kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабыр түбі - сары алтын 4 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың бойындағы сабырлылық, шыдамдылық қасиеттерінің түсініктерін  кеңейту арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабыр түбі - сары алтын 4 сынып»

« Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: № 11жалпы орта білім беретін мектеп Мерзімі: 07.11.2017ж. Мұғалім: Садуова Мансия Темиргалиевна

Сынып: 4 «В» Оқушылар саны 19 Тақырып: « Сабыр түбі-сары алтын»

Құндылық: Ішкі тыныштық Қасиеттер: сабырлылық, шыдамдылық,

Мақсаты: Оқушылардың бойындағы сабырлылық, шыдамдылық қасиеттерінің түсініктерін кеңейту арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері: Білімділік:

Оқушыларға сабырлылық, шыдамдылық қасиеттерінің маңыздылығын түсіндіру;

Дамытушылық:

Оқушылардың бойындағы сабырлылық, шыдамдылық қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік:

Оқушыларды сабырлы, шыдамды болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлемдесу.

-5т ережесін тексеру(тәртіпті;талап; тыныштық; тазалық ;татулық)

-Бес оқу - құрал жабдықты тексеру

( дәптер,қалам,күнделік,түрлі-түсті қарындаш,оқулық)

Тыныштық сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолдарыңызды айқастырмай, түзу отыруларыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз тынышталады.тыныс алған кезде тыныштық пен ризашылық қабылдаймыз. Тынысты шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тік ұстаймыз..., қолдарыңызды тізелеріңіздің үстіне қоюға болады...

Тыныс аламыз..., тынысты шығарамыз (9-10 рет жайлап, жасаймыз).

Үй тапсырмасын тексеру.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

«Сабыр түбі – сары алтын» атты аңыз әңгімені оқып келу . (111-113 бетте)

    1. «Сабыр түбі-сары алтын» дегенді қалай түсінесіздер?

    2. Бәтиманың көңілді жүруінің себебі неде деп ойлайсыңдар?

    3. Сендердің ойларыңша сабырлы адам қандай болады?

    4. Зылиқаның «сабыр» атты шөпті таба алуы мүм кін бе?

    5. Сабырлы, төзімді болу арқылы неге жетуге болады?

(оқушылардың жауаптары тыңдалады)

-Түйін:

Сабырлы адам барлық уақытта шыдамдылық көрсетіп,төзімділік танытады,өзін ұстай біледі. Бәтиманың бойында сабырлылық болғандық-тан,қиналмайды,ашуланбайды,көңілді жүреді. Зылиқа ақылға жүгінсе,қиындыққа төзе білсе, ашуланбайтын болса « сабыр» деген шөпті та-буы әбден мүмкін.


Ескерту


Дәйексөз.Интербелсенді тақтаға жазып қоямын.

« Асығыс түбі өкініш,

Ойланып алмақ- сабыр сол»

Абай

Барлығына бірге (хормен) айтқызу;

топтарға бөлек айтқызу;


-Абай Құнанбаев кім?

- Қандай шығармаларын білесіңдер?


Дәйексөздің мағынасын ашу.

- Сабырлы болу дегенді қалай түсінесіңдер?

Сабыр деген – сабырлы болу, шыдамды болу, төзімді болу.


  • Адамға қандай жағдайларда сабыр керек?

Егер адамда сабыр болмаса, ол тез ашуланады. Ал адам ашуланған кезде асығыстыққа жол береді. Асығып қабылданған шешім барлық уақытта оң бола бермейді. Сондықтан ондай жағдайда ақылға салып, ашуға берілмей – сабыр сақтау керек .

Дәйексөзді дәптерге жазамыз.


Оқиғаларды әңгімелеу .Мұғалімнің сыйы.

«Егінші мен қасқыр»(литва ертегісі)

-Автор:

Егінші таң сәріден егін орып,шаңқай түсте демалады.Аздап тыныққан соң,қолына нан алып,жей бастады.Дәл сол кезде бір үлкен қасқыр егіншінің қасына келіп:

Қасқыр:

- Адам,не жеп отырсың? –деп сұрады.

Егінші: - Нан.

Қасқыр:

- Маған да наныңнан берші.

Автор:

- Егінші нанынан бір үзіп алды да,қасқырға берді.Нан қасқырға ұнады.Сондықтан ол егіншіге мынадай тілек білдірді:

Қасқыр:

- Сенің тамағың дәмді екен.Менің де күн сайын осындай тамақ жегім келеді.Сен маған оны табудың жолын үйретші...

Егінші:

-Алдымен жер жыртасың,содан соң тырма-лайсың,-деді.

Қасқыр:

-Содан соң нан бола ма?

Егінші:

-Жоқ,жерді жыртып,тырмалап боласың да, тұқымды әзірлейсің,себесің.Ол көктемде көгеріп, жер бетіне шығады,ал жаз ортасында піседі.

Қасқыр:

-Содан соң нанды жеуге бола ма?

Егінші:

-Қайда әлі!Бидайды орып,оны баулу керек.Содан кейін қырманға апарып,маялау керек.

Қасқыр:

-Сонда нан бола ма?-деп қасқыр айқайлап жіберді

Егінші:

-Жоқ,бидайды жиып алып,бастыру керек.

Одан кейін диірменге апарып,ұн ғып тарту керек.

Қасқыр:

-Сонда жеуге бола ма?

Егінші:

-Жоқ әлі!Қамыр ашытып,оны илеп,пісіру керек...

-Қасқыр: - Сонда нан бола ма?

-Егінші: - Иә,сонда нан болып,жеуге жарайды,-де

-ді егінші.

-Автор: -Шыдамы таусылған қасқыр:

- Бұл өте ауыр әрі көп уақыт кететін жұмыс екен. Мұны кәсіп етпей-ақ қояйын,-деді.

Сұрақ-жауап.

-Қасқыр неліктен нан тауып жеуден бас тартты?

(Қасқыр қиындықтан қашты.)

-Оның бойында қандай қасиеттер көрінбеді?

(Өйткені оның бойында шыдамдылық, сабырлылық сияқты асыл қасиеттер жоқ)

-Саған қай кейіпкер ұнады?Неліктен?

(Егінші-еңбекқор,шыдамды,сабырлы)

-Сендердің де сабырсыздық танытқан кездерің болды ма?Ондай жағдайда қандай күйде болдың- дар?Ол әрекеттеріңді жоюдың қандай жолдарын іздестірдіңдер?

Мұғалім

-Дұрыс айтасыңдар.Қасқыр қиындықтан қашты. Өйткені оның бойында шыдамдылық, сабырлылық сияқты асыл қасиеттер жоқ екендігін әңгіме ара -

сындағы шыдамсыздығынан байқадық.Сабырсыз -

дық адамға орынсыз сөздер айтқызады,ашуланды -

рады.Нәтижесінде орынсыз ашу мен жағымсыз сөздер өзіңді ұятқа қалдыртады.Ал егінші сияқты адамдар барлық ісін аяғына дейін жеткізіп,өз еңбе- гінің жемісін жейді.


Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

3 топқа бөлініп отырған оқушыларға сабырлылық, шыдамдылық, ұстамдылық қасиеттеріне байланысты «мақалды жалғастыр» тапсырмасын орындату.

(тасырмалар таратып беріледі)

1 топ «сабырлылық»

Сабын кірді ашады, 
Сабырсыз ...................... (сырды ашады)


Сабыр — .................... . (ақыл серігі)


Сабыр түбі сары алтын: 
сарғайған жетер ............... (мұратқа)
сабырсыз .......................... (қалар ұятқа)


2 топ «шыдамдылық»

Қырқына шыдаған, ................. шыдайды. (қырық біріне де)


Қой ......................... шыдайды. (алты күн аштыққа)


Жаманның ашуы ................... (басы жерге тигенше)

Жаксының ашуы .................. шәйі орамал кепкенше)

3 топ «ұстамдылық»

Ұстамдылық – әдептің ұстазы,

Ұстамсыздық - ......................... (әлектің нұсқасы)


Қатты жауған күн .................... (тез ашылады)

Қатты ашуланған кісі ............... (тез басылады)


Орынсыз ашу - ........................ (от шашу)


(мақал-мәтелдің жалғасын тауып, мағынасын айтып береді)


Топпен ән айту.

Қарақат Әбілдина

Келші, келші балашым

Айым болып тудың ба?
Күнім болып тудың ба?
Әке жолын қудың ба?
Ата жолын қудың ба?
Бұл дүниеге келген соң,
Сұрауы бар судың да...

Қуанышым, арай жүз,
Сөйлесерміз талай біз.
Бар ағайын жиналып,
Мәз боп саған қараймыз.
Сендей бала ешкімде,
Болмаған деп санаймыз.

Не деп енді мақтайын,
Айтуға сөз таппаймын.
Мақтап кетсем көбірек,
Мен әжеңе жақпаймын.
Келші келші балашым,
Бір иіскемей жатпаймын.




Үй тапсырмасы.

114беттегі,Мөлдір бұлақ ертегісін оқып келің-дер.



Сабақтың соңғы тыныштық сәті.


-Тыныштық,тыныштық,тыныштық,

тыныштық,бар жерде.

Тыныштық,тыныштық,тыныштық,

Тыныштық,бүкіл әлемде.









































« Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: № 11 жалпы орта білім беретін мектеп Мерзімі: 25.11.2017 ж. Мұғалім: Садуова Мансия Темиргалиевна

Сынып: 4 «В» Оқушылар саны 19 Тақырып: « Ашу дұшпан-ақыл дос»

Құндылық: Ішкі тыныштық Қасиеттер: сабырлылық, ақылдылық

Мақсаты: Оқушыларға сабырлылық пен ақылды-лық қасиеттерін ұғындыра отырып, адамның ішкі тыныштығын сезіне білуге ықпал ететінін түсіндіру.

Міндеттері: Білімділік:

Оқушыларға сабырлылық,ақылдылықтың қасиет - терінің маңыздылығын түсіндіру;

Дамытушылық:

Оқушылардың бойындағы сабырлылық,ақылды - лық қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік:

Оқушыларды сабырлы, ақылды болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлемдесу.

-5т ережесін еске түсіру (тәртіпті;талап; тыныштық; тазалық ;татулық)

-Бес оқу - құрал жабдықты тексеру

( дәптер,қалам,күнделік,түрлі-түсті қарындаш,оқулық)

Тыныштық сәті. «Дождь и скрипка »

«Су асты патшалығына саяхат»

Мұғалім:Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Толқынның жеңіл щалпылын, шағаланың шуылына құлақ түріңіз. Шалғайдан біз Дельфиннің сізге қарай жүзіп келе жатқанын көресіз. Ол сізді теңіз түбіне саяхаттауға алып кету үшін келді. Ол өте әдепті, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырып, мықтап ұстап жолға шығыңыз. Су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз. Түрлі-түрлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Олардың барлығы сізге таңырқай қарайды. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштықта. Осы тыныштық күйде болыңыз....... ал енді жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Су бетіне шығып Дельфинге ризашылығыңызды білдіріңіз.бірнеше секунттан соң көзіңізді ашыңыз, осы тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.


Үй тапсырмасын тексеру.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

54-55беттегі Ж.Дәуренбековтың « Сурет » әңгімесін оқып келу .

    1. Саматқа Азамат неліктен ренжіді деп ойлайсың-дар?

    2. Азаматтың ашуының басылуына не себеп болды?

    3. Сендердің ашуланған кездерің болады ма? Не себепті ашуландыңдар?

    4. Сол кезде қандай күйде болдыңдар?

    5. «Ашу-дұшпан,ақыл-дос» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

(оқушылардың жауаптары тыңдалады)

-Түйін:

Сабырлы,ақылды адам барлық уақытта шыдамдылық көрсетіп,өзін ұстай біледі. Ашулансаң өзіңді-өзің ұстай білу керексің,жақ-сы нәрсе туралы ойлау керексің.



Ескерту


Дәйексөз.Интербелсенді тақтаға жазып қоямын.

« Ақыл - адам көрігі,

Ақылдың сабыр серігі»

М.Әуезов

Барлығына бірге (хормен) айтқызу;

топтарға бөлек айтқызу;


-Мұхтар Әуезов кім?

- Қандай шығармаларын білесіңдер?


Дәйексөздің мағынасын ашу.

- Ақылды болу дегенді қалай түсінесіңдер?

Сабыр серігі дегенді түсіндіріңдер?

Адамға қандай жағдайларда сабыр керек?

Түйін:

Егер адамда сабыр болмаса, ол тез ашуланады. Ал адам ашуланған кезде асығыстыққа жол береді. Сондықтан ондай жағдайда ақылға салып, ашуға берілмей – сабыр сақтау керек .

Дәйексөзді дәптерге жазамыз.


Оқиғаларды әңгімелеу .Мұғалімнің сыйы.

« Өмірлік сый »

-Анасы:

Сендер тағы да ренжісіп қалғансыңдар ма,апалы-сіңілісіңдер ғой,бір-біріңе кешірімді болсаңдар қайтеді?

Әмина:

Мен тек үлкен болғандықтан ғана оны үнемі кешіре беруім керек пе?

Анасы:

Сенің ақылың бар ғой,мен әрқашан саған арқа сүй-еймін.

Әмина:

Оның мені тыңдағысы келмейді.

Жансая:

Әмина неге мені тәрбиелейді?Ол менің анам емес қой.Мен не себепті оны тыңдауым керек?

Анасы:

Әпкең немесе ағаң сен үшін өмірдің бағы жетпес сыйы,әрқашан бір-біріңе көмектесулерің керек.

Егер осы сыйдың құндылығын бағалай білмесең, күндердің күнінде оны жоғалтып алуың мүмкін.

Әмина:

Сыйдың осындай болғаны өкінішті-ақ?

Анасы:

Сіңіліңнің саған деген қарым-қатынасының осылай болатын себебі:сен онымен ойнамайсың, оған дұрыс көңіл бөлмейсің,ол соны армандайды.

Жансая:

Иә,мен үшін ең қызығы – әпкеммен ойнау.

Анасы:

Сендерге бір-біріңмен тату,бірлікте өмір сүру керек екендігін қалай түсіндірсем екен!?

Сұрақ-жауап:

-Апалы – сіңілілілер неге үнемі ренжісе береді?

-Әминанің бойында қандай қасиеттер көрінбеді?

(Өйткені оның бойында шыдамдылық, сабырлылық жоқ)


Түйін:

-Іс-әрекеттің байыбына бара алатын,ұстамды,

сабырлы,ақылды,жақсы мен жаманды айырып,әр іске дұрыс бағасын бере алатын адамды ақылды адам дейді.


Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

3 топқа бөлініп отырады.Ортаға шығып сахналай- ды

І топ

-Досың ашуланған кезде оған қандай ақыл айтар едің?

ІІ топ

-Өзің ашуланған немесе бір нәрсеге ренжіген кезде ата –анаңмен ой бөлісе аласың ба?

ІІІ топ

-Ашуланып тұрған адамды неге ұқсататындарың –ды жазыңдар.




Топпен ән айту.

«Жауқазын» әні




Үй тапсырмасы.

58-59 беттегі В.А.Сухомлинскидің

« Балалардың көз қуанышы » әңгімесін оқу, жоспар құру.



Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Ыңғайланып отырыңыздар, көздеріңізді жұмыңыздар. Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңді іштеріңнен қайталаңдар. «Мен сабырлымын, ақылдымын, еш нәрсеге ренжімеймін » деп қайталаңдар. Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңді ашуларыңа болады. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сабыр түбі - сары алтын 4 сынып

Автор: Садуова Мансия Темиргалиевна

Дата: 30.10.2017

Номер свидетельства: 435373

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) "?зін-?зі тану п?нінен "Сабыр т?бі-сары алтын" та?ырыбыны? жоспары "
    ["seo_title"] => string(66) "ozin-ozi-tanu-p-ninien-sabyr-tubi-sary-altyn-tak-yrybynyn-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "202973"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1429363893"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Д?ниетану 2 сынып"
    ["seo_title"] => string(18) "duniietanu-2-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "274094"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452333006"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Жала? ж?не жайылма с?йлем.4-сынып"
    ["seo_title"] => string(38) "zhalan-zh-nie-zhaiylma-soiliem-4-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "312194"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459317927"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "?зін-?зі тану п?нінен "Отбасы жарасты?ы"  саба?ы  5-сынып"
    ["seo_title"] => string(57) "ozin-ozi-tanu-p-ninien-otbasy-zharastyg-y-sabag-y-5-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "324225"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1462379657"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "?зін-?зі тану п?нінен "Ізгілікке бастар жол"  саба?ы  6-сынып"
    ["seo_title"] => string(62) "ozin-ozi-tanu-p-ninien-izghilikkie-bastar-zhol-sabag-y-6-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "324227"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1462379768"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства