kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Синтаксис. Сөйлем туралы түсінік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Синтаксис, сөйлем мүшелері туралы түсінік тақырыбындағы сабақ жоспары 8-сыныпқа арналған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Синтаксис. Сөйлем туралы түсінік»

Күні: 15.09.16

Пән:Қазақ тілі

Сынып:8 «А»

Сабақтың тақырыбы: Синтаксис. Сөйлем туралы түсінік.



Сабақтың мақсаты: Сөйлемнің жасалу жолы, өзіндік ерекшелігі туралы білу.



Күтілетін нәтиже: Сөйлемнің не екенін, қалай жасалатынын түсінеді.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің әрекеті


Оқушының әрекеті

Ескерту:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Әдісі: «Көңілді күн» әні;

сабақтағы қарапайым ережелер;

көрнекілік: топқа бөлуге арналған қағаздар, А3 қағазы.



Күтілетін нәтиже: балалардың көңіл-күйін көтеріледі, сабаққа деген жауапкершілігін арттырады.

- сәлемдесу;

- кезекшімен сұхбат;

- топқа сөздер арқылы бөлемін:

1-топ: «Сөз тіркесі»;

2-топ: «Тұрлаулы мүше»;

3-топ: «Интонация»

Топ басшысына бағалау парақшасын беремін.

- балаларды сергіту мақсатында ән қоямын.

- сабақтың қарапайым ережелерімен оқушыларды таныстырамын:

1. Сабақта тыныштық сақтаймыз;

2. Бір-бірімізді тыңдаймыз;

3. Рұқсатсыз орнымыздан тұрып жүрмейміз және айғайлап сөйлемейміз;

4. Сұраққа толық жауап береміз;

5. Мемлекеттік тілді құрметтеп, қазақ тілінде ғана сөйлесеміз.

Ал, балалар, сабағымызды бастайық,

санамызды бір серпілтіп тастайық.

Ортамызды білімменен толтырып,

Қошеметтеп, бір-бірімізді қостайық.

Балалар әннің желісімен билейді.



Мұқият тыңдап, өз іс-әрекеттерін қадағалайды.


  1. Үй тапсырмасын тексеру

Әдісі: «Блум түймедағы»


Күтілетін нәтиже: Өткен тақырыптарды естеріне түсіреді.

Сұрақтарға жауап бергеннен кейін, жаңа тақырыбымыз ашылады.

Сұрақтары:

1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Атап шық.

2. Оқшау сөздер туралы не білесің?

3. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін ата.

4. Есім сөздерді ата.

5. ЖАРАЙСЫҢ!!!

6. Мақал – сөздің мәйегі.

Әр топ кезек-кезек сұрақтарын таңдап, жауап береді.

  1. 9: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу,еліктеу сөз, одығай, шылау.

  2. Қаратпа, қыстырма, одағай сөздер.

  3. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері: бастауыш және баяндауыш, ал тұрлаусыз мүшелері: толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш.

  4. З ат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік.

  5. Осы санды таңдаған оқушы ешқандай сұрақсыз «+» алады.

  6. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте; Отан оттан да ыстық т.б.


  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Әдісі: «Зу-зу»

«Жұмбақ қорапша»

Кітаппен жұмыс;

«Қарама-қарсы»;

Синквейн;



Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз бетімен оқып түсінеді және өзге оқушылардың түсінуіне ықпал жасайды.

Оқушылар сөз тіркесі мен сөйлемні ажыратады, мақал-мәтелдердің мағынасын түсінеді.

Оқушыларға мәтінді оқып шығуға 5 минут уақыт беремін.


Қорапшаның ішінде сөздер, сөз тіркестері және сөйлемдер болады.

Күзге қараған кез. Бар. Жоқ. Алақай. Әттеген-ай. Суретті әдиі салыпты. Пай-пай, шіркін! Аслан мектептен ерте келді. Байпаң-байпаң жүреді. Ой, жігіттер! Немене? Қайырлы түн! Ай жарық.

11-жаттығу. Ауызша.

12-жаттығу.Тақтамен жұмыс. әр топ өздері таңдап 1 сөйлемге синтаксистік талдау жасау.


Қима қағаздарды таратамын, онда мақал-мәтелдер мен сөйлемдер жазылған.

1-топ: Мақал-мәтелдерді сөйлеммен жаз.

    • Өмір – үлкен мектеп;

    • Білім басы бейнет, соңы зейнет;

    • Жердің сәні – егін,

ердің сәні – білім.

    • Шәкіртсіз ұста – тұл.

Сөйлемді мақал-мәтелге айналдыр:

- Өзге жерде жүрсе де отанын ұмытпаған азаматтар сылауға тұрарлық.

2-топ: Мақал-мәтелдерді сөйлеммен жаз.

- Жауда қалған бұлбұлдан, отанға қайтқан ит артық;

- Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді;

- Отан үшін күрес, ерге тиген үлес.

- Отанын сатқан оңбас.

Сөйлемді мақал-мәтелге айналдыр:

- Жақсы ұстаздың шәкірті мықты болары сөзсіз.

3-топ: Мақал-мәтелдерді сөйлеммен жаз.

- Отаның тыныш – сен тыныш;

- Отансыздың оты жанбайды;

- Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер, Залыммен жақын болсаң, басың кетер.

- Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі.

Сөйлемді мақал-мәтелге айналдыр:

- Ананың ақ сүтін ақтау барлық азаматқа парыз.

Шығармашылық жұмыс 3 мин:

1-топ: Ойтолғау: «Менің асыл арманым»

2-топ: Өлең жолдарын жалғастыр:

Өсірген мәуелетіп.......

Сүйемін......

Өмірден өзге.......

Өзімдей құрметтесе........!

3-топ: «Синтаксис» сөзіне 5 жолды өлең:

1) Бір зат есім – сөйлем

2) Екі сын есім;

3) Үш етістік;

4) Бір толық сөйлем;

5) Бірінші зат есімге синоним.



Әр оқушы жеке-жеке жарты дауысымен зу-зу едіп мәтінді оқып шығады.Содан кейін топтар өз атауы бойынша тақырыпты ашыды, және сөйлемге өз беттерімен анықтама береді.


-Оқушылар өз еріктерімен шығып қорапшадан бүктелген парақшаларды алады және оның сөз, сөз тіркесі немесе сөйлем екенін айтады қалған оқушылар тексереді.

- Мақал-мәтелді сөйлеммен, ал сөйлемді мағнасына сай мақал-мәтелге алмастыру.

Бұлар сөйлемге жата ма, жатпай ма? Себебін атайды.

-1-топ: Оқушылар өз дәптерлеріне қысқа ойтолғау жазады. Құрастырған мәтіні сөйлемнен құралғанын дәлелдейді;

2-топ: Өлең жолдарын жалғастырып, сөйлеммен мағынасын түсіндіреді.

Өсірген мәуелетіп санам гүлін-

Сүйемін бабам тілін, анам тілін!

Өмірден өзге бақыт тілемеймін,

Өзімдей құрметтесе балам тілін!



  1. Бекіту.

Әдісі: сұрақ-жауап






Күтілетін нәтиже: Балалар сабақтан алған білімін ауызша жеткізу арқылы пысықтайды.

Сұрақтар:

  1. Сөйлем дегеніміз не?

  2. Сөйлемнің жасалу жолдары?

  3. жай және құрмалас сөйлемді қалай ажыратуға болады?

  4. сөз тіркесі мен сөйлемнің айырмашылығы қандай?

жауаптары:

  1. Сөздердің әр алуан тұлғада өзара тіркесіп, біршама тиянақты ойды білдіруі.

  2. сөздер мен сөз тіркестерінен құралады.

  3. Бастауыш-баяндауыштық құрылымның санына қарай.

  4. сөз тіркесінде номинативті қызмет болса, сөйлемде хабарлау қызметі бар.


  1. Қорытынды

Әдісі: Рефлекссия



Күтілетін нәтиже: Оқушылардың сабақтың барысын бір рет ойша шолып шығады, сабақ туралы өз ойымен еркін жеткізеді.

Сұрақтар:

-Сабақ барысындағы көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

-Бүгін не білдіңіз?

-Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

-Сабақта қандай қиындықтар туындады?

-Кім сізге көмектесті?

-Сабақ аяғындағы көңіл-күйіңіз қандай болды?

Оқушылар шеңберге тұрады да, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.


  1. Үй тапсырмасын беру.


Күтілетін нәтиже: Өтілген тақырыпты пысықтайды және жаңа тақырыпқа бір шолу жасайды.

14-жаттығу.

Сөйлемнің түрлерін естеріне түсіріп келуді беремін.

Құрылысы жағынан жай сөйлем, құрмалас сөйлем болып келген мақал-мәтелдерді тауып жазады.


VII. Бағалау.


Сабақ барысындағы оқушылардың берген жауаптарын бағалаймын, сондай-ақ бағалау парақшаларын ескеремін.

Топ басшысы бағалау парақшасынан кімге қанша қойғанын оқиды. Топтың басқа мүшелері топ басшысын бағалайды.


Ұсыныстар:







Мұғалім: « » Кайданова А.Қ





Әдіскер: « » Кушербаева Ж.А.

(баға, қолы)






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Синтаксис. Сөйлем туралы түсінік

Автор: Агатаева Кенжегуль Жумабековна

Дата: 16.01.2017

Номер свидетельства: 380123

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) ""Сөйлем туралы түсінікті пысықтау" ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(46) "soiliem_turaly_tusinikti_pysyk_tau_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "409891"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492494555"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Синтаксис С?йлем"
    ["seo_title"] => string(17) "sintaksis-soiliem"
    ["file_id"] => string(6) "280834"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453441008"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Синтаксис.Сөйлем туралы түсінік. Қазақ тілі"
    ["seo_title"] => string(44) "sintaksis_soiliem_turaly_tusinik_k_azak_tili"
    ["file_id"] => string(6) "350664"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1476932898"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Синтаксис.Сөйлем туралы түсінік"
    ["seo_title"] => string(32) "sintaksis_soiliem_turaly_tusinik"
    ["file_id"] => string(6) "371537"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1482199395"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "С?з тіркесі туралы т?сінік.Синтаксис."
    ["seo_title"] => string(33) "soztirkiesituralytusiniksintaksis"
    ["file_id"] => string(6) "316089"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460020296"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства