Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Cабақтың тақырыбы: Табыс септік.
Сабақтың мақсаты:
Сабақ міндеттері: Оқушылардың қызығушылығын арттыру, тақырыпты толық меңгерту.
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, ереже жазылған плакат,карточкалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң шығарсың.
Жауды мықты деме сен,
Білімді болсаң жығарсың.
Үй тапсырмасын тексеру.
Топқа бөлу. Ребус шешу арқылы бөлу.
1 топ. Атау
2топ.Ілік
3топ. Барыс
4. «Біліміңді байқап көр» Өткен тақырыптарға байланысты сұрақ-жауап алысу.
5. Үш тілді білеміз бе? Өткен септіктерді үш тілде айтқызу.
ІІ. Жаңа сабақ.
Өлең оқып сұрақтарын табу арқылы жаңа тақырыппен таныстыру.
Қандай сұраулы сөздерді қолдандым? Кімдерді,нелерді айттым? Қай септіктің сұрақтары? Ережені түсіндіру.
Табыс септіктегі зат есімдер кімді? нені? кімдерді? нелерді? деген сұрақтарға жауап береді.
Табыс септігі атау септіктегі сөзге ны, ні, ды, ді, ты, ті жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғауларды табыс септік жалғаулары деп атайды.
Оқулықпен жұмыс.
48 жаттығу. Тақтаға орындату. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Сұрақ қою, қай септікте тұрғанын айту.
49 жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жазу. Қанар, шанақ сөздеріне түсінік беру.
Қанар қаптарды қаптап артар,
Шанақ арбаны аттар тартар.
Сергіту сәті.
Септеу эстафетасы» ойыны. Үш топ берілген сөздерді қатесіз, тез септеу керек.
Ітоп: ІІтоп: ІІІтоп:
А.с. бала сазгер кітап
І.с. баланың сазгердің кітаптың
Б.с. балаға сазгерге кітапқа
Т.с. баланы сазгерді кітапты
Ж.с. балада сазгерде кітапта
Ш.с. баладан сазгерден кітаптан
К.с. баламен сазгнрмен кітаппен
50 жаттығу. Сөздерді топта. Сөздерді қандай белгісіне қарай топтадың? Сөздерге түсінік беру.
Атау септік: Қамыт, тартпа, жүген, оттық.
Ілік септік: Күннің, найзағайдың.
Барыс септік: Әжеге, атаға, немереге.
Табыс септік: Құрылысшыны, ұшқышты, дәрігерді.
51 жаттығу. Топпен жұмыс: Мақалдарды оқып, табыс септіктегі сөздерді табу. Дәлелдеу.
52 жаттығу. Шығармашылық жұмыс. Әр оқушы берілген сөздерді табыс септігіне қойып, сөйлем құрап жазу.
54 жаттығу. Суретпен жұмыс. Сурет бойынша әңгіме құрау. Әңгімеде табыс септігіндегі сөз болатын болсын.
Семантикалық картамен жұмыс.
ІІІ. Қорыту.
«Бір айналым сөйлесу»
Балалар бүгін нені үйрендік, нені білдік?
Табыс септігінің сұрақтары қандай?
Табыс септік жалғауларын ата.
Қандай септік түрлерін өттік?
Үйге тапсырма: ереже жаттау, 53 жаттығу.
Бағалау
Предмет: Начальные классы
Категория: Планирование
Целевая
аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт