kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тіл табысу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данный урок  предназначен для учащихся восьмого класса. Учащихся учат на казахском языке культурному общению, составлению диалога между несколькими учащимися. Развитие разговорной речи учащихся, синтаксический  и морфологический разбор предложений, работа с дистограммой, работа со словарем

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тіл табысу»

Сабақ: қазақ тілі

Сынып: 8

Сабақ тақырыбы: Тіл табысу

Сабақ мақсаты:

1.Білімділік: өзара түсіністік, өзара сыйластық, тіл табысу туралы түсінік беру;
2.Дамытушылық: балалардың өзін және басқа адамдарды түсіне білу қабілеттерін дамыту;

3.Тәрбиелік: балаларды өзара жағымды қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндірме, сұрақ – жауап, тіл жаттықтыру, топтастыру.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық суреттер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

(Балалармен сәлемдесу)

-Бүгінгі сабақ ерекше сабақ, өйткені біздің жұмысымызды келген қонақтарымыз бағалайды, сондықтан бүгінгі сабақта белсенділік танытып, білімдерінді көрсете алуға тырысасыңдар деп ойлаймын.Олай болса іске сәт дей отырып, бүгінгі сабағымыздың мақсатын хабарлауға рұқсат етіңіздер.

(Оқушыларға сабақтың барысы, мақсат -міндеттері туралы түсінік беріп, таныстыру.)

Оқушыларға қызыл, көк, сары қағаз гүлдері үлестіріледі.

Үй тапсырманы тексеру

«Тіл» сөзімен тіркесетін фразеологизмдерді жазып келу және мағынасын түсіндіру


тіл алу тіл біту тіл жетпеу

тіл қайыру тіл ұстарту

ТІЛ



тіл тигізу тіл табысу

Тіл алу - айтқан жұмысты міндетті түрде орындау

Тіл біту – ертегілерде аңдардың адамша сөйлеуі

Тіл жетпеу – сөзбен айта алмау

Тіл қайыру – қарсы сөз айту

Тіл тигізу – жаман сөз айту

Тіл ұстарту – сөз өнерін жетілдіру

Тіл табысу – достасу, сыйласу, түсінісе білу

Кіріспе

Түсінісе білу ─ жақсы қасиет.
(Халық даналығы)

(Мұғалім тақтаға «Түсінісе білу ─ жақсы қасиет» деп жазып қояды және осы халық даналығын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді)
– Дұрыс айтасыңдар, бір-бірімен келісіп іс істеген жағдайда ортақ шешімге келуге болады. Адамдардың бір-бірімен тіл табысуы үшін өзара түсіністік пен сыйластық, кішіпейілділік, сабырлылық қажет. Адамдар түсіністікте өмір сүрсе, қуанышқа бөленеді, жақсылыққа кенеледі. «Түсінісе білу ─ жақсы қасиет», – деп халық бекер айтпаған.

Топтық ойындар

Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінші топ адамның  жақсы қасиеттерін, екінші топ жаман қасиеттерін айтып  жарысады.


Жақсы қасиеттері

Жаман қасиеттері

әдептілік

әділдік

сыйластық жанашырлық

адалдық

жомарттық

мақтаншақтық

әдепсіздік

зұлымдық

дөрекілік

арамдық

сабырсыздық


Жаңа сабақ

Сөйлесім
(Әңгіменің негізгі желісі өзара түсіністік, тіл табысу жөнінде болады. Осы мақсатта мұғалім оқушыларға өсиет әңгіме айтып береді.)
Арман мен Аяжан ел аралап жүріп бір көңілсіз ауылға кезігіпті. Балалар көптен бері бір-бірімен ойнамақ тұрмақ, сөйлеспей де қойған екен. Балалардың қуанышы мен күлкісінің естілмегеніне көп уақыт өтіпті. Мұндай елде өмір сүру өте қиын ғой...

Арман мен Аяжан осы жағдайға қатты ойланып, оларға көмек бермек болыпты. Олар ары ойлап, бері ойлап осы халыққа ақыл-кеңес беруге Данышпан атаны алып келеді.

Данышпан ата сол елдің жұртын жинап: «Адамдар бірін-бірі тыңдаса, кешіре білсе, бір-біріне шыдамдылық танытса, бірін-бірі күлімдеп қарсы алса, достықта өмір сүреді, бақытты болады», -деп айтыпты. 

Данышпан атаның ақыл-кеңесін түсінген балалар бір-бірінен кешірім сұрап, тіл табысып, тату-тәтті дос болыпты.

Тапсырма

1. Мәтіннен бұрыс, дұрыс сөйлемдерді табыңыздар.

сөйлем

дұрыс

бұрыс

Арман мен Аяжан бір көңілсіз ауылға кезігіпті.



Мұндай елде өмір сүру өте оңай ғой...



Арман мен Аяжан осы жағдайға қатты ойланбады.



Олар халыққа ақыл-кеңес беруге Данышпан атаны алып келеді.



Адамдар бірін-бірі тыңдаса, кешіре білсе қуанышқа бөленеді.



Ақыл-кеңесін түсінген балалар бір-бірімен тіл табысып, тату-тәтті дос болмапты.



2. Мәтінде кездескен сөз тіркестерін көрсеткіш арқылы жасаңыз

көңілсіз ойланып

балалардың болады

көп ауыл

қатты қуанышы

кешіре уақыт

бақытты білсе

3. Сұраққа жауап

Бір-біріңмен ренжісіп қалғанда қалай тіл табысуға болады?
(Адамдар бір-бірімен ренжісіп қалғанда, бірінен-бірі кешірім сұрайды.

Түсіністік болмай қалған жағдайды асықпай түсіндіріп айтады.)

Балалардың жауаптары тыңдалып, қорытындыланады.
Балалар сұрақтарға жауап берген соң, мұғалім өзі түйіндеуіне болады.
– Балалар, дұрыс айтасыңдар. Кешірімді шын көңілден сұрау керек. Айтар ойды жымиып түсіндіру керек.

Оқулықпен жұмыс

Диалогті толықтыру

Оқушылар диалогті толықтырып, өзара рөлге бөліп, мәнерлеп оқиды
«Сыйластық ережелері» мәтінмен жұмыс

Тапсырма

Дұрыс сөздерді тауып, сөйлемдерді аяқта, жіктік жалғауларды белгілеңіз

Біреуді сынауда шектен тыс кетпеңіз

Мұқият тыңдай біліңіз

Өзге адамдарды, олардың қадір-қасиетін құрметтеңіз

Керексіз таластан, даудан қашыңыз

Келісім іздеңіз

Сендіріңіз, бірақ бұйырмаңыз

Сендіре алсаңыз, қарым-қатынасты білгеніңіз

Түсіңіз жылы болсын, жиі жымиыңыз

Бұл ережелер қатынастың барлық жағдайын қамти алмайды, бірақ оларды күнделікті қолданып отыру пайдалы.

Жазылым. 

1.  Көп нүктенің орнына керекті сөздер мен сөз тіркестерін тауып қойыңдар.

2.   Өз түсініктеріңді ауызша баяндаңдар.

1. Тіл – адам ойының ... . 2. Ойнап сөйлесең де, ... ... . 3.Айтылған сөз -  ... оқпен тең. 4. Көп сөз – күміс, аз сөз - ... . 5. Таза сөйлеу – биік ... .

         Керекті сөздер:  мәдениеттілік, атылған, айнасы, ойлап сөйле, алтын

Бекіту:

«Топтық ойны»
Тапсырма

Оқушылар екі топқа бөлініп, бір топ  ілік септікті бір есім сөз айтады, екінші топ тәуелдік жалғауының ІІІ жағын қосып, сөз тіркесінің жалғасын айтады.
   Мысалы:  1 топ: балалардың... - 2 топ: күлкісі

Тест

1.«Тіл табысу» фразеологизмнің мағынасын ашатын сөздерді белгілеңіз

а) сөзбен айта алмау ә) қарсы сөз айту б) түсінісе білу

2. Жақсы қасиетті анықтаңыз

а) әдептілік ә) арамдық б) әдепсіздік

3. Жаман қасиетті анықтаңыз

а) сыйластық ә) дөрекілік б) адалдық

4. Сөйлемді толықтырыңыз

Арман мен Аяжан ел аралап жүріп бір .............. ............... кезігіпті.

а) көңілді ауылға ә) патшалыққа б) көңілсіз ауылға

5.Өсиетте Данышпан ата халыққа не береді деп ойлайсыз

а) ақыл-кеңес ә) сөз б) кітап

6.Сыйластық ережені аяқтаңыз

Өзге адамдарды, олардың қадір-қасиетін ...................... .

а) іздеңіз ә) құрметтеңіз б) жымиыңыз

7. Қадір-қасиет ұғымындағы мақал-мәтелді көрсетіңіз

а) Көзің ауырса, қолыңды тый. ә) Еңбек бәрінде жеңбек. б) Таза сөйлеу – биік мәдениеттілік.

Үйге тапсырма:

Берілген жағдаят бойынша үй тапсырманы орындауы түсіндіріледі.

Самал мен Жанар бірлесіп гүл отырғызады. Гүлдері әдемі болып өсе бастайды. Олар гүлдерді суаратын кезде сусепкішке таласып қалыпты. Самал Жанарға өкпелеп кетіп қалады. 
Тапсырма

Бір-бірімен ренжісіп қалған Самал мен Жанардың татуласуына қандай көмек берер едіңдер? Құрбыларды қалай татуластырар едіңдер? 

Мәтіннің жалғасын дәптеріне жаз
Рефлексия

« Көңіл-күй гүлшоғы» 

-Егер сабақта көңіл-күйлеріңіз: керемет болса – қызыл гүлді, жақсы болса- көк гүлді, орташа болса сары гүлді құмыраға жапсырыңыз
Бағалау.

Сабақта берілген жұлдызшалар арқылы бағалау, дәптерлерін тексеру

Қорытынды

 «Балалар, бір-бірімізбен тіл табысу не үшін қажет деп ойлайсыңдар?» деген мұғалімнің сұрағына балалар өз ойларын айтып, кезекпен жауап береді.
(Күтілетін жауаптар: бір-бірімізбен дос болу үшін, бір-бірімізді сыйлау үшін, бірге ойнау үшін, тапсырманы бірлесіп орындау үшін, тату-тәтті ұжым болу үшін, жақсы өмір сүру үшін, бір-бірімізді қуанту үшін.). Бүгінгі сабақта ешкім ұрысқан жоқ, тапсырмаларды тату, бірге орындадыңдар және тіл табыса алдыңдар. Рақмет!  


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тіл табысу

Автор: Жантлесова Мадина Хамзаевна

Дата: 31.03.2016

Номер свидетельства: 312766

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(21) "табыс сепік"
    ["seo_title"] => string(11) "tabyssiepik"
    ["file_id"] => string(6) "294949"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455767735"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "" Конспект урока на тему Табыс септік ""
    ["seo_title"] => string(33) "konspiekturokanatiemutabyssieptik"
    ["file_id"] => string(6) "298711"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456393858"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "урок на тему: "Табыс септік ""
    ["seo_title"] => string(23) "uroknatiemutabyssieptik"
    ["file_id"] => string(6) "298717"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456394396"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) "Табыс септік."
    ["seo_title"] => string(13) "tabys_sieptik"
    ["file_id"] => string(6) "391253"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1486983702"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "?аза? тілі"Табыс септік"4-сынып"
    ["seo_title"] => string(27) "kazaktilitabyssieptik4synyp"
    ["file_id"] => string(6) "282929"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453743032"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства