Просмотр содержимого документа
«Туған елге тағзым»
Әлібек Бүркітбаев атындағы ЖББ №12 орта мектеп КММ
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
“ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ”
Өткізген: 8-сынып жетекшісі:
Ризадина Динара Советовкызы
2017-2018 оқу жылы
Өткізу күні:07.10.2017ж.
Өткізу уақыты: 9.00-де
Өткізу орны: №39 кабинет
Қатысушылар: 8-сынып оқушылары
Жұмыс бағыты:Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие,құқықтық тәрбие
Тақырыбы: Туған елге тағзым Мақсаты: Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Міндеттері: Оқушылардың ой-өрісін,ойлау қабілеттерін, тақырып бойынша сөздік қорларын дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру; Отанын сүюге,қастерлеуге тәрбиелеу. Өткізу түрі: Сайыс сабағы Рәсімдеу: слайд,нақыл сөздер Жоспары: І.Ұйымдастыру кезеңі. ІІ.Негізгі бөлім.
III.Рефлексия.
Барысы:
Мұғалім: Қадірменді қонақтар! «Туған елге тағзым» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Иә, осынау кең-байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бар, сендер секілді болашақ ұрпағы бар мәңгілік ел, туған жеріміз –Қазақстан деп аталады. Бүгін сіздердің туған ел, туған жер туралы білетіндеріңізді ортаға саламыз.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
- деп Қасым Аманжолов ақын ағамыз жырлағандай,бүгінгі сыныптан тыс іс-шарамыздың тақырыбы «Туған елге тағзым»
Слайд көрсету
Топқа бөлу
1 топ «Атамекен»
2 топ «»Туған жер
Жоспары:
1.Сұрақ-жауап (әр топқа 5 сұрақтан сұрақ қояылады)
2.Туған ел туралы бес жолдық өлең шығару
3.Туған ел,отан,туралы мақал-мәтелдер айту және тәрбиелік мәнін ашу.
4.Постер қорғау
Сұрақтар:
1. Қазақстан Республикасы кай жылы Тәуелсіздігін алды? 1991 жылы 16-желтоқсанда 2. Елаңбаның авторын ата? Шот Аман Уәлихан және Жандарбек Мәлібеков.
3. 1 -желтоқсан қандай күн?Қазақстан Республикасының Президент күні 4. Тәрбие мен білімнің ордасы( мектеп 5.Мемлекеттік рәміздерді ата. Елтаңба,гимн,ту 6.Тудың авторы кім? Шәкен Ниязбеков. 7.Елтаңбада не бейнеленген? 8.Конституция күні қашан? 30 тамыз 1995 жылы 9. Бес асылды атаңыз (талап, еңбек,терең ой, қанағат, рақым)
10.Әнұранның әнін жазған кім? Сөзін жазған авторлар кімдер? . Мақалдар:
1.Отан -оттан да ыстық.
2.Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
3.Туған жер – алтын бесік.
4.Басқа елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
5.Туған жерің – анаң, басқа жер- өгей анаң.
6.Елден айрылған көмгенше жылайды,
Елден айрылған өлгенше жылайды.
7.Адамда бір ғана Отан, бір ғана ана бар
3. Әр топ сұхбат өткізу және оны қағаз бетіне түсіру.
1.Кемелденген еліңіздің болашағы үшін не істер едіңіз?
2.Егер сіз Қазақстан Республикасының Президенті болсаңыз алдыңызға қандай мақсат қояр едіңіз?
3.Егер сіз Білім Министрі болсаңыз өз бағдарламаңызға нелер енгізер
едіңіз?
4.Өз туған еліңді болашақта қалай елестетесің?
Әр топты мадақтау
Рефлексия
Мен ...............................................таныстым
Маған ................................................оңай болған жоқ.
Мен .........................................................қол жеткіздім.
Мен ...........................................................істей алдым.
..................................................болса жақсы болар еді.
Менің .......................................................есімде қалды.
Мен ...........................................................істеп көремін
Б- білімімді арнайтын О- отанымды қорғайтын Л- лаңкестікті даттайтын А- адалдықты жақтайтын Ш- шуағымды шашатын А- асулардан асатын Ғ- ғарыш сырын меңгергн Ы- ынтымақты тең көрген М- менмендікті жек көрген Қ- қазаққа қызмет ететін А- арманына жететін З- заңды жақсы білетін А- алға қарай жүретін Қ- қайырымды елімнің С- салтанатты жерімнің Т- толықтырам сенімін А- абыройын,жігерін Н- намысын қолдан бермейтін Бәрі:Мен боламын еңбекқор, Болашағы елімнің! Ән «Атамекен».
Туған ел – өздерің дәлелдегендей киелі де қасиетті мекен. Өз жерімізде көк туымыз желбіреп, әнұранымыз орындала берсін. Тұғырымыз мықты болып,келешек ұрпағымыздың көкейінде туған елге деген сүйіспеншілік алауы мәңгі лаулап, жалындай берсін.