kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока на тему "?семдікке ?мтылайы?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?зiн-?зi тану саба?ыны? жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока на тему "?семдікке ?мтылайы?"»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: «№45 бейімделген орта мектеп» КММ Мерзiмі:

Тақырып: «Әсемдікке ұмтылайық»

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: Әдептілік, әсемдік, сыйластық.

Мұғалiм: Бапаева Динара Даулеттаровна

Сынып: 6 «А» Оқушылар саны:

Мақсаты:

Оқушыларды әсемдікке ұмтылу арқылы дұрыс әрекет жасау құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

  1. Бала бойындағы әсемдік, әдептілік қасиеттері арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу;

  2. Оқушы бойынан жақсы мен жаманның ара-жігін ажырата білу арқылы дұрыс әрекет құндылықтарын дамытуға ықпал ету;

  3. Оқушыларды сұлулықты, әсемдікті сезініу арқылы әдептітілікті бағалай білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(слайд, музыка, оқулық, дәптер,

мәлiметтер)

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

-Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!

-Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.

- Көңіл-күйлеріңіз қалай?

  • Сынып оқушыларын түгендеу.

  • Оқушылар түрлі геометриялық фигуралар арқылы кездейсоқ топқа бөлінеді.

  • «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5Т» қайталап (тәртіп, тазалық, талап, тыныштық, татулық)


Тыныштық сәтi. (Нұрға бөлену)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.


Сабақ барысын талдау:

Жағымды әуен қосу 2-3 мин

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Мәтін беру

М.Жұмабаевтың оқулықтың 33 бетінде берілген «Сұлулық сезімдері» мәтіні бойынша сұрақтармен жұмыс жасаймыз. Бір оқушы мәтінді мазмұндап естеріне түсіріп шығады.

«Сұлулық сезімдері»

Жаратылыстың сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады.

Үлбіреген гүл, күңіренген орман, сылдыраған су, былдырлаған бұлақ, шексіз-шетсіз қара көк теңіз, түрлі шөптермен толқынданған дала, бұлтпен бел алысқан биік тау, күннің ойыншыл алтын сәулелері, ерке сұлу ай, жұлдызды түн, міне, оылар адам жанында бір ләзат, бір сұлулық толқынын оятады.

Сәулет, сұлу сурет, мүсіндеу сықылды әсерлер адамның көру сезімін оятып, сұлулық толқынын оятады. Ал енді өнердің тылсымды жанды билеп алып кететін ән, музыка, поэзия, күй сықылды әсерлері есту сезімін сиқырлап барып, адам жанында сұлулық толқындарын туғызады.

Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиіркенуіне, жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тыйылуына көп көмек көрсетеді.

Сұрақтар:

1 топ. Сендер табиғаттың сұлулығын қалай сипаттап айтар едіңдер?

2 топ. Қандай сезімдер арқылы адам бойындағы әдептілікті оятуға болады?

3 топ. Адам жанының сұлулығын қандай қасиеттер арқылы көруге болады деп ойлайсыңдар?

93 бет мәтінді оқу

  1. Жағымды ой-пікір. Дәйексөз.

«Сырты сұлуға көз қызығады, іші сұлуға жүрек қызығады»

Ғ.Мұстафин

(қысқаша өмірі жайлы мағлұмат беру)

Өз ойларыңды ортаға салып көріңдер. (балалар жауаптарын береді)

Сұрақтар :

  • Сырты сұлу және іші сұлу дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Жан сұлулығына байланысты қандай мысал келтірер едіңдер?


Дәйексөзді былай тұжырымдаймыз:

  • Сыртқы сұлулықты көзбен көруге болатын болса, ал ішкі сұлулықты жүрекпен, яғни адамның адамгершілігі ішкі сұлулығын сезіндіреді. Адам жаны әрқашан сұлулыққа, әдемілікке құштар. Ал, жаны әсем адам деп адамгершілігі жетілген адамды атаймыз. Жанның әсемдігі – адамның әдептілігінен, адамдармен қарым-қатынасынан, іс-әрекетінен оның ішкі дүниесінің сұлулығынан , яғни барлық игілікке ие мінездерінен байқауға болады.

Дәйексөзді дәптерге жазу

  1. Оқиғаны айту. Әңгіме айту Ғибратты әңгіме

"Тән сұлулығы емес жан сұлулығы маңызды"

Осман империясының соңғы дәуірінде өмір сүрген бір генералдың ұлы болады. Әкесі ұлын жақсы мінезді, дініне берік, күйеуіне адал жар болатын қызбен үйлендіргісі келеді. Генералдың жұбайы: 
     «Біздің үй күзетшісінің бір қызы бар екен. Өзім көрмедім, бірақ адамдар оны маған көп мақтаған. Әйупте қарапайым үйде тұрады екен. Сол қызды көрейік» - дейді. Генерал әйелінің бұл ұсынысын ұнатып, қабылдайды. Нәтижеде, қызының келісімін алған қарауыл, қызын генералдың ұлына беруге шешім қабылдайды. Сөйтіп құдалық, неке барлығы өтіп үйлену салтанаты (тойы) генералдың үйінде өтетін болады. Дәстүр бойынша жас жұбайлар бір-бірін үйленген күні көретін еді. 
     Жас күйеу жігіт жұбайының бетіндегі желегін ашып, көрімдігін қыстырмақшы болғанда көңілі түсіп, жерге құлап түседі. 
Келін мұңға булығып: «Мырзам, балалық шағымда шалдыққан тері ауруының бетімде қалдырған іздері, өмір бойы жүзіне қарауға мәжбүр болған жұбайыңыздан сізге бір қиыншылық туғызды. Бірақ, бұл менің еркімде болған кемшілік емес... Енді сізге өтінішім мынадай: сіздің жаныңызда 40 күн қонақ ретінде қалайын. Содан кейін мінезіміз сай келмеді деген сылтаумен үйіме қайтып кетемін. Бұған түсінушілікпен қарауыңызды өтінемін! Бұл жағдайдан ешкімнің хабардар болмауын да өтінемін!..» - деп, көздеріне жас толып, күйеуінің аяғына жығылады. Күйеуі не айтарын білмей, амал жоқтан қабыл етеді. 
       Бұл 40 күн уақыт аралығында «қонақ» болып жүрген келін қызметшілікке дейін барып, көркем мінезімен, қызметімен, қарапайымдығымен, қарым-қатынас және сөйлеу әдебімен үйдегі барлық адамның жүрегінен орын алады. 
Бір күні келін күйеуінің жанына келіп мұңлы күйде: «Үйіңіздегі 40 күндік қонақжайлығыңыз үшін алғысымды білдіремін. Енді үйіме қайту үшін рұқсатыңызды беріңіз...» - дейді.   
       Енді аяққа жығылу кезегі күйеуіне келген еді, ол әйеліне жалынып: 
«Қымбатты ханым! Егер сіз мені ұнатпаған болсаңыз және үйіңізге қайтуға шешім қабылдаған болсаңыз, оған қарсы ешнәрсе айта алмаймын. Бірақ сіз мен үшін құн жетпес жұбайсыз. Көркем мінезіңіз бен әдептілігіңізді көріп, негізгі сұлулықтың жүзде (бетте) емес, жүректе екенін түсіндім және сізге ес-түссіз ғашық болдым...» – дейді. Осындай сөздерді айтып келіншегінің шешімінен бас тартқызады. 
        Ең маңыздысы, араларындағы бұл сырды балаларына түсіне алатын жасқа келгенде айтып берді. Осылайша, оларға да жанұя бақытында жүрек тазалығының және көркем мінездің бәрінен де маңызды екенін осы мысалмен түсіндіріп берді.


Сұрақ:

  1. Мәтінде не туралы айтылған?

  2. Генерал неліктен күтушінің қызын таңдады?

  3. Жас жігіттің көңіл күйі неліктен құлазыды?

  4. Жақсы мінезді - деген сөз адамның қандай қасиеті туралы айтылған?

  5. Көркем мінездің жүректе болуына қатысты қандай пікір айтар едіңдер?

.



5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс.

Музыка баяу ойнап тұрады. (қорытынды видио бойынша талқылау)

Тапсырмалар:

1.Топ. Әдепті адамның бойында кездесетін ерекше қасиеттердің жиынтығын жасау. (жоба)

  1. Топ. «Менің бойымдағы ерекше жақсы қасиеттер» тақырыбына ой толғау жазу.

  2. Топ.Әдепті болу үшін біз не істеу керекпіз. (жоспарлау)


(8 мин)

6.Топпен ән айту:

«Әдемі -ай»

Ля-ля-ля-ля

1. Әппақ, әппақ армандай,

Қолға бақыт қонғандай.

Құндызымыз құлпырып,

Жұлдызымыз жанғандай.

Берейіміз аспандай,

Мерейіміз қанғандай.

Көрмемізді көрген жан,

Өте алмайды таңданбай.

Қайырмасы:

Әдемі-ай, әдемі-ай,

Ғажайыптар әлемі -ай.

Шіркін -ай, шіркін-ай,

Қазағымның ғұрпын-ай.

Қайран-ай, қайран-ай,

Қос өнердің қаймағы-ай.

Ақытпа, шақытпа ,

Тұр ғой бәрі жайнап -ай.


2. Бабалардың көзіндей,

Шежіренің өзіндей.

Ананың ақ сүтіндей,

Абыздардың сөзіндей.

Айналайын шеберім,

Зергерім мен зерегім.

Әйгілей бер әлемге,

Қазағымның өнерін.



Ән айту

7.Үй тапсырмасы:

Тапсырманың мақсаты-оқушыларды «Әсемдік, сұлулық» ұғымдарын қабылдауға үйрету. 


- Егер сендер жер бетіндегі ең әсем, ең сұлу нәрсені табу тапсырылса, өз ізденістеріңді неден бастар едіңдер? (сипаттап жазыңдар) 

Оқулық

95 бет

Бағалау: 30 бал

Рефлексия:

Мен не үйрендім?

Маган не ұнады?


8. Сабақтың қорытынды сәті: Соңғы тыныштық сәті

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көздерін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

  • Әрқайсысымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерімізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет. Көздеріңізді ашуға болады.


Жағымды әуен қосу 2-3 мин

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Конспект урока на тему "?семдікке ?мтылайы?"

Автор: Бапаева Динара Даулеттаровна

Дата: 02.09.2016

Номер свидетельства: 342020


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства