4. Оқиғаны әңгімелеу. Мақсатқа ұмтылушылық туралы аңыз Әлемде Дрона атты ұлы садақ атушы болыпты. Садақ оғымен дәл тигізуден тең келер ешкім болмапты. Ол осы өнерге көптеген шәкірттерді баулып, үйретіпті. Бірде ол ағашқа мишенді іліп, шәкірттерінен не көріп тұрғандарын сұрайды. Біреуі былай деп жауап береді: Мен ағаш пен ондағы мишенді көріп тұрмын . Екіншісі: Ағаш діңгегін, жапырақтарды, аспандағы күнді, құстарды көріп тұрмын депті.Содан соң, Дрона өзінің ең мықты шәкірті Арджуннан сұрайды: Ал сен не көріп тұрсың? Мен мишеннен басқа еш нәрсе көріп тұрған жоқпын деп жауап беріпті Арджун. Дрона қалған шәкірттеріне қарап, тек осындай адам ғана мақсатына жете алады, – деген екен. Талқылауға арналған сұрақтар: Тілек күші туралы аңыз әңгіме Шәкірті ұстазынан мен қашан даналыққа жетемін деген сұрақты үнемі қойып, ұстазының мазасын ала береді екен. Ұстазы оны: ниет тілегің болса болғаны деп сендіріпті. Бірде, олар өзеннің жағалауымен кетіп бара жатқанда шәкірті осы әңгімені қайтадан қозғапты, сонда ұстазы шәкіртін суға итеріп жіберіп, бірнеше уақытқа дейін сонда ұстапты. Қандай да бір уақыт өткен соң жасөспірімді босатады, ол демін алған соң, ұстазы сұрапты: -Судың астында бәрінен де саған не қажет болды? — Ауа! Бәрінен де бұрын ауа қажет болды! — Мүмкін саған байлық, махаббат, билік қажет болған шығар? — Жоқ ұстазым! Сол сәтте маған тек ауа қажет болды! — Даналық та осы сияқты, жаңағы су астында бір жұтым ауаға ұмтылғаныңдай даналыққа жетуге ұмтылатын болсаң, сен сөзсіз даналықты танисың! Талқылауға арналған сұрақтар: |