kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Синтаксис С?йлем

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:"Синтаксис.С?йлем"

Саба?ты? ма?саты:С?йлем туралы т?сінік бере отырып,о?ушыларды? саба??а деген ?ызы?ушылы?ын арттыру;

о?ушыны? тіл байлы?ын дамыту ар?ылы тілдік ??рылымдарды ?з бетінше талдап ме?гере білу;іс-ірекет,ізденімпазды? да?дыларын ?алыптастыру.О?ушыларды? ойы мен тілін дамытып,с?здік ?орларын молайту.

саба?ты? т?рі:аралас саба?

Саба?ты? ?дісі:С?ра? -жауап,шы?армашылы? іздену.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Синтаксис С?йлем»

Күні: 4.09 2012 Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Кіріспе сабақ

Сабақтың мақсаты : а) қазақ тілі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,

Сабақтың түрі : жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет, тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Қазақ тілінің қоғамдағы ролі туралы сұраймын

.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақ тілі әлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен ойып орын алған тілдердің бірі.

Тарихын тым тереңнен бастау алатын тіліміздің сонау есте жоқ ескі замандардан –ақ саясат, шаруашылық, тұрмыс,рухани құндылықтар тілі болғанын дәлелдер , деректер де жеткілікті.

Сөз мәдениетінің негізін тағы да ұлттық әдеп пен тәрбиеден табамыз. Әдептіліктің өзін әдемілікке балаған ел дәстүрі өз тілінде таза да көркем сөйлеуді қажет етеді. Ол үшін ұлттық тілде сөйлеу мен жазу үлгілерін күнделікті өміріміздің дәстүрі мен қарым-қатынас негізі етуіміз керек екені белгілі.

Бүгінгі қоғам бізден ұлттық дәстүрдегі тіл үлгілерін жетік білумен бірге іскерлік қарым-қатынастағы оқу,жазу, сөйлесу дағдыларын халықтық негізде қалыптастыруымызды талап етеді. Осындай тілдік дағдыларды қалыптастыруда,сөйлеу, жазу түрлеріне машықтануда талдау мен талқылау,үйрену сияқты түрлі жаттығудың жазбаша, ауызша жұмыстарын неғұрлым көбірек жүргізгені жөн.

Тілді үйрену-өз ұлтыңды тану. Ұлттық тілді білу, ұлт ділін, қасиетін, мінезін,ой, жан-дүниесін,сырын білу екенін ,халықтық мәдениет пен дәстүрді жаңғырту болатынын естен шығармайық.

Ойтолғау өткізу: Біз өзіміз өмір сүріп отырған қоғамдағы тілдер жөнінде ой қозғай қалсақ, ең алдымен қоғамдағы тілдің мәні мен маңызы, оның адам өміріндегі орны, шығу тегі мен қалыптасуы, дамуы жөнінде не айтар едік? «МЕН-ТІЛ-ҚОҒАМ» тақырыбында өз пікірімізді ортаға салып көрейік.

Білімді бекіту : Өткен тапсырма бойынша Тілдің қазіргі кезде шешілмей жүрген проблемалары жөнінде ойтолғау айтады.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Қазақ тілі туралы өлеңдер жаттап келу.

Күні: 11.09.2012 Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Қазақ тілі - ұлт тілі

Сабақтың мақсаты : а) қазақ тілі –ұлт тілі екендігі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,

Сабақтың түрі : жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Дүние жүзінде халық та, тіл де көп. Ұлттарды бір-бірі-нен ажыратып бөлетін де, жақындастырып туыс ететін де (басты белгісі) - оның тілі. Тіл - әр ұлттың ұлт ретінде сақталуының кепілі.

Қазақ ұлтының тілі - қазақ тілі. Қазақ тілі қазақ хал-қының тілі ретінде таным, дәстүр, рухани құндылықтарды сақтаушы, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қызметін де ат-қарып келеді. Кез келген ұлт, халық ең бірінші рухани өресімен, жан байлығымен өлшенеді. Ал халықтың өнері, мәдениеті - тілінде.

Қазақ тілі - көркем, сұлу да бай тіл. Тілімізде өнеркәсіп, техника, білім мен ғылым, мәдениет пен саясаттың өзіне тән қалыптасқан лексикасы, жүйеге түскен жазу дәстүрі, нақтыланған стильдік нормалары бар.

Тілдің сөздік құрамы - өз халқының тарихы, тұрмысы, шаруашылығы мен қоғамдық-саяси өмірінің, рухани бай-лықтарының айнасы. Қоғамдық-саяси, шаруашылық, тұр-мыс, тарихи өзгерістердің, тіпті құбылыстардың да ізі тілде қалады.

Қазақ тілінің қоғам, өнер, мәдениеттегі орнын анық-тар басты белгілері оның бірнеше негізгі қасиеттерін ашады:

-сөздік қоры бай, сөйлеуге оралымды;

-тілдегі сөздер бір-бірімен тіркестіруге, құрастыруға
-икемді, грамматикалық тәсілдері мол;

-дыбыстар арасындағы үндестік құлаққа әуезді естілуіне,
тартымды жетуіне қызмет етеді.

Кітаппен жұмыс: 1-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

Жаттығумен жұмыс: 3-жаттығу сөздердің мағыналарын анықтап,кестені толтырыңдар, әрқайсысына ауызша сөйлем құраңдар.

Ақберен,ақбөкен,алаша,әбес,айтымпаз,айығу,айғайлау,әупілдек,өрескел,әлеумет ,сергу, томаға,бесін, кілем,керік,ләйлек, әсемпаз, сұңқар, қылаң, сөйлеу, жүгіру.

Зат атауы

Жан-жануар құс атауы

Сын,бейне,түс,қасиет

Қимыл-қозғалыс

уақыт






Білімді бекіту : Өткен тапсырма бойынша Тілдің қазіргі кезде шешілмей жүрген проблемалары жөнінде ойтолғау айтады.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма : 2-жаттығу.


Күні: 18.09.12 Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10


Сабақтың тақырыбы : Тамыры терең, тарихы бай тіл

Сабақтың мақсаты : а) қазақ тілі тамыры терең, тарихы бай тіл екендігі туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) түрлі әдістерді пайдалана отырып, балаларды тапқырлық ,жылдамдық есте сақтау қабілеттерін арттыру;

б) сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға машықтыру;

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, деңгейлік тапсырмалар т.б

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақ тілі тілдерінің қыпшақ –ноғай (Н.А. Баскаковтың топтастыруы бойынша) тобынан тарайды. Түркі тілдеріне қырғыз, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, татар, құмық, башқұрт т.б. тілдері жатады. Түркі тілдеріне ортақ әдеби, мәдени мұра – қазіргі қазақ халқының да рухани құндылықтары.

Көне жазба мұралар (ХІV-ХV ғ.ғ. дейінгі)

1.

Көне түркі кезеңі

ҮІ-ІХ ғ.ғ.

Орхон-Енисей, Талас ес-керткіштері, «Қорқыт ата кітабы», «Оғызнама» т.б.

2.

Ислам дәуірі

Х-ХІІ ғ.ғ.

Әл-Фараби («Музыканың ұлы кітабы», «Аргонон», «Логика» т.б.), М. Қаш-қари («Түркі сөздерінің жинағы»), Ж. Баласағұ-ни («Құтты білік»), А. Иассауи («Даналық кітабы»), А. Иүгінеки («Ақиқат сыйы») т.б.

3.

Алтын Ор-да - Қып-шаң дәуірі

ХІП-ХІУ ғ.ғ

«Кодекс куманикус», Рабғузи («Рабғузи қис-салары»), Құтып («Хұс-рау-Шырын»), Хорезми («Махаббатнама») т.б.

Жаттығумен жұмыс: 4-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқыңдар.аудармасын түпнұсқасымен салыстырыңдар.

Топпен жұмыс: 1-топ: Мына сөздерден сөз тіркестерін жасаңдар.

Шегір,оқалы, лауазым,лебіз,манат,ойпаң,өктем,перне,рухани. Сонар,сәйгүлік, сүліктей, сүрме, сырғауыл, доғал,дода,ғибрат.

2-топ: Сол сөз тіркестерінен сөйлем құрастырады.

Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.


Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма : 7-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметтері

Сабақтың мақсаты : а)Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,қосымша материалдар т.б.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Тіл адамзат қоғамындағы ортаны біріктіруші ұйымдастырушы. Ендеше тілдің негізгі қызметі – қоғам мүшелерінің бір-бірімен сөйлесу, пікір алысу, арасын

жалғастырушы қызметін, яғни қазіргі, бүгінгі, келешек арасына дәнекер болатынын да еске алатынымыз сөзсіз.

Тілдің, сөздің осындай қызметтерімен бірге халық жанында сөз киесін, сөз дауасын, сөз құдіретін, қасиетін құрмет тұтар тыйым сөздер, мақал-мәтел, даналық ойлар сөз тіркестерінің де қолданар орнына қарай өз ерекшеліктері сақталған.

Қазақ халқы «Жақсы сөз - жарым ырыс» дейді. Жақсы тілек, игі ой адамды бақытқа жеткізеді деген түсінікті ашады. Жақсы сөз естіп, білгір жанмен әңгіме құрса, «бір жасап қалдым» деген.

Қазақ халқы бір-бірінің қуаныш пен қайғысына, шаттық пен мұңына ортақтасып отыруды парыз санаған. Қуанышқа құтты болсын айтып, қайғы-мұңды сөзбен, тіл күшімен сейілтуді дәстүр еткен.

Халықта барлық қызық пен қуаныш, қайғы мен зар сөзбен өрнектелсе, дау-дамай, ұрыс «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінімен» шешілген.

Қазақ тіліндегі ұлттық дәстүр, тағлым, таным сипатындағы сөздер қоғамның түрлі сатысында алуан жағдай, жайға қарай үлкен қызметтер атқарған. «Айтылған сөз - атылған оқ» деген халық қағазға түспесе де, хатқа жазылып басылмаса да, кесімді уәжді, қорытылған тұжырымды заң деп қабылдаған. Тілдегі сөздің осындай ерекшеліктерін ескеріп, қоғамдық қызметін шартты түрде төмендегідей негізгі топтарға бөлуге болады:

-дау-дамай, ұрыс, қақтығысты шешетін сөздер (шешендік сөздер, билер дауы);

-сенім, күш, айбын болатын сөздер (сыйыну, табыну сөздері);

-ем, дауа, тән жарасын жазар сөздер (аластау, бәдік т.б. түрлі ауруларды емдеу кезінде айтылатын сөздер);

-өткенді екшеп, болашақты болжар сөздер (бал ашу, құмалақ салу, қобыз ойнау, т.б.);

-тілек, жақсылыққа арналған сөздер (бата, тілек, алғыс);

-тыйым сөздер, қарғыс сөздер;

-жан жадыратып, көңіл өсірер, қуаныш әкелер сөздер (қошемет, қоштау);

-есе қайырып, кек қуып, намыс оятар сөздер (аруақ шақыру, ата-баба аруағына сыйыну);

-қуаныш, қайғыға ортақтасар сөздер (құттықтау, көңіл айту).

Жаттығумен жұмыс: 10-жаттығу. Сөйлемдерді топ-топқа бөліп жазыңдар

Тыйым сөздер

Тілек сөздер

бата

Болжау,жол ашу

Қошемет, сүйсіну






Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 11-жаттығу.


Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Қоғамдық қатынастағы ұлттық тілдің мәні

Сабақтың мақсаты : а)Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақтың рулық, халықтық дәстүр, әдетті берік ұстанған ортасы тілді де әр сөйлеуші, тұтынушының қоғамдағы орнына қарай ыңғайлай, орнымен қолдануын талап еткен.

Жас ерекшелігіне қарай, ел-жұрт алдындағы беделі мен қызметіне, сіңірген еңбегіне қарай әркімнің айтар сөзі, сөз қолданар орны болады. Топ алдында елге арнала айтылар сөзді жасы үлкен аңсақал, қариялар, ел сыйлайтын азаматтар бастаған. Жасы кіші солардың рұқсатымен немесе сұрауымен ғана сөйлеген. Бұның бір жағы ортаны сыйлау, елді, үлкенді, дәстүрді құрметтеу болса, екінші жағы - тілдің тәрбиелеуші қоғамдық қызметінің көрінісі.

Қоғамдық қатынастағы тілді іскерлік қатынаста және әлеуметтік-тұрмыстық қатынаста қолданылатын сөздер деп бөлуге болады. Тарихи қалыпта алар болсақ, билер сөз жарысы, ел мен жер дауына қатысты сөз қағыстары, пікірлесу, сұхбаттасу, мәміле, келісім сияқты сөз қолданыстарын қазіргі қазақ тіліндегі іскерлік қатынастағы сөздердің бастауы деуге негіз береді.

Жаттығумен жұмыс: 12-жаттығу. Амандасудың әр түрі кімге қатысты екенін айтыңдар.

Топпен жұмыс: 1-топ: Бірнеше мақал-мәтелдер айтады.

2-топ: Мақал-мәтелдердің қандай мінездерді бейнелегенін айтады.

Мысалы: Сөйлегенді үндемеген жеңеді (шыдамдылық,сабыр.)

Сұрақ-жауап: «Сәлем бере білесің бе?»

  1. «Сөз анасы-сәлем» дегенді қалай түсінесің?

  2. Сәлем беру деген не?

  3. Екі адам кездессе, кім бірінші сәлем береді?

  4. топқа қарсы келгенде кім бұрын сәлем беру керек?

  5. Сәлемдесу әдебін қалай жасаған жөн?

  6. Сәлемді қалай алған,қабылдаған дұрыс?

  7. Өзің сәлем бере білесің бе?

Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 14-жаттығу.


Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Әлеуметтік-тұрмыстық қарым-қатынас тілі және әдеби тіл

Сабақтың мақсаты : Білімділігі: қазақ тілі пәнінен алған білімдерін кеңейтіп,сөз қолданыста пайдалана білуге үйрету, ,талдауға баулу.

Тәрбиелігі: оқушылардың бойына ұлттық өнеге,шешендік нақыл сөздердің мән-мағынасын ұғындыра отырып,адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу,эстетикалық, өнегелік ортасын қалыптастыру.

Дамытушылық: өтілген материалды тиянақты меңгеруге,жүйелі ойлау,ойын әсерлі жеткізуге,шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;сатылай кешенді талдау арқылы теориялық білімдерін іс жүзіне асыру,грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге төселдіру.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, дидактикалық материалдар.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақ халқының тұрмыстық қарым-қатынастағы тілдесуі салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың шеңберінде таразыға түсіп тұрады.

Болашағын баласының адал, бақытты ғұмырымен ғана елестетіп, соны арман еткен халық ұрпағын туған күнінен бастап бесік жырымен әлдилеп жақсылық тілейді. Есейе келе баланың әр ісіне, қадамына қуанып, «Азамат бол!», «Көп жаса!», «Елдің алды бол!», «Өркенің өссін!», «Қадамыңа нұр бітсін!», «Бағың жансын!», «Жұлдызың жоғары болсын!» т.б. мейірімге толы сөздермен өсіреді

Қоғамдық, саяси, шаруашылық, тұрмыстық өзгерістерге байланысты тілде де өзгерістер болып тұруы заңды. Сөздер көнереді, жаңа сөздер кіреді немесе тілдегі бар сөздер жаңа мағынаға ауысады. Әдеби тіл үнемі даму мен қозғалыста болады.

Әдеби тілдің өзі де - жалпыхалықтық тілдің сұрыпталған түрі, әрі жалпыхалықтық тілдің бір құрамы ретінде өмір сүреді.

Ұлттық тіл өзі қызмет ететін халық тілінің қарым-қатынас құралы болатынын есепке алсақ, қазақ тілі де қазақтың қоғамдық өмірінде, саяси-шаруашылық тұрмыстық ісінде рухани байлығы ретінде де қызмет атқарады.

Қоғамның өзгеруіне қарай тілдің стильдерге тармақталуы тілдік нормаларды қалыптастырады, әрі әлеуметтік-тұрмыстық тілдің жаңаруына, дамуына негіз болады.

Тілдің басты қызметі - халықтың рухани құндылығы, қарым-қатынас құралы бола алуы. Ендеше әлеуметтік-тұрмыстық тіл қазіргі қазақ тілінде барлық стильдің тұғыры болуымен мәнді. Таратып айтар болсақ онда қазіргі қазақ тіліндегі стильдер белгісінің барлығы бар.


Жаттығумен жұмыс: 17-жаттығу. Үлгіні пайдаланып,бірнеше мәтін түрін жазыңдар.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 18-жаттығу.

қазақ тілі 10-сынып

Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.

Тақтаға бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.


ә) Жаңа сабақты түсіндіру;

Мәтінді мәнерлеп оқып беремін.

Ағайындар

Құнанбай аға сұлтан болды да, өзгелерінің қатарынан озғындап кетті. Онда әкімдік бар. Сыртқа да, ұлыққа да жақындық бедел бар. Әрі қолы ұзын малды. Сөзге жүйрік мінезбенен іске де алғыр. Осының бәрі өз ортасын бойымен басып жыға беруге себеп болатын. Бірақ, Құнанбайдың мықты жері тобықты іші болса,әлсіз жері де осы тобықтының ішінде. «Құс қанатымен ұшып,құйрығымен қонады». Сол қанаты мен құйрығы-ел ішінде өзі тұстас ру басылар. Осы Байсал, Бөжейлер.

Осылар соңғы бір жыл бойында бұрынғыдай ашық-жарқын емес. Іштей Құнанбаймен аңдысып қалған сияқты. Оны Құнанбай біледі. Бірақ, осындай қын қосарына ілестірсе болғаны. Түбі ,бәрінің де бағатын таразысы –ел. Сол елдің алдында байлауды Құнанбаймен бірге байласқан. Осылар болған соң жетті. Күйсе Құнанабайлармен бірге күйеді. Ал, ішінде не жатыр, оны білмейді. Олай болса, Құнанбайдың да сырты бұлардың ішін білмеген,елемеген кісі тәрізді болатын.

Бөжей-қалың жігітектің адамы. Бұрын орталарынан Кеңгірбайдай теріс азу,мықты биі шыққан ел. Бертінде ұрыншақ, қолшыл болып және барымташы ,жортуылшы жігіті көп шықты. Шетінен сөзуар жігітек. Байсал да сондай мол ру көтібақтың тұрғысы. Бұл, әсіресе, мал көбейтіп, жерді мол қамтуға тырысатын,көптігіне сеніп, анау-мынаудан онша ағайынды елдер ішінде ең азы-бөкеншінің кісісі. Мал, дүниеге шағыны да осылар. Бөкеншінің кірмелеу туысы-борсақ. Жаңағы бұлар сөз қылған Қодар-сол борсақ болатын.

Құнанбай болса ырғызбай руынан. Бұл бас жағына келгенде жігітектен де,көтібақтан да аз. Бірақ әрі малды,әрі көптен бері тобықтыны билеп –төстеп келе жатқан ауылдар.

Мұхтар Әуезов (207 сөз)


Мәтінді тағы да бір рет оқып беремін, оқушылар тыныс белгілерін қояды.


Үйге тапсырма : қайталап келу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: Тоқсандық қайталау

Сабақтың мақсаты: білімділік –оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы білімдерін бағалау,біліктілік деңгейлерін байқау; дамытушылық – оқушының пәнге қызығушылығын арттыру,білім алуға деген саналы көз қарастарын,танымдық,ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру,өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру; тәрбиелік – іс-әрекет,мақсатқа жету әдіс-тәсілдерін таңдай білуге,өзін-өзі бағалай білуге дағдыландыру,достыққа,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:қайталау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: қайталау,дамыта оқыту,тест,сұрақ-жауап,топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар,кеспе қағаздар,бағалау парақтары,тапсырмалар жазылған көрнекі плакаттар.

Сабақтың барысы.І.Ұйымдастыру кезеңі: а) кабинет жағдайы(кабинет ауасының тазалығы,бордың болуы); ә) оқушыларды түгелдеу,журналға белгі соғу; б) оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ.Кіріспе бөлім. «Қазақ тілі» сөзіне топтастыру жасау.

дауыссыз

дыбыс

дауысты

сөздік қор

мақал-мәтел

Қазақ тілі

екпін

лексика

Тұрақты тіркес






буын



сөзжасам

тіл білімі

тасымал

фонетика

омоним,синоним,

антоним












ІІІ.Негізгі бөлім.

Мұғалім: - Балалар,бүгінгі сабағымызда қазақ тілі пәні бойынша алған білімімізді пысықтап,өз-өзімізді бағалаймыз.Өздерің оқып жатқан қандай пән болмасын тілден,қазақ тілінен бастау алады.Сендер жоғарыда алған білімдеріңді ауызша қысқа да нұсқа еске түсіріңдер.Ендеше,соны іс жүзінде дәлелдейік.Бүгінгі сабағымыз үш кезеңнен тұрады.

Әр кезеңде екеуден 6 тапсырма бар.Тапсырмаларды орындау барысында «білім шыңына» жетесіңдер деген ойдамын.Білімдеріңді алдарыңдағы бағалау парақтарына ұпай арқылы белгілеп отырасыңдар.

Бағалау парағы

І

ІІ

ІІІ

Ұпай саны

1 2

3 4

5 6



Оқушының аты-жөні


І деңгей.1-тапсырма.

Сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай топтап жазу.

а) Жақсы сөз,жақсы адам,жақсы бала,жақсы ат

ә) Терең сай,терең білім,терең құдық,терең сезім

б) Долы ауыл,долы күш,долы жел,долы адам

в) Әкемнің көзі,қазынаның көзі,терезенің көзі,бұлақтың көзі.

2-тапсырма.Сөздерді орфография ережесіне сай жаз.

Бүгін,сөсіз,келемекен,тайақ,Ешшан,жаш шағында,бүрсігүні,жұмышшы.

ІІ деңгей. 3-тапсырма.Тиісті ұ,ү,ы,і әріптерін қою.

Ұз...н, құр...қ, б...рс...г...ні, күн...зг... ыст...қ, ...нт...мақ, сөзін мақ...лдау,үск...р...кт...ң соғу..., б...лай қарай кетті.

4-тапсырма.Қайсысы мақал,қайсысы мәтел? Мақал-мәтелдің жалғасын тап.

1)Кәрі түлкі қақпанға түспес.Еңбек етсең емерсің.Айдағаны бес ешкі,ысқырығы жер жарады.Әке – асқар тау,ана – етегіндегі бұлақ,бала – жағасындағы құрақ.Екі қораз ен қораға сыймас.

2) Мақал-мәтелді жалғастыр. «Жылы –жылы сөйлесең, ...», «Білгенің бір тоғыз ...»

ІІІ деңгей.5-тапсырма.Тұрақты тіркестердің мағынасын тап.

Бетінен оты шығу ...(ұялу), ит терісін басына қаптау ...(ұрысу).

Көз ілмеу ... (ұйықтамау), тас бауыр ...(мейрімсіз), ит өлген жер ...(алыс).

6-тапсырма.Тест тапсырмасы бойынша жұмыс.

(Парақшаларға алдын-ала жазылған тест тапсырмалары таратылады.)

1) Ауа өкпеден кедергісіз шығып,үннен ғана тұратын дыбыстарды ... дыбыстар дейміз.

а) дауыссыз ә) дауысты б) екпін в) буын,дауыссыз

2) Дауыстыдан басталып,дауыссызға аяқталған буынды ... буын деп атаймыз.

а) ашық ә) тұйық б) бітеу в) ашық,бітеу

3) Қайсысы артық?

өнеркәсіп,ата-ана,Айдар,тасбақа

  1. Тасымалдаудың қайсысы дұрыс?

а)а-ра,о-ю,а-лақан ә) еле-уіш,ара-лас,қа-ра б) АҚ-Ш,Б-Ұ-Ұ в) 1995-жыл,ХХ-ғасыр,25-кг

5) Қатаң дауыссыз қайсысы?

а) б,в,г,д ә) р,л,м,н б) п,ф,к,қ в) а,о,ү,ұ.

Сергіту кезеңі.Жұмбақ шешу

1.Фонетикалық екі ұғым

Бітімен бірі сыбайлас.

Бірі айтылады да естіледі,

Екіншісі жазылады да көрінеді.(дыбыс,әріп)

2.Бір ағашта отыз жеті алма,

Оны алып жемек болсаң,

Он шақтысы еркін өтіп кетеді,

Қалғандары қақтығып барып өтеді.(дауыссыз,дауысты(

3.Оңға қарай оқысаң да бір халық,

Солға қарай оқысаң да бір халық.

Бір буыным – құс

Бір буыным – түс (қазақ)

Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға рналған дидактикалық ойындар

1. «Кім тапқыр» ойыны.Ойынның шарты:тақтаға жұмбақ жасырылған және ту,шар,елтаңбаның суреттері бейнеленген плакат ілінеді.Мұғалім жұмбақты оқиды, балалар жауабын суреттерге қарап айтады.

Желбірейді биікте,

Ел белгісі – ол сенің.

Айта қойшы,балақай,

Рәміздегі қай белгің? Жауабы: (ту)

Сабақты қорытындылап,үй тапсырмасы беріледі.

Оқулық соңындағы сынақ тапсырмаларымен жұмыс.


Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты : а) Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктерін түсіндіру;

ә) өз ұлтының тілін,рухани байлығын құрметтеу,тапқырлыққа баулу,адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : тірек сызбалар ,суреттер

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қоғамдағы қарым-қатынас ауызша сөйлеу немесе жазбаша тілдесу арқылы жүреді.

Ауызша сөйлеудің де, жазбаша тілдің де түп негізі - ұлттың ғасырлар бойы жасаған, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, жылдар сыннан өткізген жалпы халықтық тілі.

Қазақ тілінде ұлттың дағды-дәстүрімен біте қайнасқан, елдің тарих, шаруашылық, мәдени, әдеби құндылықтарын молынан көрсететін - ауызша сөйлеу тілі.

Ауызша сөйлеу тілі — күнделікті тұрмыста қолданылатын, бетпе-бет көріп отырған екі немесе одан да көп адамдардың бір-бірімен сөйлесуі, пікір алысуы.

Бұны ауызекі сөйлеу тілі стилі қарастырады. Оның басты ерекшелігінің өзі - өзара сөйлесу кезінде адамдардың пікірі ғана емес, мінез-құлқы, ой-өрісі, сөйлесе білу, тілдесе алу мәдениет, әдебін де көрсететіндігінде.

Әдептіліктің басы сөйлесу, тілдесуден-ақ аңғарылады. Ұлттың дәстүр, мәдениетті бойға сіңірген жанның халықтық сөйлеу әдебін үйренуі, білуі шарт.

Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесін бір отбасына теліп қоймай, ауыл, ел, ру болып қолға алған. Бір ауыл, ел, рудан өрескел іс істеген, әдепсіздік көрсеткен адам табылса, жұрт болып түзеген.

Пікір алысу, сөйлесу кезінде адамның қимыл-қозғалысы, бет-әлпет өзгерісі де оның жан-дүниесін, ішкі ойын білдіріп отырады. Дауыс ырғағы, сөзді орынды қолдану, екпін, кідіріс сияқты қосымша белгілер де сөйлеушінің пікірін білдіріп қоймай, мәдениетін, тәрбиесін көрсетеді. Орынсыз дауыс көтеру, даурыға сөйлеу, жөнсіз айғайлау, дауысын құбылту, бет-пішінін өзгерту, сөйлесіп тұрған адамды соңына дейін тыңдамау, сөзді бұзып сөйлеу, сөйлемді бұзып айту, дөрекі сөздерді қолдану - тәрбиесіздік, әдепсіздік белгісі.

Мәдениетті, тәрбиелі адам ойын еркін жеткізуді мұрат етіп, тілдегі сөздік қорды барынша мол пайдаланып, орнымен жұмсап, ойды жүйелі, нақты, сабырмен айтуды дағдыға айналдырады. Ауызекі сөйлесудің басты шарты - сөйлесушіні тыңдай білу, пікірін, ойын дұрыс түсіну.

Ауызекі сөйлеу тілінің өзіне тән стильдік ерекшеліктері бар:

- сөйлеу тілі қарапайым қарым-қатынас жасау кезінде айтылады;

- көбіне-көп алдын-ала дайындықсыз өтеді;

- сөздердің, сөйлемдердің қалыптасқан қалпы өзгеріске түседі;

- одағай, қыстырма, қаратпа сөздер көп қолданылады;

- дауыс ырғағы, бет-пішін, қол қимылдары қосымша қызмет атқарады.

Жаттығумен жұмыс: 25-жаттығу. Сұрақтарға мақал-мәтелдермен жауап беріңдер..

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 26-жаттығу.



Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Жұрт алдында сөйлеу әдебі

Сабақтың мақсаты : а) Білімділік: қазақ тілі пәнінен алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту.

ә) дамытушылқ: ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.

б) тәрбиелік: сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен жұмыс жасап,бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, газет-журналдар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Ауызша сөйлеу тілі әдеби тілде және ауызекі тілде сөйлеу болып бөлінеді. Ауызша сөйлеу тілі күнделікті қарым-қатынаста жүретінін айтып өттік. Ал әдеби тілде ауызша сөйлеудің де бірнеше түрі бар. Оны жұрт алдында сөйлеу тілі деп те атайды. Жұрт алдында сөйлеу:

- баяндамашы, лекторлар;

- түрлі орындарда айтылар тілек, мадақ;

- құттықтау, көңіл айту, көңіл аулауға қатысты сөздерден құралады.

Жұрт алдында сөйлеу кезінде ең бастысы - тіл заңдылықтарын сақтау мен сөйлеу техникасын меңгеру. Сөйлеуші айтар ойын, сезімін, көзқарасын дауыс ырғағы, дауыс күші, ым-ишара, әр қимыл-қозғалысы арқылы да жеткізеді. Сөйлеуші сөзінің тыңдаушы көңіліне қонуы таңдап алған сөздерін дұрыс қолдану, әрі оларды дұрыс байланыстыру-мен бірге сөзді құлақпен естіп, қимылын көзбен көруінің де ықпалды екенінде.

Сөйлеушінің ым-ишара, қимыл-қозғалысының екі жақты қызметі бар. Ойды дәл, нақты жеткізудің көмекші құралы болса, екіншіден, орынсыз, артық, жөнсіз қолданылса, тыңдаушыларына кері әсер етеді.

Қандай жағдайда болсын ым-ишара, сезім, қимыл-қозғалыстың көмекші құрал екенін ескеріп, айтылатын тақырып, ой, мазмұнын ашатындай болуына назар аударылуы керек.

Қорыта келгенде жұрт алдында сөйлеуде:

- дауыс ырғағына, интонациясына, дауысты сан түрлі құбылтуға;

- сөйлемнің эмоционалды бояуына;

- сөйлеу темпіне;

- дауыс күшіне;

- сөздерді орфоэпия нормасына сай қоюға;

- қимыл-қозғалыс, ым-ишараны орнымен қоя білуге назар аударылуы керек.

Жаттығумен жұмыс: 28-жаттығу. Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстырып оқыңдар.

Шығармашылық жұмыс: Төмендегі сөздерді тұрақты тіркестермен ауыстырып жазыңдар.

Белгілі, үндемеу, ұйықтамау, тез, ұялу, балағаттау, әдемі, ойламау, қорқу, алыс, жақын, сөзшең, таза, жас, өтірік, шын, мейірімді.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 29-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Сөз қолдану мәдениеті

Сабақтың мақсаты : 1) Сөз қолдану мәдениеті туралы түсінік беру;

2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату;

3) оқушыларды патриоттыққа,жігерлікке,жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білім,іскерлік дағдыны жетілдіру сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі: плакат, семантикалық карта, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бұған дейін біз ауызекі тілде сөйлеудің түрлері, ерекшеліктері туралы айттық. Ауызша сөйлеудің қажеттілігі қолданылатын орындарына қарай маңызды екені белгілі.

Бүгінгі ғылым қарқын алған қоғамда сонау өткен-өткен ғасырлардан бері қарай ауызша сөйлеудің шаруашылық, тұрмыс пен мәдениет, жалпы адамзат дамуы үшін жеткіліксіз екені байқалды.

Қазақ қоғамында жазу мәдениетін болмады деген пікір дұрыс емес екенін бәріміз де білеміз. Бірақ көшпелі мәдениетті даму негізі санаған қазақ ұлты үшін ауызша сөйлеу, әдеби, рухани мұраны жатқа білу есте сақтау қабілетін күшейтті. Сөз құдіретін тануға әсер етіп, сөз киесінің сөйлеуші мен тыңдаушыға неғұрлым тегеурінді жетуіне ықпалын жасады. Ауызекі тілде сөйлесу қарым-қатынасты жасаушы, ұлтты ұйытушы, бірлік, ынтымағын жарастырушы болды, әлі де сол қызметін жоққа шығара алмаймыз.

Жазу адам ойын жүйелі, тиянақты, толық жеткізуге мүмкіндікті молырақ береді.

Жазбаша сөздің, қарым-қатынастың ерекшеліктері:

- сөйлем құрылымы қалыптасқан үлгіден көп ауытқи бермейді (стильдік өзгешеліктері болмаса);

- емле ережесі ортақ, оны өзгертуге болмайды;

- сөздердің жазылуының орфографиялық ұстанымдары сақталуы тиіс;

- қаратпа, қыстырма, одағай сөздер ретсіз көп қолданылмайды (стиль өзгешелігіне қарай ғана).

Қазақ халқы үш түрлі жазу жүйесін қолданған. 1929 жылға дейін мұсылман дінінің, ислам мәдениетінің таралуына байланысты араб әліпбиін пайдаланады. Кеңес өкіметі кезінде 1929 жылдан латын жазуына көшсе, 1940 жылдан бері орыс жазуын қолдануда.

Қазақ тілінің емле ережесі 1957 жылы, 1983 жылы (2003 жылы) жаңа толықтырулар мен өзгертулер негізінде түзетіліп отырды.

Сөздердің дұрыс жазылуы «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігіне» сүйене отырып қадағаланады.

Жаттығумен жұмыс: 34-жаттығу. Әр қатарды тапсырма бойынша сөздермен толықтырыңдар.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 35-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Сөз дәлдігі

Сабақтың мақсаты : 1) Сөз дәлдігі туралы түсінік беру,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату;

3) оқушыларды патриоттыққа,жігерлікке,жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : семантикалық карта,қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Тіл ғасырлар бойы, замандар бойы жасалып қалыптасады. Халықтың әр кезеңдегі тарихының, шаруашылық, тұрмысының көрінісі. Ұлттың дәстүр, салт, әдет-ғұрып, тарих, шаруашылық-тұрмыстық өзгерістер, ерекшеліктер, таным, сенім тілде сақталады. Тіл - сонысымен қадірлі. Онда біздің ата-бабаларымыздың ойы, пікірі, жаны мен қаны бар. Тарих тілдің сол тілде сөйлеуші ұлт ерекшелігіне қарай жүйесін қалыптастырады. Тілдік жүйені дыбыстың айтылуы, өзара үндесуі, сөз мағынасы, оның өзгеруі, мағына өзгеруінің әдіс-тәсілдері мен жолдары, қосымша, сөздердің тіркесуі, сөйлем мүшелерінің орналасу тәртібі т.б. құрайды.

Адам ойы тіл арқылы айқындалады. Сөздің өзі - адам санасындағы ұғым, түсініктің көрінісі. Сондықтан да сөз бен ұғымның арасында алшақтық, қарама-қарсылық болмауы керек. Сөз дәлдігі сол сөздің ұғымына сай келетін мағынаны дәл тауып беруімен анықталады. Сөз дәлдігін айтар, жазар ойға ұштастыруда төмендегі ерекшеліктер, ескерілуі керек.

1. Әр сөздің жеке тұрғандағы мағынасымен бірге басқа сөздермен тіркескенде өзгерер ерекшеліктерін, қызметін, стильдік сипатын, қолданылу аясын да ескеру.

2. Қазақ тілінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін жетік білу.

3. Орфоэпиялық норманы меңгеру: әрбір дыбысты, сөзді, тіркесті дұрыс айту, екпінді нық қою, сөздер арасындағы кідіріс, ырғақты дәл беру.

4. Қосымша қимыл-қозғалыс, ым-ишараны дұрыс, орнымен пайдалану.

Сөз дәлдігі




Айтылар ой, сөз туралы нақты білімнің,түсініктің болуы



Ой қисынының жүйелігі




Қажет сөздерді таңдай білу.




Жаттығумен жұмыс: 39-жаттығу.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: қайталау.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Сөз дәлдігі және тұрақты сөз тіркестері

Сабақтың мақсаты : білімділік – оқушылардың сөз дәлдігі және тұрақты тіркестен алған теориялық білімдерін қайталау және іс жүзінде қолдану жолдарын деңгейлік тапсырмалар арқылы анықтау;

тәрбиелік – жастарды елжандылыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеу;

дамытушылығы – іскерлік белсенділіктерін,ойлау қабілетін ауызша және жазбаша талдаулар арқылы дамыту,сөйлеу мәдениетін қалыптыстыру.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : семантикалық карта, деңгейлік тапсырма

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Тілдегі тұрақты сөз тіркестері тілді көркем, айшықты айтудың бір тәсілі болса, ендігі бір артық белгісі сөзді неғұрлым дәл нақты береді. Мысалы: «тез» деген мен «көзді ашып жұмғанша» тіркесінің мағынасын бірдей дей алмаймыз. Жылдамдықтың соншалықты күштілігін сөзден гөрі тұрақты сөз тіркесі дәл ашып тұр.

Қазіргі тілде де сөзді неғұрлым дәл беретін көптеген тіркестер бар (мысалы: зиялы қауым, салтанатты жиын, ұлықтау рәсімі, жұлдыз жорамал т.б.).

Қазақ ұлтының ерекшелігін ашатын, халықтың шаруашылық, тұрмыс-тіршілігінің айғағы болатын, рухани мәдениет негізін айқындаушы белгілердің бірі - тұрақты сөз тіркестері.

Тұрақты сөз тіркестерінің негізі белгілері

1. Тіркес құрамында кемінде екі сөз болуы керек.

2. Сөздердің орны өзара ауыстырылмайды.

3. Тіркес құрамындағы сөздерді басқа сөздермен өзгертуге келмейді.

4. Тіркес құрамындағы сөздер жеке-жеке мағына бермей, барлығы тұтас бір мағынаны ашады.

5. Құрамындағы сөздер бір бүтін тұлға ретінде жұмсалады.


Жаттығумен жұмыс: 40-жаттығу Көп нүктенің орнына тұрақты тіркестерді қойып жазыңдар.


Топпен жұмыс: 1-топ: 42-жаттығу. Берілген сөздердің, сөз тіркестерінің сыңарын тауып жазыңдар.

2-топ: 44-жаттығу. Төмендегі тіркестердкн тұрақты сөз тіркестерін бөлек,еркін сөз тіркесін бөлек жазыңдар.


Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.


Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.


Үйге тапсырма: 43-жаттығу.


Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқушылардың зейінін аудару.

Тақтаға бүгінгі күнді жазып қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:


Ақын көзімен қарағанда

Бұл аптада Қасымбек пен Мұхтар ұзақ-ұзақ үйге оралмай, Әуез ата берген пәрменмен «Абай аға шыққан қырға шығып, Абай аға түскен ойға түсіп», алты күн ат үстінде жүрді.

Мұхтар мен Қасымбек бүгін таң ата Бөрліден Шыңғысқа қарай бет түзеп, Қарауылдың қашанғы қасқа жолымен аттарын сау желдіріп,Ералы жазығына шығып еді, Ұшы-қиырсыз кең дала күн қыза көк бұйра сағымға шомылып шетсіз-шексіз көк теңізге айналды да кетті. Жер бетінде бұлың-бұлың құбылып қозғалмайтын бұршақтай бұлдыр жоқ. Төңірек түгел толқып-шалқып жатты.

Сол жақта маң даланың биіктен жалбыраған жалы секілді ұлан-асу Арқат биіктеген үстіне биіктей түсіп, Шыңғысқа қарай зулап көшіп барады. Қарсы беттегі үйме-жүйме үйіліп қалған қос Орда да қопарыла қозғалып, әрі ығыса, ысырыла түскен. Оң қанатта мұнартқан Ақшоқы таулар тәрізді телегейге жүзбейді,шоқтығын көк торғын шымылдықпен көлегейлеп тұрады-тұрады да,ауық-ауық көкбұйра толқынға сүңгіп жоқ боп кетеді. Жүргіншілер ат басын солай бұрып, желе жортып жақындай түскенде ғана төбеде көлеңдеген көк жібек шымылдығын кеудеге түсіре бере бетін ашып, мыналарды қол бұлғап шақырғандай болады. Бірақ бұл да бір орында тұрып шақырмайды,әрі қарай сағым кеше жылжып жүріп бара жатып шақырады.

Бұлардың бәрі қайда бара жатыр?

Шыңғыстауға-Шыңғыс сілеміндегі Жидебайға,осынау өзі ғұмыр бойы жырлап еліне нәр болар сырға, жеріне әр берер нұрға айналдырған, жалғанның жарығын тастап, фәниден бақиға аттанған Абайға бара жатыр,әрине.

Зейнолла Қабдол. (200 сөз).



Мәтінді бір рет оқып беремін ,оқушылар тыныс белгісін қояды.


Үйге тапсырма : Қайталау.



Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Сөйлеудегі сөз бен мағына бірлігі

Сабақтың мақсаты : а) сөз бен мағына бірлігі туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) түрлі әдістерді пайдалана отырып, балаларды тапқырлық, жылдамдық есте сақтау қабілеттерін арттыру;

б) сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға машықтыру;

Сабақтың түрі : жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі : слайдтар, тірек сызбалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөйлеу ішкі мағына, мазмұнға бай болғанда көркем де әсерлі болады. Ойлап сөйлеп, әр сөзді екшеп таңдап, орнымен қолданудың әңгімелесуде, сөйлеуде мәні зор.

Қазақ тілінің мол қазынасын меңгерген, тілді терең білетін сөйлеуші, жазушы сөзі көркем де мағыналы болады. Сөйлеудегі ойдың кең көлемде берілуі, мазмұнының анық, әсерлі жетуі - білімділік пен мол ақылдың да көрсеткіші.

Ұлттық тілдің сыр-сипатын жақсы білетін, әдеби тіл мен ауызекі тіл ара жігін бөлшектей алатын, тілдегі түрлі (фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік) жарыспалы сөздердің қажеттісін екшей алатын, тілдік норма ерекшеліктерін айқындайтын адам сөйлеуде сөз бен ой бірлігінің қатынасына зер сала, ұқыптылықпен қарауы керек. Айтар сөздің мазмұнды жетуі біздің мәдениетімізді де анықтарын естен шығармағанымыз жөн.

Сөйлеудің мазмұнға бай болуы, көркем шығуы үшін төмендегілерді есте ұстаған дұрыс:

- қандай жағдайға қатысты;

- мәселенің шешілуіне қандай жаңа, тың пікір әсер етуі мүмкін;

- оны қандай сөздермен берсе, неғұрлым әсерлі болады;

- айтылған пікірлердің нақты дерекке қатыстылығы қандай;

- дау туғызар, келесіге, талдауға, ой елегінен өткізуге болатын қандай ыңғайы, қажеті бар;

- айтушы, сөйлеуші ұстанымы не, оның тыңдаушы ұстанымымен сабақтастығы қандай.


Жаттығумен жұмыс: 46-жаттығу


Шығармашылық жұмыс: «Қазақ тілі-өркениет пен ғылым тілі» деген тақырыпта пікір өткізеді..


Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.


Үйге тапсырма: 47-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Сөйлеудегі қосымша құралдар

Сабақтың мақсаты : а) сөйлеудегі қосымша құралдар туралы түсінік беру;

ә) оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;

б)оқушының тіл байлығын дамыту арқылы тілдік құрлымдарды өз бетінше талдап меңгере білу,іс-әрекет,ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Біз сөйлесу кезінде әңгімелесушіміздің қимыл-қозғалысына еріксіз назар аударуымызға тура келеді.

Беті бал-бұл жайнап, көздерін кеңірек ашып қараса, көбіне қызығушылық, немесе айтылғандардың көңілінен шыққанын білдірсе, қулана көзін жылмитса - күдік пен сенбестіктің белгісі екенін байқаймыз. Ал егер тыңдаушы жанарын басқа жаққа бұрып әкетсе, немқұрайлылық пен құлықсыздық екені белгілі.

Әрине, адамның әңгімеге көзқарасын тек көз ғана білдіріп қоймайды. Қол сілтесе, «Бәрібір, ештеңе өнбейді», «Жағдай өзгермейді» деген сөйлемдер орнына жүреді.

Ым-ишара, қол, бет, көздің түрлі қозғалыстары мен өзгеруі, дене қимылдары қарым-қатынастың қосымша құралдары. Оны үйрететін, оқытатын саланы кинесика деп атайды (грек тілінде kinesis - қозғалыс). Кинесикада бет-жүз қимылымен эмоцияны білдіруге (мимика), қол қозғалыстарымен ойды анықтауға, көрсетуге (жестикуляция) ерекше назар аударылады.

Қабағы түйіліп, бет-жүзі сұрлана түскен қалыптан ашуды байқасаң, бақырайған көз, ашылған ауыз таңданысты білдіретінін барлығымыз да жақсы білеміз.

Сөйлесу кезінде бет-жүз, қол қимылдарын көп пайдаланатынымызды өзіміз де байқай бермейміз. Ешкім бізге олардың нені анықтап, нендей қызмет атқаратынын түсіндірмесе де, күнделікті тұрмыста, қоғамдық ортада кеңінен қолданылады. Бұның түсінікті бола түсуіне сөйлемдегі сөз ырғағы, екпін, интонацияның да рөлі бар.

Сөйлесу кезінде мұрынын шұқып немесе түймесін ұстап, галстугін жөндеп, я болмаса тырнағын тазалап т.б. өрескел қимылдар жасаса, бұл әдепсіздік болады. Бұндайды механикалық ым-ишара дейді. Механикалық ым тыңдаушының назарын аударып, ойын бөліп, әңгімелесуге кедергі келтіреді. Оның ырғақты, эмоциялы, сілтеме, суреттеме және символдық түрлері бар.

1) Ырғақты: логикалық екпін: сөйлеудің жылдам немесе баяу айтылуына қарай қол қозғалысымен анықталады.

2) Эмоциялы: қозғалыс: көбіне тұрақты сөз тіркестері мен тілді көркемдеуші құралдары арқылы: мысалы: жүрегі ұшып кету - дыбысы шықпай қолымен жүрегін
басып отыра кету.

3) Сілтеме: мысалы: «Мына терезені ашыңызшы», дегенді терезені нұсқап, қос қолын кеуде тұсынан екі жаққа қарай жайса ұғамыз.

4) Суреттеме: затты суреттеуде сөз таба алмаған жағдайда немесе неғұрлым күшті әсер бергіміз келгенде, қол қозғалысымен суретін көрсетеміз.

5) Символдық: мысалы, қолымызды жүрек тұсына қойсақ, ыстық ықыласымызды білдіре аламыз.

Жаттығумен жұмыс: 49-жаттығу Кесте бойынша 2-3-тен мысал жазыңдар

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 50-жаттығу.


Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Сөздің түсініктілігі

Сабақтың мақсаты : а) білімін жинақтау,құзыретті тұлға қалыптастыру;

ә) оқушының өзіндік іс әрекетін дамыту;

б) сөйлеу мәдениетіне,шешендікке баулу,сөздік қорын молайту.

Сабақтың түрі: семинар

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,пікір айту,жаттығулар әдісі,практикалық талдау.

Көрнекілігі: компьютер,үлестірмелі қағаздар т.б.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөздің түсінікті жетуі таңдап алған сөзімізге қатысты екені белгілі. Тілде сөз өте көп, біз соның барлығын да қолдана бермейміз. Олардың ішінде жиі пайдаланатын сөздермен бірге сирек ауызға алынатындары да бар.

Тілде сөздерді қолданылу ерекшеліктеріне қарай: жиі қолданылатын сөздер (актив лексика), сирек қолданылатын сөздер (пассив лексика) деп бөледі. Алғашқы топқа жалпыхалықтық лексикадағы, барлығымызға түсінікті сөздер кірсе (мектеп, қала, көше, кітап, қол, бір, сөз, оқу, айту т.б.), сирек қолданылатын сөздерге диалект сөздер, кәсіби сөздер мен терминдер кіреді.

Сирек қолданылатын сөздерде халық тұрмысын, шаруашылық, кәсібін анықтайтын сөздер көп кездеседі. Оларды этнографизмдер дейді.


Жаттығумен жұмыс: 51-жаттығу Сөздердің қай ғылым термині екенін анықтаңдар


экономика

әдебиет

тіл

география

Басқа ғылымдар






Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Сөйлеудегі қосымша құралдар дегеніміз не?

  2. Олардың қандай түрлері бар?

  3. Жұрт алдында сөйлеу әдебі дегенді қалай түсінесің?


Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.


Үйге тапсырма: 52-жаттығу.


Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Сөз әсерлілігі

Сабақтың мақсаты : а) білімін жинақтау,құзыретті тұлға қалыптастыру;

ә) оқушының өзіндік іс әрекетін дамыту;

б) сөйлеу мәдениетіне,шешендікке баулу,сөздік қорын молайту.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : тірек сызбалар, деңгейлік тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөйлеу мен жазудағы басты назарда ұстар қағидалардың бірі - сөздің әсерлі жетуі. Сөздің әсерлілігі сөйлеушінің дауысына, сөйлеу мәнеріне, сөздерді дұрыс таңдап ала білуіне байланысты.

Дауыстың түрлі болуына қарай біз көңіл-күй жағдайын, сөйлеушінің ойға, іске қатынасын анықтай аламыз. Көптеген мамандық иелері үшін дауыс үлкен рөль атқарады. Сөздің дәл, орнымен қолданылуымен қоса, көркем де әдемі сөздерді таңдап алғанымен, орынсыз дыбысты, сөзді көтеру, созу немесе ақырын айту сөздің, ойдың әсерін төмендетіп қана қоймай, тыңдаушыны жалықтырып та жібереді. Екпіні, кідірісі дұрыс қойылған, жағдайға лайық сөздер дұрыс таңдап алынған әңгіме, сұхбат, кез келген жазбаша үлгідегі мәтін тыңдаушы үшін де, оқушы үшін де әсерлі болатыны сөзсіз.

Сөздің әсерлілігінің екінші жағы - сөздің тура мағынасында қолданумен бірге оны суреттеп, бейнелеп, ауыстырып айту.

Мысалы: қуанды дегеннен де «көзі жайнап, жүзі бал-бұл жанды» деген әсерлі болары сөзсіз.

Сөз мағынасының басқа мағынаға ауысуы

Метафора тәсілі ~ сөз мағынасын салыстыру, жақындату негізінде астарлы тың мағына жасау. Мысалы: «Өзім -Күнмін, өзім - от» (Мағжан). Осындағы «Күнмін», «от» метафора тәсілі арқылы ауыспалы мағынаға ие болған.

Метонимия - зат, құбылыс атауларының екінші бір зат құбылысқа шектестігі, ұласпалылығы негізінде жұмсалуы. Мысалы: Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетер, Құйма құлаққа айтсаң, құйып алар (Мақал). Ақпа құлақ «ұғымсыз» мағынасын, құйма құлақ «ұғымтал», «зерек» мағынасын ауыстырып тұр.

Синекдоха - жалпының орнына жалқы, бүтіннің орнына бөлшек немесе керісінше қолданылатын мағына. Мысалы: Көп қорқытады, терең батырады. Мақалда көп «халық», «ел» мағынасын береді.

Ауыспалы мағына метафора, метонимия, синекдоха, эпитет, теңеу т.б. бейнелеу тәсілдері арқылы беріледі. Ойды неғұрлым кең берем деп тыңдаушы, оқушыға тегеурінді әсер беретін ауыспалы мағынадағы сөздерді тым қоюлатып, сурет-сөзге әсіре еліктеп кетуге де болмайды.

Қорыта келсек, сөздің әсерлі жетуі сөзді мәнерлеп айтуға қажет: екпін, дауыс кідірісі, дауыс күші, дыбыстың айтылу ерекшелігіне, тілде бейнелеу құралдарын: метафора, метонимия, синекдоха, эпитет, теңеуді орнымен қолдану, жағдайға қарай сөздерді дәл тауып, қолдануға байланысты.

Жаттығумен жұмыс: 56-жаттығу Әр сөйлемді бірнеше түрде жазыңдар.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 55-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10


Сабақтың тақырыбы : Сөз байлығы

Сабақтың мақсаты : а) қазақ тілінің сөз байлығы туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) түрлі әдістерді пайдалана отырып, балаларды тапқырлық ,жылдамдық есте сақтау қабілеттерін арттыру;

б) сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға машықтыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту,

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, семантикалық карта

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөз байлығы әр адамның лексикасындағы сөздердің мөлшерімен, көлемімен байланысты дегенмізбен де, ең негізгісі - ой байлығы. Сондай-ақ, тілдегі бар сөздерді бір-бірімен жалғастырып, қиюластырып, әсем де әсерлі жеткізу айтушы мен сөйлеушінің ой көкжиегінен де елес береді. Бір сөзге бірнеше мағына сыйғызып, әр сөзді мән-мазмұн, стиль бояуымен жеткізу ойлау қабілетімен, шығармашылық сипатпен ұштасады. Сөз байлығын терең білудің ендігі бір жолы - халық тілінің дәстүрі мен әдеп ерекшеліктерін меңгеру. Қазақ тілі көркем әрі әсем тіл дейміз. Осындай әсемдік пен көркемдік тілді бүгінгі дейінгі жеткізушілердің ой қабілетінің тереңдігі мен қиялының шексіздігін дәлелдесе керек.

Тілдегі лексикалық қабаттың үнемі дамып, толығып, өсіп, өзгеріп отыратындығын білеміз. Бұл бірнеше тәсілдермен жүзеге асады.

- Сөз тудырушы қосымшалар арқылы;

- сөз мағынасының ауысуы арқылы;

- жаңа сөздер кіру арқылы;

- басқа тілден сөздер ену арқылы.

Аталған тәсілдер тілді байытатын ең негізгі әрі бастылары болып саналады. Бұдан басқа тілде сөздің өзгеруі, жаңа мағынаға ие болуы, тұрақты сөз тіркестерімен, сондай-ақ бір сөздің қоғамдық өзгерістерге қарай жаңаруы тәсілдерін атауға болады.

Топпен жұмыс: 1-топ: Өз жолдастарыңның портретін жазыңдар

2-топ: Бүгінгі қыстың ызғарлы күнін суреттеп жазыңдар.


Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Портрет дегеніміз не?

  2. Пейзаж дегеніміз не?


Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.


Үйге тапсырма: 58-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Сөз әдебі

Сабақтың мақсаты : а) Сөз әдебі туралы түсінік беру;

ә) оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;

б) оқушының тіл байлығын дамыту арқылы тілдік құрлымдарды өз бетінше талдап меңгере білу,іс-әрекет,ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сұхбаттасуда немесе әңгімелесу кезінде де біздің мәдениетіміз бен тәрбиеміз де байқалады. Әңгімелесушілердің ізетпен, бір-біріне құрметпен, көңілге келер сөздерді ауызға алмай, тәрбие шеңберінен шықпай сөйлесуі әдептіліктің белгісі болса, тыңдаушының сөзді бөлмей, ынта қойып, аяғына дейін тыңдай білуі де - мәдениеттілік.

Адамдар бір-бірімен араласатын күнделікті тұрмыста түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Бірі үлкен қуанышпен ішкі сезімін жасыра алмай бал-бұл жанса, бірінің көңілі түсіп, жан-дүниесі алай-дүлей күй кешсе, барлығына қатысты сөз әдебін білдіретін сөздер бар. Мысалы: «құтты болсын», «ұзағынан сүйіндірсін», «жолы болсын», «ештеңе етпес», «бір реніштің бір қуанышы бар», «ұзағынан жазсын» т.б. тіркестер түрлі жағдайларға байланысты айтылады. Осындай сөздер бір-бірімізді дұрыс түсінісуімізге, сыйласуымызға ықпал етеді.

Сөз әдебі, адамдық мәдениетті сақтау дегеніміз орнымен сөйлеп, орнықты жауап беру. Сөйлеуде, жазуда жаргон, дисфемизм, былапыт сөздерді есту кімге болсын жеңіл тимесі анық. Ендеше қолданыстан мүлдем шығарып тастаған жөн. Сөйлеу мен жазуда ойды жеткізуге сыпайы сөздерді таңдап алып, жұмсақ сөйлеген адам жеңетіні белгілі. Келісімге келуге тырысу, егер әңгімелесуші тарапынан ондай ниет байқалмаса, әңгіме тақырыбын өзгерту- тәрбие мен әдеп белгісі. Әңгіме, сұхбат ауаны, тақырыбы өзгермеген жағдайда да, өз пікірінде, әңгілесушімен достық қатынаста қалған дұрыс.

Жаттығумен жұмыс: 60-жаттығу Кестедегі жағдайға мысал келтіріңдер

үйде



.

сабақта

Демалыс орнында

Қайда?






Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: Қуанышты күнге тілек жазып келу

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Тіл тазалығы

Сабақтың мақсаты : а) Сөз әдебі туралы түсінік беру;

ә) оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;

б) оқушының тіл байлығын дамыту арқылы тілдік құрлымдарды өз бетінше талдап меңгере білу,іс-әрекет,ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөз мәдениеті, жазу, сөйлеу әдебі, ерекшеліктері дегенде назарға алынатын тұс - тілдің тазалығы. Жазу мен сөйлеуде әдеби тіл нормасына жатпайтын, тіл көркемдігін бұзатын артық-ауыс сөздерді қолданбау қажеттігін барлығымыз білеміз.

Әдеби тіл - өңделген, сұрыпталған, сол тілде сөйлеушілердің барлығына түсінікті тіл. Ендеше белгілі бір тілде таза жазу, сөйлеу дегенде, ойға қажетті сөзді таңдауда оның қолданыс сипатына, сөйлеуші халық тіліне алыс-жақындығына қарай аламыз. Тілдің қызметі халықтың қоғамдық-өндіріс, қоғамдық-саяси, сондай-ақ рухани байлығын көрсете, аша алуында.

Тіл тазалығы айтар сөзге, ашар ойымызға пайдасы шамалы, қажеті мәнсіз, орны белгісіз сөздермен әуестенбеуді талап етеді. Басқа тілден енген сөздерді мүлде сөздік қордан да шығарып тастай алмаймыз. Десек те, оны қолданудың орнын, ретін тапқан жөн. Әрине, көркем әдебиетте белгілі бір ортаның ерекшелігін ашу үшін қаламгер басқа тілден енген сөздерді, диалектілер мен варваризмдерді пайдаланады. Бірақ, бұның өзі - шығарма шырайын ашса ғана мақсаттың өтелгені.

Сөйлеу мен жазуда тілдік норманы сақтау қажет.

Лексикалық норма: сөздің тура және ауыспалы мағына жасау мүмкіншілігін;

- морфологиялық норма: сөзге қосымша жалғау ретін, сөзден жаңа сөз жасау ерекшелігін;

- синтаксистік норма: сөз тіркесу, сөйлем мүшелері орнын, инверсиялық өзгешелікті назарда ұстау десек, осы нормаларды білу, ұстаным ету сауатты да білімді, мәдениетті адамның ісі.

Жаттығумен жұмыс: 65-жаттығу Сөз тіркесі мен сөйлемдерден тіл тазалығына нұқсан келтірер сөздерді табыңдар.


Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.


Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 67-жаттығу.


Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру т.б

Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар,таблицалар. т.б

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Жаттығумен жұмыс: 68-жаттығу Кестені толтырыңдар.


Тым сыпайы түрі

Бейтарап сыпайы түрі

Ауызекі сөйлеу тілінде

Кешіріңіз аялдамаға қалай баруды айтпас па екенсіз?

Аялдамаға қалай баруды айтыңызшы?

Аялдама қайда?

Мазалағаныма кешірім өтінемін,кітапхананың қай жерде екенін көрсетпейсіз бе?



Мархабат етіңіз, оған тұмауға қарсы дәрі керек




69-жаттығу. Бала, көз, шаш, сөз, су сөздері қатысатын тұрақты тіркестерін жазыңдар.

Мысалы: су—мойнына су кету, су жүрек


70-жаттығу. Көрсетілген тұрақты тіркестердің синонимдерін тұрақты тіркестермен беріңдер.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: 71-жаттығу.


Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқушылардың зейінін аудару.

Тақтаға бүгінгі күнді жазып қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Даланы сағыну

Қызуы азайған дала күні қала жақта көлденең сұлап жатқан көксұр белге төніп,аспанның арғы шалғайына өрт жібергендей,батыс көкжиек әлдебір оқыс лап еткен алкүрең шұғыламен арайланады.

Жайлауда ауыл-ауыл боп жағалай қонған, Көктөбенің іргесін көмкере ойдым-ойдым қотандасып тігілген ақбоз үйлер; үйден үйге кіріп қарбаласқан, ауылдан ауылға бара жатқан үлкенді-кішілі әйел- еркектер, қыз-келіншектер; ауыл сыртына алтыбақан орнатып, әлпеншек тепкен, ән салып күй тартқан, мың бұралып би билеген көңілді жастар;одан әрі сонау сарқырама бұлақ бойында, мынау көк айдын қоғалы көл жағасында ат ойнатқан, ит жүгіртіп, құс салған шабандаоз сері жігіттер; бәрінен аулақ ошарылып,бірақ жайлау шетін тегіс басқан, түгел жапқан қара-құрым мал,ауыл адамдарының әніне үн қоса жамыраған жас төл: боздаған бота, маңыраған қозы, кісінеген құлын... Бәрін ертегідей мұнарта кіреукелеген торғын шымылдық тәрізді жұқа қызғылт нұр...

Осынау жан тебірентер жақсы көрініске қыр үстінен қызыға, сүйсіне қараған Мұхтар ойдағы жайлау көркінен көпке дейін көз ала алмады. Көңілі көтеріңкі. Ойы өрбіп, қиялы сергіп алысқа алып қашқандай.

Сондықтан Мұхтар бүгінде қалада жүріп даланы сағынады. Түбінде Мұхтардың мұхтарлығы дәл осы далаға деген сағынышта жататын шығар. «Отан отбасынан басталады» дегендей, Мұхтардың отбасы да осы далада, демек, отаны да осы дала. Тірі кісі жыл өткен сайын ілгерілейді,өседі десек, Мұхтарды ілгерілететін, өсіретін осынау далаға деген сағыныш болса керек. Даласын сағынып өсіп келеді Мұхтар...

Зейнолла Қабдол. (208 сөз).



Мәтінді бір рет оқып беремін ,оқушылар тыныс белгісін қояды.


Үйге тапсырма : Қайталау.




Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Іскерлік қарым-қатынастағы ауызша сөйлеу тілі Сабақтың мақсаты : Білімділігі: іскерлік қарым-қатынастағы ауызша сөйлеу тілі туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.

2.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы пәнге деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.

3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке,ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету. Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, тірек сызбалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Іскерлік қарым-қатынастағы маңызды тұстың бірі - ауызша ресми іскерлік тілінде әдеп пен мәдениет шеңберінен шықпай сөйлеу білу. Бұның басты шарты өзің баяндағалы отырған немесе кеңеске, келісімге, талқыға салар тақырып жайында кең білімің болуы, әрі осы мәселені алдын-ала ой елегінен өткізіп, зерттеп алғаның жөн. Келесі бір көңілге тоқитын талап өз пікіріңді, ой-түйініңді дайындап ортаға салуға әзірленген жағдайда іс дұрыс шешімін табары сөзсіз.

Іскерлік қарым-қатынастағы ауызша жүргізілетін істердің ерекшелігі - ресмилігі мен қолма-қол шешім шығарып, сол мәжіліс, жиналыс, кеңесте істің нәтиже, қорытынды, түйінін анықтау қажеттігінде. Осымен де шеберлік, білім, білік, әдеп, тәрбие анықталады.

Іскерлік қарым-қатынастағы тіл мәдениетінің ауызша түрі ақпарат алмасу, белгілі бір сала жұмысы бойынша талдау мен талқылау мәселелерін қамтиды. Пікірлесуші, кездесушілердің жеке бас мәселесі, ішкі сезім көңілдегі әңгіме тақырыбынан тыс қалғаны дұрыс.

Ауызша сөйлеу тілі:

- баяндау, есеп беру, хабарлау, талқылау;

- істің жүру, өту барысы туралы ақпарат, мәліметтермен алмасу;

- жұмыстың нәтижелі, оңтайлы, ыңғайлы жолдарын табу;

- мәселеге қатысты таңдап алынған ой-пікір, шешімдерді іріктей білуден тұрады.

Кеңес, жиналыс, мәжілістің міндеті белгіленіп, алдын-ала кіріспе сөз әзірленсе, сондай-ақ, қатысушыларға күн тәртібі мәселесі, өтетін уақыты туралы алдын-ала хабарлап, жиналыс өтетін жерді әзірлеп, қажетті көрнекі, техникалық құралдармен жабдықтап, әр сөйлеуші сөзінің тезисі, баяндама, хабарлама мазмұны, шешімнің жобасы даярланған жағдайда жиналыс, мәжіліс, келісім жоспарланғандай өтері сөзсіз.

Іскерлік қарым-қатынастағы әңгіменің жүйелі болуы үшін:

- тақырыптың нақтылығы;

- ортақ тақырыбы - әңгімелесушілердің тақырыпқа байланысты мәліметтері болуы;

- ортақ мақсат пен міндетті белгілей білу;

- ортаң шешімге келе алуы қажет.

Ауызша әңгімелесу, сөйлесу түрлерін іскерлік қарым-қатынас ыңғайына қарай төмендегідей жіктеуге болады.

1. Пікір, алған әсер, жаңалық туралы ой бөлісу.

2. Түрлі жағдайға, ой, көзқарасқа пікір білдіру.

3. Жиналыс, мәжілісте баяндама жасау, жарыс сөзге шығу.

4. Жаңа іс, мәселеге байланысты келісім жасау.

Жаттығумен жұмыс: 78-жаттығу Кестені толтырыңдар

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 80-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10


Сабақтың тақырыбы : Іскерлік қарым- қатынас тілі

Сабақтың мақсаты : Білімділігі: іскерлік қарым-қатынас тілі туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.

2.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы пәнге деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.

3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке,ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету. Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар , тірек сызбалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Іскерлік қарым-қатынас тілі-белгілі бір мекемеде, кәсіпорын өндірісте қолданылатын қызметтік пікірлесу,келіссөз жүргізу,келісім-шарт жасау,құжаттар алмасу,іс қағаздарын жүргізу,ресми кеңес,жиналыс мәжілістер өткізуде қолданатын тіл.

Іскерлік тіл көркем әдебиет тілінен гөрі маманна нақты бір салаға қатысты тіл даярлығын,жүйелі білімді, біліктілікті талап етеді.

Талқыға түсетін мәселе жөнінде жан-жақты хабардар болу,сол салаға қатысты терминдерді орнымен қолдану,сұраққа нақты , жүйелі жауап беру де- іскерлік қарым-қатынастың талаптары.


Жаттығумен жұмыс: 75-жаттығу Төмендегі сөз тіркестері мен сөз орамдарын пайдаланып, М.Әуезовтің «Абай жолы» кітабына анотация жазыңдар


Шығармашылық жұмыс: Өздерің соңғы рет оқыған кітаптарың жайында пікір жазыңдар.


Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.


Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.


Үйге тапсырма: 76-жаттығу.



Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Іскерлік қарым-қатынастағы жазбаша тіл үлгілері

Сабақтың мақсаты : білімділік – Іскерлік қарым -қатынастағы жазбаша тіл үлгілерін жаза білуге үйрету;

дамытушылық – оқушылардың жеке өнімді қызметтерін дамытушылық тапсырмалар арқылы байқау,логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстану, практикалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметінің әрекетін арттыру;

тәрбиелік – лексикалық тапсырмалар арқылы оқушының сезіміне әсер ету,жан дүниелерін байыту.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, үлгі парақшалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.


Ресми тілде қолданылатын құжаттардың қатарына анықтама, өтініш, түрлі ресми хаттар, бұйрық, мінездеме, өмірбаян, қолхат, сенімхат, хаттама, жарғы, келісім-шарт, жеке іс парағы, қаулы түрлерін алуға болады.

Іс қағаздарының өзіндік тілдік жүйесі, белгі, құрылымы бар. Ал осы жүйе, белгі, құрылымның өзі әр іс қағазында түрлілігіне қарай бірінен бірі бөлектенеді.

Жаттығумен жұмыс: 81-жаттығу Хабарландыру жазыңдар

1. Әдебиет үйірмесінің отырысы;

2. Кітап көрмесі;

3. Журналистермен кездесу;


84-жаттығу. ІІІ тоқсандағы сынып оқушыларының оқу үлгерімі , тәртібі, қоғамдық жұмысқа қатысты туралы мәселе қаралған хаттама жазыңдар.


Шығармашылық жұмыс: Өздеріңнің достарыңа мінездеме жазыңдар.


Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.


Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.


Үйге тапсырма: 10-сыныптағы жүргізген жұмыстарының есебін жазып келу.



Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Жеке адамға қатысты іс қағаздар

Сабақтың мақсаты : білімділік – Жеке адамға қатысты іс қағазды жаза білуге үйрету;

дамытушылық – оқушылардың жеке өнімді қызметтерін дамытушылық тапсырмалар арқылы байқау,логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстану, практикалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметінің әрекетін арттыру;

тәрбиелік – лексикалық тапсырмалар арқылы оқушының сезіміне әсер ету,жан дүниелерін байыту.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Жеке адамға қатысты іс қағаздар

Іс қағаздарын қалыптасқан үлгіде сауатты жаза білу талабы - жеке адам өміріне қатысты іс қағаздарының да шарты. Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздарының не-гізгілері төменде көрсетілген.

  1. Өмірбаян (аннотациялық парақ)

  2. Өтініш

  3. Жеке іс парағы

  4. Анықтама

  5. Мінездеме

Өтініш — ресми іс қағазы. Оған қойылатын талап нақтылық, дәлдік, ойды, тілекті ашып, анықтап көрсету.

№ 7 жалпы білім беретін

мектептің директоры

Р. Балғымбаеваеа

биология пәнінің мұғалімі

Ж. Асановадан

өтініш

19.02.05. - 25.02.05 аралығында биология пәні апталығының өтуіне дайындық жүргізу үшін №27 кабинетті босатуға рұқсат етуіңізді сұраймын.

17.02.05 қолы

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын

Үйге тапсырма: қайталау

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқушылардың зейінін аудару.

Тақтаға бүгінгі күнді жазып қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:


Өн бойы тола өлең-жыр

Біз оның бала кезінен қанша бейхабар болсақ,балаң ақын кезінен де сонша керқұлақпыз. Ол бізге алғашқы беттерін алыс жылдардың құтырынған құйындары жыртып, ортасынан ауа кеткен көне кітаптай көрінуші еді. Дәлдеңкірей түссек, ол әлі парақтары сарғыш тартқан жалба-жұлба кітаптың өзінен гөрі, соған жазылған ескі қиссаның тоқпақтай тұлдыр, тобадай жалғыз кейіпкері-ежелгі ерлерге көбірек келіңкірейтін еді. Тау тұйғында оқта-текте бір есетін кезбе желдей үзік-үзік, келте мәліметтердің айтуынша ,бабаларының арасында батыр көп болыпты. Ал өзі әке батасын аттап,жағын сатып күн көрген жалба тонды ақындықты қалады. Аталары ақбас Алатаудың көк майса сай –салаларынан өрбісе,өзі тұлдыр даладағы Жамбыл тауының етегінде жерге түсіпті. Анасы оған Қоқан ханы Құдиярдың құрығынан қашып жүрген ұлы сүргін тұсында тосыннан толғатыпты. Сөз реті қаза кетпесін ,Құдияр оның бабаларына көрсеткен қоқан-лоқысын менің бабаларыма да жасапты. (Кер тағдырлы ата-баба сүрлеуі қалай-қалай ойқастап,көнтерілі уақыттың қай-қай белеңінен тоғысады десеңізші!) Қайталап айтайық, кейуана қарияның сақал-мұрт басқан салғырт жүзіне қарай отырып, тал бесікте уілдеп жатқан жас иіс сәбидің бейнесін көзге елестету қандай қиын болса, дүлдүл ақынның кезі, балауса шағы шамамен мынадай болған шығар деп бал ашу да сондай қиын. Бар білетініміз: ел Екей ақындық жағынан ерекше салымды бопты.

Екейде елу бақсы, сексен ақын,

Сарнайды жын қаққандай кешке жақын,-десе дегендей-ақ, Екейдің әйел-еркегі күні бүгінге дейін оңтайы келгенде өлеңдетіп қоя береді.


Әбдіжәміл Нұрпейісов (203 сөз).



Мәтінді бір рет оқып беремін ,оқушылар тыныс белгісін қояды.


Үйге тапсырма : Қайталау.


Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б

Сабақтың көрнекілігі: тест парақшалары т.б

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1. Жіњішке сµзді табыњыз.

A) Ењбек. B) Әсемпаз. C) ¤сімтал. D) Балгер. E) Ж±мысшы.

2. Туынды сын есімді табыңыз.

A) Нашар. B) Ақ. C) Аспалы. D) Абырой. E) Аласа.

3. Сан есiмдi табыңыз.

A) Елтаңба. B) Екi мың төрт. C) Кiшкене. D) Ешқашан. E) Бара жатырмыз.

4. Жалпылау есiмдiгiн белгілеңіз.

A) Ешқандай, дәнеме. B) Бiраз, кiмде-кiм. C) Өзi, өзiмiз. D) Бiздер, олар. E) Барлық, күллi.

5. Есімшеніњ ж±рнаѓын анықтањыз.

A) -ѓалы. B) -ып. C) -й. D) -р. E) -а.

6. Тәуелдік жалғаудың 2-жағында, сыпайы түрде тұрған сөзді

табыңыз.

A) Дәптеріңіз. B) Жолдасы. C) Апайың D) Уақыт. E) Ауылданбыз.

7. Күрделі сөзді табыңыз.

A) Ақмола. B) Күркілдек. C) Парасат D) Бақташылық. E) Толқымалы.

8. Әлде сор, әлде бағы әуреледі.

- Шылау мағынасын ажыратыңыз.

A) Талғаулықты. B) Ыңғайластық. C) Шартты. D) Қарсылықты. E) Кезектес.

9. Толық мағыналы ең кемі 2 сөз, бірі екіншісіне бағына байланысатын, қатынас негізінен зат, құбылыс жайында түсінік алушылыққа тән қатарды көрсетіңіз.

A) Дыбыс B) Сөз C) Сөйлем D) Буын E) Сөз тіркесі

10. Бірыңғай, бір сұраққа жауап беретін қатарды аңықтаңыз.

A) Әсерлі,әуез,сұңғақ. B) Қашық,шалғай,алыс. C) Мың,өзі,алды. D) Шапшаң,қараңғы,ойна. E) Үй,көру,бүгін.

11. Төл сөздің автор сөзінен соң орналасып тұрған түрін көрсетіңіз.

A) -"Япырай, мықты екенсіз, ақсақал," - деді Байжан. B) -"Бәрекелді, мына ауыл алтыбақан құрып жатыр екен," - деді Ербол.

C) "Емтихан оңай болмайды", - деді ұстаз. D) Абай: "Ғылым таппай мақтанба," - деген. E) М.Горький былай деген екен: "Кітап - білім бұлағы".

12. Одағай сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

A) Балам, амансың ба? B) Өзі осында келіп пе, сірә? C) Ой, әттеген-ай, айырылып қалдым-ау! D) Меніңше, жаңағы оты көрінген завод.

E) Ұялма, қалқам, бір сайра, біз де алалық үлгіні.

13. Сөйлем соңынан нүктенің қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз.

Шаңқай түс.

A) Хабарлай айтылған жалаң сөйлем. B) Хабарлай айтылған атаулы сөйлем. C) Хабарлай айтылған толымды сөйлем. D) Бұйрықты сөйлем.

E) Хабарлай айтылған жайылма сөйлем.


Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қайталау




Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б

Сабақтың көрнекілігі: тест парақшалары т.б

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1. Қай дауысты дыбыс әрі жуан, әрі ашық, әрі еріндік болатынын белгілеңіз.

A) и. B) о. C) ы. D) а. E) у.

2. Тек ашық буыннан қ±рылѓан сµзді кµрсетіңіз.

A) Бақытты. B) Оқулық. C) Атты. D) ¤рнек. E) Балада.

3. “ Сұлу” сөзi қай сөз табы екенін көрсетіңіз.

A) Зат есiм. B) Шылау. C) Сан есiм. D) Етiстiк. E) Сын есiм.

4. Өздік есімдігі қатысқан тіркесті табыңыз.

A) Өз үйі. ) Кешкі мезгіл. C) Аспалы шам. D) Тұсаулы ат. E) Тастақ жер.

5. Кµсемшені табыњыз.

A) Кеткен. B) Кетер. C) Кетпек. D) Кет. E) Кеткелі.

6. Сөздер жұбының біріншісі екіншісінің мағынасына қарама-қайшы сөздер.

A) Историзм. B) Көнерген сөздер. C) Синоним. D) Антоним. E) Омоним.

7. «Туынды сөз» тіл білімінің қай саласына жататынын табыңыз.

A) Фонетика. B) Морфология. C) Синтаксис. D) Пунктуация. E) Лексика.

8. Барыс септігіндегі тұрған сөзді табыңыз.

A) Космосты шарлау. B) Ауылдың маңы. C) Аспанға ұшу. D) Тау беткейі. E) Жүрекпен сезіну.

9. Пысықтауыш қызметінде тұрған сан есімді табыңыз.

A) Сабақ сегіз жарымда басталады. B) Шексіз жазық басталды. C) Оларға екі рет жәрдемақы берілді.

D) Ертең жарыс басталады. E) Бүгін үш үйірменің жұмысы болмайды.

10. Сөздердің қосымша арқылы байланысын көрсетіңіз.

A) Ащы тер. B) Аш көздену. C) Қаныш-ғалым. D) Әз тұту. E) Қызметін істе.

11. Ыңғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіз.

A) Досан мектепке кетті. B) Пойыз ырғалып келіп, вокзалға тоқтайды .C) Сиырдың тұқымы да жақсы екен, бабы да келіскен екен.

D) Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар тыңдалады. E) Досан мектептен келді.

12. Мәтін ішінде кездесетін төл сөздің басы мен аяғында қойылатын тыныс белгісін табыңыз.

A) Сызықша. B) Көп нүкте. C) Қос нүкте. D) Тырнақша. E) Үтір.

13. Жекіру одағайын табыңыз.

A) Еһе. B) Әлде. C) Жә. D) Жуық. E) Соң.

14. Сұрау белгісі қойылмайтын орынды табыңыз.

A) Бұл кім өзі. B) Балалар пойызы осы ғой, ә. C) Мен қазір кітап оқимын, сіз ше. D) Абай Оспанды мерт бола ма деп қорықты.

E) Балтабектің үйін білесіз бе.


Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: Қайталау




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Синтаксис С?йлем

Автор: Чалова Балкия Картаевна

Дата: 22.01.2016

Номер свидетельства: 280834


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства