________2сабақ

Тақырып: Оқуға құштарлық

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: Шыншылдық, мейірімділік, жауапкершілік,шыдамдылық, жанашырлық

Мұғалiм: Нұрмұханова Г.Б Сынып 4 «а,ә,б,в» Оқушылар саны ____


Сабақтың мақсаты: 
Білімнің, оқудың қажеттілігін түсіну.
Сабақтың міндеті:
- Оқушылардың өзін және айналасын тануға,оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, дүниетанымын кеңейту.
-Оқушыларды өз ойын ашық білдіруге, пікірлерін қорғай білуге, шығармашылық ізденісін арттыруға дағдыландыру.
-Ұқыптылыққа, жинақылыққа, білімге қызығушылыққа тәрбиелеу

Ресурстар:

интербелсенді тақта, тақырыпқа байланысты суреттер, тілек ағашы суреті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi.

1) Тыныштық сәтi.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздіңәр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздіңқауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздіңқолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

2)Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақ барысын талқылау:


Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау








ІІ. Дәйек сөз.

«Оқу-білім бұлағы,білім-өмір шырағы» халық мақалы


ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат).

Білімнің адамға пайдасын түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізіледі. С.Баязитовтың «Мақал мәнісі» атты өлеңін оқушылармен қосылып айту.

  • «Білекті- бірді жығар,білімді-мыңды жығар»деген мақалды қалай түсінесіңдер?

  • «Кітап-білім бұлағы,білім-өмір шырағы».-дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Білімнің адам өміріне қандай пайдасы бар?

Білімді өз бойларыңа қандай жолмен жинақтауға болады деп ойлайсыңдар?

Оқушыларға Қ.Толыбаевтың «Құштарлық»әңгімесін оқу.

  • Талапты баланың біліиге деген құштарлығын қалай аңғаруға болады?

  • «Оқу-инемен құдық қазғандай жинайтын қазына»дегенде нені түсінесіңдер?

  • Баланың бойынан өздеріңе ұнайтын қандый жақсы қасиеттерді көрдіңдер?

-Адамға білім не үшін қажет?
-Оқу кезінде қандай қиындықтар кездеседі?
-Оларды қалай жеңуге болады деп ойлайсыңдар?
-Білімді болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?
Суреттерге қарап, «Менің ұстаздарым» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.
Мақал – мәтелдер
1. Оқу – білім бұлағы.
2. Білім – өмір шырағы
3. Оқу – инемен құдық қазғандай.
4. Оқу түбі – тоқу.
-Кітап – білімнің бұлағы. Қайнар көзі.Кітапсыз өмір сүру мүмкін емес.Кітап адамды терең ойлауға жетелейді. Әр адам кітаптың бетін ешқен сайын, құнды дүниелерге қол жеткізеді.
4 топ жұмысын қорғап ортаға салады.
• «Табанды бала» мәтінмен жұмыс.
-Бала мақсатына қалай жетті?
-Баланың ғалым болуына қандай қасиеттері көмектесті.
-Қазақ халқының қандай ғұлама ғалымдарын білесіңдер?
•Жаңа ақпарат.
Білім алу қызығушылық, еңбекқорлық және табандылық танытуды қажет етеді. Білім адам игілігіне қызмет етеді.Ал сендерге сол білімнің негізін салушы ол мұғалім.
Ұстаз:
- біліммен сусындатады;
- тәлім-тәрбие береді;
- өмір қиындықтарын жеңуге баулиды;
- табиғатты танып-білуді меңгертеді;
-адамдарды түсінуге үйретеді.
Ұстазымызға ризашылығымызды бiлдiрейiк!
«Кітаптың жыры» Е.Ашықбаев. (Өлеңді жаттау)
-Неліктен кітапты «ұстаз» деп атаймыз?
-Кітаппен қалай дос болуға болады?
«Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» 
Халық мақалы
Білім :
-Өзіңді, өзгені танытады;
-Өмірді түсінуге көмекеседі;
-Табиғат құпияларын ашады;
-Болашаққа жетелейді.


IV. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сыныпты 4 топқа бөлу: «Оқу», «Білім», «Өнер», «Еңбек» 
«Оқуға құштарлық»
1-топ: «Оқу» тобы: Кітаптың пайдасы туралы топтап жазу.
2-топ: «Білім» тобы: «Оқу, білім» туралы мақал-мәтелдер жазып, мағынасын ашу
3-топ: «Өнер» тобы: «Оқу, білімге» байланысты өлең шумақтарын оқиды
4-топ: «Еңбек» тобы: Суретпен жұмыс


  1. Топпен ән айту.

«Ақылшы - мұғалім» Сөзі: Ә.Дүйсенбиев. Әні: И.Нүсіпбаев


  1. Үй тапсырмасы.

Өнегелілік туралы әлеует оқып келу


  1. Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Урок самопознаний "Оқуға құштарлық"

Автор: Нурмуханова Гулнур Батыровна

Дата: 07.02.2017

Номер свидетельства: 388910

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Конспект урока самопознании"
    ["seo_title"] => string(26) "konspiekturokasamopoznanii"
    ["file_id"] => string(6) "329372"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463928181"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "Открытый урок по самопознанию. Тілім -мені? тірегім! "
    ["seo_title"] => string(53) "otkrytyi-urok-po-samopoznaniiu-tilim-mienin-tirieghim"
    ["file_id"] => string(6) "194027"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427721189"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "урок по самопознанию "Салауаттылы? - ?мір негізі" "
    ["seo_title"] => string(48) "urok-po-samopoznaniiu-salauattylyk-omir-nieghizi"
    ["file_id"] => string(6) "190960"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427254507"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства