kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

 «Туған елге тағзым». Өңірдің мәдени-тарихи ескерткіштері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кемпірбай Бөгенбайұлының өмірі мен шығармашылығы 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
« «Туған елге тағзым». Өңірдің мәдени-тарихи ескерткіштері»

Мазмұны


Пікір .........................................................................................................................4- бет

Аннотация ...............................................................................................................5- бет Кіріспе ......................................................................................................................6- бет

Зерттеу өзектілігі.....................................................................................................7- бет

Мақсаты мен міндеттері..........................................................................................8- бет

Кемпірбай Бөгенбайұлы .......................................................................................9- бет

Кемпірбай Бөгенбайұлының шығармашылығы.................................................10-бет

Әуезов әспеттеген дүлдүл ақын.....................................................................11- 12 бет

Бабаға тағзым....................................................................................................12- 13 бет Жазушылар пікірі .............................................................................................14-22 бет

Тобықтай түйін......................................................................................................23- бет

Қорытынды.............................................................................................................24- бет

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................26- бет























Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Ақтасты ауылының

жалпы білім беретін №32 орта мектебінің

9- сынып оқушысы Кәдірбекова Аружанға жазған


П І К І Р


Бұл жобада оқушы «Кемпірбай Бөгенбайұлы» жөнінде толық мағлұмат бере білген. Осы орайда оқушы Кемпірбай Бөгенбайұлы туралы түгелдей зерттеп, өз ойын ашып жаза білген. Оқушы бұл жұмысты жазу барысында үнемі ізденіс үстінде болғаны байқалып тұр. Ауылымыздағы ардагер ұстаздармен және Кемпірбай Бөгенбайұлын зерттеген жазушылармен бірлесіп жұмыс жасағаны көрініп отыр. Ауылымыздағы шежіреші ақсақалдардан мағлұматтар алып біраз жұмыс жасаған.

Осы жобадан оқушының ізденімпаз белсенді, шығармашылық қасиеті жоғары дей отырып, келешекте осындай жобаларды жалғастырып, жұмыстар жасауға қабілеті бар екенін байқауға болады.



Пікір жазған жетекшісі: Абдрахманова Айгуль Бактыяровна

Химия пәні мұғалімі.
















Аннотация

Бұл жобада ауылымызда туып-өскен, аты алты алашқа мәшһүр болған, ақын, әнші Кемпірбай Бөгенбайұлы туралы және доңыз сойып, нәжісін төгетін мекемені Семей ет комбинатының астында мұсылман бабаның бейітінің үстіне салынғаны туралы жазылған.




Аннотация

В данном проекте рассказывается о жизни и творчистве известного казахского поэта –импровизатора, певца, нашего земляка Кемпирбая Богенбайулы.Он захаронен под мясокомбинатом в городе Семей, нечистоты которого стикают на место захоронения известного акына.





Annotiation

















Кіріспе

Қазақстан- қазақ халқының ата мекені. Осы тұғырлы орданың айбарлы есімін естіген кезде сан қилы күй кешеміз. Асқар таудың биік белесінен жайнап, бүкіл әлемге қуаттана қарап, өзін мәңгілікке хабарлап тұрған «Қазақстан» атты жазуды байқап оның мәртебесі аса жоғары, мерейі үстем, тұғырын тот баспайтын ел екенін мақтанышпен сезіп қуанамын.

Міне, осындай Отанымның егінді даласы, күмісін шашқан көлдері, кенге байтақ өңірі, малға толы өрісі еліміздің болашақ ұрпағы, келешек азаматтары бізге мұра болып қалады. Елбасымыз еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жеріңнің де, еліңнің де иесі өзің екенін ұмытпа! -демекші Отанымызды көркейту жолында аянбай тер төгіп, мемлекетімізді мәңгілік ел мәртебесіне көтеруге өз үлесімізді қосуымыз керек деп ойлаймын. Ол үшін ең алдымен өз облысың, өз ауданың, өз ауылыңды көркейтуден , дәріптеуден баста.

М ен Ақтасты ауылында тұрамын. Оны картада Арқалық атымен кескіндейді. Ақтасты ауылы, Қарқаралы ауданының Арқалық ауылдық округінің орталығы. Қарқаралы ауданының солтүстік-шығысында аудан орталығы Қарқаралы қаласынан 150 км жерде орналасқан. Туған жерімнің топырағы, тауы мен тасы, өзені мен көлі, ұшқан құсы мен аңдары, тамаша табиғатқа ерекше бір сән береді. Менің туған өленмнің тарихы өте тереңде жатыр.Іргесі 1934 жылы «Жаңа киіз», «Қызыл Ту» колхозы кезінде құрылған. Негізінен Арқалық совхозы ертеден мал және ет шаруашылығымен айналысқан.. Қазіргі уақытта совхоз тарағаннан бері, ауылымызда жеке меншік шаруа қожалықтары еңбек етіп жатыр. Ауылдың жалпы көлемі 110000 га. Ауылды қақ жара Түндікті өзені ағады. «Түндікті» өзені- бұл өзенді Асан Қайғы қойған екен. Осы өзенді көріп: «Әттең-ай, жерінен қойдың құлағы қарс шығып тұр екен, шіркін, нағыз қой өсіретін жер екен»-деп қызығыпты. Қар түспейді, шөп іздемейді. Түндікті өзені Боқты тауынан бастау алады.Ертіс алабындағы өзен. Қасиетті топырақтан қазақтың көптеген өнер тарландары өсіп-өнген. Қаз дауысты Қазыбектің ұрпағы, халық композиторы Мәди Бапиұлы осы өңірдің перзенттері. Осылардың арасынан бөлек айтылатын бір өнер тұлғасы – Суырыпсалма ақын Кемпірбай Бөгенбайұлы.
Олардың тарихта мәңгі аттары алтын әріппен жазылған бабаларымыздың ізі қалған киелі мекен.


















Зерттеу өзектілігі

  • А уылымыздан шыққан белгілі ақын, XIX ғасырда ерекше дамыған айтыс өнерінің ақтангері Кемпірбай Бөгенбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндаймын. Қазақ ауыз әдебиетінің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан, поэзия әлеміндегі ерекше құбылыс, өлең сөздің дара өрнегін құрған талант иесінің мүрдесі Семей қаласындағы ет комбинатының астында жатқандығы туралы айтқым келеді.











Зерттеудің мақсаты мен міндеті.

  • Ауылымыздың тарихын зерттеу;

  • Біздің елімізден шыққан бабам Кемпірбай Бөгенбайұлының өмірі мен шығармашылығымен танысу;

  • Сол себептен, мен осы Кемпірбай Бөгенбайұлы туралы жоба жазғым келді.













Кемпірбай Бөгенбайұлы

XIX ғасырда ерекше дамыған айтыс өнерінің ақтангері Кемпірбай Бөгембайұлы 1834 жылы қазіргі Қарқаралы ауданына қарасты Арқалық тауларының ішіндегі Айыркезең деген жерде жарық дүние есігін ашады. Кемпірбай атамыздың қорасы сол Арқалықтағы Әтеби мен Қарабұлақ қыстақтарының арасында жатыр. Ақын өзінің өлеңдерінде:

Ар жағы-Айыркезең үлкен Борлы,

Бабамның аруағы маған қонды- деп жырлауы оның туған жерін нақтылап тұр. Өйткені Айыркезең Арқалық тауларының ішіндегі ең шоқтығы биік еңселі тау. Қай таудың баурайында дүниеге келсе де бөліп жаратыны жоқ. Ақын өлеңдерінде осы таулардың екеуінің де аттары аталып, жырға қосуы тегін емес.

Арқалық таулары Айыркезең тауы


Кемпірбайдың ата-тегін шежірешілер былай таратады: Қаракесек (Болатқожа) – Ақша – Бошан – Таз – Бұлбұл, Бұлбұлдың бәйбішесі Қаракемпірден (шын аты Рабиға болса керек) – Тәңірберлі, Қожамжар, Ағым, Кенже, Кетік, Кенжесағым есімді алты ұл туады. Соның Ағымынан Қияқ, одан Қызық, одан Сұңқарбай, Бұқарбай, Қалабай, Жиенбай, Бөгенбай тараса, кейінгісінен Серкебай, Текебай, Кемпірбай туады.


Ауылымыздағы ардагер ұстаз Абдрасилов Мысыр Айткенұлы

(Жас кезімізде ақын жайлы атларымыздан көп естуші едік)





«Тоқсан ақынға торай бермейтін» Нар Кемпірбай 1895 жылы, пайғамбар жасына жаңа жеткен шағында ауыр науқастан Семей қаласында дүниеден қайтқан. Соңында Серкебай атты бір ұлы қалған екен, ұрпақтары бар болса, сол Семей өңірінде ғұмыр кешіп жатса керек. Кемпірбай заманында он екі арыс Арғын қоныстанған Арқа атырабына ғана емес, Жетісу мен Алтай аймағына да белгілі суырып салма төкпе ақын болғаны әмбеге аян. Оның: «Ішінде Арғын, Найман салдым айғай…», «Атығай, Қарауыл мен өрдегі Үйсін, Қараөткел таныс едім екі араға» деп келетін өлең жолдары осының айғағы. Бізге жеткен деректер оның ақындығына қоса әнші, композитор, жалпы, бесаспап өнерпаз болғанын білдіреді. XIX ғасырдағы қазақ ауыз әдебиетінің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесіне қарағанда, ол поэзия әлеміндегі ерекше құбылыс, өлең сөздің дара өрнегін құрған талант екені дау тудырмайды. Сөз қадірін білетін, ауыздан шыққан сөздің жасығы мен асылын айыра алатын ортада туып, өскен Кемпірбай өлеңнің өрен жүйрігі болғанын мына шумақтардан білеміз:

Бөгембай әкем аты, мен – Кемпірбай,

Өзге ақын мен сөйлесем тұрар былай.

Талабым Тәңір берген таудан үлкен,

Алмаса өз бақытын қайтып Құдай.

Едірей Арқалық пен малыма жай,

Арда емген құлынынан жабағы, тай.

Ағайын, қайыр берсең өзіме бер,

Кенже ұлы кедейліктің мен – Кемпірбай.

Бөгембай – әкем аты, Кемпір едім,

Өлеңді кәсіп қылып тентіредім.

Даусымның келмей тұрған мәнісі сол,

Бақырдан ұрлық етін жеңкіредім…

Жоғарыдағы, балталасаң көбесі сөгілмейтін өлең жолдарынан шешендігімен қатар шаруашылығының шағындығы, құба төбел тіршілігінің жағдайы да қылаң береді. Өлеңді өміріне өзек еткен ақын жасынан-ақ даңқты той-думандарда, дүбірлі ас-жиындарда көпшіліктің қуанышына бөленіп, әнші, жыршы, өнерпаз Кемпірбай атанады. Кемпірбай атамыздың тарих бетіне алтын әріптермен жазылып қалған белгілі айтыстары туралы кеңінен тоқталмақпын. Атақты ақынның әйгілі жыр жампоздары Шөже, Тезекбай, Әсет, Жәмшібай ақындармен айтыстары халық арасына кең тараған. Кемпірбайдың Шөжемен айтысының аяғы жұмбақ айтысқа айналады. Ал Кемпірбайдың Жәмшібаймен сөз қағысы ру айтысының дәстүрінде өтеді.

Әсет ақынның Кемпірбай ауырып жатқанда көңілін сұрай келіп айтқан өлеңі, оған Кемпірбайдың қайтарған жауабы көркемдік жағынан қазақ фольклорының тамаша үлгілерінің бірі. Тарихи мәліметке қарағанда Әсет 1895 жылы 28 жасында Кемпірбайдың ауылына келеді. Бұл кезде ақынның жасы алпыс бірде екен. Әсет пен Кемпірбайдың кездесуі жайлы Мәдинқызы Сақыптың дерегінде былай делінген: «Кемпірбай ақын ауырып жатқанда Әсет көңілін сұрай келсе, ол теріс қарап ыңқылдап жатыр екен. Терлеп, мазасы кетіп, әлсін-әлсін жөтеліп, дегбірсіздене беріпті. Мұны көрген Әсет көзіне жас алып, іштей тебірене толқыпты, сырқатты қатты аяп кетіпті. Қасына жақын келіп, қолынан ұстап, «Қалайсың, сырқатың қалай?» депті. Кемпірбай естіді ме, естімеді ме үн-түнсіз жата беріпті. Сонда Әсет не істерін білмей бақұлдаса алмай қалатын болдым-ау» деп қапаланады. Аурудың қолын ұстап, ештеңе демей отыра береді. Біраздан кейін «Мен өлеңмен толғамаған соң үндемей жатқан шығар, ақынның көңілін жырмен сұрайын» деп ыңғайланып, оның бас жағында сүйеулі тұрған үкілі домбыраны қолына алып, ащы айғайға басады. Сонда Кемпірбай «Әттең, дүние-ай, Әсет келіп қалған екен ғой. Менің бүйтіп өкпелеген баладай, теріс қарап жатқаным жарамас» деп домбырасын өзі алып, жауап қайтарыпты. Бұл туралы заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов былай дейді: «Кемпірбайдың өлерде айтқан сөзі сондайлық көңілде тығылып жүрген сырды ашады. Ол сыр –ақынның сыры. Сондықтан, өзіндей ақын Әсетке ғана айта алады. Кемпірбайдың сыры оны бес жасынан Дәуіт иектеген екен. Сол күнде кеудесіне көкала үйрек болып, кәрі жолдасы өлең қонған екен. Бұл өлең барлық ақынға ақындық өнері шеттен келіп даритын қасиет деп түсінгенді білдіреді» Кемпірбайдың іштей күйзеліп, соншамақалың ой құшағында жатқанын Әсет шынайы сезінген. Екі ақыннң айтысы 1910 жылы Қазанда «Қазақтың айтыс өлеңдері» деген атпен жарық көрді. Бұдан кейін 1931 жылы С.Сейфуллиннің «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» деген кітабына жарияланды. Бұл айтыстың бір ерекшелігі аз сөзділігінде, мазмұндылығында. Ақындар басы артық оқиғаға бармай, қозғалған мәселенің өзін ғана сөйлетеді.

Сөз қадірін білетін, ауыздан шыққан сөздің жасығы мен асылын айыра алатын ортада туып, өскен Кемпірбай өлеңнің өрен жүйрігі.















Бабаға тағзым

ҚР Мәдениет қайраткері Ермек Балташұлының: «Алдымыздағы жылы қазақ сөз өне­рі­нің аса көрнекті өкілі Кемпірбай Бөгенбайұлының туғанына 180 жыл толады. Өлеңде еншісі бар қазақ баласы атап өтетін‑ақ мерейтой. Бірақ, ол тағы да атаусыз қалатын сыңайы бар. Өйткені, ақынның кін­дік қаны тамған өңірдің өзінде еске алуға ешқандай даярлық шарасы қолға алынбай отыр. Өкінішті!» -деген сөздері сүйектен өтеді.

Қ у, Балқантау өңірінен талай жақса мен мен жайсаң шыққаны белгілі. Олардан қалған саф алтындай мұралар ықылым заманнан бері уақыттың дегеніне шыдас беріп, өміршеңдігін жоймай неше ұрпаққа рухани азық боларлықтай құндылығын жойған жоқ. Қоғам ішінде жік салып, байды даттап, кедейді жақтаған кеңестік идеологиның біржақты да тұрпайы саясатын ұлттық айтыстың қоржынына мол олжа салған ақынның мұрасы қызықтырмаған болар. Бірақ, айтыс өнерінің жарқын өкілі, ел ақынының мол мұрасы жылдар тасасында қалғанымен, халық жадынан біржола өшкен жоқ. Заман өзгеріп, уақыттың бералысы ұлт пайдасына қарай ойысқаннан кейін, өзгеше өріс тапқан жаңа өмірде Кемпірбай ақын елімізбен қайта қауышты. Соның бір дәлелі баспасөз бен зерттеулерде ескіні жаңғыртып, қайта жан бітірген деректер бой көтерсе, ендігі бір жарқын белгісі – ақын бабамыздың өзі дүниеге келген іргелі өңір- Арқалық ауылымдағы ақынға арналған ескерткіш тақта болды.

Биылғы жылы жаз айында Бабамыз Кемпірбай Бөгенбайұлының құрметіне ауыл мәдениет үйіне мемориялды тақта құрды.

















Тақтаны құруға мұрындық болған ауылымыздың тумасы, бір жылдары Егіндібұлақ, Қарқаралы аудандарының әкімі болған ел азаматы, Қазыбек би және Қарқаралы аудандарының құрметті азаматы Нұрақышев Мұрат Шәуенұлы ағамыз. «Өлгенім тіріліп, өшкенім жанды» дегізетін ұрпақ парызының орындалуы уақытымен кешіксе де, бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен ата жолын дәріптеуге ұмтылған игі ниеттің ұштасқанының белгісі. Оның үстіне «Қарқаралы» газетінің бас редакторы, аудандық маслихат депутаты Рымбек Смағұловтың осы жыл «Ғанибет –өмір тынысы» атты кітабы жарыққа шықты. Оның ішінде айтыс өнерінің дүлдүлі жайлы жазған мәліметтр қоры мол және Мұрат Шәуенұлының «Ораздының елінде, тектілердің жерінде» кітабының тысауы кесілді.

















«Нар Кемпірбайға тағзым» атты А.Сәулебайұлының мақаласы «Қарқаралы» газетінің 4 тамыздағы шығарылымында жарияланды.













«Ленин туы» газетінде 1992 жылы 19 ақпандағы шығарылымында Рымбек Смағұловтың «Кеудемнен көкала үйрек қош деп ұшты» тақырыбындағы ақын Кемпірбай Бөгенбайұлы жайлы мақаласы жарыққа шықты.


















С емей қаласында Кемпірбай Бөгенбайұлына белгітас қойылды

Жуырда өнер жанашыры, белгілі меценат Қуат Есімхановтың демеушілігімен бұрынғы ет комбинаты ауданындағы бұрынғы Калинин ескерткішінің орнына Кемпірбай ақынға арналып белгітас орнатылды. Салмағы 4 тоннадан асатын қола-граниттен жасалған белгітас ақынның туған жері - Айыркезең өлкесінен әкелінген.  Бұғанға дейін Шоң, Шорман, Қазанғап би, Қорлан, Шоқан, Малайсары, батыр Баян сынды қазақтың бір туар азаматтарына белгітас қойған павлодарлық Қуат ағамыздан неліктен ақынға ескерткіш қойып жатқандығын сұрадық. «Бұл кезіндегі Жәнібек Кәрменов, Бекен Жамақаевтардың  және өз анамның аманаты еді. Сол себептен ойлана келе, ойда жүрген жұмысты жүзеге асыруға бел будым» - дейді меценат.Кемпірбай Бөгенбайұлына арналған  белгітастың ашылуына қала әкімі Айбек Кәрімов, зиялы қауым мен қала тұрғындары қатысты. Жиналғандарға Кемпірбайдың ауырып жатып Әсет ақынмен арыздасуын белгілі ақын Абаш Кәкенов орындап берді. Әсет Кемпірбайдың ауыр сырқат екендігін естіп, Қарқаралыдан 7 күн жол жүріп, арнайы іздеп келіпті. Әсет ақынның Кемпірбай ауырып жатқанда көңілін сұрай келіп айтқан өлеңі, оған Кемпірбайдың қайтарған жауабы көркемдік жағынан қазақ фольклорының тамаша үлгілерінің бірі саналады. Қазақтың талай мықты ақындарымен сөз қағыстырған Кемпірбай шығармашылығы алғаш рет 1925 жылы Семей қаласында шығып тұрған «Таң» журналының 1-ші санында жарық көрген. Бұдан кейін  С. Сейфуллин құрастырған «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» жинағында, кейін халық ақындарының айтыс жинақтарында жарияланды. Митинг соңында семейлік жас ақындардың бір тобы Кемпірбай рухына арналған жыр шумақтарын арнап, қалалық мәдениет сарайының өнерпаздары ән шырқады деген мәлімет «Семей таңы» газетіндегі Ермек Исабаев ағамыздың мақаласында жарыққа шықты.

Ет комбинатының астындағы қазақ сөз өнерінің сүлейі Кемпірбай Бөгенбайұлы.

Б ұрынғы ет комбинаты ауданындағы бұрынғы Калинин ескерткішінің орнына Кемпірбай ақынның мүрдесі жатыр. Оған ҚР мәдениет қайраткері Ермек Балташұлы мен әйгілі абайтанушы ғалым, жазушы һәм драматург, профессор Қайым Мұхамедханов ақсақалмен әңгімесіндегі жазылған мәліметтер дәләл. «Жүргізушіге ескертіп қойған болуы керек, Семей ет комбинатының жанына тоқтадық. Мұхаң бөлек-салағы мол алып ғимараттың біресе ол жағына, біресе бұл жағына шығады. Бір кезде комбинаттың ту сыртына шығып, малдас құрып отыра қалды да қоңыр даусымен күңіренте аят оқи жөнелді. Батасын қайырып, бет сипап болғаннан кейін күтіп тұрған таксиге отырып, обкомға тарттық. Кіре берісінде ет асым уақыт күттім. Мұқаң шықты. Түгі бетіне шығып, түтіккен жүзінен мақсатты жұмысы бітпегенін, облыс басшысымен келісе алмағанын аңдадым.

Үйге келсек, қуырдақ дайын тұр екен. Дастарқанға отыра бергенде, пұшайман болған түрін жасыра алмай: «Менің бүгінгі әрекетімді түсіне алмай, мына кісіні жын қағып кетті ме деп ойлаған шығарсың. Ештеңе де қаққан жоқ, бұл—жан күйзелісі. Жаңағы ет комбинатының астында қазақ сөз өнерінің сүлейі Кемпірбай жатыр. Алладан үміті жоқ аруақ атқырлар, басқа жер таппағандай, доңыз сойып, нәжісін төгетін мекемені мұсылман бейітінің үстіне салыпты» -деген сөзі дәлел.





Кемпірбай Бөгенбайұлының шығармашылығынан үзінді

Оның әйгілі ақындар Шөже,Тезекбай, Әсет, Жәмшібаймен айтыстары халық арасына кең тараған. Кемпірбайдың Шөжемен айтысының аяғы жұмбақ айтысқа айналады. Кемпірбайдың Жәмшібаймен сөз қағысы ру айтысының дәстүрінде өтеді.
Әсет ақынның Кемпірбай ауырып жатқанда көңілін сұрай келіп айтқан өлеңі, оған Кемпірбайдың қайтарған жауабы — көркемдік жағынан қазақ фольклорының тамаша үлгілерінің бірі. Бұл айтыс алғаш «Таң» журналының бірінші санында (Семей, 1925), С.Сейфуллин құрастыған «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» жинағында (А.,1931), кейін халық ақындарының айтыс жинақтарында (1939, 1948, 1965 т.б) жарияланды.

Әсет пен Кемпірбай айтысы

Кемпірбай ақын ауырып жатқанда ақын Әсет Найманбайұлы көңілін сұрай келеді. Әуелі Әсет Кемпірбайға көңілін сұрай өлең айтады:

Әсет:
Ассалаумағалейкум, нар Кемпірбай,
Науқасқа шипа берсін патша, құдай.
Аспанға айнала ұшқан ақ сұңқарым,
Кез келіп жайған торға бопсың мұндай.
Науқасың меңдеу тартты дегеннен соң
Жыладым бәйіт айтып үш күн ұдай.
Дауысым –танимысың, атым — Әсет,
Мен келдім әдейі іздеп көңіл сұрай.
Япырау, жауап қатпай кеткенің бе,
Алашқа атың шыққан қыраным — ай?!

Кемпірбай:
Көңілді Әсет келді көтергелі,
Болмайды кеуде шіркін жөтелгелі.
Артыма бір-екі ауыз сөз тастайын,
Басымды жастықпенен көтер бері!
Өлсем де «Көк кептерге» бір соғайын,
Қу тақтай екі ішекті әпер бері.
Аузыма айырыларда сөз салмасаң,
Қонғаның, өлең шіркін, бекер ме еді?
Ал, енді шіркін көмей былпылдасың,
Сөзімді әшиесіз кім тыңдасын.
Ішінде арғын, найман салдым айғай
Не қылып, шіркін көмей, жыртылмасын.
Мойынға әзірейіл салса құрық
Білемін ғазиз жанның құтылмасын.
Кемпірбай бұл дүниеден көшіп кетсе,
Білемін енді өзімдей ұл тумасын.
Суырған қынабынан наркескендей,
Әр жерден қызыл тілім қылтыңдасын.
Көңілімді Әсет сұрап келгенінде,
Шаба алмай кәрі тарлан сылпыңдасын.
Боз шапса, боз озбай ма буырылдан,
Мен шапсам жер танабы қуырылған.
Жай тастап құлашымды алып жылдам
Жабының күнде озушы ем тұғырынан.
Біреумен алтын жүзді дос-жар болмақ
Өзіңнің бойға біткен пиғылыңнан.
Келсе де тоқсан ақын торай бермей,
Мен дағы озып жүрмін ықылымнан.
Ер Дәуіт жеті жаста иектенген,
Жасынның суын ішіп құдығынан.
Тереңдеп сырдың суы қаптаса да,
Сонда да келмеуші еді жұлығымнан.
Әй Әсет, осынау дерттен мен өлемін,
Науқасым меңдеу тартты бұрынғыдан.
Ұшса да қанат байлап аспанменен,
Өлімнің кім құтылар құрығынан,
Сұрасаң хал-жайымды, Әсет жаным,
Жатырмын ұшайын деп тұғырымнан.

Әсетжан осы аурудан өлем білем,
Алланың аманатын берем білем.
Кеудемнен көкала үйрек «хош» деп ұшты,
Сол шіркін, кәрі жодас өлең білем.

Басымда отырды өксіп қимай тоқтап,
Кете алмай бөтен жаққа айналсоқтап.
«Серігім хош-аман бол, Кемпірбай» деп
Жылады бұрынғы өткен күнді жоқтап.

Әсетжан, осы ауру қоймас білем,
Алланың әмірі екі болмас білем.
Қамығып «хош» деп жылап ұшып кетті,
Осы өлең Серкебайға қонбас білем.

Сәлем айт Арқадағы хан-қараға,
Қара Ертіс, Қарқаралы жандараға.
Атығай, Қарауыл мен өрдегі Үйсін,
Қараөткел таныс едім екі араға.
Семейде топырағым болар, білем,
Кемпірбай дұға қылсын бейшараға.



Шөже мен Кемпірбай айтысы

Кемпірбай.

Ар жағы айыр кезең үлкен борлы,

Бабамның аруағы маған қонды.

Шілденің он бесінде сауын айтып,

Жаныстың Сәтбайының асы болды.

Тәуекел дариясынан бетім жудым,

Әзелде мұнан қорықсам, неге тудым?!

Сол асқа жұрт жиналған барайын деп,

Жаратып, жалғыз көктің тілін будым.

Талайды салып едім омырауға,

Құдая, бергеніңе сансыз тәубе!

Сыртында қаралы үйдің жетектетіп,

Жолықтым бара жатқан Шөже жауға!

Бес намаз, он екі иман - жанға пайда,

Қалайын бір сөйлесіп осындайда: -

«Біреуге - мал, біреуге - жан қайғы»,- деп.

Барасың, соқыр азбан, жаяу қайда?

Шөже.

Жүзіндей ұстараның ауған дүние,

Қақсадың мені көріп мұнша неге?

Ай мен Күн, жер мен көкті көргенім жоқ,

Кемпірбай, ақылың болса, маған тиме!

Баласы Жаныс мырза - Сәтбай марқұм,

Барамын құран оқи қаралы үйге.

Кемпірбай.

Асыма шақырмаған келдің жетіп,

Алатау бөксесінен көктей өтіп.

«Арқада қожа, молда жоқ қой!»- деп пе ең?

Қу соқыр, кім шақырды жетектетіп?!

Шөже.

Салмағы бір көзімнің бір көзімде,

Алланың не қылса да ерік өзінде.

Бар болса кереметің, көзімді жаз,

Ұрайын, жаза алмасаң, дәл сөзіңді!

Кемпірбай.

Ішінде Бошан, Шаншар дегдары едім,

Ішінде ауған қырғыз сен жарлы едің.

Көзіңді көрінгенге төле дейсің,

Жерінде көзің шыққан мен бар ма едім?!

Шөже.

Мен дін ислам, қазақтың жедім қамын,

Сөйлейін мойныма алып неше тайын?!

Балта, Орынбай, Шортанбай түк қылған жоқ,

Сен аламын деймісің менің жаным?!

Мұқтасар, сөзім майда, тақтасындай,

Бұхардың, омырауым, қақпасындай.

Ескі аруақ орнаған жер құр қалмайды,

Қырғыздың алтынымын ат басындай.

Балта, Орынбай, Шортанбай түк қылған жоқ,

Сен қыларсың атаңның қақ басыңды-ай!

Кемпірбай.

Бұл елге ақын болған Шөже қайдан?

Қалыпты Шөже дәндеп Орынбай, Шортанбайдан.

Жарлы байып, жас өскен заман болды,

Жүрмесін жаның шығып Кемпірбайдан?!

Жолықпай шын ақынға жүр екенсің,

Берейін сыбағанды, соқыр хайуан!.

Шөже.

Кемпірбай, көңіліңді тындырармын!

Озса құдай, қалса аруақ, ұрдырармын!

Оралдан түлеп ұшқан мен - ақиық,

Топшыңды қанатыммен сындырармын!

Кемпірбай.

Қой, соқыр, сеніменен сөйлеспен,

Көргем жоқ сендей арсыз жаннан кешкен.

Болғанда сен ақиық, мен - бидайық,

Бір жағын қанатыңның қимай, түспен!

Шөже.

Қап-қара Қаракесек күңнен туған,

Би болып Қазыбегің белін буған.

Ежелден аға сыйлап көрмеген ит,

Сөйлейді қалай-қалай мына антұрған?!

Кемпірбай.

Ай, Шөже, жалған сөзің мін емес пе?!

Бойыңа күпір мақтан сын емес пе?!

Әкең Қаржау Жайықтың құлы емес пе,

Шешең Шама төренің күңі емес пе?!

Жаралған екеуінен, жазған соқыр,

Дегенің сенің «күндіз» - түн емес пе?!

Шөже.

Кемпірбай, менің сөзім шын емес пе?!

Құлақ сал, мен сөйлейін бұл кеңеске!

Әкем Қаржау Жайықтың ұлы емес пе?

Шешем Шама төренің қызы емес пе?!

Жаралған екеуінен шын ақсүйек

Жиені Қазыбектің мен емес пе?!

Сен бірдей кісі ме едің меніменен,

Мен қашан теңдес едім сеніменен?

Аузыма ә дегенде кірмеймісің,

Бір тартқан тамағымның лебіменен?!

Қой, байғұс, салындыға ораларсың,

Бір аққан тақымымның теріменен.

Қазандай бұрқ-сарқ етіп мен қайнасам,

Сорпаның сен кетерсің сөліменен.

Өзеннің шығанағының шалшық суы (сұмыры)

Мұхиттың тең бола ма көліменен?!

Осы сөз өлең түгіл мақалда бар,

Қой бірге жайыла ма бөріменен?

Бөгембайдан туғанның бәрі жынды,

Болған ба шешең ойнас періменен?!

Кемпірбай.

Жамандар сөзің бар ма мұнан да арман?

Тиеді сөзің суық жауған қардан.

Түбің - қырғыз, тұрағың - Алатауда,

Қу соқыр, туған жерің онан да арман.

Кеше Кенесары қырғызды үркіткенде,

Әкең Қаржау Қаройда аштан қалған.

Қаңғырып Қараөткелге шешең барған,

Пақырлық неше түрлі күйге салған.

Шежиров деген орысқа шошқа бағып,

Мұжықтың сухарынан қорек алған.

Мен білмейтін кісідей, монтанысып,

Сөйлейсің енді мақтан, соқыр хайуан!

Шөже.

Ант атқан, тәңірі атқан, кері кеткен,

Мойнына көк шолақтың ері кеткен.

«Ақ табан шұбырынды - Алқа көлде»

Қырық кісің тамақ іздеп, жаяу кеткен.

Ішінде Кеңтүбектің қайың шауып,

Мен бе едім сол иттерді тентіреткен?!

Қатынын орта жолда нанға сатып,

Кедейлік сенен маған қашан жеткен?!

Кемпірбай.

Барады өтіп кетіп жаз бенен күз,

Құлаққа, айтқанменен, енбейді сөз.

Затыңда бір тазалық болмап еді,

Жаралған қызыл еттен (иттен), соқыр қырғыз!

Қырғыздан келіп, қазақты сайқалдайсың,

Аузыңа келген сөзді қайтармайсың.

Беруге саған қайыр дұрыс емес,

Махшарда алғаныңды қайтармайсың!

Мысықтай көзің жұмып жеп-жеп алып,

Барғанда тәңірі алдына айта алмайсың!

Кісісін ел бұзғалы келіп жүрген,

Азғырған Қарынбайды шайтандайсың.

Шөже.

Бір құдай көзімді алды көрмесін деп,

Тіліне жалғаншының ермесін деп.

Екі көзім бірдей жоқ, мен бір кәріп,

Кім айтар: «Маған қайыр бермесін!»- деп.

Кемпірбай, білмеймісің өтерімді,

Артыңнан, шапсам, қуып жетерімді!

Қаракемпір: Наманай аз ғана ауыл,

Япырмау, осы қайдан көтерілді?!

Әкең тауып шешпестей жұмбақ айтып,

Қол бойы түсірейін көтеніңді!

Жұмбақ:

Кемпірбай, көкте не бар, жерде не бар?

Жаратқан неше жұпты Қадір жаббар?!

Қай күні ғарасатта майдан болса,

Қай күні өлім қошқар бұғазланар?!

Асылы - тар зиараттың мұнан шығып,

Бір жағын кім, бір жағын кім тұтып тұрар:

«Ей, лағнет күнәңды мойныңа ал!»- деп,

Шайтанға қай адамзат бөгеу болар?!

«Күнәсын пенделердің жарылқа!»- деп,

Пендеге қай адамзат жәрдем қылар?!

«Шапағаттан мені тәрік қылмаңыз!»- деп,

Кім ерсе, оттан тонын киіп тұрар?!

Қолына қанды тон мен кесені алып,

Кімнен кім махшар күні құнын даулар!

Алланың әмірімен пәрмен болып,

Кіммен кім қиямет күн некахланар?

Олардың тойларының қызығына

Кіммен кім бел ұстасып күрес салар.

Артылып бақ дәреже, аруақ қонып,

Кім жығып махшар күні, мірсап алар?!

Бұл сөзге асыл болсаң, зейін жетер,

Ойланып, біле алмасаң, есің кетер!

Бірін қате шығарсаң, кәпір болдың,

Білмесең егер түгел, шешпе бекер!

Кемпірбай.

Болғанда жерде - Мәді, көкте - Ғайса,

Жаралған алты күнде екі дүние.

Жұптылықты шығарған: Таблит, Жаблит,

Мүнзілде көріп едім осылайша.

Жеті қат жер астында көк өгіз бар,

Дүние бұзылғанша өлмей тұрар.

Қай күні ғарасатта майдан болса,

Сол түні өлім қошқар бұғазланар!

Асылы тар сираттың мұнан шығып,

Құрайыш деген жыланның басын алар.

- Ей, лағнет, күнәңды мойныңа ал!- деп,

Шайтанға имам Ағзам бөгеу болар!

- Күнәсын пенделердің жарылқа!- деп,

Пендеге Нұр Мұхаммед жәрдем қылар!

- Шапағаттан мені тәрік қылмаңыз!- деп,

Абужаһил оттан тонын киіп тұрар.

Қолына қанды тон мен кесені алып,

Фатима-Хасен, Хұсаин құнын сұрар!

Алланың әмірімен пәрмен болып,

Ан хазіреті Мариямға некахланар.

Олардың тойларының қызығына

Қаһарман Ғалыменен күрес салар!

Артылып бақ, дәреже, аруақ қонып,

Арыстан бір сүрінтіп, мансап алар.

Егесі (екісі) кайта тағы тіленсе де,

Оларға ерік бермес періштелер!

Әкең Қаржау - Жайықтың басы бар ма,

Қу соқыр, құмарланып мұнша нең бар?!

Шөже.

Не дарақ түр бұтағы... бес,

Оғы - он төрт, қылышы - алты, қыны - үш.

Бір затында екі сөз бар,

Хисабы - алты мың алты жүз алпыс алты (аяты)

Жетпіс үш баста - бір көз,

Қарасы - дәл қырық, ағы оның - бес,

Ақылы - дана, Кемпірбай ақын болсаң, мұны шеш!

Кемпірбай.

Әуелі парыз болды дін исламға,

«Бұтағы бес» деген - бес намаз – мұсылманға

«Оғы он төрт» дегенің – Бамдат - бесін,

Мойынын оқимын деп ұсынғанға!

Көңіліме адастырмай Алла жазған,

Екі сөз - ғылым: ғарышта екі айрылған.

«Алты мың алты жүз алпыс алты» - дегенің –

Отыз пара оқитын құран болған.

Жетпіс үш баста бір көз бар болса,

Сираттың періштесі хисаб алған.

Қыны үш дегенің - үтір, уәжіб,

Ан хазірет алып келген миғраждан.

«Ағы - бес»,- дегенің - исламның бес парызы,

Айрылып қырық парыздан шыққан жолдан.

Әуелі пәлесіне сабыр қылмақ,

Екінші қазасына риза болмақ.

Алланың өзі де бір, сөзі де бір,

Ізгілік, жауыздықты Алла қылмақ!

Шөже.

Бұл сөзім Орта жүзді ағаласын,

Мұны сен ақын болсаң, таба аласың.

От туры, минал бәйіні, илал ләйлі,

Тауып бер осы сөздің мағынасын!

Кемпірбай шеше алмады, шеше алмаса да, былай деп айтты:

Сен, соқыр, мына сөзден пақыр болдың,

Айрылып халал малдан тақыр болдың!

Өлеңге құдай сөзін қосамын деп,

Қатының - талақ, өзің Һәм кәпір болдың!

Шөже.

Кемпірбай, жай жүр десем, жай жүрмейсің,

Түзу ғана ит болып, неге үрмейсің?

Ақын деп сені, тіпті, ойламаймын,

Алланың төрт сөзінен түк білмейсің!

От туры - Тор тауына Мұса барған,

Алладан төрт-ақ ауыз жауап алған.

«Жалғанда Жамалымды көрсетпе!» - деп,

Бір құдай Мұсаны аяп, тасқа салған.

Мұсаның өзі еріп қорғасындай,

Тағаны еріп қалған жерде сондай.

Осындай жақсы сөзден түк білмейсің,

Алдымнан түр, кет арман, былшылдамай!

Тұрмысың Арғын болып көптейін деп,

Мен тұрмын аһылы надан, сөкпейін деп.

Сен итпен бағасы жоқ айтысқанша,-

Жөнелді: «Қаралы үйден ет жейін!»- деп.

Шөже осыны айтып, жөнеле берді. Сонда Кемпірбай артынан қалып, айтқаны:

Тоқтадым аз ғана көптен келіп,

Тұр едім өзім-дағы сезіктеніп.

Соқырға жан жеңбеген соқтығам деп,

Жығылдым төрт аяғым көктен келіп!

Жазамды сөйтіп соқыр берген жері,

Сөзінің ретіне келген жері.

Арқама жуан елі сөзі батып,

Соқырдың мені осылай жеңген жері!

Кемпірбай мұны тауып шеше алмады,

Шөжеден асқар таудай аса алмады.

Қалжырап қалта қарап тұрып қалған,

Сөз тауып енді аузын аша алмады.

Шөже де ақын екен, елден асқан,

Қыдырдың қыдырғанда, ізін басқан.

Кемпірбай ақынмын деп жүрсе-дағы,

Екпінін ақын Шөже солай басқан.


Мамандар пікірі


ӘУЕЗОВ ӘСПЕТТЕГЕН ДҮЛДҮЛ АҚЫН


2006 жылдың көктемге салым мезгілінде Қарағандыға белгілі режиссер, еліміздің халық әртісі, профессор Маман Байсеркенов келіп, С.Сейфуллин атындағы драма театрда У.Шекспирдің «Отелло» драмасын қойды. Ұлттық әдебиет пен өнер ғана емес, әлемдік мәдениеттің әр саласынан мол мағлұматы бар ағамен бірер күн қатар жүріп, сұхбаттасудың мүмкіндігі туды сол жолы. Сондай бір кездесу үстінде қазіргі қазақ режиссерлерінің ақсақалы тосын бір әңгіме айтты. – Сексенінші жылдардың аяқ шені болуы керек, Алматыдағы «Отырар» мейманханасының тұсынан өтіп бара жатыр едім, ерекше бір парасатты қарияны көзім шалды. Жүзі сондай таныс. Жақындай бергенде есіме түсті – әйгілі абайтанушы ғалым, жазушы һәм драматург, профессор Қайым Мұхамедханов ақсақал. Сәлем беріп, хал-жағдайын сұрадым. Қолымды жібермей, жанынан орын берді. Сол маңайдағы «Көк базарға» кіріп кеткен бәйбішесін күтіп отыр екен. Сәлден кейін кеңірек отырып әңгімелесу үшін сол базардың ішіндегі шайханаға шақырды. Бардық. Аздап жеңіл шарап ішетін көрінеді. Әңгімеден әңгіме туындап, сөз арнасы Мұхаңның (М.Әуезов) мінезіне, ұлт үшін атқарған қызметіне ауыс­ты. «Семейдегі Абай мұражайының директоры болып тұрған кезім еді (Бұл 1947-1951 жылдар. Е.Б.), – деп бастады әңгімесін Қайым ақсақал. – Көктем уақыты болатын. Бір күні таңғы алакөбеден Мұхаң телефон шалды. «Аэропортта тұрмын. Қазір келем, жұмысыңа кетіп қалма», деп жеделдете сөйледі. Көп ұзамай таксимен жетіп келді. Жүрісі алқын-жұлқын. Шайға да қарамай, мен машинаға мінісімен жүріп кеттік. Жүргізушіге ескертіп қойған болуы керек, Семей ет комбинатының жанына тоқтадық. Мұхаң бөлек-салағы мол алып ғимараттың біресе ол жағына, біресе бұл жағына шығады. Үлкен адамның мұндай мінезін көрмеген басым аң-таңмын. Бір кезде комбинаттың ту сыртына шығып, малдас құрып отыра қалды да қоңыр даусымен күңіренте аят оқи жөнелді. Батасын қайырып, бет сипап болғаннан кейін күтіп тұрған таксиге отырып, обкомға тарттық. Сталиндік сыйлықты иеленіп, абыройы аспандап тұрған Мұқаңды бірінші хатшы кезексіз қабылдады. Кіре берісінде ет асым уақыт күттім. Мұқаң шықты. Түгі бетіне шығып, түтіккен жүзінен мақсатты жұмысы бітпегенін, облыс басшысымен келісе алмағанын аңдадым. Үйге келсек, қуырдақ дайын тұр екен. Дастарқанға отыра бергенде, пұшайман болған түрін жасыра алмай: «Заһарың бар ма еді? Құйшы!» деді. Буфеттен сыпайы сауыттар шығарып, сыздықтата бастап едім, саусағымен үлкендеу ыдысты көрсетті. Бір стакан коньякты жөпелдемете тартып жіберді де қуырдақтан бірер қасық асап, кесек мұрнының үстін сипап-сипап жіберді. Әңгіме айтардағы әдеті. «Менің бүгінгі әрекетімді түсіне алмай, мына кісіні жын қағып кетті ме деп ойлаған шығарсың. Ештеңе де қаққан жоқ, бұл—жан күйзелісі. Жаңағы ет комбинатының астында қазақ сөз өнерінің сүлейі Кемпірбай жатыр. Алладан үміті жоқ аруақ атқырлар, басқа жер таппағандай, доңыз сойып, нәжісін төгетін мекемені мұсылман бейітінің үстіне салыпты» деп, аса бір қиналыспен бастады сөзін. Одан соң Құспек, Алшынбай, Құнанбай заманындағы Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай ақындар, олардың тапқыр сөз, ұтқыр уәждері жайлы тартымды да тәтті әңгіме өрбіді», деді сұхбаттасым шайханадағы әңгіме үстінде. Кемпірбайдың есіміне бұрыннан-ақ құлағым қанық еді, әйткенмен, оны Мұхаңның осыншама зор бағалағанын, бесаспап өнерпаз, айтыстың ақтангерінің мүрдесі зұлым саясатқа қор болғанын сол Қайым ақсақалдан естідім, қарақтарым, – деген еді Маман ағай. Қазақ ауыз әдебиетінде айрықша орны бар дүлдүл ақын, XIX ғасырда ерекше дамыған айтыс өнерінің ақтангері Кемпірбай Бөгембайұлы 1834 жылы қазіргі Қарқаралы ауданына қарасты Арқалық тауларының ішіндегі Айыртас деген жерде жарық дүние есігін ашыпты. Кемпірбайдың ата-тегін шежірешілер былай таратады: Қаракесек (Болатқожа) – Ақша – Бошан – Таз – Бұлбұл, Бұлбұлдың бәйбішесі Қаракемпірден (шын аты Рабиға болса керек) – Тәңірберлі, Қожамжар, Ағым, Кенже, Кетік, Кенжесағым есімді алты ұл туады. Соның Ағымынан Қияқ, одан Қызық, одан Сұңқарбай, Бұқарбай, Қалабай, Жиенбай, Бөгенбай тараса, кейінгісінен Серкебай, Текебай, Кемпірбай туады. «Тоқсан ақынға торай бермейтін» Нар Кемпірбай 1895 жылы, пайғамбар жасына жаңа жеткен шағында ауыр науқастан Семей қаласында дүниеден қайтқан. Соңында Серкебай атты бір ұлы қалған екен, ұрпақтары бар болса, сол Семей өңірінде ғұмыр кешіп жатса керек. Кемпірбай заманында он екі арыс Арғын қоныстанған Арқа атырабына ғана емес, Жетісу мен Алтай аймағына да белгілі суырып салма төкпе ақын болғаны әмбеге аян. Оның: «Ішінде Арғын, Найман салдым айғай…», «Атығай, Қарауыл мен өрдегі Үйсін, Қараөткел таныс едім екі араға» деп келетін өлең жолдары осының айғағы. Бізге жеткен деректер оның ақындығына қоса әнші, композитор, жалпы, бесаспап өнерпаз болғанын білдіреді. XIX ғасырдағы қазақ ауыз әдебиетінің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесіне қарағанда, ол поэзия әлеміндегі ерекше құбылыс, өлең сөздің дара өрнегін құрған талант екені дау тудырмайды. Сөз қадірін білетін, ауыздан шыққан сөздің жасығы мен асылын айыра алатын ортада туып, өскен Кемпірбай өлеңнің өрен жүйрігі болғанын мына шумақтардан білеміз: Бөгембай әкем аты, мен – Кемпірбай, Өзге ақын мен сөйлесем тұрар былай. Талабым Тәңір берген таудан үлкен, Алмаса өз бақытын қайтып Құдай. Едірей Арқалық пен малыма жай, Арда емген құлынынан жабағы, тай. Ағайын, қайыр берсең өзіме бер, Кенже ұлы кедейліктің мен – Кемпірбай. Бөгембай – әкем аты, Кемпір едім, Өлеңді кәсіп қылып тентіредім. Даусымның келмей тұрған мәнісі сол, Бақырдан ұрлық етін жеңкіредім… (С.Сейфуллин. Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары. Алматы, 1931, 115-116 беттер). Жоғарыдағы, балталасаң көбесі сөгілмейтін өлең жолдарынан шешендігімен қатар шаруашылығының шағындығы, құба төбел тіршілігінің жағдайы да қылаң береді. Өлеңді өміріне өзек еткен ақын жасынан-ақ даңқты той-думандарда, дүбірлі ас-жиындарда көпшіліктің қуанышына бөленіп, әнші, жыршы, өнерпаз Кемпірбай атанады. Дүлдүл ақынның шығармашылдығынан бірнеше ақындармен айтысы және аса көрнекті композитор, әнші Әсетпен арыздасуы сақталған. Кемпірбайдың айтыстарының ішінше ең көрнектісі атақты Шөжемен сөз қағысуы. Осынау шығарманың өн бойына қарап отырсаңыз, оның бір қалыпта басталып, дамып, шарықтауы бар тұтас дүние екеніне көз жетеді. Айтыстың кіріспесінде Кемпірбайдың: Ар жағы Айыркезең, Үлкенбөрлі, Бабамның әруағы маған қонды. Шілденің он бесінде сауын айтып, Жаныста Саттыбайдың асы болды. Тәуекел дариясына бетім жудым, Ажалдан қашар болсам, неге тудым? Сол асқа жұрт жиналған барайын деп, Жаратып, жалғыз көктің белін будым. Әрқашан салушы едім омырауға, Құдай-ау, бергеніңе сансыз тәуба. Сыртында қарала үйдің жиектеген, Кез болдым Шөже деген бәле-дауға,– деуі көп жайды аңғартады. Ең алдымен, екі ақын да айтысқа белсеніп түспеген. Сол сәттегі мәжбүрлік, тұрмыс ауыртпашылығы олардан итаршылыққа баруды талап еткенін байқаймыз. Сөз қағысына алдымен құлшынған Кемпірбай. Ол өзінің ақындық қуатына, ділмарлығына иек артады. Айтысқа көп түсіп әккі болған Шөже өзінен жасы екі мүшелге жуық кіші жас перінің аяқ алысын байқаған соң онымен бәсекелесуден қашып, жалтара сөйлейді. Ең алдымен, қаралы үйде отырғандарын сылтау етсе, одан соң жасы үлкендігін алдыға тартады. Әйткенмен, Кемпірбай өзеуреп қоймайды. Шөже айтысуға мойын ұсынады. Басқа ақындарды жеңген тәсілімен Кемпірбайды ала алмайтынын білген Шөже қарсыласының жастығын, тәжірибесіздігін пайдаланып, соған орай айла-амал қарастырады. Әсіресе, албырт ақынның дін тақырыбына біліктілігі тайыздығын аңғарып, тіке айтыспай, жұмбақтар мен сұраулар беріп, соларға лайық жауап беруін күтеді. Оған лайықты жауап бере алмаған Кемпірбай: Келіп ем бұл жиынға өктемденіп, Жүріп ем қу соқырдан секемденіп, Бағасы жоқ соқырмен айтысам деп, Жығылдым екі аяғым көктен келіп, – деп жеңілгенін мойындауға мәжбүр болады. Сондықтан да Мұхаң (Мұхтар Әуезов) «Шөже Кемпірбайды жеңгенде «уаттури уәззейтуни» деген аяттың мағынасын айт деп қысады. Онысы, діндер аңызы бойынша, Мұсаның Син (Синай) тауына шығып, құдаймен жауаптасқанын келтіріп, сондағы айтысқан сөздерін өлеңмен шешіп бер дегені еді. Кемпірбайда бұны шешерлік білім болмай, жеңіліп қалады» (М. Әуезов. 20 томдық шығармалар жинағы, 17-том, 282-283 беттер) дейді. Әңгімеге өзек болып отырған айтысты жіліктеп талдар болсақ, Кемпірбай Шөжеден, ұлы Мұхаңның сөзімен айтқанда, өлеңі сарқылып қалғандықтан немесе ұйқас құрай алмағандықтан емес, ұтымды дәлел, логикалық дәл жауап таба алмағандықтан жеңіледі. Жеңгені ақындық қуатының артықтығымен емес, тәсілмен, жүйемен алады. Байырғы қазақ ақындары өздері өмір сүрген қоғамдағы өмір шындығын қарсыласының алдына тартып, дауласуға мойын бұрғызбай, тұқыртып тастайды. Мықты ақындар қазіргі кейбір айтқышбектер тәрізді құр ұйқас қуып, ділмәрсімейді, жеңілгенін мәрттікпен мо-йындап, сөзге тоқтайды. Бұл жағына келгенде Кемпірбай талайларға өнеге болып, қара үзіп тұр. Бұрынғы-соңғы айтыс ақындарының ішінде Найман елінің Түбек бастатқан он алты ақынын бет қаратпай жеңген әйгілі Жанақ Күнекей қыздан, «ХХ ғасырдың Гомері» атанған Жамбыл «сыйынбай сөз сөйлемейтін» Сүйінбай Күнбала қыздан жеңілгенін алдымен өздері мойындап, жүрген жерлерінде айтып отырған. Кемпірбайдың ақындық қуаты әсіресе жарқырай көрінетін жері науқастанып жатқанда көңілін сұрай барған Әсет Найманбайұлымен бақұлдасуы. Әсет – керемет композитор, дүлдүл ақын, дауылпаз әнші. «Інжу-маржаны» әлемнің ең үздік шығармаларының қатарын байытатын, аспандағы аққуға үнін қосқан ән ардағының ақындық арынын қыз әкесінің талабымен жадынан шығарын бір түн бойы жырлаған дастанымен сүйгеніне қолы жеткені паш етеді. Осынау Әсеттің буырқанған үнімен, бұршақтаған жырымен Қара Ертістің бойы дүр сілкініп, ауру дендеткен дімкәс кеудеге қайтадан қуат құйылып, Кемпірбайдың көмекейінен өлең саулап қоя береді. Жаратушының аманатын тапсырар алдындағы сәтінде, фәни жалғанмен қоштасуы кезінде Кемпірбайдың бүкіл ақындық қыры жарқырай ашылады. Бұл – өз бағасын білетін ірі талант иесінің өшпес өрнекпен, керім кестемен түзген жан сыры, бүкпесіз шындығы. Бұл жыр көпшіліктің біразына таныс болса да сөз реті келгенде оған тағы бір үңілудің артықтығы болмас. КЕМПІРБАЙДЫҢ ӘСЕТПЕН АРЫЗДАСУЫ Көңілді Әсет келді көтергелі, Болмайды кеуде шіркін жөтелгелі. Артыма бір‑екі ауыз сөз тастайын, Басымды жастықпенен көтер бері! Өлсем де «Көк кептерге» бір соғайын, Қу тақтай екі ішекті әпер бері. Аузыма айрыларда сөз салмасаң, Қонғаның, өлең шіркін, бекер ме еді? Ал енді шіркін көмей былпылдасын, Сөзімді әшиесіз кім тыңдасын. Ішінде Арғын, Найман салдым айғай, Не қылып шіркін көмей жыртылмасын! Мойынға әзірейіл салса құрық, Білемін ғазиз жанның құтылмасын. Кемпірбай бұл дүниеден көшіп кетсе, Білемін енді өзімдей ұл тумасын. Суырған қынабынан наркескендей Әр жерден қызыл тілім қылтыңдасын. Көңлімді Әсет сұрай келгенінде, Шаба алмай кәрі тарлан сылпыңдасын. Боз шапса, боз озбай ма буырылдан, Мен шапсам, жер табаны қуырылған. Жай тастап, құлашымды алып жылдам, Жабының күнде озушы ем тұғырынан. Біреумен алтын жүзді дос‑жар болмақ, Өзіңнің бойға біткен пығылыңнан. Келсе де тоқсан ақын, торай бермей, Мен дағы озып жүрмін ығылымнан. Ер Дәуіт жеті жаста иектеген, Жасынның суын іштім құдығынан. Тереңдеп Сырдың суы қаптаса да, Сонда да келмеуші еді жұлығымнан. Әй, Әсет, осы дерттен мен өлемін, Науқасым меңдеу тартты бұрынғыдан. Ұшса да қанат байлап аспанменен, Өлімнің кім құтылар құрығынан? Сұрасаң хал‑жайымды, Әсетжаным, Жатырмын ұшайын деп тұғырымнан… Әсетжан, осы аурудан өлем білем, Алланың аманатын берем білем. Кеудемнен көкала үйрек «қош» деп ұшты, Сол шіркін кәрі жолдас өлең білем. Басымда отырды өксіп қимай, тоқтап, Кете алмай бөтен жаққа, айналсоқтап. «Серігім, қош, аман бол, Кемпірбай» деп, Жылады бұрынғы өткен күнді жоқтап. Әсетжан, осы ауру қоймас білем, Алланың әмірі екі болмас білем. Қамығып, «қош» деп жылап, ұшып кетті, Осы өлең Серкебайға қонбас білем. Сәлем айт Арқадағы хан‑қараға, Қара Ертіс, Қарқаралы жандаралға. Атығай, Қарауыл мен өрдегі Үйсін, Қараөткел таныс едім екі араға. Семейде топырағым болар білем, Кемпірбай – дұға қылсын бейшараға.



Ермек Балташұлы, ҚР Мәдениет қайраткері.








«Ассалаумағалейкум, нар КЕМПІРБАЙ...»


«Бөгенбай –әкем аты, мен Кемпірбай, Өзге ақын мен сөйлесем, тұрар былай», —деп жырлаған қазақ ауыз әдебиетінде айрықша орны бар дүлдүл ақын, ХІХ ғасырда ерекше дамыған айтыс өнерінің ақтанкері Кемпірбай Бөгенбайұлы 1834 жылы қазіргі Қарқаралы ауданына қарастыАрқалық тауларының ішіндегі Айыртас деген жерде жарық дүние есігін ашыпты. Кемпірбай атамыздың қорасы сол Арқалықтағы Әтеби мен Қарабұлақ қыстақтарының арасында жатыр. Осы жерге арнайы белгі қою бір арманымыз.Осынау құрметті де қадірлі атамыз Кемпірбай ақынның артында қалған азды-көпті мұраларын іздестіріп жинастырып жүрген ешкім жоқ десек, артық айтқандық емес. Тіпті оның руының өзін әр саққа жүгіртіп, біреулер Қазымбет десе, екіншілері Орманшы, Сүйіндік деген сияқты пікір білдірушілер баршылық. Ал шындығына келгенде Кемпірбай ақын Қаракемпірдің ішіндегі Ағымнан тарайды. Оған мына төмендегі жарияланып отырған мәліметтерге қарап нақты көз жеткізуге болады. Кемпірбай өте ірі ақын болған адам. Ал, оның әңгімешіл, әзілқой, керек жерінде суырып салмалық өнері де бар інісі Текебай туралы көпшіліктің біле бермеуі мүмкін. Біз осы жерде Кемпірбай атамыздың інісі Текебай туралы бұрын ешқайда жарияланбаған мына бір деректерді ұсынбақпыз. Бұл деректерді өткен ғасырдың 80 жылдарының аяғында көкірегі ояу, кезінде арабша хат таныған, шежіреші әкем Смағұл Әбділдәұлынан жазып алған едім. Кемпірбай атамыз туралы тоқталатын болсақ:«Бөгенбай –әкем аты,мен –Кемпірбай,Өзге ақын мен сөйлесем, тұрарбылай.Талабым тәңір берген таудай үлкен,Алмаса өз бақытын қайтып Құдай.Едірей, Арқалықпен малыма жай,Арда емген құлынынан жабағы, тай,Ағайын, қайыр берсең өзіме бер,Кенже ұлы кедейліктің мен Кемпірбай» деп жырлаған ақынның ата-тегін шежірешілер былай таратады. Қаракесек (Болатқожа)-Ақша-Бошан-ТазБұлбұл, Бұлбұлдың бәйбішесі Қаракемпірден (шын аты Рабиға болса керек) Қожамжар Атымтай, Ағым, Қосай, Қойбақ, Татымбай тарайды. Соның ішінде Татымбайдан біздің әкелеріміз тарайды. Ал соның Ағымынан Қияқ, одан Қызық, одан Сұңқарбай, Бұқарбай, Қалабай, Жиенбай, Бөгенбай тараса, кейінгісінен Кемпірбай, Текебай, Кемпірбайдан Серкебай туады. «Тоқсан ақынға торай бермейтін» Нар Кемпірбай 1895 жылы, пайғамбар жасына жаңа жеткен шағында ауыр науқастан Семей қаласында дүниеден қайтқан. Соңында Серкебай атты бір ұлы қалған екен, ұрпақтары бар болса, сол Семей өңірінде ғұмыр кешіп жатса керек. Нар Кемпірбай атамыздың Семейде жерленгені туралы еліміздің Халық әртісі, профессор Маман Байсеркенов былай деген екен:«Сексенінші жылдардың аяқ шені болуы керек, Алматыдағы «Отырар» мейманханасының тұсынан өтіп бара жатыр едім, ерекше бір парасатты қарияны көзім шалды. Жүзі сондай таныс. Жақындай бергенде есіме түсті, әйгілі абайтанушы ғалым, жазушы һәм драматург, профессор Қайым Мұхамедханов ақсақал. Сәлем беріп, хал-жағдайын сұрадым. Қолымды жібермей,

жанынан орын берді. Сол маңайдағы «Көк базарға» кіріп кеткен бәйбішесін күтіп отыр екен. Сәлден кейін кеңірек отырып әңгімелесу үшін сол базардың ішіндегі шайханаға шақырды. Бардық. Аздап жеңіл шарап ішетін көрінеді. Әңгімеден әңгіме туындап, сөз арнасы Мұхаңның (М.Әуезов) мінезіне, ұлт үшін атқарған қызметіне ауысты. «Семейдегі Абай мұражайының директоры болып тұрған кезім еді. (Бұл 1947-1951 жылдар),-деп бастады әңгімесін Қайым ақсақал. –Көктем уақыты болатын. Бір күні таңғы алакөбеден Мұхаң телефон шалды. «Аэропортта тұрмын. Қазір келемжұмысыңа, кетіп қалма», деп жеделдете сөйледі. Көп ұзамай таксимен жетіп келді. Жүрісі алқын-жұлқын. Шайға да қарамай, мен машинаға мінісімен жүріп кеттік. Жүргізушіге ескертіп қойған болуы керек, ет комбинатының жанына тоқтадық. Мұхаң бөлек-салағы мол алып ғимараттың біресе ол жағына, біресе бұл жағына шығады. Үлкен адамның мұндай мінезін көрмеген басым, аң-таңмын. Бір кезде комбинаттың ту сыртына шығып, малдас құрып отыра қалды да қоңыр даусымен күңіренте аят оқи жөнелді. Батасын қайырып, бет сипап болғаннан кейін күтіп тұрған таксиге отырып, обкомға тарттық. Сталиндік сыйлықты иеленіп, абыройы аспандап тұрған Мұқаңды бірінші хатшы кезексіз қабылдады. Кіре берісінде ет асым уақыт күттім. Мұқаң шықты. Түгі бетіне шығып, түтіккен жүзінен мақсатты жұмысы бітпегенін, облыс басшысымен келісе алмағанын аңдадым. Үйге келсек, қуырдақ дайын тұр екен. Дастарханға отыра бергенде, пұшайман болған түрін жасыра алмай: «Заһарың бар ма еді? Құйшы!» деді. Буфеттен сыпайы сауыттар шығарып, сыздықтата бастап едім, саусағыменүлкендеу ыдысты көрсетті. Екі стакан коньякты жөпелдемете тартып жіберді де, қуырдақтан бірер қасық асап, кесек мұрнының үстін сауа сипапсипап жіберді. Әңгіме айтардағы әдеті. «Менің бүгінгі әрекетімді түсіне алмай, мына кісіні жын қағып кетті ме деп ойлаған шығарсың. Ештеңе де қаққан жоқ, бұл –жан күйзелісі. Жаңағы ет комбинатының астында қазақ сөз өнерінің сүлейі Кемпірбай жатыр. Алладан үміті жоқ аруақ атқырлар басқа жер таппағандай, доңыз сойып, нәжісін төгетін мекемені мұсылман бейітінің үстіне салыпты» деп, аса бір қиналыспен бастады сөзін. Одан соң Құспек, Алшынбай, Құнанбай заманындағы Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай ақындар, олардың тапқыр сөз, ұтқыр уәждері жайлы тартымды да тәтті әңгіме өрбіді, деді сұхбаттасым шайханадағы әңгіме үстінде. Кемпірбайдың есіміне бұрыннанақ құлағым қанық еді, әйткенмен, оны Мұхаңның осыншама зор бағалағанын, бесаспап өнерпаз, айтыстың ақтаңкерінің мүрдесі зұлым саясатқа қор болғанын сол Қайым ақсақалдан естідім». Ал, жоғарыда айтқан әкемнің әңгімесі былай жалғасып еді. Менің жас кезімде ауылда Каракемпірдің ішінде Қойбақ атты атадан тарайтын Құлеке деген сөз білетін, жөн білетін әңгімешіл адам болды. Сол кісінің талай қызықты әңгімелерін өз құлағыммен естіп өстім. Өйткені, ол кісі Арқалық өңірінде ірі байлардың бірі болған менің Шалқар деген ағамның нағашысы еді. Осы Шалқар ағамыздың мол дастарханында талай рет дәмдес болғанда естіген көптеген құнды әңгімелер есімде қалып қойыпты. Сол елге сыйлы әңгімешіл Құлекең ақсақал атақты 1932 жылдың ашаршылығының алдында өз ажалынан көз жұмды. Ол кісінің қораларының орны Арқалық тауының ішінде. Ол жерде Құлекең бұлағы деген бұлақта бар. Сол кісінің айтуынша Кемпірбай ақын осы Арқалық тауының ішінде дүниеге келген екен. Тағы да басқа үлкендерден естігенімде Кемпірбай Айыркезең тауының баурайында дүниеге келген деген әңгімелер де айтылады. Бұл да шындыққа жанасады. Өйткені, ақынның «Ар жағы Айыркезең үлкен Борлы, Бабамның аруағы маған қонды» деп жырлауының өзі тегін емес. Өйткені, Айыркезең, Арқалық –осы аймақтағы шоқтығы биік еңселі таулар. Қай таудың баурайында дүниеге келсе де, бөліп-жаратыны жоқ. Ақын өлеңдерінде осы таулардың екеуінің де аттары аталып, жырға қосылуы тегін емес. Енді сөз реті келіп тұрғанда жоғарыдағы Құлеке ақсақалдан естіген Кемпірбай ақынның көп ешкім біле қоймайтын әңгімешіл әзілқой тапқыр да елгезек інісі Текебай туралы кеңінен тоқтала кеткенім жөн болар, —деп әкеміз әңгімесін одан әрі сабақтап еді. «Бөгембайдың үлкені Кемпірбай болса кішісінің аты Текебай. Кейбір жөнін білмейтіндер олардың руы Қазымбет депжүр. Олай емес. Олар Қазымбетке жиен. Өйткені олар, Қаздауысты Қазыбек бидің жиендері ғой.Ертеректе руы Қазымбет Жолшора деген қазы болған екен. Яғни, Жолшорамыз Кемпірбай мен Текебайға нағашы. Сол Жолшораның туысқандары ауылда әлі де бар. Мысалы, сол Жолшора қазының жақыны Әбәйділда деген менің бөлем болған еді. Қазір дүниеден өтті. Соның үлкен баласы Рахман Қарағанды қаласында үлкен дәрігер.Кемпірбай мен Текебайдың әкелері ертерек қайтыс болып, жетім қалады. Текебай жезделерінің қасына барып, сол Жолшораның қозысын бағады екен. Жазғытұрым қой қоздап

болғаннан кейін таудан көшерде Жолшора бай бір жерден келе жатса, Айыркезең тауының бір саласынан түтін шығып жатқанын байқайды. Бұл немене түтін деп келсе, Текебай Жолшораның бір қозысын сойып тастап шелекке салып тастың арасына от жағып пісіріп отыр дейді. Сол кезде Текебай 9-10-дағы бала болса керек. Оны көре салып Жолшора Текебайға мынауың не деп ұрысса, асығын алайын деп едім депті,-дейді.Жолшора үйіне келіп бәйбішесіне айтып, мына Текебай әлден бұлай істеп жатыр, жаздай қозыдан қозы қалдырмас, жетім ғой деп аяп көшіріп алып едім, көшіріп жіберейін бар шақырып кел, деп бір жігітті жібереді. Әйтпесе, ертең жайлауға көшкенде жұртқа тастап кетуіміз керек дейді.Сол кезде Жолшораны қазы дейді екен. Қазы деп өте беделді адамдарды айтатынын білеміз. Жіберген жігіт Текебайға келіп «сені Қазы шақырып жатыр» дейді. «Мені неге шақырады»,-дейді Текебай. Сонда хабаршы жігіт айтқан екен. «Сені көшірем», деп жатыр. «Жас күнінен қозы сойып жатыр бара-бара түгімді қалдырмас деп айтты»,-дейді. Сонда Текебай «ол кісінің қозысын сойып тастадым, алдына қалай барам? Текебайдың жұртына Жолшора қапты дегенше, оның жұртында мен-ақ қалайын, өзі көшсін» депті. Текебай сөй деп жатыр деп хабаршы жігіт Жолшораға айта келеді. Сонда Жолшора «ойпырымай мына ит сөз тауып жеңіп кетті-ау, бәрін сойып жесе де жүре берсін, тиіспеңдер» деген екен. Бір ауыз сөзге тоқтаған мұның өзі әулиелік қой. Ондай мәрттік қазір шыға қоюы қиындау. Осы жерде айтайын дегенім сол қазы Жолшораға Кемпірбай мен Текебай жиен болмаса оған келіп қиын кезде паналар ма еді. Сондықтан, олардың Қазымбетке жиен екеніне осының өзі дәлел.Парасатты қасиеттерінің арқасында елге сыйлы ел ағасы ақын атанып, ел аралап жүргенде бір күні Жарылғаптың бір ауқатты байының үйіне ат басын тірепті. Ол кезде қонақ келсе қой сою, бата жасату үйреншікті дәстүр ғой. Оның үстіне атақты Текебай ақын келіп отырғанда бір қойды алып ұру айдай алмай отырған байға сөз болып па? Үй иесі төр алдында жантайып жатып жалшысына қой алып келіп бата жасат демей ме? Жалшы байғұс бай айтқасын жан қала ма, бір семіз қойды табалдырықтан сүйрей кіреді. Бірақ, ол асығып жүргенде құйрығы құрттағанда кеспек байлаған қойды сүйреп келгенін байқамаса керек. Сол құрттағанда байлаған кеспектің бір ұшының қылтиып көрініп тұрғанын байқап қалған Текебай соятын қойға бата жасай отырып, шіріген байды бір ауыз өлеңмен шалқасынан түсірген екен:«Бұл өзі құнан қой ма, дөнен қой ма,Мойнында мылтығы бар, мергенқой ма?!Жаман жыл болғанда жан сақтайды,Тіл алсаң осы қойды тіпті сойма!» дегенекен.Мұны естіген бай жалшысын ұрып, Текебайдан кешірім сұрап, желіде байлаулы тұрған семіз құлынын әкеп сойғызған екен.Осы бір ауыз өлеңнің өзінен-ақ Кемпірбай ақынның інісі Текебайдың да өнерден, өлеңнен құралақан емес, табанда суырып өлеңшығаратын ақын екенін байқауға болады. Ол суырылып ақындармен айтыспаса да, ел арасында қалған өлеңдері көп деп естуші едім. Жас кезімде соның бәрін естігеніммен, қазір көбі есте қалған жоқ. Ал, Кемпірбайдың Шөжемен айтысы және Әсет ақынның ауырып жатқанда іздеп келіп өлеңмен қоштасуларын тегіс жатқа білемін. Сол Кемпірбаймен Текебайдың артында қалған мұраларын жинастырып жарыққа шығару, бастыру кейінгі жастардың міндеті,-деп әкем әңгімесін аяқтап еді.Ал, енді Кемпірбай атамыздың тарих бетіне алтын әріптермен жазылып қалған белгілі айтыстары туралы кеңінен тоқталмақпыз. Атақты ақынның әйгілі жыр жампоздары Шөже, Тезекбай, Әсет, Жәмшібай ақындармен айтыстары халық арасына кең тараған. Кемпірбайдың Шөжемен айтысының аяғы жұмбақ айтысқа айналады. Ал Кемпірбайдың Жәмшібаймен сөз қағысы ру айтысының дәстүрінде өтеді. Әсет ақынның Кемпірбай ауырып жатқанда көңілін сұрай келіп айтқан өлеңі, оған Кемпірбайдың қайтарған жауабы көркемдік жағынан қазақ фольклорының тамаша үлгілерінің бірі. Тарихи мәліметке қарағанда Әсет 1895 жылы 28 жасында Кемпірбайдың ауылына келеді. Бұл кезде ақынның жасы алпыс бірде екен. Әсет пен Кемпірбайдың кездесуі жайлы Мәдинқызы Сақыптың дерегінде былай делінген: «Кемпірбай ақын ауырып жатқанда Әсет көңілін сұрай келсе, ол теріс қарап ыңқылдап жатыр екен. Терлеп, мазасы кетіп, әлсін-әлсін жөтеліп, дегбірсіздене беріпті. Мұны көрген Әсет көзіне жас алып, іштей тебірене толқыпты, сырқатты қатты аяп кетіпті. Қасына жақын келіп, қолынан ұстап, «Қалайсың,

сырқатың қалай?» депті. Кемпірбай естіді ме, естімеді ме үн-түнсіз жата беріпті. Сонда Әсет не істерін білмей бақұлдаса алмай қалатын болдым-ау» деп қапаланады. Аурудың қолын ұстап, ештеңе демей отыра береді. Біраздан кейін «Мен өлеңмен толғамаған соң үндемей жатқан шығар, ақынның көңілін жырмен сұрайын» деп ыңғайланып, оның бас жағында сүйеулі тұрған үкілі домбыраны қолына алып, ащы айғайға басады. Сонда Кемпірбай «Әттең, дүние-ай, Әсет келіп қалған екен ғой. Менің бүйтіп өкпелеген баладай, теріс қарап жатқаным жарамас» деп домбырасын өзі алып, жауап қайтарыпты.Әсет: Ассалаумағалейкүм,Нар Кемпірбай,Дертіңе шипа берсін патша құдай.Дауысымды танимысың,атым Әсет,Мен келдім әдейі іздепкөңілің сұрай.Науқасың меңдеу тарттыдегеннен соңЖыладым бәйіт айтып үш күн ұдай.Аспанға айнала ұшқанақ сұңқар ең,Кез келіп жайған торғабопсың мұндай.Сонда Кемпірбай төмендегі жауаптыайтыпты:Көңілді Әсет келді көтергелі,Барады өкпем қысып жөтелгелі.Өлсем де көк кептерге бір соғайын,Домбырам екі шекті ап кел бері.Ат шапса, боз озбай мабуырылдан,Мен шапсам жер танабықуырылған.Басымды шапқан сайын шайқаптастап,Ағады қанды көбік шығырымнан.Уа, жұртым! Осынау дерттенөлсем керек,Науқасым төмендепті бұрынғыдан.Тегінде, тыңдаған жанның ішкісезімін қатты сілкінтіп, көзіне жас, көкірегінеөксік ұялатып:Әсетжан, осы аурудан өлем білем,Алланың аманатын берем білем.Кеудемнен көкала үйрек«қош» деп ұшты,Сол шіркін, кәрі жолдасөлең білем,-деп терең тебіренетін Кемпірбайарманының асқар шыңы кәрі жолдасыөлеңмен қоштасуы ғой.Сондықтан да ол:«Қамығып, «қош» деп жылап ұшыпкетті,Осы өлең Серкебайға қонбас білем» деп көкірегі қарс айрылып, аһ ұрады. Өйткені, өзінен кейін ат жалын тартып мінер ұрпағының қалмасына ақынның көзі жеткендей, соны жаны сезінгендей күйзеледі. Бұл туралы заманымыздың заңғаржазушысы Мұхтар Әуезов былай дейді: «Кемпірбайдың өлерде айтқан сөзі сондайлық көңілде тығылып жүрген сырды ашады. Ол сыр –ақынның сыры. Сондықтан, өзіндей ақын Әсетке ғана айта алады. Кемпірбайдың сыры оны бес жасынан Дәуіт иектеген екен. Сол күнде кеудесіне көкала үйрек болып, кәрі жолдасы өлең қонған екен. Бұл өлең барлық ақынға ақындық өнері шеттен келіп даритын қасиет деп түсінгенді білдіреді»Кемпірбайдың іштей күйзеліп, соншамақалың ой құшағында жатқаныншынайы сезінген Әсет:Сен кетсең, өзіңдей бопұл туар ма-ай,Қою сөз қояр ма екенүн шығармай.Сырқат деп Сарыарқаданестігенде,Үйімде үш күн жаттымтыншыға алмай,-деп тебіренеді. Әсет пен Кемпірбай іштей бір-бірімен белгісіз бір жібек жіп арқылы түйісетін, жалғасатын сияқты. Сол себепті де ақындар арманы бір арнада тоғысқандай.Кемпірбайдың Шөжемен айтысы өзіндік ерекшелігімен, оқиғасын соншама шиеленіске құрылуымен бағалы дүние. Екі ақын да тапқыр. Екеуінің өлеңінде де ой, сезім бар. Сондықтан

олар тыңдаушысын ұйытып, «ой, пәліай, өркенің өссін»деген ризашылығын жиі естіген. Екі ақыннң айтысы 1910 жылы Қазанда «Қазақтың айтыс өлеңдері» деген атпен жарық көрді. Бұдан кейін 1931 жылы С.Сейфуллиннің «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» деген кітабына жарияланды. Бұл айтыстың бір ерекшелігі аз сөзділігінде, мазмұндылығында. Ақындар басы артық оқиғаға бармай, қозғалған мәселенің өзін ғана сөйлетеді.Алайда сүре айтыс, түре айтыс, жұмбақ айтыстың неше алуан тәсілдерін жетік меңгерген Шөжеге Кемпірбай төтеп бере алмай, сөзден тосылып қалады. Оның жеңіліп қалуының өзі жеңіске бергісіз еді. Соны мойындай отырып, жанының таза, көңілінің ақ екенін жұрт алдында бірден-ақ байқатады:Келіп ем бұл жиынға өктемделіп,Жүруші ем қу соқырдансекемденіп,Бағасы жоқ соқырменайтысам деп,Жығылдым төрт аяғымкөктен келіп.Кемпірбайдың көп шығармасы біздің дәуірімізге жетпеді. Әйтседе оның осы мұрасының өзі, әсіресе, «Әсетпен арыздасуы» ақынның қазақ әдебиеті тарихынан өзіне лайық орын алуына мол жетіп жатыр. Өйткені, бұл өлең туған ел, туған жермен қоштасу ғана емес, оны дәріптеуге құрылған.



Рымбек СМАҒҰЛОВ,ҚР Журналистер одағының мүшесі.













Тобықтай түйін

Қорыта айтқанда біз өзіміздің жерлестеріміз жайлы неге аз білеміз? Деген сынды сұрақтар менің санамды сан жаққа жүгіртеді. Осы сұрақтарға жауап іздеу жұмыстарында алған мәліметтерім мені жоба жазуға итермеледі. Мен сіздерге сол мемориялды тақтада жазылған менің бабам Кемпірбай Бөгенбайұлы туралы айттым. «Өлі разы болмай, тірі байымайды»-деген мақал бар. Есімі алты алашқа мәшһүр болған бабамызда дұға етер , зиярат жасар моласының жоқтығы бар қазақты ойландыруы керек деп ойлаймын. «Өлгенім тіріліп, өшкенім жанды» дегізетін ұрпақ парызының орындалуы уақытымен кешіксе де, бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен ата жолын дәріптеуге ұмтылған игі ниеттің ұштасқанының белгісі.

Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, шаттық сезімін ұялататын ұлы ұғым. Туған жердің тарихын жақсы білген адам , туған Отанын, туған жерін, туған елін сүйетін патриот болады және біз сондай патриот болуымыз керек.Кешегі қазақтың айтыс өнерінің ақтаңгері кемпірбай Бөгенбайұлы бүгінгі менің ауылымның тарихы деп білемін. Менің ендігі міндетім бабамның комбинат астында жатқан сүйегін алтын күмбезді кесене болмаса да зиярат етіп құран бағыштар зиратқа жерлеу. Бұны жүзеген асыру жоспарым бүгінгі қорғап отырған аудандық және келешекте облыс, республика көлемінде қорғайтын зерттеу жұмысым арқылы өз дауысымды тарих жанашырлары болатын аға-әпкелеріме жеткізуден басмталады. Бұл жұмыс аяқсыз қалмау үшін мен тынбай еңбектенемін. Сол кезде ғана «Өлгенім тіріліп, сөнгенім жанады».







Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. С.Сейфуллин. Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары. Алматы, 1931, 115-116 беттер

  2. («Жеті ғасыр жырлайды». Екі томдық. Алматы, Жазушы, 2008, бірінші том. Құрастырған Есенбай Дүйсенбайұлы

  3. Р.Смағұлов «Ғанибет –өмір тынысы» 2017 жыл

  4. М.Нұрақышев «Ораздының елінде, тектілердің жерінде» 2018 жыл

  5. «Орталық Қазақстан» газеті №9, 2002 жыл

  6. «Ауыл энцеклопедиясы» 2000 жыл

  7. «Қазақ энциклопедиясы» 2004 жыл

  8. «Орталық Қазақстан» газеті №8, 2010 жыл

  9. «Орталық Қазақстан» газеті №5, 2010 жыл

  10. «Орталық Қазақстан» газеті №3, 2010 жыл

  11. «Орталық Қазақстан» газеті №6, 2001 жыл

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
 «Туған елге тағзым». Өңірдің мәдени-тарихи ескерткіштері

Автор: Абдрахманова Айгуль Бактыяровна

Дата: 01.04.2020

Номер свидетельства: 544888


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства