kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тәуелсіздік толғауы" (Ашық сабақ)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ 10 сыныпқа арналған.  БжС технологиясы бойынша  құрастырылған.

Сабақтың мақсаты: норматив талабына сай оқушылардың логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзіреттілігін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тәуелсіздік толғауы" (Ашық сабақ)»


Сабақ тақырыбы: Тәуелсіздік толғауы

Сабақ мақсаты : сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзіреттілігін дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.

Міндеттері:

Білімділік: «БжС» технологиясының «Ауызша сабақ -1» картасы бойынша «Тәуелсіздік толғауы» тақырыбы төңірегінде мәлімет беру, өз түсінгендерін практикада қолдана білу.

Дамытушылық: зейінді, ойлау жылдамдығын, есте сақтауды дамыту және сабаққа қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелік : тиянақты болуға, достыққа, ұйымшыл бола білуге тәрбиелеу. Мамандықты дұрыс таңдай білуге жетелеу.

Сабақ типі: «БиС» технологиясы бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.

Технология: «БиС» технологиясы, «Ауызша сабақ -1» картасы .

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, матрица, тірек сөздер, сын тұрғысынан сұрақтар , қарама-қарсы сұрақтар;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту( слайд көрсету)

(Ұжымды белсендіру үшін сынып көшбасшысына сөз беріледі).

ІІ.Соңғы өткен тақырыптар бойынша сөздік қорды тексеру

(сөздік норма - 63-тен жоғары, уақыты -5 минут)

Қарама-қарсы сұрақтар:

1.Сенің ата-анаң қандай мамандық иелері?

2. Сенің досың қандай мамандықты таңдайды?

3. Саған қандай мамандықтар ұнайды?

4. Сен қандай мамандықты таңдайсың?

5. Мамандыққа сұранысты кімдер анықтайды?

6.Зерттеушілердің болжамы бойынша, жақын болашақта қандай маман иелері қажет?

7.Ол мамандарға деген қажеттілік неге байланысты туындап отыр?

8.Нанотехнология дегенді қалай түсінесің?

9.Мамандардың сұранысы тұрақты болмауы неге байланысты?

10.Қазіргі жаппай ақпараттандыру заманында қандай мамандар өте қажет?

11.Логистика мамандары немен айналысады?

12.Бренд-менеджер қандай маман?

13. Промоутер қандай маман?

14.Супервайзерлер немен айналысады?

15.Веб-мастер немен шұғылданады?

16.Копирайтер қандай маман?

17.Коучер қандай маман?

18.Интервьюер немен айналысады?

19.Болашақта өзіңді қандай маман ретінде елестетесің?




20. «...адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді, ...Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса,білгір және шебер болып шығады ...» Бұл кімнің сөзі?


Матрицаны толтыру, пайызды анықтау.(Балалардың жауабы саналады, тақтаға белгі қойылады).

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мұғалім жаңа тақырыпқа қысқаша кіріспе мәлімет береді.

Сабақты Елбасы сөзінен бастайды (слайд көрсетіледі)

«Халқымыздың қастерлі Тәуелсіздігі мен Мәңгілік Еліміздің болашағы мені үнемі толғандырады. Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы қандай болуы қажет деген сауалды мен өзіме сәт сайын қоямын. Осы жайлы ой орамдарын қағазға түсіріп, «Тәуелсіздік толғауы» деп атадым. Ол азат еліміздің күллі азаматтарына, жалынды жастарға, бүгінгі буынның ерен істерін лайықты жалғастыратын ертеңгі ұрпаққа арналады.»

Н.Ә.Назарбаев

Балалар, біздер елімізбен, еркіндігімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан тәуелсіздік алды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» 2014 жылы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында жарияланды.

Толғаудың маңызы мен мәні мына бағыттар бойынша пайымдалады: тәуелсіздік – халқымыздың басты құндылығы; тәуелсіздіктің өмірлік философиясы; тәуелсіздік құндылықтарын нығайту.

Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» Қазақстан халқының өз тағдыры мен өз болашағын өздері құру мүмкіндігін анықтауда таңдаған тарихи күшінің дұрыс және көрегендік екенін көрсетіп отыр. Тәуелсіздік – қазақ халқы көксеген көпғасырлық арманы, қазақстандық патриотизм мақтанышының символы.

Толғауда көтерілген мына мәселелер: Қазақстан Республикасының тұңғыш рет тәуелсіз ел атануы, 100-ден астам ұлт өкілдерінің егемен мемлекетте өзара түсіністік пен келісімде өмір сүруі, туған жеріміздің қазба байлықтарына дербес иелік етуіміз, болашағымызды өз қолымызбен жасау мүмкіндігі, еліміздің экономикалық өсуінің кепілі – Тәуелсіздік рухында жатқандығы. Тәуелсіздік – сан буын бабалардың асыл арманы болғандығын, Тәуелсіздік – еліміздің көреген сыртқы саясаты мен ішкі саясатында екендігін, Тәуелсіздік дегеніміз – жалпыға ортақ еңбек екендігін, Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы – Мәңгілік Ел екендігін білуіміз керек.

Бүгінгі сабағымыз осы жайында болмақ (сабақ тақырыбы айтылады)

а) Қабылдауды ұйымдастыру. Тірек сөздермен жұмыс.

Тірек сөздерге түсінік беру.

Тақтадағы тақырыпқа байланысты тірек сөздерді балалар

1 минут ішінде оқып, есте сақтайды. Белгіленген уақыт біткен соң сөздер жабылады. Балалар естерінде қалған сөздерді дәптерлеріне жазады. Жазып болған соң, дәптерлерін бір-бірімен ауыстырады. Есте сақтаған сөздерінің саны сұралады. Сонан соң тірек сөздер ашылады да, балалар қалдырып



кеткен сөздерді дәптерлеріне жазып алады. ООМ-на (оқушылардың партада отыруы бойынша ) бірінші баға енгізіледі, тақтаға белгі қойылады.


Уысында ұстау

Ен жайлау

Билеп-төстеу

Айбарлы

Азаттық жолында

Бодандыққа түсу

Түп-тамыры

Заңды мұрагері

Төріне оздыру

Ұлы мұрат

Қажыр-қайрат

Тоқмейілсу

Ортақ парыз

Төтеп беру


  • Оқу, есте сақтау - 1 мин

  • Оқушылар есте сақтаған сөздерін жазады – 1 мин.

  • Дәптерлерімен алмасады.

  • Тексеру(14 сөзден 7 сөзді жеңіл есте сақтау) Матрицаны толтыру, пайызды анықтау,тақтаға белгі қою.


ІҮ. Ойлауды ұйымдастыру.

Мәтінмен жұмыс- (4 минут)

Балалар мәтінді оқып, одан тірек сөздерді тауып, тақырып бойынша мазмұнын ашуы тиіс (4 минут). Сонымен бірге балалар мәтінді көңіл қойып оқуға нұсқау алады. Себебі, мұғалім сабақты сұрау барысында ұсақ детальдарға көңіл қоятындығын ескертеді.

Мәтін:


Тәуелсіздік толғауы

Тарихсыз болашақ жоқ. Ұлы Далада күллі Еуразия құрлығын уысында ұстаған алып мемлекеттер болған. Алып кеңістікті ен жайлап, еркін билеп-төстеген айбарлы халықтар өмір сүрген.

Бүгінгі Қазақстан — сол бабалардың заңды мұрагері.

Адамзат тарихында қазіргі қалыптағы мемлекет үлгісі тек соңғы бірнеше ғасырда ғана пайда болды. Бұл кез халқымыздың бостандықтан айырылып, бодандыққа түскен мезетіне тап келді.

Көк түріктер мен Алтын Орданың айбарын айтпағанда, Қазақ хандығы — біздің елдігіміздің түп-тамыры. Тәуелсіз Қазақстан халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық арманын ақиқатқа айналдырды. Біздің буын жаңа тарихқа Қазақстан Республикасы деген атпен аяқ басып, жас мемлекетті әлемнің төріне оздырды.



Ұлан-ғайыр жері бар, ұлы мұратты Елі бар, бабалар жазған ұлы тарихы мен ұрпағы көз тіккен ұлы болашағы бар менің халқым - Ұлы халық!

Тәуелсіздікті алу үшін қандай қажыр-қайрат керек болса, оны баянды ету үшін одан да зор қажыр-қайрат керек.

Табысқа тоқмейілсімей, кейінгі ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау- ортақ парыз. ХХI ғасырдың сын-қатерлеріне төтеп беріп, ең дамыған елдердің біріне айналу - ортақ жауапкершілік.

Нұрсұлтан Назарбаев

Ү.Алғашқы түсінікті тексеру.

(Мұғалім барлық оқушыларға мәтін бойынша сұрақтар қояды).

Жаңа мәтін бойынша қиылыс сұрақтарға жауап беру


Қиылыс сұрақтар:

1.Еуразия құрлығында қандай мемлекеттер орналасқан?

2.Елдің тәуелсіздігі дегенді қалай түсінесің?(бостандық, демократия )

3.Қазіргі заманда тәуелсіздігінен айырылған елдер бар ма?

4.Мемлекет қандай жағдайда тәуелсіздігінен айырылуы мүмкін?

( бір мемлекеттің отары болса )

5. Тарихсыз болашақ бар ма?(болашақ жоқ)

6. Ұлы Далада қандай мемлекеттер болған?(күллі Еуразия құрлығын уысында ұстаған алып мемлекеттер)

7.Бұл жерде қандай халықтар өмір сүрген? (алып кеңістікті ен жайлап, еркін билеп-төстеген айбарлы халықтар)

8.Адамзат тарихында қазіргі қалыптағы мемлекет үлгісі қашан пайда болған? (тек соңғы бірнеше ғасырда ғана)

9. Бұл кез қандай мезетке тап келді? (халқымыздың бостандықтан айырылып, бодандыққа түскен мезетіне)

10.Біздің елдігіміздің түп-тамыры не? (Қазақ хандығы)

11. Тәуелсіз Қазақстан халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық арманын неге айналдырды? (ақиқатқа)

12.Біздің буын жаңа тарихқа қандай атпен аяқ басты? (Қазақстан Республикасы)

13.Біздің буын жас мемлекетті ненің төріне оздырды? (әлемнің)

14. Қандай халықты Ұлы халық деп айтады? (ұлан –ғайыр жері бар, ұлы мұратты елі бар, бабалар жазған ұлы тарихы мен ұрпағы көз тіккен ұлы болашағы бар халықты)

15.Тәуелсіздікті алу үшін, оны баянды ету үшін не керек? (қажыр-қайрат)

16. Ортақ парызымыз не? (табысқа тоқмейілсімей, кейінгі ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау)

17. Біздің ортақ жауапкершілігіміз не? (Сын-қатерлерге төтеп беріп, ең дамыған елдердің біріне айналу)

18. Тәуелсіз елдің белгілері не? (ата заңы,шекарасы, бостандығы,рәміздері )

19.Елбасымыз қандай мақсатпен жолдау жариялайды? (халыққа бағыт-бағдар беру үшін)

20. Соңғы жолдау қашан жарияланды? ( 31қаңтар 2017 жыл)

пайызды анықтау,тақтаға белгі қою



ҮІ. Алғашқы бекітуді ұйымдастыру.

Сын тұрғысынан сұрақтар қою.

Мұғалім оқушыларға сұрақ қойған кезде әдейі қате жауаптарымен береді. Дұрыс болса- «иә», қате болса- «жоқ» деп толық жауап беруі керек. Сын тұрғысынан сұрау кезеңі диагностикалық болып есептеледі. Бұл кезеңде мәтінмен жұмыс істеудің сапасы анықталады. Бұл кезең балалардың жұмыс істеу деңгейін, яғни, оқу техникасының көлемін және жылдамдығын көтеруді қалыптастырады.


Сыни сұрақтар:

1. Тарихсыз болашақ бар (жоқ).

2. Ұлы Далада Еуразия құрлығын уысында ұстап тұрған ұсақ мемлекеттер болған (жоқ, алып).

3. Қазақстан Еуразия құрлығында орналасқан ба? (иә, ...)

4.Алып кеңістікті ен жайлап,еркін билеп-төстеген жуас халықтар өмір сүрген (жоқ,айбарлы).

5. Бүгінгі Қазақстан – сол бабалардың заңсыз мұрагері (жоқ, заңды).

6. Адамзат тарихында қазіргі қалыптағы мемлекет үлгісі соңғы бірнеше жылда ғана пайда болды (жоқ, ғасырда).

7. Бұл кез халқымыздың бодандықтан айырылып, бостандық алған мезетіне тап келді ( жоқ, керісінше, бостандықтан айырылып, бодандыққа түскен мезетіне).

8. Қазақ хандығы – біздің елдігіміздің түп-тамыры бола алмайды ( жоқ, түп-тамыры).

9. Тәуелсіз Қазақстан халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық арманын іске асырмады (жоқ, ақиқатқа айналдырды).

10. Біздің буын жаңа тарихқа Ұлы халық деген атпен аяқ басты (жоқ, Қазақстан Республикасы).

11. Жас мемлекетті әлемнің төріне оздыра алмады (жоқ, оздырды).

12. Ұлан ғайыр жері бар ел ғана Ұлы Халық бола алады ( жоқ,сонымен қоса, ұлы мұратты елі бар, бабалар жазған тарихы бар, ұлы болашағы бар ел).

13.Тәуелсіздікті алу үшін қажыр-қайрат керек (иә, ...)

14.Тәуелсіздікті баянды ету үшін одан да зор қажыр-қайрат керек (иә, ...)

15.Табысқа тоқмейілсімей, кейінгі ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау ортақ парызымыз ба?(иә, ...)

16.XXI ғасырдың сын-қатерлеріне төтеп беріп, ең дамыған елдердің біріне айналу – ортақ жауапкершілік емес (жоқ, ортақ жауапкершілік).

17.Тәуелсіз елдің белгілеріне ата заңымыз, шекарамыз ғана жатады( жоқ, онымен қоса бостандығымыз,рәміздеріміз де жатады).

18. Елбасымыз екі жылда бір рет Қазақстан халқына Жолдау жасайды (жоқ, жыл сайын).

19. Тәуелсіздік толғауы 2015 жылы жарияланды (жоқ, 2014ж. 15желтоқсанда)

20. Соңғы жолдау 2017 жылы, 29 қаңтарда жарияланды (жоқ, 31қаңтарда)

(тақтаға белгі қойылады)





ҮІІ. Талдау (5минут беріледі)

Тақырып бойынша сөздік қорын тексеру.

Эссе жазу (оқушы деңгейіне байланысты сөздер де жазады)

Сөздік қор 63сөз болуы керек.

(тақтаға белгі қойылады)


ҮІІІ Қорытындылау:

Қазақстан тәуелсіздік жылдарында әлемдегі ешбір ел жете алмаған жетістіктерге қол жеткізді. Тәуелсіздік жылдарында қазақстандық жолдың негізгі құндылықтары қалыптасты – Еркіндік, Бірлік, Тұрақтылық, Өркендеу. Сендер де өздеріңнің табанды еңбектерің мен алға қойған мақсаттарыңның арқасында білімді адам және өз істеріңнің маманы болып,Қазақстанымыздың өркендеуіне өз үлестеріңді қосуға, Қазақстанның нағыз азаматы- патриоты болуға ұмтылуларың керек.


Матрица қорытындысы бойынша оқушыларға баға қойылады.

IX.Бағалау: 4-5 белгі – 5 ұпай

3 белгі – 4 ұпай

2 белгі – 3 ұпай

X. Үйге тапсырма : 4 белгіден кем алған оқушылар тапсырма алады.

























1.Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу)

2. слайд көрсету

3. Бүгінгі күнді жазу.

4.Сынып көшбасшысына (Максимге)сөз беру

- Біз жетістікке жетеміз бе?

- ....

- 63 пайызды аламыз ба?

- .....

- Ендеше сәттілік тілеймін.


5. Соңғы өткен тақырыптар бойынша қайталау сұрақтарына жауап берейік.

Қарама-қарсы сұрақтар:


1.Сенің ата-анаң қандай мамандық иелері?

2. Сенің досың қандай мамандықты таңдайды?

3. Саған қандай мамандықтар ұнайды?

4. Сен қандай мамандықты таңдайсың?

5. Мамандыққа сұранысты кімдер анықтайды?

6.Зерттеушілердің болжамы бойынша, жақын болашақта қандай маман иелері қажет?

7.Ол мамандарға деген қажеттілік неге байланысты туындап отыр?

8.Нанотехнология дегенді қалай түсінесің?

9.Мамандардың сұранысы тұрақты болмауы неге байланысты?

10.Қазіргі жаппай ақпараттандыру заманында қандай мамандар өте қажет?

11.Логистика мамандары немен айналысады?

12.Бренд-менеджер қандай маман?

13. Промоутер қандай маман?

14.Супервайзерлер немен айналысады?

15.Веб-мастер немен шұғылданады?

16.Копирайтер қандай маман?

17.Коучер қандай маман?

18.Интервьюер немен айналысады?

19.Болашақта өзіңді қандай маман ретінде елестетесің?

20. «...адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді, ...Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса,білгір және шебер болып шығады ...» Бұл кімнің сөзі?


+ - Матрицаны толтыру, пайызды анықтау.(Балалардың жауабы саналады, тақтаға белгі қойылады).


Матрицаға белгілеу(- +) қағазға белгілеу










6. Тірек сөздермен жұмыс:


Уысында ұстау – держать под контролем

Ен жайлау – проживать (проживали свободно)

Билеп-төстеу - властвовать, править

Айбарлы - грозный, свирепый

Азаттық жолында - путь к независимости

Бодандыққа түсу -

Түп-тамыры - корни

Заңды мұрагері - законный наследник

Төріне оздыру - прославить

Ұлы мұрат --великая мечта

Қажыр-қайрат - сила, мощь

Тоқмейілсу - эйфория

Ортақ парыз - общий долг

Төтеп беру - дать отпор


7. Мәтінмен жұмыс- (4 минут)

Балалар мәтінді оқып, одан тірек сөздерді тауып, тақырып бойынша мазмұнын ашуы тиіс (4 минут). Сонымен бірге балалар мәтінді көңіл қойып оқуға нұсқау алады. Себебі, мұғалім сабақты сұрау барысында ұсақ детальдарға көңіл қоятындығын ескертеді.


Тәуелсіздік толғауы

Тарихсыз болашақ жоқ. Ұлы Далада күллі Еуразия құрлығын уысында ұстаған алып мемлекеттер болған. Алып кеңістікті ен жайлап, еркін билеп-төстеген айбарлы халықтар өмір сүрген.

Бүгінгі Қазақстан — сол бабалардың заңды мұрагері.

Адамзат тарихында қазіргі қалыптағы мемлекет үлгісі тек соңғы бірнеше ғасырда ғана пайда болды. Бұл кез халқымыздың бостандықтан айырылып, бодандыққа түскен мезетіне тап келді.

Көк түріктер мен Алтын Орданың айбарын айтпағанда, Қазақ хандығы — біздің елдігіміздің түп-тамыры. Тәуелсіз Қазақстан халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық арманын ақиқатқа айналдырды. Біздің буын жаңа тарихқа Қазақстан Республикасы деген атпен аяқ басып, жас мемлекетті әлемнің төріне оздырды.

Ұлан-ғайыр жері бар, ұлы мұратты Елі бар, бабалар жазған ұлы тарихы мен ұрпағы көз тіккен ұлы болашағы бар менің халқым - Ұлы халық!

Тәуелсіздікті алу үшін қандай қажыр-қайрат керек болса, оны баянды ету үшін одан да зор қажыр-қайрат керек.

Табысқа тоқмейілсімей, кейінгі ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау- ортақ парыз. ХХI ғасырдың сын-қатерлеріне төтеп беріп, ең дамыған елдердің біріне айналу - ортақ жауапкершілік.

Нұрсұлтан Назарбаев




8. Жаңа мәтін бойынша қиылыс сұрақтарға жауап беру

Қиылыс сұрақтар:


1.Еуразия құрлығында қандай мемлекеттер орналасқан?

2.Елдің тәуелсіздігі дегенді қалай түсінесің?(бостандық, демократия )

3.Қазіргі заманда тәуелсіздігінен айырылған елдер бар ма?

4.Мемлекет қандай жағдайда тәуелсіздігінен айырылуы мүмкін?

( бір мемлекеттің отары болса )

5. Тарихсыз болашақ бар ма?(болашақ жоқ)

6. Ұлы Далада қандай мемлекеттер болған?(күллі Еуразия құрлығын уысында ұстаған алып мемлекеттер)

7.Бұл жерде қандай халықтар өмір сүрген? (алып кеңістікті ен жайлап, еркін билеп-төстеген айбарлы халықтар)

8.Адамзат тарихында қазіргі қалыптағы мемлекет үлгісі қашан пайда болған? (тек соңғы бірнеше ғасырда ғана)

9. Бұл кез қандай мезетке тап келді? (халқымыздың бостандықтан айырылып, бодандыққа түскен мезетіне)

10.Біздің елдігіміздің түп-тамыры не? (Қазақ хандығы)

11. Тәуелсіз Қазақстан халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық арманын неге айналдырды? (ақиқатқа)

12.Біздің буын жаңа тарихқа қандай атпен аяқ басты? (Қазақстан Республикасы)

13.Біздің буын жас мемлекетті ненің төріне оздырды? (әлемнің)

14. Қандай халықты Ұлы халық деп айтады? (ұлан –ғайыр жері бар, ұлы мұратты елі бар, бабалар жазған ұлы тарихы мен ұрпағы көз тіккен ұлы болашағы бар халықты)

15.Тәуелсіздікті алу үшін, оны баянды ету үшін не керек? (қажыр-қайрат)

16. Ортақ парызымыз не? (табысқа тоқмейілсімей, кейінгі ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау)

17. Біздің ортақ жауапкершілігіміз не? (Сын-қатерлерге төтеп беріп, ең дамыған елдердің біріне айналу)

18. Тәуелсіз елдің белгілері не? (ата заңы,шекарасы, бостандығы,рәміздері )

19.Елбасымыз қандай мақсатпен жолдау жариялайды? (халыққа бағыт-бағдар беру үшін)

20. Соңғы жолдау қашан жарияланды? ( 31қаңтар 2017 жыл)

пайызды анықтау,тақтаға белгі қою




(тақтаға белгі қойылады)+ -












9. Сын тұрғысынан сұрақтар қою.

  • сұраққа дұрыс болса- «иә», қате болса- «жоқ» деп толық жауап беру керек.

Сыни сұрақтар:


1. Тарихсыз болашақ бар (жоқ).

2. Ұлы Далада Еуразия құрлығын уысында ұстап тұрған ұсақ мемлекеттер болған (жоқ, алып).

3. Қазақстан Еуразия құрлығында орналасқан ба? (иә, ...)

4.Алып кеңістікті ен жайлап,еркін билеп-төстеген жуас халықтар өмір сүрген (жоқ,айбарлы).

5. Бүгінгі Қазақстан – сол бабалардың заңсыз мұрагері (жоқ, заңды).

6. Адамзат тарихында қазіргі қалыптағы мемлекет үлгісі соңғы бірнеше жылда ғана пайда болды (жоқ, ғасырда).

7. Бұл кез халқымыздың бодандықтан айырылып, бостандық алған мезетіне тап келді ( жоқ, керісінше, бостандықтан айырылып, бодандыққа түскен мезетіне).

8. Қазақ хандығы – біздің елдігіміздің түп-тамыры бола алмайды ( жоқ, түп-тамыры).

9. Тәуелсіз Қазақстан халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық арманын іске асырмады (жоқ, ақиқатқа айналдырды).

10. Біздің буын жаңа тарихқа Ұлы халық деген атпен аяқ басты (жоқ, Қазақстан Республикасы).

11. Жас мемлекетті әлемнің төріне оздыра алмады (жоқ, оздырды).

12. Ұлан ғайыр жері бар ел ғана Ұлы Халық бола алады ( жоқ,сонымен қоса, ұлы мұратты елі бар, бабалар жазған тарихы бар, ұлы болашағы бар ел).

13.Тәуелсіздікті алу үшін қажыр-қайрат керек (иә, ...)

14.Тәуелсіздікті баянды ету үшін одан да зор қажыр-қайрат керек (иә, ...)

15.Табысқа тоқмейілсімей, кейінгі ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау ортақ парызымыз ба?(иә, ...)

16.XXI ғасырдың сын-қатерлеріне төтеп беріп, ең дамыған елдердің біріне айналу – ортақ жауапкершілік емес (жоқ, ортақ жауапкершілік).

17.Тәуелсіз елдің белгілеріне ата заңымыз, шекарамыз ғана жатады( жоқ, онымен қоса бостандығымыз,рәміздеріміз де жатады).

18. Елбасымыз екі жылда бір рет Қазақстан халқына Жолдау жасайды (жоқ, жыл сайын).

19. Тәуелсіздік толғауы 2015 жылы жарияланды (жоқ, 2014ж. 15желтоқсанда)

20. Соңғы жолдау 2017 жылы, 29 қаңтарда жарияланды (жоқ, 31қаңтарда)


(тақтаға белгі қойылады) + -








10. Тақырып бойынша сөздік қорын тексеру.


Эссе жазу (оқушы деңгейіне байланысты сөздер де жазады)

Сөздік қор 63сөз болуы керек.


  • Сөздерді санау (63 сөз жазса, оқушылар жеңді)


(тақтаға белгі қойылады)+ -

12.Қорытындылау:

Қазақстан тәуелсіздік жылдарында әлемдегі ешбір ел жете алмаған жетістіктерге қол жеткізді. Тәуелсіздік жылдарында қазақстандық жолдың негізгі құндылықтары қалыптасты – Еркіндік, Бірлік, Тұрақтылық, Өркендеу. Сендер де өздеріңнің табанды еңбектерің мен алға қойған мақсаттарыңның арқасында білімді адам және өз істеріңнің маманы болып,Қазақстанымыздың өркендеуіне өз үлестеріңді қосуға, Қазақстанның нағыз азаматы- патриоты болуға ұмтылуларың керек.


13. Бағалау

Матрица қорытындысы бойынша оқушыларға баға қойылады (Слайд )

4-5 белгі – 5 ұпай

3 белгі – 4 ұпай

2 белгі – 3 ұпай

14. Үйге тапсырма : 4 белгіден кем алған оқушылар тапсырма алады.

(мәтінді оқу, мазмұндау)


















































Сабақ тақырыбы: Еліміздің даму бағыттары


Сабақ мақсаты:

1.Білімділігі: Еліміздің даму бағыттары туралы мәлімет беру, алған білімдерін сабақта қолдана білу.


2.Дамытушылық: Сөздік қорды байыту, сұрақтарға жауап беру, қарама-қарсы сұрақтар дайындау, «Эссе» жазғызу.


3.Тәрбиелік мәні: Білімді, өнерлі болуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, әдептілікке баулу, сауатты жазуға дағдыландыру.


Сабақ типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру


Технология: «БиС» технологиясының «Ауызша сабақ-2» картасы


Әдістер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау, жазу, бекіту.


Көрнекілік: матрица, сын тұрғысынан сұрақтар, тірек сөздер.


I.Ұйымдастыру бөлімі: а) амандасу; б) сабақ тақырыбы мен мақсатын айту;


Тақырыптық сөздік қор - 5 минут

Тақырыптары : «Жаркент », «Ұлылар елі», «Түркістан қаласы».

(балалар бір -бірінің дәптерлерін алмастырып тексереді, мұғалім матрицаға қорытындысын енгізеді)


ІІ.Жаңа тақырыпқа кіріспе.

1) -Балалар , ХХ ғасырдың соңында Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдау жасады. Бұл – еліміздің қай жылға дейінгі даму бағытын анықтайтын бағдарлама ?

-Елбасының Жолдауы туралы не айта аласыңдар ?

- Әрбір адам жеке басының бақыты үшін еңбек етіп, елінің гүлденуіне үлес қосуға тиіс және өз бойына бәсекеге қабілеттілік қасиетін орнықтыру қажет.

-Оның кілті неде? – Білімде.

-Адамзаттық жинақтаған тәжірибелерді оқып, меңгергенде қандай деңгейге көтеріле аламыз ? – Білімді және бәсекеге қабілетті


ІІІ.Оқушылардың өз бетінше тірек сөздерді іріктеуі.

Қабылдауды ұйымдастыру бөлімі.


Оқушылардың мәтінмен жұмысы: өз беттерінше кілтті сөздерді табу. Кілтті сөздер жазылған тақта жабулы тұрады, сынып деңгейіне қарай 7,14,21 сөзге дейін беріледі.



Жұмыс уақыты: оқулықтың бір парағына 3 минут беріледі. Оқушылар өздері таңдаған кілтті сөздерді дәптерлеріне жазады.

ІҮ. Есте сақтауды, зейінді дамыту.

Уақыт бойынша жұмысты аяқтау. Оқушылар кілтті сөздерді жазып болған соң, тақта ашылады, оқушылар кілтті сөздерді тексеріп, сәйкес келген сөздер санын санайды, мәліметтер оқушылардың отыру матрицасына енгізіледі, бірінші баға қойылады, пайызы көрсетіледі.

( ООМ- оқушылардың отыру матрицасы бойынша )


Тірек сөздер ( тақтаға жазылатын сөздер)

1.Ұзақ-долгий 8.айқындау-определить

2.Қысқа –короткий 9.қамтамасыз ету-обеспечить

3.Дамыту-развитие 10. пайда болу - появится

4.Шағын-малый 11. жүзеге асыру-осуществить

5.Міндет-задача 12. кәсіпкерлік-предпринимательство

6.Бағдарлама-программа 13. бәсеке-конкуренция

7. Игілігі үшін - для блага 14. үлес - вклад



Ү.Түсінікті алғашқы тексеру. Қарама - қарсы сұрақтар..


Қарама-қарсы сұрақтарды қою үшін таңдаған ұяшықты көрсетеді, жауап беруге 3 секунд уақыт беріледі. Мәліметтерді ООМ-на енгізіледі.


Екінші баға қойылады.


1.Қазақстан қысқа мерзім ішінде қандай экономикаға бет бұрды? (нарықтық)

2. Елімізде нелерді дамыту жүзеге асырылуда? (кәсіпкерлікті)

3.Қай жылдары Қазақстанда 200 мыңдай шағын және орта бизнес кәсіпорындары пайда болды? (1991-2001 жылдары)

4.Ауыл шаруашылығында қанша фермерлер өсіп шықты?

(1,3 миллиондай)

5. Елімізде сөз бен баспасөз бостандығы, дін бостандығы, тағы қандай істер жүзеге асырылды ? (демократиялық)

6. Еліміздің қандай салаларының дамуы қамтамасыз етілді? (әлеуметтік)

7. «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» кімнің кітабында көрсетілген? (Н.Ә.Назарбаевтің)

8.Еліміздің алдағы дамуы «Қазақстан - 2030» атты қандай мерзімді бағдарламасында айқындалды ? (ұзақ мерзімді)

9.Мұның бәрі кімнің игілігі үшін жасалып жатыр? (халықтың)

10. Қазақстан қандай мерзім ішінде нарықтық экономикаға бет бұрды ?

11.Елімізде кәсіпкерлікті не істеу жүзеге асырылуда ? (дамыту)

12. Қазақстанда 200 мыңдай нелер пайда болды? (Шағын, орта бизнес кәсіпорындары)

13. Қай салада 1,3 миллиондай фермерлер өсіп шықты ?(Ауыл шаруашылығы саласында)

14.Ненің алдағы дамуы «Қазақстан - 2030» атты ұзақ мерзімді бағдарламасында айқындалды ? (Еліміздің)

V. Сын тұрғысынан сұрақ .


Оқушылар бір-біріне сын тұрғысынан сұрақ қойып, қаншалықты түсінгендерін бақылайды. Оқушы сұрақты кімге қоятынын өзі таңдайды. Жауап беруге 3 секунд уақыт беріледі. Бағасы матрицаға қойылады.

Мұғалім оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін бақылайды, егер түсіну пайызы төмен болса, онда қайтадан түсіндіріліп, толықтырылады.


Үшінші баға қойылады.


VІ. Оқушылар сабақта оқыған, білгендерін, сұрақтарға берген жауаптарын естеріне түсіріп, «Эссе» жазады.


Төртінші баға қойылады.


VІІ. Тексеру: Оқушылар «Эссе» құрамындағы сөздерді санап, астына сөздер санын жазып қояды. Кімнің жазған «Эссесі» көп сөзден құралған болса, сол оқушы бірінші болып оқиды.


VІІІ.Бағалау:

Әр берілген дұрыс жауапқа «+» қойылып, матрица толтырылып отырады, сол нәтиже бойынша оқушы бағаланады .

«5» - ++++; «4» - +++; «3» - ++; «2» - +;


IX.Қорыту :

мұғалім тақырыпты қорытындылайды, сапалы жұмыс жасаған балаларды мадақтайды, матрица бойынша нәтижесін шығарып, баға қояды.


Х.Үйге тапсырма:

«Еліміздің даму бағыттары» туралы әңгімелеп беру.77-бет.












Тақырыбы: Сөйлем мүшелері.


Сабақ мақсаты :

1.Білімділігі: Сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін тереңдету, оларды практикалық жолдармен меңгерту.


2.Дамытушылық : Сөйлем ішінен бастауыш пен баяндауышты таптыру, дара, күрделілігін ажыратқызу, сөз құрамына талдату.


3.Тәрбиелік мәні: Зейінді, ойлау жылдамдығын, есте сақтауды дамыту және тақырыпты меңгеру көрсеткішін көтеру.


Технология: «БиС» технологиясының «Алгоритм» картасы.


Сабақ типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру.


Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Тексеру сұрақтарын қою, жаңа білімді құрылымдау, әдіс-әрекеттерді талдау, ұғыну, алғашқы түсінікті бекітуді ұйымдастыру. Қабылданған ақпараттардың күрделілік шегі және дағдысы бойынша олқылықтрды анықтау.


Көрнекілік:

Интерактивтік тақта, сөйлем мүшелерінің жасалу жолдары көрсетілген «Егер - онда» блок-сызбасы, жаттығу тапсырмалары жазылған парақтар.


І.Сабақтың өту барысы:


Ұйымдастыру бөлімі:амандасу, сабақ тақырыбы мен мақсатын айту.


ІІ.Ынталандыру жаттығуы:

жалпы сөздік қор уақыты - 5 минут, оқушылардың зейінін сабаққа аудару мақсатын- да жүргізіледі.Оқушылар жазып болған соң , дәптерлері- мен алмасады, сөздерді санап, жалпы санын айтады. Мұғалім оқушылардың партада отыру орындары бойынша тақтадағы матрицаны толтырады. (ООМ)


III.Жаңа сабақ:


Сөйлем мүшелерінің жасалу жолдары көрсетілген «Егер - онда» блок-сызбасы бойынша жаңа сабақты түсіндіру;

(уақыты тақтаға жазылып қойылады)






Сөйлем мүшелері


егер


сөздер сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөздер және сөз тізбег і болса, онда ол -




тұрлаулы мүшелер

тұрлаусыз мүшелер









егер

егер

егер



сөйлем құрауға негіз болатын бастауыш пен баяндауыштан құралса, онда ол - тұрлаулы мүшелер деп аталады.

Мысалы:Қазақстандықтар(кімдер ?) Елбасы жолдауын қолдайды.



(не істейді?)





сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді анықтап, толықтап, пысықтап тұратын болса, онда ол - сөйлемнің

тұрлаусыз мүшелері деп аталады.

Мысалы: Әрбір (қандай ?) адам (кім ?) табиғатты(нені?) қорғайды.(неістейді?)







Сөйлем мүшелері






Табиғатты қорғауды (нені?) өзіңнен баста.

Ұлы Жібек жолы Жерорта теңізіне дейін жетті.

сөйлемде бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұрса, кімге?, неге?, кімді? нені?, кіммен?, немен? - сұрақтарына жауап берсе

сөйлемде затты, нәрсені сын-сапалық, сан- мөлшерлік жағынан анықтап, қандай?, қай? кімнің? ненің? сұрақтарына жауап берсе



сөйлемде қимыл-әрекеттің жай -күйін, мезгілін, мекенін білдіріп, кім үшін? не үшін?, не мақсатпен?, қайда?, қай жерге дейін?, қайдан? қашан?. қашаннан бері? сұрақтарына жауап берсе

Қарағанды - көмірлі (қандай?) қала.




Бастауыш

Баяндауыш


егер

егер



баяндауышта айтылған қимыл-әрекеттің иесін білдірсе, кім?, кімдер?, не? нелер? деген сұрақтарға жауап берсе

Мысалы: оқушы(кім?), пенал(не?) балалар (кімдер?), пенал(не ?) дәптерлер(нелер ?)


бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін, оқиғаның болған шағын білдіретін болса ,

не істеді?, не қылмақ?, не етпек?, қайтпек ?, кімдікі ?, ненікі? сұрақтарына жауап берсе








күрделі

дара

күрделі

дара


Астана қаласы (не?) - жаңа өмірдің белгісі.

Жаңбыр (не?) құйып кетті.




Машина баяу жүріп келе жатыр.

Ол бөлмені жуды.

(не істеді?)









Толықтауыш

анықтауыш

Анықтауыш

Пысықтауыш



егер

егер егер

егер

егер



сөйлемде қимыл-әрекеттің жай -күйін, мезгілін, мекенін білдіріп, кім үшін? не үшін?, не мақсатпен?, қайда?, қай жерге дейін?, қайдан? қашан?. қашаннан бері? сұрақтарына жауап берсе

сөйлемде затты, нәрсені сын-сапалық, сан- мөлшерлік жағынан анықтап, қандай?, қай? кімнің? ненің? сұрақтарына жауап берсе



сөйлемде бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұрса, кімге?, неге?, кімді? нені?, кіммен?, немен? - сұрақтарына жауап берсе















Табиғатты қорғауды (нені?) өзіңнен баста.

Қарағанды - көмірлі (қандай?) қала.



Ұлы Жібек жолы Жерорта теңізіне дейін жетті.






Түсіндіру: (уақыты тақтаға жазылады)

пысықтауыш



не істеді ?

қайтті ?

оқыды, жазды

кімді? нені ? кімде ?неде ? кімнен ? неден? кіммен? немен ?



қалай ? қайда ? қашан ?


I кезең. Қабылдауды ұйымдастыру

(сөйлемдер беріледі, түсіндіріледі, түсіндірілу уақыты тақтаға жазылады, оқушылар бірінші төменгі күрделілік шегіндегі тапсырманы орындауы тиіс, оқушылар бәрі бірге бір рет шапалақ соғады, шапалақ біркелкі болуы керек, жұмысқа кіріседі. Бірінші болған бес бала анықталған соң, қалған оқушыларға 30 секунд уақыт беріледі. Уақыт біткен соң, интерактивтік тақтада берілген дұрыс жауаппен өз жұмыстарын тексереді, түсінбегендерін сұрайды. Әр тапсырма бойынша пайызы көрсетіледі.


Байқау

Бекіту

Есте сақтау

ТКШ

15 * 63

15 * 63

15 * 63

АКШ

15 * 63

15 * 63

15 * 63

ЖКШ

15 * 63

15 * 63

15 * 63

I.Байқау

І. Сөйлем ішінен бастауышты тап, сұрақ қой.

ТКШ 1.Мен оқушымын.

АКШ 2.Олар қосылып әнді айтты.

ЖКШ 3.Адамдар табиғатты қорғауға міндетті.


Жауабы: Байқау. Сөйлем ішінен бастауышты тап, сұрақ қой.

ТКШ 1.Мен (кім?) оқушымын.

АКШ 2.Олар (кімдер?) қосылып әнді айтты.

ЖКШ 3.Адамдар (кімдер?) табиғатты қорғауға міндетті.


II кезең. Ұғынуды ұйымдастыру, түзету, екінші рет «Егер-онда» блок-сызбасы бойынша түсіндіру, уақытты жазып қою.

(сөйлемдер беріледі, түсіндіріледі, уақыты тақтаға жазылады , оқушылар екінші аралық күрделілік шегіндегі тапсырманы орындауы тиіс, оқушылар бәрі бірге екі рет шапалақ соғады, шапалақ біркелкі болуы керек ,содан соң жұмысқа кіріседі. Тапсырманы бірінші орындап болған бес бала анықталған соң, қалған оқушыларға 30 секунд уақыт беріледі. Уақыт біткен соң, тақтада берілген дұрыс жауаппен өз жұмыстарын тексереді. Жіберілген қателерін айтып, түсінбеген жерлерін сұрайды. Тақтада дұрыс орындалған жұмыстың пайызы көрсетіледі.)

II.Бекіту


АКШ. Сөйлем ішінен баяндауышты тап,сұрақ қой.

ТКШ 1.Нұрлан сабақ жазды.

АКШ 2.Қазақстан Республикасы- менің Отаным.

ЖКШ 3.Сабақ тез басталды.


Жауабы:

II.Бекіту

АКШ. Сөйлем ішінен баяндауышты тап,сұрақ қой.

ТКШ 1.Нұрлан сабақ жазды. (не істеді?)

АКШ 2. Машина баяу жүріп келеді. (не істейді?)

ЖКШ 3.Сабақ тез басталды. (не істеді?)


III кезең. Алғашқы бекітуді ұйымдастыру, түзету, үшінші рет

«Егер-онда» блок-сызбасы бойынша түсіндіреді, уақыты жазылады.


(сөйлемдер беріледі, түсіндіріледі, түсіндірілу уақыты тақтаға жазылады, оқушылар үшінші жоғары күрделілік шегіндегі тапсырманы орындауы тиіс, оқушылар бәрі бірге үш рет шапалақ соғады, шапалақ біркелкі болу керек, жұмысқа кіріседі. Бірінші болған бес бала анықталған соң, қалған оқушыларға 30 секунд уақыт беріледі. Жұмыстың аяқталуы: 5+30 секунд. Уақыт біткен соң, интерактивтік тақтада берілген дұрыс жауаппен өз жұмыстарын тексереді. Түсінбегенін сұрайды және тапсырманы орындау кезінде жіберген қателерін көрсету керек. Әр тапсырма бойынша пайызы көрсетіледі.)


III. Еске сақтау.

Сөйлем ішінен тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қой.


ТКШ 1.Сен табиғатты қорғауды өзіңнен баста.

АКШ 2. Астана қаласы - жаңа өмірдің белгісі.

ЖКШ.3. Германия суды Швециядан сатып алады.


Жауабы:

III. Еске сақтау.

Сөйлем ішінен тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қой.

ТКШ 1.Сен табиғатты қорғауды өзіңнен баста. (не істе?)

АКШ 2. Астана қаласы - жаңа өмірдің белгісі. (несі?)

ЖКШ.3. Германия суды Швециядан сатып алады. (не істейді?)


IV. «Егер-онда» блок – сызбасы бойынша тақырыпты қайталап түсіндіріп, бекітіледі.


Уақыт қалып жатса, тақырыптық сөзді қор өткізіледі. Оқушылардың тақырыпты меңгеру сапасы 63% пайызды құраса, келесі сабақта «Биоинтернет» картасына көшеді.

«Алгоритм» картасымен жұмыс жасаған кезде баға қойылмайды.


V.Үйге тапсырма: Ережені жаттау, № 455-тапсырма, 57 бет.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
"Тәуелсіздік толғауы" (Ашық сабақ)

Автор: Шинжина Ляйля Турсынгалиевна

Дата: 13.05.2017

Номер свидетельства: 414968

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "План конспект на тему" Т?уелсіздік тол?ауы""
    ["seo_title"] => string(45) "plan-konspiekt-na-tiemu-t-uielsizdik-tolg-auy"
    ["file_id"] => string(6) "300593"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456761081"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Т?уелсіздік та? н?ры "
    ["seo_title"] => string(22) "t-uielsizdik-tan-nu-ry"
    ["file_id"] => string(6) "181891"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425405044"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) ""Ел тәуелсіздігіне 25 жыл""
    ["seo_title"] => string(29) "iel_t_uielsizdighinie_25_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "375861"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1483689368"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(166) "Сынып сағаты: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» 5 қазақ коррекциялық сынып"
    ["seo_title"] => string(80) "synyp_sag_aty_k_azak_stan_riespublikasynyn_t_uielsizdighinie_25_zhyl_5_k_azak_ko"
    ["file_id"] => string(6) "384657"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485542140"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Ашы? т?рбие са?аты   Т?уелсіздік шежіресі   2 сынып"
    ["seo_title"] => string(55) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-t-uielsizdik-shiezhiriesi-2-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "333758"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1465483280"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства