kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Проекция

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  та?ырыбы: Проекциялау. Тік б?рыштап проекциялау.   

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: о?ушылар?а проекция ж?не тік б?рыштап проекциялау туралы жалпы т?сінік беру, бір н?рсені? ?ш проекциясын т?сіруді ?йрету.

Дамытушылы?:  ?з бетінше шы?армашылы? ізденіспен ж?мыс істей білуге, танымдылы? ?абілетін арттыру.

Т?рбиелік: о?ушыларды тазалы??а, ??ыптылы??а, ?з бетінше ж?мыс    жасау?а т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: Аралас  саба?.

П?н  аралы?  байланыс: сурет,геометрия.

Саба?ты? к?рнекілігі: кесте,карточка

К?тілетін н?тиже: Еркін  ж?мыс  істеуге  да?дылан?ан,саба? т?сілін жетік  ме?герген, досты?  ?арым – ?атынас?а  бейім,?ауіпсіздік  ережесін са?тай  білетін,  шебер  о?ушы ?алыптасады.

Саба?ты?  жоспары:

I.?йымдастыру  кезе?і

II. ?й  тапсырмасын  с?рау  

- С?ра?-жауап;

- Жатты?у ж?мысын тексеру;

III. Жа?а  саба?.

- Та?тамен ж?мыс.

- Машы?тану ж?мыстары  (де?гейлік тапсырмалар)

  IV.  Саба?ты  ?ортындылау.

   V. Саба?ты  бекіту.

  VI. О?ушы  білімін  ба?алау.

 VII. ?йге  тапсырма.

Саба?ты?  барысы :

І. ?йымдастыру  кезе?і.

ІІ. ?й  тапсырмасын  с?рау :

1. С?ра?-жауап

а) т?йіндесу дегеніміз не?

б) т?йіндесу н?ктесі дегеніміз не?

в) т?йіндесуді салу ?шін ?андай шарттарды орындау керек?

2.Жатты?у ж?мысын тексеру.

Жазы? тетікті? кескіні. (40-сурет ).

ІІІ. Жа?а  саба?.

1. Жа?а саба?ты т?сіндіру

2.Та?тамен ж?мыс

3.Машы?тану ж?мыстары (де?гейлік тапсырма беремін)

1-де?гейлік тапсырма: Геометриялы? денелерді? ?ш проекциясын т?р?ызу.

2-де?гейлік тапсырма: жатты?у?а арнал?ан тапсырма 93-сурет.Т?зуді,?шб?рышты, т?ртб?рышты ?зара перпендикуляр ?ш проекция жазы?ты?ына проекциялауды орында?дар (кітаппен ж?мыс).

3-де?гейлік тапсырма: карточкамен ж?мыс.                                               

IV.Саба?ты ?арытындылау.

V.Саба?ты бекіту.

а) Проекциялау дегеніміз не?.

б) Н?рсені ?ш проекция жазы?ты?ына проекциялау барысында алынатын проекциялар ?алай аталады?

VI.О?ушы білімін ба?алау.

VII.?йге тапсырма:

Жатты?у?а арнал?ан тапсырма: ?зара перпендикуляр ?ш проекция жазы?ты?ына проекциялау (92-сурет).

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Проекция»

Сабақтың тақырыбы: Өңдеу тақтайын дайындау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ағаш материалдарынан үй тұрмысында пайдаланатын бұйымдар жасауды үйрету. Жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білу.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық шеберлігін, еңбекке іскерлігін, икемділігін дамыту.

Тәрбиелік : Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пән аралық байланыс: Сызу,сурет,география, биология, физика.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайдтар,кесте,үлгі,карта.

Құрал-жабдықтар: Қол ара ,сүргі,сызғыш,қарындаш, тік бұрышты сызғыш, ф10 бұрғы,егеу,үлгі.

Күтілетін нәтиже: Еркін жұмыс істеуге дағдыланған,сабақ тәсілін жетік меңгерген, достық қарым – қатынасқа бейім ,қауіпсіздік ережесін сақтай білетін , шебер оқушы қалыптасады .

Сабақтың жоспары:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын сұрау

- Сұрақ – жауап әдісі;

- Бұйымды тексеру;

- Технологиялық картаны тексеру.

III. Жаңа сабақ .

- Cлайд арқылы жаңа сабақты түсіндіру;

- Сарамандық жұмыс.

IV. Сабақты қортындылау.

V. Сабақты бекіту.

VI. Оқушы білімін бағалау.

VII. Үйге тапсырма .

Сабақтың барысы :

І . Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ . Үй тапсырмасын сұрау :

  • Сұрау-жауап әдісі.

«Ғажайып қоржын» ойыны

(қоржындағы асықтардың нөміріне сәйкес сұрақтарға жауап беру)

а) симметриялық осьті не үшін жүргізеді?

б) асылма жақтауларын қалай анықтаймыз ?

в) асылма нұсқасын қандай құралмен қиып алады ?

г) тесікті қандай құралмен теседі ?

д) қабыршақтарды қандай құралмен алады ?

ж) қаңылтырмен жұмыс істегенде қандай техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек ?

- Бұйымды тексеру .

Қаңылтыр материалмен құлыптың ілмегін дайындап келу .

  • Технологиялық картаны тексеру .

Дайындаған құлыптың ілмегінің технологиялық картасын қағаз бетіне түсіру .

ІІІ . Жаңа сабақ .

  • Слайд арқылы жаңа сабақты түсіндіремін.

  • Сарамандық жұмыс.



Жұмысты атқару реттілігі

Эскиздер

Құралдар мен жабдықтар

1. Дайындаманы ұзындығы бойымен белгілеп алып, аралап кесу

Қол ара , аралауға арналған тірек .

2 . Қалыңдығы мен жиектерін өлшем бойынша сүргілеу

Сүргі , сызғыш , рейсмус .

3 . Тақтай жиектерін белгілеп сызу .

Сызғыш , қарындаш , тік бұрышты сызғыш

4 . Тақтай сабын аралап шығару ф 10 мм тесік тесу.

Қол ара , ф10 мм бұрғы .

5 . Тақтай сабын майдалап шабу және өлшем бойынша бақылау жүргізу .

Зімпара қағаз, сызғыш

6 . Өңдеу тақтайын бояу және лақтау арқылы сәндеп әсемдеу.

Қарындаш, қылқалам, майлы лак.

Өңдеу тақтайын дайындаудың технологиялық картасы .




ІV . Сабақты қортындылау .

V . Сабақты бекіту .

а) Өңдеу тақтайын дайындау үшін қандай материал керек ?

ә) Өңдеу тақтайын дайындау үшін қандай құрал –саймандар керек ?

б) Ағаш материалмен өңдегенде қандай техника қауіпсіздігін сақтау керек ?

в) Қазақстанның қай өңірлерінде орман-тоғайлар көп кездеседі?

VІ . Оқушы білімін бағалау .

VІІ . Үй тапсырмасы :

Тақтай бетіне эскиз суреттерін салып келу .

































Сызу 9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тіліктерді аксонометриялық проекцияларда салу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға тіліктерді аксонометриялық проекцияларда салу туралы жалпы түсінік бере отырып, тіліктің изометриялық және фронталь диметриялық проекциясын түсіруді үйрету .

Дамытушылық: өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс істей білуге, танымдылық қабілетін арттыру.

Тәрбиелік : оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пән аралық байланыс: сурет,геометрия .

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,кесте,карточка.

Күтілетін нәтиже: Еркін жұмыс істеуге дағдыланған,сабақ тәсілін жетік меңгерген, достық қарым – қатынасқа бейім ,қауіпсіздік ережесін сақтай білетін , шебер оқушы қалыптасады .

Сабақтың жоспары:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын сұрау

- Сұрақ-жауап;

- Жаттығу жұмысын тексеру;

III. Жаңа сабақ .

- Интерактивтітақтамен жұмыс.

- Машықтану жұмыстары (деңгейлік тапсырмалар)

IV. Сабақты қортындылау.

V. Сабақты бекіту.

VI. Оқушы білімін бағалау.

VII. Үйге тапсырма .


Сабақтың барысы :

І . Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ . Үй тапсырмасын сұрау :

1. Сұрақ-жауап

а) тілік дегеніміз не?

б) күрделі тілік дегеніміз не?

в) жергілікті тілік дегеніміз не?

г) қандай тілікті сатылы тілік дейді?

2.Жаттығу жұмысын тексеру.

Көрініс пен тілікті біріктіруді орындаңдар.Өлшемдерін келтіріңдер (171-сурет ә) ).

ІІІ . Жаңа сабақ .

1. Жаңа сабақты түсіндіру

2.Интерактивті тақтамен жұмыс

3.Машықтану жұмыстары (деңгейлік тапсырма беремін)

1-деңгейлік тапсырма: берілген бөлшек арқылы аксонометриялық проекцияда (изометриялық) тілікті тұрғызу.Бұл жұмыс интерактивті тақтада орындалады.

2-деңгейлік тапсырма: жаттығуға арналған тапсырма 174-сурет. Ойығы бар бөлшектің фронталь диметриялық проекцияда тілікті орындау (кітаппен жұмыс).

3-деңгейлік тапсырма: карточкада берілген изометриялық проекцияда тұрғызылған бөлшекті пішім қағазға түсіру.

IV.Сабақты қарытындылау.

V.Сабақты бекіту.

а) тіліктердің аксонометриялық проекцияларда пайдаланылуын түсіндіріп беріңдер.

б) аксонометриялық проекцияларда тіліктердің штрихталуы қалай түсіріледі?

VI.Оқушы білімін бағалау.

VII.Үйге тапсырма:

Жаттығуға арналған тапсырма 174-сурет. Ойығы бар аксонометриялық проекцияда тілікті орындау.
























Сызу 9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Проекциялау. Тік бұрыштап проекциялау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға проекция және тік бұрыштап проекциялау туралы жалпы түсінік беру, бір нәрсенің үш проекциясын түсіруді үйрету .

Дамытушылық: өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс істей білуге, танымдылық қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пән аралық байланыс: сурет,геометрия .

Сабақтың көрнекілігі: кесте,карточка

Күтілетін нәтиже: Еркін жұмыс істеуге дағдыланған,сабақ тәсілін жетік меңгерген, достық қарым – қатынасқа бейім ,қауіпсіздік ережесін сақтай білетін , шебер оқушы қалыптасады .

Сабақтың жоспары:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын сұрау

- Сұрақ-жауап;

- Жаттығу жұмысын тексеру;

III. Жаңа сабақ .

- Тақтамен жұмыс.

- Машықтану жұмыстары (деңгейлік тапсырмалар)

IV. Сабақты қортындылау.

V. Сабақты бекіту.

VI. Оқушы білімін бағалау.

VII. Үйге тапсырма .


Сабақтың барысы :

І . Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ . Үй тапсырмасын сұрау :

1. Сұрақ-жауап

а) түйіндесу дегеніміз не?

б) түйіндесу нүктесі дегеніміз не?

в) түйіндесуді салу үшін қандай шарттарды орындау керек?

2.Жаттығу жұмысын тексеру.

Жазық тетіктің кескіні. (40-сурет ).

ІІІ . Жаңа сабақ .

1. Жаңа сабақты түсіндіру

2.Тақтамен жұмыс

3.Машықтану жұмыстары (деңгейлік тапсырма беремін)

1-деңгейлік тапсырма: Геометриялық денелердің үш проекциясын тұрғызу.

2-деңгейлік тапсырма: жаттығуға арналған тапсырма 93-сурет.Түзуді,үшбұрышты, төртбұрышты өзара перпендикуляр үш проекция жазықтығына проекциялауды орындаңдар (кітаппен жұмыс).

3-деңгейлік тапсырма: карточкамен жұмыс.

IV.Сабақты қарытындылау.

V.Сабақты бекіту.

а) Проекциялау дегеніміз не?.

б) Нәрсені үш проекция жазықтығына проекциялау барысында алынатын проекциялар қалай аталады?

VI.Оқушы білімін бағалау.

VII.Үйге тапсырма:

Жаттығуға арналған тапсырма: Өзара перпендикуляр үш проекция жазықтығына проекциялау (92-сурет).
































Сызу 9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Аксонометриялық проекцияларды алу және оларды салу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға аксонометриялық проекция туралы мағлұмат беру және оларды салу жолдарымен таныстыру .

Дамытушылық: өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс істей білуге, танымдылық қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пән аралық байланыс: сурет,геометрия .

Сабақтың көрнекілігі: кесте,карточка

Күтілетін нәтиже: Еркін жұмыс істеуге дағдыланған,сабақ тәсілін жетік меңгерген, достық қарым – қатынасқа бейім ,қауіпсіздік ережесін сақтай білетін , шебер оқушы қалыптасады .

Сабақтың жоспары:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын сұрау

- Сұрақ-жауап;

- Жаттығу жұмысын тексеру;

III. Жаңа сабақ .

- Тақтамен жұмыс.

- Машықтану жұмыстары (деңгейлік тапсырмалар)

IV. Сабақты қортындылау.

V. Сабақты бекіту.

VI. Оқушы білімін бағалау.

VII. Үйге тапсырма .


Сабақтың барысы :

І . Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ . Үй тапсырмасын сұрау :

1. Сұрақ-жауап

а) проекция дегеніміз не?

б) тік бұрыштап проекциялау дегеніміз не?

в) фронталь,горизонталь,профиль проекцияларын қалай аламыз?

2.Жаттығу жұмысын тексеру.

Нәрсенің бір жазықтықта орындалған кескіні. (89-сурет ).

ІІІ . Жаңа сабақ .

1. Жаңа сабақты түсіндіру

2.Тақтамен жұмыс

3.Машықтану жұмыстары (деңгейлік тапсырма беремін)

1-деңгейлік тапсырма: Геометриялық денелердің үш проекциясын тұрғызу және аксонометриялық (фронталь диметриялық және изометриялық) проекциясын салу.

2-деңгейлік тапсырма: Берілген нәрсенің үш проекциясын тұрғызу.

3-деңгейлік тапсырма: Жаттығуға арналған тапсырма 93-сурет. (кітаппен жұмыс).

IV.Сабақты қарытындылау.

V.Сабақты бекіту.

а) Аксонометрия дегеніміз не?.

б) Фронталь диметриялық проекция дегеніміз не?

в) Изометриялық проекция дегеніміз не?

VI.Оқушы білімін бағалау.

VII.Үйге тапсырма:

Жаттығуға арналған тапсырма: Тетіктің сызбасы (100-сурет).










































Тест

1.Проекция деген сөз не мағынаны білдіреді?

а) алдыға лақтыру

б) артқа лақтыру

в) кері лақтыру

г) жанына лақтыру

2. Ф белгісі қандай жағдайда қойылады?

а) зат ұзындығына

б) шеңберге

в) шеңбер үлкен болғанда

г) шеңбер толық болғанда

3. V жазықтығына қай көрініс орналасқан?

а) алдыңғы көрініс

б) үстіңгі көрініс

в) сол жақ көрініс

г) жергілікті

4. H жазықтығына қай көрініс орналасқан?

а) алдыңғы көрініс

б) үстіңгі көрініс

в) сол жақ көрініс

г) жергілікті

5. W жазықтығына қай көрініс орналасқан?

а) алдыңғы көрініс

б) үстіңгі көрініс

в) сол жақ көрініс

г) жергілікті

6. Техникалық суреттің проекция кескінінен айырмашылығы кандай?

а) тез орындалады

б) проекциялау ережелерін сақтай отырып қолдан орындалады

в) негізгі сызғышпен орындалады

г) компьютерде орындалады

7.Фронталь диметриялық проекцияның у осінде өлшем қалай алынады?

а) екі есе үлкен

б) үш есе үлкен

в) екі есе кіші

г) төрт есе үлкен





8.Қайсы сурет қиғашбұрышты фронталь диметрияға сәйкес?



9 .Қайсы сурет изометрия проекциясына сәйкес?



10.Координаталар жазықтығында жатқан шеңбердің аксонометриялық кескіндері берілген. Қайсы суретте XOZ жазықтығында орналасқан шеңбердің тікбұрышты изометриядағы кескіні көрсетілген?















































Сабақтың тақырыбы: Ағаш  бұйымдарын көркемдеп өңдеу

Сабақтың мақсаты: оқушыларға ағашты көрмемдеп өңдеу әдістерін меңгерту үшін түрлі станоктардың жұмыс атқару операцияларымен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу;

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларға еңбек және эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс

сабақтың оқыту  әдісі: әңгімелесу, сарамандық және өз бетімен жұмыс істеу.

Көрнекілік: пышақ, сызғыш, қалам

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын сұрау

Ағаш өңдеуде біздің қазақ халқы алдына жан салдырмайтын, ағаштан түйін түйетін халық. Қасиетті саналатын ұлттық  бұйымдарымыздың жасалу технологиясы мен олардың әшекейленуі эстетикалық тұрғыдан алғанда басқа халықтардан кем түспейді.

Ағашты көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің  нәтижелі болуына септігін тигізеді. Мысалы: СТД-120М станогымен жұмыс жасауға қатты ағаш түрлері дұрыс. Сондықтан жасалатын бұйым түріне қарай ағаштың механикалық, физикалық жағдайларын білу керек.Жұмысқа бұтақсыз ағаш түрлерін таңдап, қажетті өлшемін кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді.

Өрнек дегеніміз- кез келген бұйымдардың сыртына түсіріленетін біртұтас байланысты әшекей.

Ал, ою дегеніміз- бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары.

Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады.

1. Бұйымның негізін талаптарға сай тазалау

2. Бұйымның барлық бөліктеріне өрнекті жоспарлау, үлгісін жасау

3. Өрнекті кесу

4. Бұйымдарды бояу, оған әр беру, лактау.

Сергіту сәті: Сөзжұмбақ

1. Ағаштың қасиетті

2. Ағаш құрылысы

3. Ағаш бөлігі

4. Қолмен салынған зат бейнесі

5. Киіз үй сүйегін жасаушы шебер қолөнерші

"АҒАШ" жасырын сөз

1.нанда бар.                           3.Санда бар

Нәнде жоқ.                                Сәнде жоқ

2.Ғасырда бар                       4. Қашта бар,

Асырда жоқ.                             қаста жоқ.

Сарамандақ жұмыс:

Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу үшін композициялық пішін арқылы жаттығып көреміз.

Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Жұмысқа дейін:

1.Жұмыс киімін ки

2.Жұмысқа қажетті құрал саймандарынды түгендеп, мұқияттексер

3.Жұмыс орынды,саймандарынды ережеге сай орналастыр

4.Жұмыс орында артық ешнәрсе тұрмасын.

Жұмыс кезінде:

1.Дайындаманы верстаққа мықтап бекіт

2.Әр амалды өзіне тиісті  сайманмен атқар. Саймандарың қайралған , әрі тұтқасы жарылмаған болсын.

3.Нұсқау карта бойынша әр амалды өзіне тиісті құралдарды пайдаланып атқар.

4.Жұмыс орынды әрдайым тазалап отыр

5.Жұмыс кезінде аландама

6.Құрал-сайманыңбүлінсе, міндетті түрде ауыстырып ал.

Жұмыстан кейін:

1Жасап жатқан бұйымынды, материалдарды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр

2.Жұмыс орынды ретке келтір. Қолмен сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды.

3.Өзіңді ретке келтір

4.Шеберханадан мұғалімнің рұқсатымен шық.

Ағаш өңдейтін  токарь станогымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

Жұмыс кезіндегі қауіп түрлері:

1. Жанқаның ұшуынан көз жарақаты.

2. Айналу бөліктеріне жанасудан қол жарақаты

3.Дұрыс пайдаланбудан қол жарақаты

4.Дайындаманы станокқа дұрыс бекітпеуден немесе дайындаманың сапасыздығынан дене жарақаты болуы мүмкін, сондықтан жұмысқа дейін:

1.Жұмыс киімінді дұрыс киін;

2.Станокты тексер

3.Жұмыс орнында артық ешнәрсе тұрмасын

4.Дайындаманы мұқият тексеріп, станокқа дұрыс бекіт

5.Кескіш треуіштің  биіктігін дайындаманың орталық сызығына дәл келіп, ара қашықтығы 2-3 мм болсын;

6.Жүзін тексер

7.Станокті бос айналдырып  тексеріп көр

8.Көзге көзәйнек ки.

Жұмыс кезінде:

1.Кесу жұмысын станок толық күшімен айналған соң баста

2.Пышақты, Кескішті дайындамаға күш түсірмей аздап тос;

3.Кескішті треуішпен дайындаманың арасын қалыпты жағдайға келтіріп отыр 2-3 мм.

4.Жарақат алмау үшін:

Станокқа қатты басты еңкейтпе;

Станок үстінен алыс- беріс жасама

Өлшеу жұмыстарын станок толық тоқтаған соң орында

Қолыңмен тоқтатушы болма

Жұмыс істеп тұрған станокты тастап кетпе

Жұмыстан кейін:

1.Жұмыс орынды ретке келтір

2.Станокты тазалап мұғалімге тапсыр

3.Өзінді ретке келтір

Бекіту

Бағалау

Үйге тапсырма беру









































Сабақ тақырыбы: Бұрғылау білдектері
Мақсаты: Оқушыларға а) 2М112 бірайналдырықты вертикальды үстелдік бұрғылағыш
білдек құрылысы мен және жұмыс істеу принципімен таныстыру.
б) Қол бұрғылары коловорот, бұрамалы дрель, электр дрелі, қолдану әдістері мен
құрылысын түсіндіру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ой қозғау, диалогтық.
Құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта, қол бұрғы, коловорот, электр дрелі.
плакат, маркер
І. Кіріспе:
А) Сәлемдесу, түгелдеу, түрлі - түсі қима қағаздар тарату арқылы 3 - топқа бөлу.
Б) Өткен сабақты қайталау.
1. Бұрғылау дегеніміз не?
2. Пішіні бойынша цилиндрлік тесік нешеге бөлінеді?
3. Тесіктер нешеге бөлінеді?
4. Бұрғылауда салыстырмалы түрде кең таралған құралды ата?
5. Шиыршықты бұрғының бөліктері мен элементтерін түсіндір? (18 - сурет)
6. Бұрғы қандай материалдан жасалады?
Бекіту: «Ыстық орындық» әдісі.
ІІ. Жаңа тақырып.
Интерактивті тақтадан 2М112 бір айналдырықты вертикальды үстелдік бұрғылау білдегін көрсету. (19 сурет)
Суретте не көріп тұрмыз? ( бұрғылау білдегі)
Бүгінгі сабақ тақырыбы «Бұрғылау білдегі».
1. Бұл үстелдік бұрғылау білдегін неліктен бір айналдырықты деп атайды?
2. Неліктен вертикальді деп атайды?
3. Бұрғылау білдегін қандай мақсатта пайдаланады?
4. Бұрғылау қандай тәсілдермен атқарылады?

ІІІ. Негізгі бөлім:
І - тапсырма
Топтарға тапсырма. Құпия сандар. (3 топ үш санды таңдайды)
1 саны - 19 сурет
2 саны - 20 сурет
3 саны - 21 сурет бойынша түсініктерін айту, қорғау.
( уақыт сақшысын белгілеу)
ІІ - тапсырма
Бұрғылау құрылғыларының
құрылысын, жұмыс істеу принципін түсіндіру.
1 сан - коловорот
2 сан - электр дрель
3 сан - қол дрель
ІІІ - тапсырма
ШРИФТОГРАММА
Берілген атауларды біріктіріп сабағымызға байланысты сөздерді құрастырамыз.

1. ОТР+ово+лок
2. Жек + еніс
3. ықр+ыд+алн+йа
4. Елб + ікд

1. Ель + др + олқ
2. Екл + діб
3. Ретк + лэ + шқыт + лағ+қоз
4. Ұғ + ырт

1. терк+лэ+редль
2. ры+ғұб
3. ішгет+етр
4. иф+кш
ІҮ. Қорытынды
Ой қорыту.
Рефлексия не білдім? не үйрендім? Түсінбеген тұстарым, не маңызды болды?
Ү. Бағалау. Формативті түрде. Өз - өздерін бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Ізденіс. Бұрғылау білдектерінің заманауи жетілдірілген түрлерін анықтап келу

Тақырыбы: Ағаш мүкістерімен танысу
Сыныбы: 5
І. Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды арамен, қысқышпен жұмыс жасауға, ағаш мүкістерін ажырата білуді үйрену, оның жасалатын бұйымға әсерін анықтап білуі.
Білімділік: Ағаш мүкістерін, түрлерін білуі, одан арылудың жолдарын техникасын меңгеруі.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту, алған білімін іс жүзінде пайдалануға ықпал ету
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, іскерлікке, сақтыққа, еңбексүйгіштікке, әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс
Сабақтың әдісі: ұжымдық, сарамандық, шығармашылық
Пәнаралық байланыс: биология, химия, сызу, физика
Сабақтың құрал – жабдығы: мүкісі бар ағаштар, сызғыш, қарындаш, жұмыс орны, ара
Сабақтың көрнекілігі: мақал – мәтел жазылған көркемдіктер, мүкісі бар ағаштар, плакаттар, ара т. б. құралдар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылардың сыныпқа кіруі
• Сәлемдесуі
• Түгендеу
• Сабаққа дайындығын бақылау
• Сыныптағы жұмысты тапсыру
• Екі топқа бөліп отырғызу
2. Өткен сабаққа қорытынды: Тест сұрақтарын тапсырып, пысықтау.
1. Шығармашылық жоба деген не?
А – сарамандық. Б – өзіндік. С – практикалық
2. Жобаға экономикалық және экологиялық жағы есептеле ме?
А – есептеледі Б – есептелмейді С – белгісіз
3. Бұйымның жарнамалық жобасы деген не?
А – артықшылығы Б – кемшілігі С – бағасы
4. Ағаш күрек материалы
А – металл Б – пластик С – ағаш
5. Ағаш күрекке қаңылтыр керек пе?
А – керек емес Б – керек С – белгісіз
6. Сызбасы қанша көріністе сызылады?
А – 3 Б – 4 С – 5
7. Жұмыс орны қалай аталады?
А – стол Б – станок С – верстак
8. Верстактағы қысқышқа не қысыады?
А – ағаш Б – құрал С – ара
Жауаптары:
1 – Б, 2 – А, 3 – С, 4 – С, 5 – Б, 6 – А, 7 – С, 8 - А

3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Әр түрлі бұйым жасауға арналған ағаштарды дұрыс таңдау үшін алдымен олардың мүкістерін біліп алып, оны жою жолдарын қарастыру керек.
Ағаш мүкісі деп – оның піішінінің, сыртқы түрінің, ортасының бұзылуын немесе ауытқуын айтамыз. Ол ағаштың ескіруінен немесе оған әсер ететін климаттың әсер ететін климаттың әсерінен болуы мүмкін. Ағаштың мүкістері оның сапасын, өңдеу қасиетін төмендетеді.
Ағаш мүкістеріне мыналар жатады: көз, қиғаш қабат, қос өзек, сызат, шайыр қалталар, қуыс, шірік, құрттану т. б.
Аталған мүкістердің кейбіреулеріне сипаттама бере кетейік. Қиғаш қабат деп ағаш талшығының бұрама түрде орналасуын айтады. Ондай ағаштарды кептіргенде олар ісініп кетеді, қисайып майысады. Мұндай ағаштарды аралап кесу де, оны өңдеу де қиынға соғады.
Ағаш қуысы әр түрлі бактериялар мен саңырауқұлақтардың әсерінен пайда болады, олар жара секілді ағаш діңінің бас жағында кездеседі.
Қылқан жапырақты ағаштардың мүкістері шайырланып кетеді. Мұндай ағаштар морт сынғыш келеді.
Шірік те саңырауқұлақтың әсерінен пайда болады
Құрттану әр түрлі құрт құмырсқалар мен қоңыздардың ағашты жеуінен туындайды. Әсіресе ағаш тамырлары құрттанады. Ол ағаштың діңінде, оның қабығы астында немесе ішкі қабатында да кездеседі.

Сарамандық жұмыс 1
1. Қауіпсіздік ережелерін сақтау
2. Ағаш мүкістерімен танысу.
• Екі топқа екі түрлі ағаш мүкістерін беру.
• Мүкіспен танысу, атын айту.
3. Оқушылар оларды талдап, сипаттайды, және қорғайды.
• Оларды ажырата білу
• Пайда болу жолдарын айту
4. Дәптерге ағаш мүкістерін жазып, оларға сипаттама беру.
• 55, 56, 57, 58 суреттер бойынша аттарын және пайда болу жолдарын айтып өту.
• Мүкісті ағаштың пайдаға асуы.
5. Ағаш мүкістерінің сипаттамасын кесте түрінде бер!

Сарамандық жұмыс 2
1. Қауіпсіздік ережелерін сақтау
• Сыммен жұмыс кезінде қолды жарақаттан сақтау
• Сымды ию кезінде сақтанып жұмыс жасау.
• Сым темірмен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздікті сақтау.

3. Сым темірден ою - өрнек жасаудан жарыс
• Сымды түзету
• Қағазға карандашпен ою - өрнек салу
• Қағаз бетіндегі ою арқылы сымды майыстырып ою жасау
• Тексеріп, өлшеу, салыстыру
4. Жұмысты бағалау
• Қағаздағы оюды салыстырып бағалау
• Сыммен жасалған оюды бағалау

Сарамандық жұмыс 3
1. Мақал мәтелден жарыс.
• Еңбек туралы мақал мәтелдерден жарыс
• Өнер туралы мақал мәтелдерден жарыс.
• Ұсталық, шеберлік туралы мәтелдерден жарыс

1. Бекіту сұрақтары:
1 – топқа Мүкіс дегеніміз не?
2 – топқа Қандай түрлері бар?

1 – топқа Қиғаш қабат қандай мүкіс?
2 – топқа Қос өзек қандай мүкіс?

1 – топқа Шірік ше?
2 – топқа Мүкісті ағаш пайдаға аса ма?

Ұстаздан үлгі алған ұста болар,
Ұсатаз сөзі – шәкіртке нұсқа болар.
Асыл сөзін ұғынып, алған шәкірт,
Екі айтқызбай есіне ұстап алар.
2. Оқушыларды бағалау парақшасы бойынша бір – бірін бағалау
• Бағалау парақшасын таратып беру
• Бір - бірін бағалау
3. Үйге тапсырма беру





































Тақырыбы:
Сым темір мен қаңылтырдан бұйымдар жасау
Мақсаттары:
1. Оқушыларға іс жүзінде сымнан жасалатын бұйымдарды июді, бұйымдарды, бұйымдардың материалдарын, оны жасау құралдарын білу,. сақтық шараларын ескеруі.
2. Ойлау, өлшеу, елестету, сақтану, ұлттық ою - өрнектерді сымнан жасай білу, ізденімпаздық, шығармащылдық қабілеттерін дамыту.
3. Ұқыптылыққа, сақтыққа, тазалыққа, әсемдікке, батыл жылдам жұмыс жасауға, еңбекке тәрбиелеу.
Керекті материалдар: оқулық, жұмыс дәптері, металл сымдар диаметрі 2 - 5 мм, алюмен, мыс сымдар, шаблондар.
Құралдар: Мыс, алюмен сымдар, сызғыш, кескіш қайшы,
Сабақ түрі: интеграциялық, сарамандық жұмыс сабағы.
Әдісі: сарамандық жұмыс, ойын - жарыс сабақ.
Көрнекілігі:Мультимедиялық суреттер бұйымдар, слайд - сызбалар, әр оқушыға технологиялық карта, мақал - мәтелдер, жасалған бұйымдар.
Сабақ барысы:
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин.
2. Өткен сбаққа қорытынды – 3 мин.
3. Жаңа сабаққа түсінік беру – 5 мин.
4. 1 - ші сарамандық жұмыс – 5 мин
5. 2 - ші сарамандық жұмыс – 5 мин.
6. 3 - ші сарамандық жұмыс – 5мин
7. Бекіту сұрақтары – 3мин
8. Тапсырма – 2мин
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушыларды кабинетке енгізу
2. Сәлемдесу
3. Түгендеу
4. Фартук форма кию
5. Сабаққа дайындығығын тексеру
6. Кабинеттегі жұмысты реттеу
7. Екі бригадаға бөліп отырғызу.
8. Бригадаларға ат қою. «Іскерлер» және
«Шеберлер»
ІІ. Өткен сабаққа қорытынды:
Сұрақтар қою
1. металл негізгі түрлері? 2 - түрі: қара, түсті
2. қара металға жататындар болат, шойын
3. түсті металғы жататындар алюмен, мыс, қола, т. б.
4. металды түзетуді қалай жасаймыз? балғамен соғу арқылы
5. металды қалай иеміз? Арнайы құралдармен
6. керекті құралдарды ата? Балға, қысқыш, төс - плита т. Б.
7. металмен жұмыс кезіндегі сақтық шаралар

III. Жаңа сабақ:
1. Сым темірлермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау
2. Екі бригада жарыса отырып, үш срамандық жұмыс жасаймыз
3. 1 - ші алюмен сымнан ұлттық ою - өрнектер жасау, оған түсінік беру.
4. 2 - ші мыс жез сымнан адамның іс - қималдағы фигурасын жасау. Оған түсінік беру
5. 3 - ші дайын қаңылтыр жазбасынан, картон қағаздан геометриялық дене жасау оған түсінік беру.
6. Қорытынды, бағалау
1 - ші Сарамандық жұмыс.
«Алюмен сымнан ұлттық оюлар жасау»
Оқушыларға сарамандық жұмыс барысын түсіндіру.
1. Тақтадағы сызба бойынша, немесе алдарыңдағы технологиялық карта бойынша өлшеп, салу жұмыстарын жасау.
2. Белгіленген нүктелерді қосып, бізбен сызу жұмыстарын жасау.
3. Кескіш құралдарымен кесетін жерлерді кесу жұмыстарын орындау.
4. Алдарыңдағы ою - өрнектерге қарап, ию жұмыстарын жасау. Ол үшін:
5. Ою - өрнек бойынша кесілген сымның бір шетін өлшем бойынша сызба үстіне қойып, ию жұмыстарын жасау керек.
6. Келесі шетін де дәл солай етіп, ию жұмыстарын орындау.
7. Сызбаға қарап, қайта - қата өлшеп түзетіп отыру қажет.
8. Сарамандық жұмысқа кірісу. Екі бригадаға бірдей жұмысты тапсыру. 3 – минут уақыт беріледі.
9. Жұмыс барысын бақылап, тексеріп отыру.
10. Қателерін ескертіп, хабарлап отыру. Дұрыстарын мақтап, үлгі ретінде көрсту.
11. Жұмыс соңында уақыт өте келе жұмысты жинап, қай бригада жұмысты дұрыс әрі әдемі орындады? Соны ескеру және бағалау.

2 – ші Сарамандық жұмыс:
«Сым темірден силует немесе адам фигурасын жасау»
1. Оқушыларға, екі бригадаға 30 – 40 сантиметрлік алюминий сымдар таратып беру.
2. Осы сымдардан адам силуетін немесе адамның іс қимылдағы әрекетін қолмен орындау, яғни адам фигурасын жасау.
3. Тақтаға мысал суреттер ілінеді. Уақыт 3 – минут беріледі. Екі топқа да бірдей тапсырылады.
4. Жұмысқа кірісу.
5. Жұмыс барысында бақылау, ескерту.
6. Қай бригада бірінші, әдемі, әрі тез жасады.
7. Және жеке оқушыларды бағалау.

3 – ші Сарамандық жұмыс:
«Қаңылтырдан немесе қағаздан геометриялық дене жасау»
1. Бұл жұмыста әр бригада оқушылары тапсырылған қаңылтырдан немесе картон қағаздан алып, геометриялық дене жасауға дайындау.
2. Геометриялық денені әдемі етіп жасап, оны әдемі көркемдеу арқылы бағаланатынын балаларға ескерту.
3. Геометриялық денені жасауға 3 - минут уақыт беріледі.
4. Жұмысқа кірісіңдер.
5. Әр бригададағы жұмыс барысын бақылау, ескерту.
6. Геометриялық дененің жасалуын әдемілігін есекріп, оны бағалау, қай бригада жақсы жасады.

IV. Қорытынды бағалау.
Қорытынды, бекіту
тест сұрақтары:
1. Металдың қандай түрлері бар?
А – ақ, қара. В – қара, түсті. С – көк, түсті.
2. Қара металға не жатады?
А – шойын. В – мыс. С – алюминий
3. Түсті металға не жатады?
А – болат. В – мыс. С – алюминий
4. Алюминий қандай металл?
А – қара. В – ақ. С – түсті
5. Алюминийден не жасадық?
А – сурет. В – силует. С – мүсін
6. Ою - өрнекті қандай металдан жасадық?
А – мыс. В – мырыш. С – алюмен
7. Қағаздан не жасадық?
А – геом. дене. В – ұшақ. С – қайық.

1 – В 1 – 3 сұрақ 3
2 – А 4 – 5 сұрақ 4
3 – С 6 – 7 сұрақ 5
4 – С
5 – В
6 – С
7 – А

Үй тапсырмасы
1 - ші Сар. жұм.
2 - ші Сар. Жұм.
3 - ші Сар. Жұм.
Тест Балы Бағасы

V. Үйге тапсырма
Тест сұрақтары:
2. Металдың қандай түрлері бар?
А – ақ, қара. В – қара, түсті. С – көк, түсті.
2. Қара металға не жатады?
А – шойын. В – мыс. С – алюминий
3. Түсті металға не жатады?
А – болат. В – шойын. С – алюминий
4. Мыс қандай металл?
А – қара. В – ақ. С – түсті
5. Мыстан, жезден не жасадық?
А – сурет. В – силует. С – мүсін
6. Ою - өрнекті қандай металдан жасадық?
А – мыс. В – мырыш. С – алюмен
7. Қағаздан не жасадық?
А – геом. дене. В – ұшақ. С – қайық
Тест жауаптары:
1 – В, 2 – А, 3 – С, 4 – С, 5 – В, 6 – С, 7 – А
1 – 3 сұрақ «3»
4 – 5 сұрақ «4»
6 – 7 сұрақ «5»











































Сабақ тақырыбы: Материалға белгі, бейне салудың әдісі.
Сарамандық жұмыс
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға металдың бетіне сурет және белгі салу технологиясы жайында мағұлмат беру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Металдың бетіне сурет және белгі салуда оқушылардың ептілігі мен алғашқы дағдысын қалыптастыру.
Көрнекілігі: Әр түрлі деңгейде жасалған жұмыстар, фото - буклет
Сабақ түрі: Топтық жұмыс, лекция, сарамандық
Әдіс - тәсілі: Баяндау, түсіндіру, жұмыс жасау.
Пән аралық байланысы: Тарих, сызу, сурет.
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі -
а). оқушыларды түгендеу -
ә) сабаққа әзірліктерін тексеру -
б) жұмыс орнын ұйымдастыру -
2. Жаңа сабақ
3. Сарамандық жұмыс
4. Үй тапсырмасын тексеру
5. Үйге тапсырма
6. Қорытындылау
2. Жаңа сабақ: Материалға белгі, бейне салудың әдісі

Белгі түсіру - деп арнаулы өлшемнің, сызбаның, өрнектің немесе бұйымның, тіпті суреттің бейнесін металдың бетіне түсіруді айтамыз
Белгілеу сызығы - негізгі, бақылаушы және көмекші болып бөлінеді. Негізгі - деп арнаулы бұйым сызбасының шекара сызығын, өңделуін белгілейді.
Бақылаушы - деп негізгі сызықтың жанынан артықтау алынып қатар жүргізілген сызықты айтамыз.
Көмекші - тең бөліктегі симметриялы бөліктерді, ортаны және шеңбердің, радиустың ортасын анықтауға, т. б қолданылады.
Темірге сызу кезінде оны бізбен тырнау арқылы белгі түсіреміз немесе түсті металға карандашпен түсіреміз.
Бұйымның өлшемі темірге үш түрде түсіріледі. Олар – түзу белгіде, бір жазықтықтағы белгіде және кеңістіктегі белгіде.
Түзу белгідегі әдіс бір өлшемдегі тұтас темір бөлігін алу (мысалы сым темір, т. б.) қолданылады.
Бір жазықтықтағы әдіс белгілі бір бұйымның жалпы көлемін қамти отыра қолданылады.

Кеңістіктегі белгі кез келген бұйымның, өрнектің т. б. бейнесі металға түсірілген әдісі.
Темір бұйымының өлшемін немесе белгілі бір бейнені түсіру үшін бізде басқа арнаулы құралдар қолданылады
Олар: темір сызғыш, бұрыштама, біздер, арнаулы өлшеуіш аспаптар түрлері, арнаулы шеңбер сызғышы, т. б
Арнаулы біздер темірге белгілі бір бұйымның белгілі өлшемін немесе өрнектің бейнесін түсіруге арналады.
Өндірісте үш түрі кең көлемде қолданылады, олар 1 - алға домалақтанған басы үшкір қатты сым темірден жасалынған түрі; 2 - басы үшкір, аяғы қайырылған, арнаулы тұтқалы; 3 - ауыстырмалы инелі біз.
Қарапайым түртпе – бұл ұзындығы 100, 125 немесе 160 мм - лік, көлемі 8, 10, 12 мм - лік домалақ пішінді басы үшкірленген болат темір. Оның ұратын басы жіңішкеріп доғал келеді. Түртпенің ұшы жалпы 60 градуста өңделеді. Өте дәлдікті қажет ететін түртпе 30 - 45 градус шамасындағы түртпе, ал шеңбер тесілетін орынды белгілеу - 75 градус бұрыштағы түртпе қолданылады.

3. Сарамандық жұмыс

Дайындаманы тік бұрыштап сызу

Дайындамаға кернегіштің және өлшегіш циркульдің көмегімен белгі салу.

4. Үй тапсырмасын тексеру
1. Сараптау, талдау жасау.
Босату мен жасытудың айырмашылығы неде?
2. Бағалау
5. Үйге тапсырма
Темір өңдеудегі, өрнек түсірудегі құрал - саймандарды түрлерін, атқаратын
қызметтерін, қасиетін игере біліңдер?
6. Қорытындылауға арналған сұрақтар:
1. Материалға белгі түсірудің технологиясына мінездеме беріңдер?
2. Темір өңдеуде белгі, өрнек, өлшемдерді, т. б түсірудің маңызына, қолданылатын құрал - саймандарына сипаттама беріңдер?

























Сабақ тақырыбы: Тері өңдеу. «тері бояу»
Сабақ мақсаты: 1. Оқушыларға тері өңдеу технологиясын үйретіп оны қарапайым
жолдармен өңдей білуге, қандай пайдасы бар екенін үйрету.
2. Тері бояу тәсілдерін, бояу түрлерімен таныстырып еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Теріден жасалған бұйымдар суреті. Арқақап жасаудың нұсқау картасы.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Жаңа тақырып
3. Қорытындылау
4. Үйге тапсырма.
Жаңа тақырып мазмұны.
Тері бояудың екі түрлі мақсаты бар:
1. Теріге өң беру.
2. Теріні не ғұрлым су өтпейтін етіп шыйыршықтау:
Тері бояудың ең көп тараған әдісі – ағаштың қабығына салып бояу. Бұған талдың, теректің, еменнің қабықтары қолайлы, сондай - ақ жер қынасын, томарбояудың, шөп тамырын, шеңгелдің, көк теректің бүрлері де кеңінен пайдаланылады. Майлы теректердің майын сорғыту үшін оған қышқыл аралас кебектен жасалған ашытқыны салып кептіреді. Оны халық тілінде «былжыр» дейді. Кейде қызыл кірпіштің ұнтағын салып, бүктеп тастаса да жеткілікті.

Теріні кейде талдың, еменнің, қара мойылдың, кейде май қарағайдың қабықтарымен бояйды. Оларды көбінесе күздігүні әзірлейді. Тік тұрған ағаштың қабығын сыдыру ағашқа үлкен зиян келтіреді. Сондықтан бояуға алынатын қабықты көбінесе кесілген, қураған ағаштардан жинайды. Жиналған қабықты жылы сумен жуып, кепкен соң, темір келіге салып түйеді немесе қол диірменге салып тартады. 11 - 12 қой терісінен тігетін үлкен тонды бояу үшін осындай ұнтақталған 4 - 4, 5 кг қабықты 1, 5 - 2 шелек суға салып, тұзын татып қайнатады. Қайнау мен суалдырудың мезгілін қайнап шыққан қабық бояуының түсіне және қоюлығына қарай белгілейді. Су аз құйылғандықтан, бояу шықпай, қабықтар құрғап бара жатса, үстіне су құяды. Ал, керісінше, суы көп құйылған бояулар сұйық болса, үстіне қабық қосылады.

Талаптарға сай орындалған жұмыстың бояуы шығып, қайнауы қанғаннан кейін ыдыстағы қабықтарды сүзіп алып тастайды. Қайнатылған бояу қанжылым болып суыған соң, теріні бояуға қолданады. Егер ыстық бояуды теріге қолданса, оны пісіріп жіберуі мүмкін. Бояуды теріге қылқаламмен немесе кіршіксіз таза киіз бөлігінің көмегімен жағады. Тері бояуды өз бойына бірқалыпты сіңіру үшін оның өңін ішіне қаратып бүктеп, 2 - 3 сағат кептіреді. Бүктелуі жатып дегдіген теріні желге, көлеңкеге, ыстық үйге жайып кептіреді. Теріні кептіру кезінде ол жиырылып, тырысып қалмау үшін тобарси бастаған соң, қолмен уқалап созғылайды.

Теріні бояудың екінші түрі – томарбояу. Ащылауытқа шығатын қурай тектес өсімдіктің басы дәнге толған кезде ақ үрпіктенеді, жапырақтары сарғайып, қурайдың түбі қызарады. Шамамен алғанда, бұл шілденің аяғы - тамыздың басы. Осындай кезде қурайдың түбірін қазып алады да, оны мұқият жуып, жоғарыда айтылған технология бойынша арналуы ыдысқа салып қайнатады. Бояуы шыққаннан кейін теріге қолданады.

Теріні қынамен де бояйды. Қына – жерге жабыса өсетін өсімдік. Мұны да күздігүні дайындайды. Оны жинап әкелісімен, топырақтан, басқа шөп – шаламнан тазартып, жылы сумен мұқият жуып алады да, қайнату арқылы бояуын шығарады. 10 - 15 қойдың терісін бояу үшін 2 шелек бояу алатындай есеппен қайнату керек. Қынаның басытқысына тұз, ашудас немесе мүсәтір қосып, аздап май құяды. Кейде көк тікеннің, қызыл мойылдың бастарын өнеркәсіптік бояумен араластырып, қына бояуын күрең қызыл етіп, түсін ашады. Қына бояуы жүн жіптерге, теріге жақсы жұғады. Осы әдіспен боялған теріден неше түрлі бұйымдарды әрлеп құрастырып, тігіп алады. Қоржым, тоқым немесе етік т. б. тері бұйымдарын қосымша оюдың үстінен тігу арқылы әрлейді. Мысалы, қара қоңыр түспен боялған теріге ақшыл сары теріден әзірленген өрнек бөлігін жамау арқылы тіксе, текемет, сырмақ тәріздес әдемі өң береді. Осы әдіспен боялған теріден сәнді киім, тұтынуға қолайлы түрлі мүліктер жасалады. Соның ішінде әсіресе төрт түлік малдың терілерінен көптеген сыйлық бұйымдары дайындалады.

Сабақты қорытындылау: 1. Тері өңдеу үшін ағаш түрлерін пайдаланады екенбіз?
2. Терінің қандай қасиеттерін біліп түсіндік?
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Тері өңдеу, тері бояу технологиясын оқып келу.
Теріден сыйлық бұйым жасау технологиясы
Малшыларға малдың жүнінен, терісінен жасалатын үй мүліктері мен киім – кешектер қандай қажет болса, ат саймандары – ер – тұрман, қайыс, таспалар да сондай қажет. Бұл бұйымдыларды ауылдық жерлерде мал бағатын ұжымдарда осы күнге дейін қолданады. Жүнген, айыл – тұрман, құлақбау, шілия мен делбе, қамшы мен қайыс т. б. әлі де тұтынудан қалған жоқ. Қайыс өрудің бірнеше өрнекті түрлері мен атаулары бар. Олар төрт таспадан өру, түйемұрындық, өткерме, тастүйін т. б. Жүген, ноқта, делбе, шілияларды өру әдісімен жасайды.
Қолөнерде таспа өрудің сан алуан түрлері кездеседі. Оның үш таспа, төрт таспа, бестемше, алты таспа, бұзау тіс дырау, жыланбауыр, қос бұрым, сегіз қырлы, егеуқұйрық, айыл жырым өрімі, қабырға, таңдай, жиырма төрт таспа т. б. қайыс өнерінде кеңінен қолданылады. Өрімдер 3, 4, 5, 6, 7, 12, 24, 36,..... 83 - ке дейін, кейде одан да көп таспадан өріледі. Өрім өрнектері сан алуан. Кейде құйысқан шілиялардың үстіңгі бетін төрт бұрым, алты бұрым, астын біртұтас «жыланбауыр» етіп жасайды. Ал ішіне өзек салып, алақанын тоқыма өріммен жалпақтап келтірген дойыр, дырау, бұзау тіс қамшылар өте әдемі келеді. Осыншама көп таспалы өрімдердің ұштары жай байлана салмайды. Олар әр түрлі мәнермен түйіліп, шашақталады.

Сыйға беретін әрі киелі бұйымның бірі – қамшы. Ол төрт, алты, сегіз, он, он екі және одан да көп түрде өріліп, әшекейленіп жасалады. Қанша өріммен өрілетіні белгіленгеннен кейін, қайыстан тиісті өрімнің талшықтарын арнаулы пышақпен немесе ұстарамен кесіп алады. Алты өрімнің қайысын біркелкі етіп кесіп алғаннан кейін, оның қалыңдығы да біркелкі болады, жуан жерлерін тегістеп, қырларын өңдегеннен кейін өруге кіріседі. Әр өрімнің өзіндік құпиялары бар. Барлық өрімдердің негізін үш өрімнен байқауға болады. Бұл өрім өте кең қолданылады. Өрілген қамшы сабын мүмкіндігінше тобылғыдан таңдаған дұрыс, егер ол болмаса, шамшат немесе емен т. б. қызыл ағаштардан СТД - 120 М ағаш станогында жонып, арнаулы қамшы сабын дайындайды. Тобылғы – асылы таудың беткейінде өсетін ағаш. Оны шеберлер шілденің аяғы мен тамыздың басынан ары қарай, яғни күзге қарай жинайды. Шеберлер бұтақсыз, неғұрлым түзу жерлерін кесіп алып, толық кепкенше іліп қояды. Егер тобылғы сәл қисықтау болса, оны түзу затқа мықтап қосақтап байлап, бірге іліп қояды. Сонда тобылғы түзу болып кебеді. Әбден кепкен кезде шебер оның сыртын қойдың құйрық майымен ысқылағанда, қоңыр түсі қою қызыл түске өзгереді де, өте әдемі өң береді. Сөйтіп қамшының өрімі шебердің талғамына қарай, тобылғыға бекітіліп әшекейленеді.

Пышақ қыны – иленген теріден жасалатын, ежелден келе жатқан бұйым. Одан әр түрлі пішінде пышақтың, қанжардың, бәкінің, кілттер жиынтығының, тіпті кез – келген кілттер жиынтығының қабын тігіп жасауға болады. Ол үшін қынның пішінінің нақты үлгі бойынша пішіп, екі дана етіп әзірлейді. Дайындалған екі бөліктің тігілетін шетін белгілеп алғаннан кейін, екі түрлі әдіспен тігеді. Біріншісі – қайыстан тігілетін арнаулы қынның тігісін ішіне жіберіп аударады. Екіншісі – тігісін сол қалпында сыртында қалдырады. Бұл шалу арқылы тігіледі.
Ал көлемді бұйымдардың, мысалы, қоржынды, дорбаны, торсықты т. б. сыртынан салып тігіп, өрнек салады. Мысалы, қоржынды қара қоңыр теріден тігіп, үстіне өрнектеп кесілген ашық сары теріні тіксе, өте сәнді көрінеді. Мұндай бұйымдарды жасау үшін былғары өңдеудің технологиясын білу керек.

Былғары өңдеу. Мал терілерін илеп, бояп, өң беру ертеден келе жатқан, ең жақсы дамыған және жетілген өнер. Илеуі қанып, бояуы сіңген былғары су тартпайды. Одан жасалған бұйымның тігісі ыдырамайды және тұтынуға төзімді әрі әдемі. Ағашқа жапсырып қағылған мұндай сапалы былғарыны шеге де мықты ұстайды. Мысалы, жиһаздардың, әр түрлі бұйымдардың сыртына қапталады. Былғарының бірнеше түрі бар. Олар: көксауыр, опайке былғары, хром, көзел, шегерін, сақтиян, ұлтан т. б.
Көксауыр – жылқы мен серке терісінің сауырынан жасалады. Көбінесе ол көкпен, кейде қызыл, сары, жасыл түстерімен боялып, беті жалтырап тұрады. Көксауырдың әр түстілерін өзара мүйіздеп оюластырып немесе бір түсті көксауырды әр түрлі жібек жіппен кестелеп, өрнектеп, түрлі бұйымдар шығарған. Көксауырларға алтын, күміс, жез шегелер қағып, кейде маржаннан моншақ жүргізіп, аяқ киімнің өкшесіне, т. б. неше түрлі жарқырауық асыл тастар отырғызып әсемдеген. Мұндай былғарыдан тігілетін бұйымдарға ертеде тарамысты жіп ретінде қолданған.



























Сабақтың тақырыбы: Жонғыш құрал - саймандар және айлабұйымдар
Сыныбы: 8
Пәні: Технология
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ағаш жону білдегімен танысу және оны қолдану; жұмыс амалдарын, бұйымның ішкі беттерін жону үшін кескіш аспапты таңдай білуге, дайындамаларды бекітетін айлабұйымдарды таңдауға үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды көркемдік жұмыстарды орындауда эстетикалық талғамға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы жонғыш құрал - саймандар және айлабұйымдармен дұрыс жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірме, практикалық
Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Интерактивті әдістер, СТО технологиясының әдіс - тәсілдері
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, видео ролик, сызба, сурет.
Құралдары: ағаш жону білдегі, жону құралдарының жиынтығы, айлабұйымдар, өлшегіш құрал, дайындамалар.
Пайдаланған әдебиет: Технология 8, 9 сынып оқулықтары «Оқыту үрдісіндегі танымдық және шығармашылық әдіс - тәсілдерді тиімді пайдалану» Е. Дүйсенов, А. Балғожаев Қызылорда 2006ж
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушы назарын сабаққа аудару.
«Бағдаршам» әдісі:
әр оқушы сабаққа немесе сұраққа өз дайындығы туралы түрлі - түсті стикерлер арқылы белгі береді: «жасыл» - дайын, «сары» - күмәнді, «қызыл» - дайын емес.
Жеке оқушылармен жұмыс. Үлестірмелі парақтар.
Қызығушылықты ояту кезеңі
Ағаш жону білдегінде қандай бұйымдар жасалады?
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ағаш жону білдегі.
«Кім біледі?» ойыны. ТСД - 20 ағаш жону білдегінің бөліктерін слайд арқылы сұрау «беске» білетін оқушы 1 сұраққа жауап беріп, қалғаның оқушылардан «кім біледі?» деп сұрайды.
Жону дегеніміз не?
III. Үй тапсырмасын бекіту

Сөйлейтін сандар

56 81 30 42 32 18 72 63 28 36 27 20 45 16 48
ғ ш а ж у г д н о л е б і і а

6 х 5 =
7 х 6 =
4 х 5 =
7 х 8 =
4 х 7 =
5 х 9 =
8 х 6 =
9 х 7 =
6 х 6 =
9 х 9 =
4 х 8 =
8 х 9 =
9 х 3 =
6 х 3 =
4 х 4 =

IV. Жаңа сабақ..
Жонғыш құрал - саймандар және айлабұйымдар.
Ой қозғау. Жонғыш құрал - саймандардың қандай түрлерін білесіңдер?
Жоңғыш құрал - саймандар кескіш қашаулар құрылымы бойынша өте алуан түрлі, олардың әр түрлі болуы білдектің құрылымдық ерекшелігіне және қолданылуына байланысты болады. Олар қолмен – білдек асты тірегі бар білдекте жұмыс істеуге арналған және құралкүймешікті – механикалық беріспен жұмыс істейтін білдекке арналған болып екіге бөлінеді.
Фасонды кескіштерді бұйымда фасонды пішіндер қыру үшін қолданады. Әр түрлі пішінді бұранда ою үшін арнайы кескіштерді қолданады.
Бекітуші айла бұйымдарға: қысқұрылғы, үшаша, қысқы жатады. Қысқы және үшашамен осьтік жонуда дайындаманың бір шетін ұстатады. Сонымен бірге қысқыны ұсақ тетіктердің ішкі жағын қырғанда бекітуші айла бұйым ретінде қолданады.
Қысқұрылғы үлкен өлшемді дайындамаларды өңдегенде және жалпақ тұтас дискілерді қырғанда бекітуші айлабұйым ретінде қолданылады.
Үш жұдырықшалы қысқы дайындаманың центрін қыспақ жұдырықшалары
Сергіту кезеңі.
Интерактивті тақтаның көмегімен жонғыш құрал - саймандар және айлабұйымдар туралы видео ролик көрсету.
Не көрдіңдер, не қызықтырды?
Ағаш өңдейтін токарь станогымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Жұмыс кезіндегі қауіп түрлері:
1. Жаңқаның ұшуынан көз жарақаты;
2. Айналу бөліктеріне жанасудан қол жарақаты;
3. Дұрыс пайдаланбаудан қол жарақаты;
4. Дайындаманы станокқа дұрыс бекітпеуден немесе дайындаманың сапасыздығын дене жарақаты болуы мүмкін, сондықтан:
Жұмысқа дейін:
1. Жұмыс киіміңді дұрыс киін. Жең, галстук, белбеу т. б. киімдеріңді ретте.
2. Станокты тексер (ременді берілістің қорғаныш бөліктері, заземление т. б.).
3. Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын.
4. Дайындаманы мұқият тексер (көз, жарық, т. б.).
5. Пышақ тіреуіштің биіктігін дайындаманың центрлік сызығына дәл келтіріп, арақашықтығы 2 - 3 мм болсын.
6. Пышақтың жүзін тексер.
7. Станокты бос айналдырып тексеріп көр.
8. Көзіңе көзәйнек ки.
Жұмыс кезінде:
1. Кесу жұмысы станок толық күшімен айналған соң баста.
2. Пышақты дайындамаға күш түсірмей, аздан тос.
3. Пышақ тіреуішпен дайындаманың арасын қалыпты жағдайға келтіріп отыр.
4. Жарақат алмас үшін:
а) станокқа қатты жақындама; ә) станок үстінен алыс - беріс жасама;
б) өлшеу жұмыстарын станок толық тоқтаған соң жүргіз;
г) жұмыс істеп тұрған станокты тастап кетпе.
Жұмыстан кейін:
1. Жұмыс орныңды ретке келтір.
2. Станокты мұғалімге тапсыр.
3. Өзіңді ретке келтір.
Сарамандық жұмыс
Жеке
Жұмыс киімін кию: фартук, жеңқап
Жұмыстың мақсаты: ағаш жону білдегімен танысу және оны қолдану; жұмыс амалдарын игеру.
Жабдықтар мен құрал - саймандар, айлабұйымдар: ТСД - 120 білдегі, әр түрлі қашаулар, бекіме айлабұйымдар, штангенциркуль, сызғыш, осьтік және тура жонуға арналған дайындама, қалам, кронциркуль, нутромер, қима үлгілер.
Техникалық мәліметтер: білдекте сызатсыз, бұтақсыз, шірігі жоқ, жақсы кепкен дайындаманы өңдейді.
1. Көркемдеп жону жұмыстарының күрделілігіне байланысты ағаш жону білдегінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін орындауға ерекше назар аудару.
2. Технологиялық карталарды тарату.
3. сызбаларды оқып - үйрену және тиісті құрал - саймандар мен айлабұйымдарды таңдап алу.
4. Тетіктерді жонып үйрену.
Видеоролик (ағаш жону білдегі)
V. Жаңа сабақты бекіту
«Өзіндік мысал» ойыны:
Жаңадан өтілген тақырыпқа оқушылар өз мысалдарын келтіріп, өз тапсырмалары мен жорамалдарын дайындайды.
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма беру
«Идеал тапсырма» әдісі:
Әр оқушы өзі орындайтын үй тапсырмасын өзі таңдайды. Біреу қосымша дерек жинаса, келесісі сурет салуы, үшіншісі көркемдік бұйым жасау үшін технологиялық карта құрастыруы мүмкін.











Сабақтың тақырыбы: Бояумен сурет салу кезеңдері. Құмыра мен жемістерден құралған натюрмортты бейнелеу.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Кескіндеме (живопись) түрлері жайлы мәлімет беру.
ә) дамытушылығы: Кескіндеме өнері жанрлары туралы білімдерін дамыту.
б) тәрбиелігі: Кескіндеме жанрларын ерекшеліктеріне қарай бөле білуге және өнер туындыларын бағалай білу мәдениетіне баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды қабылдау сабағы.
Сабақтың әдісі: Ауызша түсіндіру, көрнекіліктер, машықтық әдіс.
Оқыту құралдары: Оқып үйрену кестесі, натюрморт суреті, натюрморт құруға қажетті заттар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Амандасу, оқушыларды тексеру, сабаққа әзірлігін қадағалау. Сабақ жоспарымен таныстыру. Кіріспе сұрақтар қою.

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
Натюрморт – француз тілінде «қозғалыссыз табиғат» деген сөз. Адамды қоршаған заттарды бейнелейтін суретті натюрморт дейді. Ондай заттар қожасының өмірі мен талғамы, үйреншікті әдеттері жайлы көп сыр айтады. Түрлі түсті маталар, ыдыс - аяқ, гүлдер, жеміс-жидектер, теңіз байлығы мен түз құстары сияқты әр қилы көрініс үйлесімі қоршаған ортаның байлығы мен сұлулығын дәріптеп қана қоймай, біздің көңілімізді не мұңға, не шаттыққа бөлейді. Қай заманның суретшілері де графика, мүсін, бейнелеу өнерінде талай - талай натюрморттарды қалдырған. Солардың ішінде XVII ғасырдағы фламанд, голланд суретшілері Ф. Снейдерс, В. Хедтлердің натюрморттары айрықша орын алады. Өз шығармаларын - да олар табиғаттың адамға сыйлайтын мол ризығын адам қолынан шыққан бұйымдардың сұлулығын жырға қосады. Кеңес суретшілері И. Э. Грабар,

М. С. Сарьян, П. П. Кондальский, И. И. Машков т. б. натюрморт жанрының тамаша шеберлері болды. Қазақ ұлттық тағамдарының кейбір түрлерін белгілі суретші А. Ғалымбаева өзінің «Дастархан» атты натюрмортында әсерлі берген. Мұндағы күрең бауыр - сақ пен ақ құрт, ағаш тегенедегі сары қымыз, шақпақ қант пен үгіліп кеткелі тұрған кеудірлек нан, дастарқан шетіндегі торғын сүлгі, бұлардың тұсындағы аяққап осындай бір - бірімен жараса астасып, ел байлығының, қазақ дастарханының бір көрінісін бейнелей түскен.
Күн сайын көріп жүрген қарапайым бұйымдардан натюрморт құрап көрсек, біздің көз алдымызда ер - екше жарастық тауып тоғысқанын көреміз.
Алдымызға қойылған натюрморт толық жан - жақты көріну үшін одан қашығырақ отырған жөн.
Ара қашықтық бір жарым, екі метрден кем болмауы керек. Отырғанда кез келген жерге отыра салмай натюрморттың композициясы қызықты көрінетіндей жерді таңдау керек. Орынды белгілеп алған соң натюрморттың жан - жағынан қарап, ондағы заттардың жалпы пішінін, тұтас көлемін зерттеп көру қажет.
Қандай суретті салмайық, оның барлығына ортақ белгілі бір жолы, кезеңі болады. Сондықтан сурет төмендегі кезеңдермен біртіндеп салынып, өрбіп отырады.
1. Зат бейнесінің орналасуын анықтау (компоновка)
2. Құрылымын табу.
3. Пішінін айқындау.
4. Суреттің аяқталуы.

Енді осы кезеңдер арқылы берілген натюрмортты салу жолдарын қарастырайық.
1 - кезең. Зат бейнесінің орналасуын анықтау дегеніміз – бейнелейтін затымыздың жалпы нұсқасын қағаз бетіне дұрыс, белгілі бір мөлшерде ықшамдап түсіру болып табылады.
2 - кезең. Зат бейнелерінің құрылымын табу. Енді заттың конструкциялық құрылымын саламыз.
Натюрморттағы заттардың бір - бірінің арақатынасын тексеріп - өлшеп олардың әрқайсысының сызық - тық қаңқасын сызамыз. Мұндағы заттардың арақатынасын өлшеу қарындаш арқылы жүргізіледі.
3 - кезең. Пішімді сомдау. Бұл кезеңде штрихтарды пайдалана отырып көлеңке мен жарықтың арақатынасын шешіп, табиғи пішінін бейнелеуге көшеміз, қысқаша айтқанда әр заттың пішінін сомдаймыз. Заттардың пішінін сомдауда бояудың рөлі өте үлкен. Солардың көмегімен жартылай жарық, көлеңке, денеден құлай түскен көлеңкенің айырмашылығын реттеуіміз қажет.
4 - кезең. Бұл кезеңде суретті мұқият тексеріп, көзге ұрып тұрған елеулі көлеңке мен жарық болса, соларды басып жалпы натюрморттың рең қоюлығына бағындырамыз. Натюрморттың фонға жабысып қал - мауын тексереміз.

ІІІ. Машықтық кезең.
Құмыра мен жемістерден құралған натюрмортты бейнелеу. Оқушылар тыңдап болып, сурет салуға кіріседі. Өзіне қарап натюрморттың суретін салады. Конструциялық, түстік, шешімдерін табады. Оқушылар өзіне қарап суретті қағаз бетіне түсіруге және түстік шешімдерін табу жолдарын меңгеруге бағыттаймын.

IV. Қорытынды:
Бүгінгі сабағымызды сұрақ - жауап қорытындылаймыз.
Сұрақтар:
1. Натюрморт жанырында бейнелеген қазақтың қыздары арасынан шыққан суретшіні ата?
(А. Ғалымбаева)
2. Натюрмортты бейнелеу неше кезеңнен тұрады?
(4 кезеңнен)
3. Қосымша түстер дегеніміз не?
(Бояуларды бір бірімен араластыру арқылы алынған түстер)
V. Үйге тапсырма: Акварель бояуымен алманың суретін сал.















Сабақ жоспары 5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Натюрморт.
Сабақтың мақсаты: а/ Оқушыларды бейнелеу өнері пәнінде заттың өзіне қарап бейнелеуге баулу.
ә/ Көркем бейнелеу ерекшеліктерін түсіне білу,
б/ Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жазықтықта (қағаз бетінде) бейнелеу.
Көрнекі құралдар: Арнайы қойылым заттары, бояулар түсінің реттік тәртібін көрсететін суретшілер шығармаларының иллюстрациялары т. б.
Оқушылар үшін: ақ қағаз, акварель бояу, қыл қалам, су құятын ыдыс, карандаш бояулар езуге араластыруға қажетті ақ түсті пластикалық тақтайша. (15х15см) (палитра)
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын пысықтау.
2. Үй тапсырмасын қайталау: тізім бойынша үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақты түсіндіру
1. «Натюрморт» дегеніміз не?
2. «Натюрморт» қай елдің сөзі, мағынасы қандай ұғымды білдіреді?
3. «Натюрморт» қай ғасырда, қай елде алғаш пайда болды?
4. Қағаз бетін қалай таңдап аламыз?
5. Компоновка дегеніміз не?
Сұрақтардың жауабы:
1. «Натюрморт» дегеніміз заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнеленген көркем шығарма.
2. «Натюрморт» – француз сөзі дәлме - дәл мағынасы. «Өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді.
3. «Натюрморт» алғаш рет УІІ ғасыр басында Голландияда пайда болды.
4. Қағаз бетін заттар мен бұйымдардың көлеміне байланысты таңдап аламыз. (тігінен немесе көлденеңінен)
5. Компоновка дегеніміз – орындалатын жұмыста жоспарлау. Яғни қағаз бетіне дұрыс орналастыру.
Оқушыларға қойылатын талаптар:
1. Заттың суретін бір - бірімен салыстыра отырып бейнелеу.
2. Әр затты өзінің табиғи түсімен бояу.
3. Жарық пен көлеңкені ажырата отырып бояу.
4. Жұмыс барысында (бояу барысында) заттың көлемін көрсете білу.
Практикалық жұмыс:
Жұмыс барысында оқушыларды қадағалап, ұдайы көмек көрсетіп отыру. Оқушыларға заттар мен бұйымдардың көлемін салыстырып, бояу түстеріне көңіл бөлдіртіп талдау жасату.
- пішіні қандай заттар?
- Бояу түстері қандай деген сұрақтарды қоя отырып, жұмыс істеулеріне көмектесу. Суретін салып болған оқушылардың жұмысын тексеріп, қателер болса түзетіп отыру. Оларға салынған суретті бояуға рұқсат етіп, жұмыстарын жалғастыру. Сабақ барысында жұмысы дұрыс бағытта орындалған оқушының жұмысын сынып оқушыларына көрсетіп отыру.
4. Қорытынды:
Сабақ соңына қарай оқушының жұмысына таңдау жасап, бағалау.
1. Берілген бұйымдармен, заттардың дұрыс белгіленуі.
2. Бояу түстерінің үйлесімділігі.
3. Бояу арқылы заттардың көлемін көрсете білулері. т. б.
4. Оқушылардың жұмысын бағалау.
5. Үйге тапсырма: сулы бояумен жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Проекциялау
Білімділік мақсаты: Оқушылардың проекциялау бойынша өткен сабақтардан алған
білімдерін бекіту, проекция туралы түсінігін қалыптастыра отырып
графикалық білімдерін толықтыру.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың графикалық сауаттылығын,
ой - өрісін, білімін, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: сызба мәдениеттілігіне тәрбиелеу, адамгершілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу, еңбекке баулу, эстетикалық тәрбие беру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Қолданылатын әдіс: көрнекілік әдіс, баяндау, салыстыру, талдау, іздену.
Көрнекілік құралдар: интерактивтік тақта, көрнекілік бұйымдар, сызбалар, карточкалар, оқулықтар, пішім А3, сызу аспаптары мен құралдары.
Пән аралық байланыс: сызба геометриясы, математика.
Сабақтың мазмұны
I. Ұйымдастыру бөлімі
1. 1. Оқушылармен амандасу.
1. 2. Оқушыларды түгелдеу
1. 3. Оқушылардың жұмыс құралдарын тексеріп, кезекші тағайындау
II. Үй тапсырмасын тексеру
2. 1 Графикалық жұмыс № 7(екі көрініс арқылы үшінші көріністі тұрғызу)
ІІІ. Қайталау
3. 1 Өткенге шолу
3. 2 Қайталауға тапсырмалар.
IV. Тәжірибелік жұмыс
4. 1 Тапсырма бойынша сызба орындау.
V. Білімді бекіту
5. 1 «Құпия сөздер»
5. 2 Сұрақ - жауап
Vl. Қорытындылау
6. 1 Оқушыларды бағалау.
6. 2 Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:
Заттың бақылаушыға қарап тұрған жағының кескінін көрініс деп атаймыз.
Негізгі проекция жазықтықтардан шығарылған көріністерді қалай атаймыз?
1 – алдыңғы көрініс (негізгі көрініс),
2 – үстіңгі көрініс,
3 – сол жақ көрініс
ІІІ. Өткенге шолу:
3. 1 Сұрақтар:
1. Проекция дегеніміз?
2. Проекциялау дегеніміз?
3. Проекциялау әдістері?
4. Проекциялау түрлері?



Сабақтың тақырыбы:Мүсін өнері

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың жоспары:
І.Ұйымдастыру кезеңі Тақырыбы: Мүсін өнері.
Сабақтың мақсаты: Мүсін өнерінің түрлерімен таныстыру. Мүсіншілердің көркем шығармаларын талдау. Мүсін сомдау материалдарының технологиялық тәсілдерімен таныстыру. Әр түрлі материалды ұқыпты пайдалана білуге үйрену арқылы эстетикалық тәрбие беру. Саз балшықтан немесе ермек саздан созу, ию тәсілдерін терең меңгеру.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Суретшілер альбомы, слайд, интерактивті тақта, қосымша әдебиеттер, репродукциялар т.б.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
1. Сұрақ-жауап
2. Қорытындылау
ІІІ. Жаңа сабақ:

Мүсіндеу - көркемөнердің бір түрі. Мүсін өнері — латынша кесу, шабу, жону деген мағынаны білдіреді. Мүсіндеудің сызба мен кескіндемеден айырмашылығы - барлық көлемін , пішінін анық көрсетеді. Мүсіндеудің негізгі объектісі - адам. Мүсін өнері ежелден келе жатқан көне өнердің бір түрі болып табылады. Ол тас дәуірінен бастап қалыптасқан, өңделе келіп классикалық өнерге айналған.
Мүсіндеудің түрлері: Монументті мүсіндеу және рельеф.

Монументті мүсіндеуде оның барлық жағынан қарауға болады. Рельефті мүсіндеуде жазықтық бетінде орындалады.
Қазақ мүсін өнерінің қалыптастырушысы Хакімжан Наурызбаев (1925-2009ж.ж) Парасат кавалер орденінің иегері. 300 ден астам жұмысы бар. Солардың ішінде ен танымал жұмыстары: «Абай Құнанбаев» (1960) ескерткіші, «Ш .Уәлиханов» (1969) Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының алдында орналасқан биіктігі 8 м, «Ж.Жабаев» ескерткіштері тұлғалық мүсінге жатады.

Астана қаласындағы Есіл өзені арқылы өтетін көпірлерде орналасқан Төлеген Досмағанбетовтық «Барыс» мүсіндері, бұлар да сәндік монументальды мүсінге жатады. Мүсін тек бір ғана фигурадан емес екі немесе одан да көп фигурадан тұруы мүмкін. Солардың бірі, біздің қаламызда Достоевский мұражайының іргесін де орналасқан қоладан жасалған «Ш. Уәлиханов пен Ф.Достоевский» мүсіндері
.
Бұл мүсіндердің авторы Мәскеулік мүсінші Д.Г.Эльбакидзе. Д.Г. Эльбакидзенің Семей қаласындағы тағы бір жұмысы 1972 жылы жасалған Абай көшесінде орналасқан «Абай» ескерткіші.
Келесі рельефті мүсін түріне тоқтала кетейік. Рельефті мүсін жоғарыда айтылып кеткендей белгілі бір жазықтық бетінде орындалады, ғимараттар қабырғаларында , тыйының бетінде.
Мүсін сомдауға көптеген заттар негізгі материал бола алады. Мысалы ағаш, түрлі тастар , саз балшықтар, металл, пластилин т.б. Осылардың ішінде мүсіндеуге үйрену үшін оқушыларға ең ыңғайлысы - саз балшық пен пластилин.

Олардың жақсы бір қасиеті ырыққа көнгіш, тез иленеді, жасаған мүсін формасын қалай өзгертем десең де ыңғайлы. Мүсін жасағанда қолданылатын басты қолданылатын құралдар: тақтайша, каркас, қалақша т.б. Мүсін орындағанда арнайы киім немесе алжапқыш кию керек. Өйткені олардың мектеп формасы былғанбауы тиіс.Мүсін кезінде айналмалы станокты пайдалану орынды. Бұл станокпен жұмыс істеу өте қолайлы.

Жан-жақты бұрып көруге болады. Мүмкіндігінше бір түсті пластилинді қолданған немесе саз балшықты қолданған дұрыс. Бұл біртұтас көруге ықпал етеді. Әр түрлі ала-құла болып кеткен пластилин көзді алдайды. Сомдалған мүсін пішінін жоғалтып алады. Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын жинап , қалған пластилин немесе саз балшық қалдықтарын жинап қорапқа салу керек. Қолды жылы сумен сабындап жуу қажет.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
Мүсін өнерінің түрлері қандай?
Астана қаласындағы “Барыс” ескерткішінің авторы кім?
Мүсін сомдаудағы негізгі материал?
Мүсінмен айналысқанда қандай құралдар қолданылады?
Үйге тапсырма: Келесі сабаққа саз балшық , алжапқыш (фартук), тақтайша немесе қатты қағаз алдыға жайғанға әкелу.



































5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ағаш өңдеу құралдары
Сабақтың мақсаты:
- оқушыларды ағаш өңдейтін негізгі құрал - саймандармен таныстыру.
- Жас ұрпақ бойына сарамандық шеберлік пен шығармашылық қабілетін дамыту.
- Оқушыларды еңбекке сүйіспеншілікпен қарауға, еңбек адамдарын құрметтеуге, құрал-саймандарға ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: құрал - сайман түрлері, интерактивті тақта
Оқыту әдісі: СТО әдісі
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпты түгендеу.
Қане, балалар, құралдарыңызды шығарып, жаңа сабаққа әзірленіңдер.
1. Қызығушылықты ояту. Көрнекілік стратегиясы. Тақтада ағаш өңдеу құралдары.
Балға, Балта, Ара, Сүргі, Пышақ, Шаппа шот, Қашау

Бұл құралдардың аттарын атап, қайда не үшін пайдаланатынын айтыңдар. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ағаш өңдеу құралдары.

II. Жаңа сабақ.
Бұрын қолөнер шеберлігіне қажетті ағаштың барлығын ұсталар тікелей өз қолдарымен жасаған. Мыс: киіз үй сүйегі, ұлттық бұйымдар: сандық, кебеже, асадал, жүкаяқ, жастық ағаш, т. б.
Олар ағашты уақытында кесіп, кептіріп отырған. Ағашпен жұмыс жасау кезінде шабу, кесу, тегістеу, өңдеу жұмыстары құрал - саймансыз жүзеге аспайды. Енді ағаш өңдейтін құралдармен толық танысайық.
1. Кескіш құралдар. Бір жағы біркелкі жақталған, ұшы өткір құралдарды кескіш құралдар дейміз. Оларға қос қолды пышақ, бір жақты пышақ, ауыспалы жүзді әшекей пышақ жатады.
2. Шабуға қажетті саймандар: шаппашот, ағаш балға, балта, ыңғыру құралдары.
3. Кесуге арналған құралдар: қол ара, жақ ара, екі кісілік ара.
4. Тегістеу құралдары: сүргі, шерхебель, фуганок.
Кесу әдістері: Ағашты кесетін ең басты құрал – ара. Араның қалыңдығы әр түрлі болаттардан жасалады, оны төсем деп атайды. Төсем өте қатты, иілгіш, тегіс болуы тиіс. Ара тістері үшбұрышталып қиғаш қайралады. Ара тісі екі түрлі қызмет атқарады: біріншіден ол ағаш талшығын кеседі, екіншіден кескенде пайда болған ағаштың ұнтағын сыртқа ысырып, шығарып отырады.
Ағаш кесу кезінде жасалатын бұйымға ағаш түріне қарай әр түрлі араны пайдалануға болады. Ағашты арамен кесу кезінде денеңді, араны дұрыс ұстау керек. Ара оң қолыңда, сол қолыңмен кесетін ағашты тіреп тұрасың. Оң аяғың сол аяқтан сәл алшақтау болсын. Араны күшпен кесуге болмайды. Бірқалыпты жұмыс жасау керек. Ағашты көлденең кескенде кесу бағыты ағаш талшығына перпендикуляр, ал ұзын бойы кескенде параллель болады. Көлденең кесу үшін ара тісінің кескіні үшбұрыш, ал ұзына бойы кесу үшін қиғаш болады. Арамен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін мұқият сақтаған жөн.

III. Семантикалық карта
Құрал - саймандар --- Кескіш құрал --- Шабу құралы --- Жону құралы ---- Тегістеу құралы --- Ұрғыш құралы
Балта
Ара
Қос қолды пышақ
Сүргі
Балға
Шаппа шот
қашау

Сонымен балалар, бүгінгі сабағымызда ағаш өңдеу құралдарымен таныстық.
1. Ара не үшін қажет?
2. Сүргіні не үшін қолданамыз?
3. Ара тісі не үшін қиғаш болады?
4. Арамен жұмыс кезінде өзіңді қалай ұстайсың?
5. Ағаштың түрлері?
6. Ағаш неше бөліктен тұрады?
Жұмбақтар шешу. Жауабын құрал - саймандарды көрсету арқылы табу.
1. Азулы хайуан – темір ер,
Әндетіп сүйек кемірер. (Ағаш кескіш ара)
2. Бір қыры - балта,
Бір қыры - балға.
Ағаштан шапқан,
Шегені қаққан. (шаппа шот)
3. Қолға алсаң қызмет етер,
Бүтінді бөлшектеуге шебер. (пышақ)
4. Кедір - бұдыр тақтайды,
Тегістейді тілімен.
Жеген асын татпайды,
Шығар желке түбінен. (сүргі)
5. Болат түкті
Көсеу мықты
Тозаңдатып темірді үкті.(егеу)
6. Қалпақты жымырады,
Төбесінен ұрады,
Түзетуге қыңырды,
Дәйім дайын тұрады. (балға)

IV. Бағалау.
V. Үйге тапсырма §1 оқып келу.
Өнер туралы мақал - мәтелдер жинақтау. Сабағымыздың сарамандық бөлімін екінші сабағымызда жалғастырамыз.









Сабақтың тақырыбы: Электротехникалық материалдармен жұмыс жасау
Сыныбы: 5
Пәні: Технология

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды электр тізбегінің негізгі элементтерімен таныстыру. Сызба бойынша шартты белгілерді оқи білуге үйрету.
Тәрбиелік: Электротехникалық жұмыстарды орындағанда ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың бойына еңбек дағдысын қалыптастыру. Қарапайым электр тізбегін жинай білуге, тұрмыстық электр құралдарын ақауларын жөндеуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірме – практикалық
Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Интерактивті әдістер, СТО әдістері
Көрнекілігі: слайдтар, ағаш, желім, ара, т.б.
Құралдары: ара, бұрандалы қысқыш, егеу, сүргі т.б.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Сынып тазалығын тексеру.
3. Оқушы назарын сабаққа аудару.
«Өзіндік бағалау» әдісі:
Оқушылар берілген үй тапсырмасына өзінің дайындық деңгейін мұғалім сұрағына қол көтеру арқылы байқатады: Кім «беске» дайын? Кім «төртке» дайын? Кім «үшке» дайын? Кім мүлде дайын емес?
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ток көзі. Электр өткізгіштер
III. Үй тапсырмасын бекіту
«Кім біледі?» ойыны. Шартты белгілер түрлерін слайд арқылы сұрау (8 шартты белгі) «беске» білетін оқушы 1 сұраққа жауап беріп, қалғаның оқушылардан «кім біледі?» деп сұрайды.
Электр схемасы дегеніміз?
«Иә, жоқ» ойыны

Темір тоқ өткізе ме?
Ауа тоқ өткізе ме?
Әйнек тоқ өткізе ме?
Пластмасса тоқ өткізе ме?
Мыс сым тоқ өткізе ме?
Ағаш тоқ өткізе ме?
Ылғал ағаш тоқ өткізе ме?
Резеңке тоқ өткізе ме?
Аллюминий тоқ өткізе ме?

IV. Жаңа сабақты даярлау. Жаңа сабақ
Электротехникалық материалдармен жұмыс
Электр аспаптарымен жұмыс істегенде, көптеген материалдарды пайдаланасыңдар. Олармен жұмыс істеу үшін арнайы аспаптар қолданылады.
Электр материалдарының қатарына электр сымы, түтікшелер, оқшаулағыш таспа, бау т.б. жататын болса, аспаптардың қатарына тістеуік, монтер пышағы, қысқаш, жұмыр қысқыш, бұрауыш т.б. жатады. Электр сымдарының ішкі қабаты мыс пен алюминийден, сыртқы қабаты тоқ өткізбейтін оқшаулағыштан жасалады.
Электр бауы иілгіш оқшаулағыш әзірленіп, тұрмыстық электр жабдықтары мен тоқ көзін жалғастырады. Ол екі немесе көп тоқ өткізгіштен тұрады. Сымдардың бәрі бір түтіктің ішінде орналасады. Оқшаулағыш таспалар мен түтіктер электр сымдарының жалғанған жерін оқшаулап тұрады.
Сымдарды кесу үшін тістеуікті қолданады. Оның сабы міндетті түрде оқшаулағышпен қапталады. Монтердің пышағы сымнан оқшаулағышты алып тастау үшін қажет. Пышақтың сабы пластмассадан немесе ағаштан жасалады. Қысқаштар электр сымдарын майыстыру немесе бұрау үшін қажет. Бұрауыштың көмегімен электр жабдықтарын құрастырады. Оның сабы да ағаштан немесе пластмассадан жасалған.

Электрмен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1. Ұқыпты, тәртіпті, өте сақ болыңдар: мұғалімнің ауызша және жазбаша нұсқауларын бұлжытпай орындап отырыңдар.
2. Жұмыс орындарыңды мұғалімнің рұқсатынсыз тастап кетпеңдер.
3. Электр аспаптарын, материалдар мен жабдықтарды жұмыс орындарыңа мұғалім көрсеткен тәртіппен жайғастырып қойыңдар.
4. Тапсырманы орындауда қажетсіз заттарды жұмыс орнында ұстамаңдар.
5. Ток көздерін мұғалімнің рұқсатынсыз қоспаңдар.
6. электр тізбектерін құрастырғанда, ауыстырып қосу тетігін жалғастырғанда, жөндегенде, ток көзі ажырап тұруы керек.
7. электр тогы көзінде, сондай-ақ электр қондырғысының басқа бөліктерінде кернеудің бар-жоғын бақылау үшін арнайы бақылау шамын немесе кернеу көрсеткіш аспапты пайдалан.
8. Егер жұмысшы электр желісіне жабысып қалса, оны құтқаруы үшін, тіпті электр желісін шауып тастауға да болатынын білген жөн.
9. Резеңке қолғап пен резеңке етік кию ток соғудан сақтайтынын естен шығармаған жөн.
Сарамандық жұмыс
Жеке
Жұмыс киімін кию: фартук, жеңқап
Жұмысқа қажет материалдар: құрастыруға қажетті бұрауыш т.б. электр патрондары
Жұмыстың мақсаты: Тұрмыста қолданылатын электр шамы патроны құрылысымен танысып, оларды құрастырып үйрену
Патрондар электр шамдарын электр тізбегіне қосу үшін қажет. Олардың төбеге, бекітілген және асып койылатын бірнеше түрі бар. Патрондардың корпусы ток өткізбейтін материалдардан әзірленген. Оның ішкі бөлігінде екі түйіспелі бұрауышы болады, ол металл пластиналарға бекітіледі.
Патрондардың құрылысымен танысу үшін суретті пайдаланып, мынадай іс-амалдарды орындаңдар:
1. Электр патронының корпусынан қақпағын ажыратып алыңдар, оның фарфордан жасалған өзегін шығарыңдар.
2. Өзектің құрылысымен танысып, оның түйіспелерін, түйіспе бұрауыштарын табыңдар.
3. Сымдарды жалғайтын жерлерді біліп алыңдар.
4. Өзектің орнына қайта бекітіп, қақпағын жабыңдар.
5. Патрон қақпағын бекітіңдер.

V. Жаңа сабақты бекіту
«Жұбын тап»
Екі бағанда тұрған сөздердің жұбын табу.
Электр - үстелі
Қауіпсіздік - ережесі
Технологиялық - бұрау
Электротехникалық - материалдар
Жұмыс - материалдар
Технологиялық - карта
Сымды - таспа
Жұмыс - үстелі
Оқшаулағыш - пышағы
Сымды - бұрау
Электротехникалық - схемасы
Оқшаулауыш - таспа
Қауіпсіздік - элемент
Электр - схемасы
Гальваникалық - карта
Гальваникалық - элемент
Монтер - ережесі
Монтер - пышағы
VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма беру
Түрлі электро шамдарының эскизін салып келу тапсырылады.























Сабақтың тақырыбы:
Қайталау. Жаттығу. Аксонометриялық проекцияларды алу және оларды салу (фронталь диметриялық және изометриялық проекциялар).

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың білімін қалыптастырып қана қоймай, оларға тың мәліметтер беру.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Сызу арқылы оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.

Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: Тетіктер мен машиналардың сызбаларына түсініктеме бергенде көрнекі кескіндерді пайдаланады (94 - сурет). Жазықтықта көрнекі кескіндерді салу үшін осы нәрселердің аксонометриялық проекцияларын салуды орындаймыз.
«Аксонометрия» - грек сөзі, «остер бойынша өлшеу» деген мағынаны білдіреді. Осы нәрселерді салғанда өлшемдерді (ұзындық, ен, және биіктік) х, у, және z остері бойынша өлшеп саламыз.
Проекциялаушы сәулелердің бағытына және нәрсенің сызықтық өлшемдерінің осьтер бойынша өзгеріп түсуіне байланысты аксонометриялық проекцияларды тік бұрышты және қиғаш бұрышты проекциялар деп екіге бөледі.
95 - сурет. Қиғаш бұрышты фронталь диметриялық проекцияның пайда болуы.

96 - сурет. Тік бұрышты изометриялық проекцияның пайда болуы.
Жазық фигуралардың аксонометриялық проекциялары

Жазық фигуралардың аксонометриялық проекцияларын орындау кезінде z осі болмайды. Мұндай салуды х және у осьтерін жүргізуден бастаймыз.. Осылайша салу кейінірек геометриялық денелердің аксонометриялық проекецияларын орындау барысында қажет болады.
Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекциялары
Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекцияларын салу кезінде үш: х, у және z осьтерін пайдаланады, себебі мұнда үш өлшем (ұзындық, ен және биіктік ) қатысады.
Мысал үшін сызбада бұған дейін екі көрінісі салынған тетікті алайық

Үйге тапсырма: Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекцияларын салу ережесін игеру, жаттығу жұмысын орындау, сұрақтарға жауап беру.





Сабақтың тақырыбы: Геометриялық денелерді жазықтықпен қию.

Сабақтың мақсаты:
Табанына параллель жазықтықпен қиюды меңгерту.
Оқушыларға үш жазықтықта проекциялау арқылы бұйымдарды талдауға үйрету.
Дамытушылық:
Оқушыларды теориядан сарамандылық жұмысқа икемдеу.

Тәрбиелеушілік:
Жеке жағдайда немесе топпен бірігіп жұмыс жасауға үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен құрал жабдықтар:
а) Мұғалім үшін: интерактивті тақта, сызғыш, циркуль, бор т. б.
б) Оқушылар үшін: А4 формат, қарындаш, сызғыш, циркуль, өшіргіш. т. б.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

Сабаққа жоспар:
1) Өткен сабаққа шолу.
2) Жаңа сабақты хабарлау
3) Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра отырып жаңа сабақты түсіндіру.
4) Оқушыларға орындайтын тапсырмаларын сипаттау.
5) Тапсырмалардың орындалу барысын тексеру.
6) Қорытынды. Өзіңді тексер. тест тапсырмасын орындау.
7) Үй тапсырмасы.
8) Бағалау.

Бір проекция бойынша нәрсенің геометриялық пішіні туралы әрқашан дәйекті пікір айтуға болмайды. Егер нәрсенің бір емес, екі проекциясын өзара перпендикуляр екі жазықтықта: фронталь және горизонталь жазықтықта салсақ, онда мұндай кемшіліктің бәрін жоюға болады.
Фронталь V жазықтықта проекция алу үшін нәрсені – алдыңғы жағынан, ал горизонталь Н жазықтықты үстіңгі жағынан қарастырамыз. Нәрсенің V жазықтықтағы проекциясы – фронталь проекция, Н жазықтықтағы проекциясы горизонталь проекция деп аталады. Осы жазықтықтардың қиылысу сызықтарын проекциялар осі деп аталатындығын біз білемі.
Мысалы дұрыс үш бұрышты призманы фронталь пр. Жазықтықпен қиуды қарастырайық.
Мұнан шыққан дене проекцияда өзгере ме әлде өзгермей ме деген сұрақ туады? Олай болса Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз да осыған байланысты Геометриялық денелерді жазықтықпен қию болып табылады.
Проекциялар жазықтығының шекарасын сызбада көрсетпесе де болады. Егер қажет болмаса, проекциялаушы сәулелер мен проекциялар жазықтықтарының қиылысу сызығы, яғни проекциялар осі де сызбаға түсірілмейді.
Тағы да бір мысал қарастырайық. Сызба бойынша детальдың жалпы пішінің көз алдымызға оңай келтіре аламыз.
Сызбаны шығарып алу үшін W жазықтығын оңға қарай 900 - қа, ал Н жазықтығын төмен қарай 900 - қа бұрады. Осындай жолмн табылған сызба нәрсенің тік бұрышты үш проекциясынан: фронталь, горизонталь және профиль проекциясынан тұрады. Проекция осі мен проекциялаушы сәулелер де сызбада көрсетілмейді.
Сызбада профиль проекцияны фронталь проекциямен проекциялық байланыста, яғни оның оң жағына бірдей биіктікте орналастырады.
Сызба геометрия сызудың теориялық негізі болып табылады.
Сабақ түсіндіріліп болғаннан кейін оқушыларға интерактивті тақтада дайындалған тапсырма беріледі. Оқушылар сол тапсырма бойынша жұмыс істеп өздерінің қаншалықты жаңа сабақты түсінгенін аңғартуы тиіс. Егер бір жүйелі қатені бірнеше бала қайталаса онда сабақты үзіп сол туралы тағыда түсіндіріп өтемін. Өздерінің тапсырмасын орындаған оқушылардың жұмысын тексеріп бағалаймын. Жеткен жетістіктері мен жіберген қателіктерін атап өтемін.

Интерактивті тақтаның көмегімен сабақ түсіндіру.
1 - слайд. Үй тапсырмасын сұрау
2 - слайд: Жаңа тақырыпты ашу
3 - слайд:
4 - слайд:
5 - слайд: Ойын ойға жетелейді. Сергіту сәті.
Берілген фигуралардың атын жылдам табу.
Қай шар ең биікке ұшырылды соны анықтау. Мұнда оқушылардың аңғарымпаздығы мен шапшаңдығы қаралады.

6 - слайд: Тапсырмалар. Конустың құрылымы.
№1 - тапсырмада конусты жазықтықпен қиғандағы алынған кескіннің прокециясын тұрғызу.
7 - слайд:
8 - слайд: Өзіңді тексер шағын тест тапсырмасы.
9 - слайд: Қорытынды геометриялық денелерді анықтау.
Үй тапсырмасы: Сыныптағы жұмысты аяқтау, №1 жаттығу 80 - суретті салу.
Бағалау.

























Сабақтың тақырыбы:
Геометриялық денелер тобының проекциялары.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: геометриялық денелер тобын кескіндеп, олардың проекцияларын түсіруге, логикалық ойлауға қалыптастыру.
Дамытушылық: геометриялық денелермен таныстыра отырып,
оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке тәрбиелеу.

Түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі, құралдары: геометриялық денелер макеттері, сызбалар, А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- оқушылармен сәлемдесіп, танысу, сызу құралдарын тексеру, сабаққа назарларын аудару.
2. Өткен тақырыптарды еске түсіру, сұрақ қою.
- қандай геометриялық денелерді білесіңдер?
- пирамида, призма, цилиндр, конус, шар.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
77 - суретте бірнеше геометриялық дененің үш проекциясы (фронталь, горизонталь және профиль) кескінделген. Кескіндеріне қарап неше дене және қандай денелер берілгенін анықтай аласыңдар ма? Басқаша айтқанда, берілген кескінді оқи аласыңдар ма? Суретке зер салып қарап шығып, онда үш дене: алтыбұрышты пирамида, төртбұрышты призма және цилиндр берілгенін айтуға болады. Олар проекциялар жазықтықтарына және бір - біріне қатысты түрліше жағдайда орналасқан. Пирамида горизонталь проекциялар жазықтығында тұр, орналасуы орнықты. Призма мен цилиндр горизонталь проекциялар жазықтығында көлденең жатыр, олардың орналасуы орнықты болмайды.

Призманың горизонталь проекциялар жазықтығымен ортақ қыры бар. Егер призмаға қол тигізсек, ол қозғалып, горизонталь жазықтыққа бір жағымен барып түсер еді. Цилиндр горизонталь проекциялар жазықтығына өзінің жасаушысы бойымен жанасады. Цилиндрдің оң жақ табаны профиль проекциялар жазықтығында жатыр. Призманың бүйір қырлары, бүйір жақтары және цилиндрдің жасаушылары профиль проекциялар жазықтығына перпендикуляр орналасқан.

Берілген денелердің фронталь проекциялар жазықтығымен ортақ нүктелері жоқ. Енді берілген денелердің бір - біріне қарағандағы орналасуын қарастырайық. Призма пирамида мен цилиндрдің арғы жағында жатыр. Сондықтан призманың пирамида мен цилиндрдің тасасындағы бөліктері фронталь проекцияда үзілме сызықпен жүргізілген. Цилиндр пирамиданың оң жағында орналасқан. Мұның өзі профиль проекцияда оның бір бөлігі пирамиданың тасасында қалатынын көрсетеді. Профиль проекцияда цилиндрдің көрінбейтін бөлігі үзілме сызықпен кескінделген.

Призма мен цилиндрдің қалай орналасқанын фронталь және горизонталь проекцияларына қарап ажыратуға болмайды. Профиль проекцияларына қарап цилиндр мен призманың өзара жанаспайтынын көреміз.
78 - суретте де геометриялық денелер тобы кескінделген. Параллелепипед горизонталь проекциялар жазықтығында жатыр. Оның үстіне цилиндр қойылған, ал цилиндрдің үстінде конус тұр. Фронталь проекциядан конус пен цилиндрдің орналасуын анықтауға болмайды. Горизонталь проекциядан да берілген денелердің орналасуын ажырату мүмкін емес. Сондықтан кескінді түсіну үшін берілген нәрселердің проекцияларын бір - біріне байланыстыра отырып талдау керек.

Үйге тапсырма беру: 78 - суретте берілген геометриялық денелердің профиль проекцияларын сал.













































Сабақ тақырыбы : Сызбаның масштабтары мен сызық түрлері.
Сабақ мақсаты:
1. Білімдік: Білімдікті сызбаның масштабтары мен сызық түрлеріне үйрету.
2. Тәрбиелік: Сызбаның масштабтары мен сызық түрлерін орындауға тәрбиелеу.
3. Дамыту: Сызбаның масштабтары мен сызық түрлерін орындау білімдерін дамыту.

Көрнекіліктер, қосымша әдебиет, дидактикалық материал: И.С.Вышнепольский «Техникалық сызу», Москва «Жоғары мектеп», 1988жыл, §3-4 9-13 беттер
Сабақтың өткізу әдіс-тәсілдері: Ауызша, практикалық, көрнекілік.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Пәнаралық және пәнішілік байланыс:

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
2) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау;
1. Форматтардың өлшемдері мен белгілерін жазып көрсет?
2. Сызбадағы рамканы қалай орындайды?
3. Рамка сызығын сызба парағының шетінен қандай қашықтықта жүргізу керек?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Масштаб үйлердің, машиналардың сызбаларын салу үшін олардың өлшемдерін кішірейтіп алмаса болмайды. Өте кіші денелердің сызбалары анық және түсінікті болу үшін оларды үлкейтіп салуға тура келеді. Әрине, ең жақсысы – нәрсенің өз өлшемдерін өзгертпей салу.
Тетік бөлшектің нақты шамасынан кескін неше есе үлкен не кіші екенін көрсететін санды масштаб беп атайды. Дәлірек айтқанда, масштаб дегеніміз – нәрсенің сызбадағы ұзындығынан, оның натурал ұзындығына қатынасы (бөлшек сан). Сызбаларды орындағанда мынадай масштабтардың бірін таңдап алуға руқсат етіледі:

Кішірейту масштабы: 1:2; 1:2,5; 1:4; 1:5; 1:10; ...
Нақты шама: 1:1
Үлкейту масштабы: 2:1; 2,5:1; 4:1; 5:1; 10:1; ...
Масштабты М әрпімен белгілейді. Мысалы; М1:4 – сызбада тетікбөлшек 4 есе кішірейтіліп, ал М2:1 екі есе үлкейтіліп сызылатынын көрсетеді.
Сызбада 9 түрлі сызық қолданылады. Олардың төртеуі тұтас, ал қалған бесеуі тұтас емес сызықтар.
1. Тұтас жуан негізгі сызық. Егер бұл сызықтың жуандығын s (латын әрпі) деп белгілесек, онда s кескіннің мөлшері мен күрделілігіне және сызбаның пішіміне байланысты 0,5мм-ден 1,4мм-ге дейінгі аралықта алынады. Бір сызбадағы сызықтардың жуандықтары бірдей болуға тиіс. Тұтас жуан негізгі сызық сызбада көрінетін сызықтарды бастыра жүргізу үшін қолданылады.

2. Тұтас жіңішке сызық. Оның жуандығы негізгі сызықтың жуандығынан екі-үш есе жіңішке болады. Шығару және өлшем сызықтары, проекция осьтері, көмекші тұрғызу сызықтары, қима мен тілікті сызықтау (штрихтау) тұтас жіңішке сызықпен жүргізіледі.
3. Тұтас жіңішке іркісінді сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығыңдай болады. Ұзын үзу сызықтарын көрсету үшін қолданылды.

4. Тұтас ирек сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей. Үзу сызықтары үшін және тілікті көріністен бөлу үшін қолданылады. Ирек сызық сызу аспаптарының көмегінсіз, қолдан жүргізіледі.

5. Үзілме сызық. Сызық бөліктерінің ұзындығы 2мм-ден 8мм-ге дейінгі аралықта, ал олардың ара қашықтықтары 1мм-ден 2мм-ге дейінгі аралықта алынады. Бұл сызықтың жуандығы да S/3 ... S/2 тең болады. Үзілме сызық сызбада көрінбейтін сызықтарды жүргізу үшін қолданылады.
6. Жіңішке нүктелі үзілме сызық. Бұл сызықтың жуандығы да S/3 ... S/2 тең болады. Сызық бөліктерінің ұзындығы 5мм-ден 30мм-ге дейінгі, ал аралықтары 3мм-ден 5мм-ге дейінгі аралықта алынады. Сызбаның осьтік және центрлі сызықтары осы сызықтың көмегімен көрсетіледі.

7. Жуандатылған нүктелі үзілме сызық. Жуандығы тұтас негізгі сызыктың жуандығынан 1,5 – 2 есе жіңішке болады. Бөліктерінің ұзындықтары 3 – 8мм, ал олардың аралықтары 3 – 4мм болады. Шынықтырылатын және қапталатын беттерді жуандатылған нүктелі үзілме сызықпен көрсетеді. Бұл сызықты қиюшы жазықтықтың алдындағы нәрсе бөлігін кескіндеу үшін де пайдаланады.
8. Жіңішке қос нүктелі үзілме сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей болады, яғни S/3 ... S/2 тең. Бөліктерінің ұзындықтары 5 – 30мм, олардың аралығы 4–6мм болады.

9. Үзілме сызық. Сызбада қиюшы жазықтықтардың орындарын көрсеткенде пайдаланылады, сондықтан оны қима сызығы деп те атайды. Жуандығы 1 ... 1,5 S-ке тең болады. Бұл сызық екі бөліктен турады, бөліктерінің аралығы қимасы немесе тілігі берілетін нәрсенің сәйкес өлшеміне байланысты.бір бөлігінің ұзындығы 8 – 20мм-ге тең.

IV. Жаңа тақырыпты пысықтау:
1. Тетік бөлшектің кескіні берілген, оның кескініндегі ұзындығы 40мм және масштабы М1:5. Тетік бөлшектің нақты ұзындығын анықта. 200мм
2. Тетік бөлшектің ұзындығы 10мм, ал оның сызбадағы ұзындығы 25мм. Масштабты анықта. 2,5:1
3. сызық түрлерін атаңыз және сызып көрсетіңіз?

V. Сабақты бекіту:
Бүгін біз сабақта тетік бөлшектің нақты шамасынан кескін неше есе үлкен не кіші екенін көрсететін санды масштаб беп атайтынын, дәлірек айтқанда, масштаб дегеніміз – нәрсенің сызбадағы ұзындығынан, оның натурал ұзындығына қатынасы екендігін, сызбада 9 түрлі сызық қолданылуы, олардың төртеуі тұтас, ал қалған бесеуі тұтас емес сызықтар, олар тұтас жуан негізгі сызық, тұтас жіңішке сызық, тұтас жіңішке іркісінді сызық, тұтас ирек сызық, үзілме сызық, жіңішке нүктелі үзілме сызық, жуандатылған нүктелі үзілме сызық, жіңішке қос нүктелі үзілме сызықтар туралы білім алдық. .

VI.Бағалау:
1. Үй тапсырмасын бағалау.
2. Сабаққа белсенді қатысқаны үшін баға қою.

VII.Үйге тапсырма беру.
¬ И.С.Вышнепольский «Техникалық сызу», Москва «Жоғары мектеп», 1988жыл
§3 – 4 9 – 13 беттер № 1 кесте. ¬

«Сызу» пәнінен оқу бағдарламасы


1. Түсінік хат


1. Оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы) талабына сәйкес құрылған.

2. Бағдарлама оқушылардың графикалық мәдениетін қалыптастыруына, кеңістіктік ой қабілетін және шығармашылық потенциалын дамытуына бағытталған.

3. Бағдарламаның аяқталу сипаты:

1) сызба геометриясының негіздері жүйелі түрде берілген, сонымен қатар геометриялық объектерді проекциялау әдістерін;

2) сызбаны орындаумен, оны рәсімдеу ережелерінен құралған конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (КҚБЖ) стандарттарын;

3) графикалық құрылыс сызу ережелері туралы мәліметтерін;

4) машина жасау, құрылыс сызу және топографиялық сызудың жалпы мәліметтерінен тұратын техникалық сызу негіздерін беруді қамтиды.

4. Қазіргі қоғамның акпараттандырылу жағдайына сай, пәнге оқытудың аса маңызды бағыты графикалық редакторларды (AutoCAD, КОМПАС және т.б.) пайдалану негізінде оқушылардың ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін қолдана білу қабілеттерін дамыту болып табылады.

5. Оқыту мақсаттары:

1) логикалық және кеңістіктік ойын дамыту;

2) геометриялық білімді негізге алып, тәжірибелік жұмыс дағдыларын дамыту;

3) еңбектену іс-әрекеті дағдыларын дамыту: ұзақ күш салуға және интеллектуалдық жүктемеге қабілеттілікті, дербестікті және шыдамдылықты, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуді;

4) функционалдық графикалық сауаттылығын дамыту;

5) шығармашылық потенциалын және эстетикалық талғамдарын дамыту.

6. Оқыту міндеттері:


  1. бір, екі және үш проекция жазықтығына тік бұрыштап проекциялау негіздері туралы білімді, сызбаны (эскизді) және аксонометриялық проекциялар мен техникалық суреттерді құру әдістері туралы білімдерін қалыптастыру;


  2. әртүрлі арнауы бар тетікбөлшектердің және модельдердің қарапайым сызбалары мен эскиздерін, аксонометриялық проекциялары мен техникалық суреттерін орындауды және оқуды қалыптастыру;


  3. нәрсенің пішінін (түрін) және оның құрылымдық ерекшеліктерін талдау арқылы, онымен қоса кеңістіктік бейнені проекциялық кескіндерінен және ауызша суреттеу арқылы ойша қайтадан жасау әдістерін пайдаланып, статикалық және динамикалық кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту;


  4. кескіні бойынша нәрсені ойша өзгерту жалпыинтеллектуалдық қабілетін қалыптастыру арқылы білім алушылардың кеңістіктік ойын дамыту;


  5. графикалық білімдерін жаңа ситуацияларда қолдана білу, графикалық компьютерлік бағдарламаларда қарапайым сызба құруды үйрету.


7. Курсты оқыту кезінде графикалық әдістер теориясы мен ақпараттың кескінделуінің өндіріспен, техникалық және көркем-конструкторлық іс-әрекетімен тығыз байланысы болуы қажет. Оқу тапсырмаларының мазмұны мамандардың еңбек іс-әрекеттерінің элементтерін моделдеуі керек, графикалық тапсырмалар нақты бүгінгі күнде қолданыстағы тетікбөлшектер мен құрастыру бұйымдарынан тұруы қажет.

8. Оқыту барысында әр оқушылардың өзіне тән ерекшеліктерін (дарындылығын, ойлау қабілетін, жеке мүддесін) есепке алып, олардың интеллектуалдық даму деңгейін біртіндеп көтеруге болады.

9. Түрлі оқу құралдарын (карточка-тапсырмаларды, анықтамалықтарды, плакаттарды, кестелерді, модельдерді, тетікбөлшектер жиынтығын және ақпараттық технологиялық құралдарды) кеңінен пайдалану ұсынылады.

10. Компьютерлік технологияларды оқыту үшін мектептер графикалық компьютерлік бағдарламалармен, мысалы AutoCAD және т.б. жабдықталуы қажет (мектептің мүмкіндігіне қарай, жергілікті жағдайға лайықты компьютерлік бағдарламаны оқытуға болады).

11. Оқыту процесінде оқу пәндерімен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады:


  1. «Геометрия»: жазықтықтағы кеңістіктік фигуралардың кескіндерін сызуда пайдалану, кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту, өлшемдерді орындай білу және тәжірибелік тұрғыдағы әр түрлі геометриялық есептерді шығару;


  2. «Технология»: технологиялық процесті талдау, технологиялық карталарды орындау, болашақ бұйымның сызбасын оқу;


  3. «Физика»: механизмдер және машиналар құрылысымен, автоматтандырылған үдерістермен және олардың жұмыс істеу қағидаларымен танысу; графикалық әдіспен есеп шығару, құрастыру сызбасын бөлшектеуде үлестірме материал ретінде физикалық құралдарды пайдалану;


  4. «География»: физика-географиялық түсініктерді ашу үшін сұлба түріндегі суреттерді және сызбаларды орындау, карта мен жер бетіндегі қашықтықтарды өлшеу;


  5. «Химия»: химиялық үдерістерді (процестерді) зерттеу барысында модельдерді, сұлбаларды, кестелерді, плакаттарды, фотосуреттерді, суреттерді, диаграммаларды және сызбаларды пайдалану.


16. Типтік оқу бағдарламаға сәйкес оқу жүктемесінің жалпы көлемі ­68 сағатты құрайды (аптасына – 2 сағат).


2. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны


13. Кіріспе (1 сағат):

1) сызу пәні, сызбаның даму тарихынан қысқаша мағлұмат.

14. Сызбаларды безендірудің негізгі ережелері және геометриялық салулар (9 сағат):

1) сызу аспаптары мен жабдықтары, сызба аспаптарымен тиімді жұмыс істеу әдістері;

2) сызба сызықтарының түрлері;

3) пішімдер, масштабтар, сызба қаріпі;

4) сызбаға өлшемдерді түсіру;

5) өзара параллель және өзара перпендикуляр түзулерді салу, кесіңдіні және шеңберді тең бөліктерге бөлу;

6) түйіндесулер;

7) лекальді және циркульді қисық сызықтар туралы түсінік, эллипс пен сопақшаны құру.

15. Проекциялау әдістері (8 сағат):

1) проекциялау түрлері, центрлік проекциялау және параллель проекциялау әдістері, олардың қасиеттері;

2) бір, екі және үш проекция жазықтығына тік бұрыштап проекциялау;

3) түзу және қисық сызықты, жазық фигураны (көпбұрышпен шеңберді) проекциялау;

4) аксонометриялық проекциялар туралы жалпы мағлұмат, көпбұрыштардың және шеңбердің аксонометриялық проекциялары, аксонометриялық проекция түрін таңдау;

5) техникалық сурет туралы түсінік.

16. Геометриялық денелер мен моделдердің проекциялары (12 сағат):

1) геометриялық денелер, көпжақтардың проекциялары, айналу денелерінің проекциялары;

2) денелер пішінін құрастыратын беттерді, төбелерді, қырларды және жасаушыларды сызбада табу;

3) кейбір геометриялық денелер жазбасының сызбалары;

4) геометриялық денелерді деңгейлік жазықтықпен қию, тесігі немесе ойығы бар геометриялық денелердің проекциялары;

5) геометриялық денелер тобының проекциялары, геометриялық денелердің өзара қиылысуы (жеке жағдайлары).

17. Кескіндер - көріністер, қималар және тіліктер (12 сағат):

1) проекциялау әдістері туралы мағлұматты қорыту, күрделі геометриялық денені қарапайым кеңістіктік фигураларға – призмаға, пирамидаға, цилиндрге, конусқа және шарға ойша ажырату, нәрсенің геометриялық элементтерінің орналасуы мен пішінінің өлшемі туралы түсінік;

2) негізгі көріністердің сызбада орналасуы;

3) нәрсенің негізгі екі көрінісі бойынша, оның үшінші көрінісін құру;

4) қосымша және жергілікті көріністер;

5) тіліктер туралы түсінік, тіліктерді сызбада белгілеу, қарапайым тіліктер: горизонталь, вертикаль және көлбеу тіліктер;

6) көріністің бөлігін тіліктің бөлігімен біріктіріп сызу, жергілікті тіліктер;

7) күрделі тіліктер: сатылы тілік және сынық тілі;

8) қималар, тілік пен қиманың арасындағы айырмашылығы, қабаттасқан және оңашаланған қималарды орындау ережелері, қималарды белгілеу;

9) тілік пен қиманы орындағандағы шарттылықтар мен жеңілдіктер.

18. Біріктірулер (6 сағат):

1) біріктірулер туралы жалпы мағлұмат;

2) ажырайтын біріктірулердің түрлері: бұрандалы, шпонкалы, тісті (шлицті), штифті, олардың арнауы және сызбада кескінделуі;

3) бұранда туралы жалпы мағлұмат: адымы, профилі, бұранданың элементтері;

4) сыртқы және ішкі бұранданың шартты кескіндері;

5) бұрандалы біріктірулер: болттың, винттің және шпильканың көмегімен біріктіруді кескіндеу;

6) ажырамайтын біріктірулер (пісірмелі, дәнекерлеу, желімдеу), пісірмелі біріктірудің шартты кескінделуі және белгіленуі.

19. Құрастыру сызбасы (8 сағат):

1) құрастыру сызбасы туралы жалпы мағлұмат, құрастыру сызбасындағы кескіндер, спецификацияның арнауы, спецификацияның толтырылу реті, құрастыру сызбасына тіркеу ретінің нөмірлерін түсіру;

2) құрастыру сызбасында пайдаланылатын кейбір шарттар мен жеңілдіктер;

3) бөлшектеу туралы түсінік, тетікбөлшектердің сызбалары және эскиздері, тетікбөлшектердің сызбаларына қойылатын талаптар, өлшемдерді түсіру, материалдарды белгілеу;

4) қарапайым тетікбөлшектердің эскиздерін орындау, алдын-ала орындалған эскиз бойынша тетікбөлшектің сызбасын құру.

20. Құрылыс және топография сызбаларының элементтері (6 сағат):

1) құрылыс сызбаларының ерекшеліктері;

2) ғимарат сызбанұсқасынын, қасбетінің және тілігінің сызбасы;

3) құрылыс сызбаларындағы масштабтар және өлшемдер;

4) есік және терезе ойықтарының, санитарлық-техникалық жабдықтардың шартты белгілері;

5) қарапайым құрылыс сызбасын оқу;

6) топографиялық сызудың элементтері, топографиялық шартты белгілер, қарапайым топография сызбасын оқу.

21. Графикалық редакторындағы жұмыс негіздері (4 сағат):

1) компьютерлік графикалық бағдарламалар туралы түсінік, графикалық бағдарламаға кіріспе;

2) сызбаны рәсімдеу: пішімдер, сызба сызықтарының түрлері, қаріптер, масштабтар, өлшемдерді түсіру;

3) қарапайым геометриялық салулар, компьютерлік графикалық бағдарламада жазық фигураның сызбасын орындау;

4) екі өлшемді және үш өлшемді моделдерді құру туралы негізгі мәліметтер.

22. Қорыту (2 сағат):


  1. Міндетті графикалық жұмыстар тізімі:


  1. сызықтар түрлері және қаріптер;


  2. шеңберді тең бөліктерге бөлу және түйіндесулер;


  3. көпжақтардың проекцияларын құру, бетіндегі нүктелерді табу, аксонометриялық проекциясы мен жазбасын құру;


  4. айналу денелерінің проекцияларын құру, бетіндегі нүктелерді табу, изометриясы мен жазбасын құру;


  5. ойығы бар қиық моделдің кешенді сызбасы;


  6. геометриялық денелер тобының сызбасы (бақылау жұмысы);


  7. моделдің кешенді сызбасын көрнекі кескіні немесе аксонометриялық проекциясы бойынша құру;


  8. моделдің екі көрінісі бойынша үшінші көрінісін құру;


  9. қарапайым немесе күрделі тілікті (тандауы бойынша) қолданып, тетікбөлшектің сызбасын құру;


  10. қималарын орындап тетікбөлшектің сызбасын салу;


  11. бұрандалы біріктірулердің сызбасы (болтпен, винтпен және/немесе шпилькамен біріктіру);


  12. тетікбөлшектің эскизін көрнекі кескініне немесе құрастыру сызбасына қарап салу (өлшемдерін қою);


  13. тетікбөлшектің сызбасын эскизі бойынша немесе конструкциясын жарым-жарты өзгерту арқылы салу;


  14. ғимарат сызба-нұсқасының және қасбетінің сызбасы;


  15. қажетті тіліктерімен техникалық суреті (алдыңғы 1/4 қиылған) орындалған тетікбөлшектің сызбасын салу (бақылау жұмысы).


  1. Ескертпе: графикалық жұмыстар А4 немесе А3 пішіміне (оқытушы қарауына) орындалуы қажет.



3. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар


25. Оқушылардың дайындық деңгейі пәндік, тұлғалық, жүйелік-әрекеттік нәтижелері бойынша бағаланады.

26. Пәндік нәтижелер екі аспектіде айқындалады: білуі тиіс және меңгеруі тиіс.

27. 9-сыныпты аяқтағанда оқушылар:


  1. КҚБЖ (конструкторлық құжаттардың бірынғай жүйесі) стандарттарының сызба дайындауына қоятын негізгі талаптарын: пішімдер, сызба сызықтары, сызба қаріптері, өлшем қоюдың негізгі ережелерін;


  2. жұмыс орнын ұйымдастырудың және сызба құралдарын пайдаланудың тиімді ережелерін;


  3. қарапайым геометриялық құрылымдар әдістерін: өзара параллель және перпендикуляр түзулері, кесіндіні, бұрышты және шеңберді тең бөліктерге бөлу, түйіндесулер мен сопақшаны салуды;


  4. проекциялаудың негізгі әдістерін: тік бұрышты және аксонометриялық проекцияда жазық және кеңістіктік фигураларды салуды;


  5. геометриялық денені деңгей жазықтығымен қиғанда пайда болатын қимасын салу және геометриялық денелері беттерінің өзара қиылысу сызықтарын тұрғызу әдістерін;


  6. көріністер мен тіліктерді, қималарды орындаудың негізгі ережелерін;


  7. қарапайым тетікбөлшектің эскизін және сызбасын орындау жүйелілігін;


  8. ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер түрлерін, бұранданың шартты кескінделуін және белгіленуін, болтпен, винтпен біріктірудің кескінделуін;


  9. құрастыру сызбасының ерекшелігін, спецификацияның арнауын, құрастыру сызбасын оқу және бөлшектеу ретін;


  10. құрылыс және топография сызбаларының ерекшеліктерін, олардың машина жасау сызбаларынан айырмашылығын;


  11. компьютерлік графикалық бағдарламада қарапайым геометриялық пішіндердің сызбасын орындауды білуі тиіс.


28. 9-сыныпты аяқтағанда оқушылар:


  1. сызбасы мен көрнекі кескіні, қарапайым жазбасы бойынша нәрсенің пішінін талдауды;


  2. моделдің және тетікбөлшектің комплексті сызбасындағы (эскизіндегі) басты көрінісін, көріністердің тиімді санын тандауды;


  3. қарапайым моделдің және тетікбөлшектің комплексті сызбасында керекті көріністерді, тіліктерді және қималарды салуды;


  4. қарапайым құрастыру бұйымның сызбасын оқу және тетікбөлшектерінің сызбасын орындауды;


  5. қарапайым құрылыс және топография сызбаларын оқуды;


  6. компьютерлік графикалық бағдарламада қарапайым геометриялық пішіндердің сызбасын орындауды;


  7. өмірде, тұрмыста және адамның кәсіптік жұмысында графиканы пайдалану мысалдарын келтіруді;


  8. шығармашылық мазмұны бар есептер шығарғанда алған білімдерін пайдалануды меңгеруі тиіс.


29.Тұлғалық нәтижелер, оқушылар:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, КҚБЖ стандарттарының талаптарын құрметтеуді;

2) белсенді азаматтық ұстанымын, елінің игілігіне еңбек жасауға дайындығын көрсете білуді;

3) салауатты өмір салтын ұстану, жұмыс орнын және жұмыс пен демалыс режимін тиімді ұйымдастыру дағдыларының қалыптасуын;

4) адамдар арасындағы қатынастың биік мәдениетін таныту, этикалық нормаларды сақтау, оқытушыларды, өз жолдастарын қадірлеуді;

5) тұлғаның шығармашылық потенциалын жетілдіруге әсер ететін белсенділікті және жағымды эмоционалды сезінушілік тәжірибесін көрсетуді;

6) өздігінен білім алуға және жасампаз еңбекке дәлелділігі мен шығармашыл еңбектенуге қабілеттілігін айқындауы тиіс.

30. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер, оқушылар:


    1. сызбаны орындау және оқу барысында игерген білімдерін тәжірибелік іс-әрекеттің басқа түрлерінде;


    2. әр түрлі әдістермен алынған ақпаратты талдай, жөндей, жинақтай және пайдалануды;


    3. жобалау және құрастыру әдістерін шығармашылық есептер шығарғанда пайдалануды;


    4. қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды;


    5. курс шеңберінде дамыған байланыс қабілеттіліктеріне және көптілді мәдениеттілігіне иеленуді, техникалық терминологияны қолдануы тиіс.














































Сабақтың тақырыбы: Геометриялық денелердің сызбалары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға геометриялық денелер туралы жалпы түсінік бере отырып, үш проекциясын түсіруді үйрету .

Дамытушылық: өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс істей білуге, танымдылық қабілетін арттыру.

Тәрбиелік : оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пән аралық байланыс: сурет,геометрия .

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайдтар,кесте,геометриялық денелер макеті, тест.

Күтілетін нәтиже: Еркін жұмыс істеуге дағдыланған,сабақ тәсілін жетік меңгерген, достық қарым – қатынасқа бейім ,қауіпсіздік ережесін сақтай білетін , шебер оқушы қалыптасады .

Сабақтың жоспары:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын сұрау

- Тест;

- Жаттығу жұмысын тексеру;

- Шығармашылық жұмыстарды тексеру.

III. Жаңа сабақ .

- Cлайд ,электронды оқулық арқылы сабақты түсіндіру;

- Интерактивтітақтамен жұмыс.

- Машықтану жұмыстары (деңгейлік тапсырмалар)

IV. Сабақты қортындылау.

V. Сабақты бекіту.

VI. Оқушы білімін бағалау.

VII. Үйге тапсырма .

Сабақтың барысы :

І . Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ . Үй тапсырмасын сұрау :

1.Тест сұрақтары.

2.Жаттығу жұмысын тексеру.

Текше ішінде шеңбердің изометриялық проекциясын пішім қағазға орындап келу.

3.Шығармашылық тапсырманы тексеру.

Түрлі-түсті қатты қағаздан геометриялық денелердің көрнекі кескінін жасап келу(пирамида, конус, текше, цилиндр, призма) және геометриялық денелер туралы мәлімет жинау.

ІІІ . Жаңа сабақ .

1.Слайд арқылы жаңа сабақты түсіндіремін

2.Интерактивті тақтамен жұмыс

3.Машықтану жұмыстары (деңгейлік тапсырма беремін)

1-деңгейлік тапсырма: геометриялық дененің үш проекциясын орындау және аксонометриялық проекциясын тұрғызу.Бұл жұмыс интерактивті тақтада орындалады.

2-деңгейлік тапсырма: жаттығуға арналған тапсырма 18-сурет 4 жаттығу (кітаппен жұмыс).

3-деңгейлік тапсырма: геометриялық денелердің үш проекциясын (фронталь, горизонталь, профиль) А3 пішім қағазға түсіру.

IV.Сабақты қарытындылау.

V.Сабақты бекіту.

а) геометриялық денелер дегеніміз не?

б) геометриялық денелер қанша топқа бөлінеді?

в) көпжақты денелерге қандай денелер жатады?

г) айналу денелеріне қандай денелер жатады?.

VI.Оқушы білімін бағалау.

VII.Үйге тапсырма:

1.Жаттығуға арналған тапсырма 121-сурет 2 жаттығу.

2.Геометриялық тобының проекциясының көрнекі кескінін жасап келу.













































Тест

1.Проекция деген сөз не мағынаны білдіреді?

а) алдыға лақтыру

б) артқа лақтыру

в) кері лақтыру

г) жанына лақтыру

2. Ф белгісі қандай жағдайда қойылады?

а) зат ұзындығына

б) шеңберге

в) шеңбер үлкен болғанда

г) шеңбер толық болғанда

3. V жазықтығына қай көрініс орналасқан?

а) алдыңғы көрініс

б) үстіңгі көрініс

в) сол жақ көрініс

г) жергілікті

4. H жазықтығына қай көрініс орналасқан?

а) алдыңғы көрініс

б) үстіңгі көрініс

в) сол жақ көрініс

г) жергілікті

5. W жазықтығына қай көрініс орналасқан?

а) алдыңғы көрініс

б) үстіңгі көрініс

в) сол жақ көрініс

г) жергілікті

6. Техникалық суреттің проекция кескінінен айырмашылығы кандай?

а) тез орындалады

б) проекциялау ережелерін сақтай отырып қолдан орындалады

в) негізгі сызғышпен орындалады

г) компьютерде орындалады

7.Фронталь диметриялық проекцияның у осінде өлшем қалай алынады?

а) екі есе үлкен

б) үш есе үлкен

в) екі есе кіші

г) төрт есе үлкен





8.Қайсы сурет қиғашбұрышты фронталь диметрияға сәйкес?



9 .Қайсы сурет изометрия проекциясына сәйкес?



10.Координаталар жазықтығында жатқан шеңбердің аксонометриялық кескіндері берілген. Қайсы суретте XOZ жазықтығында орналасқан шеңбердің тікбұрышты изометриядағы кескіні көрсетілген?















































Дұрыс жауап

1.(а

2.(г

3.(а

4.(б

5.(в

6.(б

7.(в

8.(а

9.(д

10.(в



Баға: 5 баға,8-10дұрыс сұрақ

4 баға,6-8 дұрыс сұрақ

3 баға,4-6 дұрыс сұрақ

2 баға, 0-3 дұрыс сұрақ

















Жауап



1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.







Орындаған:

Тексерген:

Баға:



Сабақтың тақырыбы:Беттері дөңгелек пішінді нәрселердің аксонометриялық проекциясы.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға дөңгелек пішімді нәрсенің аксонометриялық проекцисын сызудың әдіс-тәсілдерін үйрету,эллипс туралы жалпы түсінік беру.

2.Дамытушылық: өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс істей білуге, танымдылық қабілетін арттыру.

3.Тәрбиелік: адамгершілікке, қауіпсіздік дағдысына, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: математика, геометрия, сурет.

Сабақтың көрнекілігі: тест, карточка, слайдтар, интерактивті тақта, таблица.

Күтілетін нәтиже: оқушылар еркін жұмыс істеуге дағдыланған, сабақ тәсілін жетік меңгерген, достық қарым-қатынасқа бейім, қауіпсіздік ережесін сақтай білетін, шебер оқушы қалыптасады.

Сабақтың жоспары:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын сұрау.

1.Сұрақ-жауап әдісі.

2.Жаттығу жұмысын тексеру.

3.Шығармашылық жұмыстарды тексеру.

III.Жаңа сабақ.

1.Слайд,электронды оқулық арқылы сабақты түсіндіру.

2.Интерактивті тақтамен жұмыс.

3.Машықтану жұмыстары (деңгейлік тапсырмалар)

IV.Сабақты қорытындылау.

V.Сабақты бекіту(тест)

VI.Оқушы білімін бағалау.

VII.Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II.Үй тапсырмасын сұрау

1.Сұрақ-жауап әдісі

a) Проекция дегеніміз не?

б )Аксонометрия дегеніміз не?

в)Аксонометриялық проекцияның қанша түрі бар?

г)Диметрия дегеніміз не?

д)Изометрия дегеніміз не?

2.Жаттығу жұмысын тексеру

Тік төртбұрыштың тік бұрышты изометриялық және қиғаш бұрышты фронталь диметриялық проекциясын пішім қағазға орындап келу.

3.Шығармашылық тапсырманы тексеру.

Түрлі-түсті қатты қағаздан тік төртбұрыштың модельдің көрнекі кескінін жасап келу және оны пішім қағаз бетіне түсіріп келу.

III.Жаңа сабақ

1.Слайд арқылы жаңа сабақты түсіндіремін

2.Интерактивті тақтамен жұмыс

3.Машықтану жұмыстары (деңгейлік тапсырма беремін)

1-деңгейлік тапсырма: шеңбердің изометриялық проекциясын тұрғызу.Бұл жұмыс интерактивті тақтада орындалады.

2-деңгейлік тапсырма: қиғаш бұрышты фронталь диметриялық проекцияда тұрғызылған тік төртбұрыштың ішіне овал салу.

3-деңгейлік тапсырма: диаметрі 36 және 55 миллилетр болатын шардың үш проекциясын тұрғызу.

IV.Сабақты қарытындылау.

V.Сабақты бекіту.

Тест тапсырмасын орындау.

VI.Оқушы білімін бағалау.

VII.Үйге тапсырма:



1)Жаттығу №1 сызып келу.











































Юрий Гагарин атындағы орта мектеп













Шығармашылық жоба

«Геометриялық денелер тобының проекциясы»









































Шығармашылық

жоба күнделігі





































Мазмұны

Кіріспе..........................................................................1-2

Негізгі бөлім тараулары:

1-тарау. Бұйым конструкциясы..............................3-16

2-тарау. Дайындау технологиясы.........................17-26

3-тарау. Жобаның экономикалық негізделуі..............27

4-тарау. Жобаның экологиялық бағалануы...............28

Қорытынды..................................................................29

Қолданылған әдебиеттер тізімі................................30



















Кіріспе

Сызу – сызбаларды орындау мен оның оқу ережелерін баяндайтын пән . Сызудың мынадай негізгі түрлері бар: проекциялық сызу (кеңістіктегі денелерді бейнелеу), арнаулы сызу (машина жасауда, құрылыста, картографияда, т.б. қолданылады) және геометриялық сызу (геометриялық салу есептерін графиктік жолмен шешу үшін қолданылады).  Соның ішінде геометриялық денелер тобының проекциясы деген тақырыпты қарастырамыз. Геометриялық дене - айналасы(жан-жағы) шектеулі жазық немесе қисық беттер бөліктерімен оқшауланған әрі осы шекаралық бөліктердің өзін қамтитын кеңістік нүктелердің шектеулі үш өлшемді жиыны. Яғни, үш өлшемді евклидтық тұйық кеңістікпен шектеліп қамтылған аймақ. Шекаралық барлық нүктелердің бірігуі дененің сыртқы беті делінеді. Яғни, дененің шекарасы оның беті болады. Кейбір денелердің шекаралық бетінің табаны деп аталатын бөлігі болады, мысалы, паралепипедтің, қиық пирамиданың және қиық конустың параллел беттері табандар деп аталған. Геометриялық дененің аталған табандарынан өзге шекаралық беттері дененің бүйір беті делінеді. Жазық шекарасы болатын денелер үшін шекаралық екі беттің қиылысында жататын кесінділер дененің қырлары деп аталған. Егер қырлар дененің табандарында жататын болса, олар табан қырлары, өзгелері дененің бүйір қырлары делінеді. Дененің шекаралық беттерінің сырт жағының ауданы - сыртқы беттердің ауданы деп аталады. Бұл аудан шекаралық беттер аудандарының қосындысына тең болады. Бүйір беттер ауданы мен табан беттері аудандарының қосындысына тең болады. Бүйір беттер ауданы мен табан беттері аудандарының қосындысы толық бет ауданы(толық бет) делінеді. Геометриялық фигуралар көпжақтар және айналу денелері болып екі топқа бөлінеді.Көпжақтыларға: Параллелепипед ,куб, пирамида, текше, призма жатады.Ал айналу денелеріне цилиндр,конус, шар жатады . Геометриялық денелердің проекциясына талдау жасау арқылы, біз, олардың жазықтықта қалай орналасатынын білеміз. Және де әр проекцияда өлшемдері қалай өзгеретінін байкап отырамыз. Бұл тақырыптың қажеттілігі оқушылардың таным қабілетін, логикалық ойлау қабілетін дамытуға, оқушыларды детальдарды кескіндеп, күрделілігіне қарай сызбаларын сызуға, қажетті өлшемдерін түсіруге, бейнелеуге үйретеді.







Бұйым конструкциясы

Жоба тақырыбына байланысты мәліметтер жинағы:

Призма. Табандары деп аталатын екі жағы параллель және тең көпбұрыштар, ал қалған бүйір жақтары параллелограмдар болатын көпжақты - призма деп атайды. Егер табаны п бұрышты фигура болса, онда призма nұрышты призма деп аталады. Призмаларды тік және көлбеу призмалар деп екі топқа бөледі. Тік призманың жақтары тіктөртбұрыштар болады және табандарымен 90° бұрыш жасайды. Табаны дұрыс п бұрыш болатын тік призманы дұрыс n-бұрышты призма дейді. 70, а-суретте дұрыс алтыбұрышты призманың сызбасы, ал 70, ә-суретте оның қиғашбұрышты фронталь диметриясы көрсетілген. Призманы фронталь проекцияда оның үш жағы көрінетіндей етіп орналастырады, оның себебі кейінірек айтылады. Алдымен горизонталь проекциясын салып алған дұрыс. Призманың табандары горизонталь орналасқан, сондықтан олар p2 жазықтығына нақты шамасына проекцияланған. Призманың алты бүйір жағы - горизонталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр орналасқан тіктөртбұрыштар. Олардың екеуі фронталь проекция жазықтығына параллель. Бүйір қырлары - горизонталь проекциялаушы кесінділер, ал табан қырлары – горизонталь орналасқан кесінділер. 71-суретте үшбұрышты көлбеу призманың фронталь, горизонталь және профиль проекциялары салынған



































Пирамида. Табаны деп аталатын көпбұрышпен және бүйір жақтары деп аталатын үшбұрыштармен шектелген көпжақты - пирамида деп атайды (67-сурет). Егер пирамиданың табаны п бұрышты фигура болса, онда оны п бұрышты пирамида дейді. 67-суреттегі пирамиданың табаны бесбұрыш АВСDЕ, сондықтан оны бесбұрышты пирамида дейді. Бүйір жақтарының ортақ нүктесі S пирамиданың төбесі болады. Пирамидаларды дұрыс және дұрыс емес деп екі топқа бөлуге болады. Дұрыс пирамиданың табаны дұрыс көпбұрыш болады және оның төбесінен табанына түсірілген перпендикуляр табанындағы көпбұрыштың центріне түседі. Горизонталь проекциялар жазықтығында тұрған дұрыс үшбұрышты пирамиданың сызбасы 68,а-суретте кескінделген. Алдымен пирамиданың горизонталь проекциясын тұрғызып аламыз. Пирамиданың табаны горизонталь проекциялар жазықтығында жатқандықтан, бұрмаланбай нақты шамасына проекцияланады. Абсцисса осін қалауымызша орналастырып, онымен қиылыспайтын және төмен орналасқан шеңбер жүргіземіз. Шеңбердің центрі S2 пирамида төбесінің горизонталь проекциясын береді. S2 нүктесі арқылы вертикаль түзу жүргізіп, оның шеңбермен қиылысу нүктесін пирамида төбелерінің бірінің горизонталь проекциясы ретінде қабылдаймыз. Ол нүктені А2 деп белгілейік. Бір төбесі А2 нүктесі болатын шеңберге іштей дұрыс үшбұрыш сызамыз. Бұл үшбұрыштың бір қабырғасы ВС фронталь проекциялар жазықтығына параллель. Табылған A2, В2 және С2 нүктелерін өзара және S2 нүктесімен қоссақ, пирамиданың горизонталь проекциясы шығады. А2, В2 және С2 нүктелері арқылы вертикаль байланыс сызықтарын х осіне дейін жүргізіп, A1, В1, және С1 нүктелерін аламыз. Пирамиданың биіктігіне тең A1S1 кесіндісін салып, нүктесін табамыз. Табылған A1, В1, С1 және S1 нүктелерін кесінділермен қосудың нәтижесінде пирамиданың фронталь проекциясын шығарып аламыз. Профиль проекцияны тұрғызу үшін қалауымызшорналастыру қажет), S, А, В және С нүктелерінің профиль проекцияларын — S3, А3, В3 және С3 нүктелерін саламыз. Пирамиданың бүйір жағы — SВС үшбұрышы профиль проекциялаушы фигура болғандықтан, оның профиль проекциясы кесіндіге кескінделген, ал қыры SА профиль орналасқан кесінді болғандықтан, п3 жазықтығына нақты шамасында проекцияланған. 68, ә-суретте үшбұрышты дұрыс пирамиданың тікбұрышты изометриясы көрсетілген. Дұрыс үшбұрышты пирамиданың моделін картоннан немесе қатты кағаздан жасауға болады. Ол үшін пирамида бетінің жаймасын (68, б-сурет) салу керек. Көпжақты беттің жаймасы жазықтыққа бір-біріне түйістіре салған жақтардың нақты шамаларынан тұрады. Біздер қарастырып отырған мысалда, алдымен пирамиданың табанын салып алған дұрыс. А2В2С2 үшбұрышына тең А0В0С0 үшбұрышын саламыз. Осы үшбұрыштың қабырғаларына бірдей теңбүйірлі А0S0B0, В0S0С0 және С0S0A0 үшбұрыштарын тұрғызамыз. Модель жасау үшін жайманы қиып алып, қос нүктелі үзілме сызықтар бойынша бүгіп, S0 нүктелерін бір нүктеге біріктіру керек. Содан кейін пирамиданың бүйір қырларын желімдеу керек. 69, а-суретте дұрыс бесбұрышты пирамиданың проекциялары көрсетілген. Мұнда да алдымен горизонталь проекция салынады. Шеңберге іштей дұрыс бесбұрыш тұрғызылады. Пирамиданың горизонталь проекциясы бойынша фронталь проекциясы, ал фронталь және горизонталь проекциялары бойынша оның профиль проекциясы салынады. 69, ә-суретте SАВСDЕ бесбұрышты пирамиданың қиғашбұрышты фронталь диметриясы сызылған.



















Параллелепипед

Параллелепипед(грек. parallelos – параллель және epіpedon – жазықтық) – қарама-қарсы жақтары қос-қостан өзара параллель болатын алтыжақ. Параллелепипедтің 8 төбесі, 12 қабырғасы болады, оның жақтары қос-қостан бір-біріне тең параллелограмдар. Егер параллелепипедтің бүйір қабырғалары оның табан жазықтығына перпендикуляр болса (бұл жағдайда оның 4 бүйір жақтары – тік төртбұрыштар), онда ол тік параллелепипед деп аталады. Егер параллелепипед тік және табаны тік төртбұрыш болса (6 бүйір жақтары – тік төртбұрыш), онда ол тік бұрышты параллелепипед делінеді. Барлық жақтары квадрат параллелепипед “куб” деп аталады. Параллелепипедтің көлемі оның табан ауданы мен биіктігінің көбейтіндісіне тең болады. [1]

























Цилиндр

Цилиндр туралы жоғарыда айтылған. Математика курсында цилиндрді тіктөртбұрыш өзінің бір қабырғасынан айналғанда шығатын айналу денесі деп түсіндіреді. Тіктөртбұрыштың қозғалмайтын қабырғасын цилиндрдің осі деп атайды, ал оған қарама-қарсы қабырғасы - жасаушысы. Жасаушысы цилиндрдің бүйір бетін және қалған екі қабырғасы цилиндрдің табандары болатын бірдей екі дөңгелекті сызып шығады. 72-суретте горизонталь проекциялар жазықтығында тұрған цилиндрдің сызбасы және тікбұрышты изометриясы сызылған. Цилиндрдің фронталь және профиль проекциялары - тең тіктөртбұрыштар, ал горизонталь проекциясы шеңбер болатынын көреміз. Айналу цилиндрінің осі табан жазықтықтарына перпендикуляр. Цилиндрдің бетінде жататын оның осіне параллель кесінді жүргізуге болады. 72-суретте осындай кесінділердің бірі АВ көрсетілген. Осындай кесіндіні, мысалы, АВ кесіндісін, цилиндрдің жасаушысы деп атайды. Оның себебі АВ кесіндісін осьтен айналдырса, онда ол кесінді цилиндрдің бүйір бетін жасайды. Цилиндрді картоннан жасап алуға болады. Ол үшін оның жаймасын салу керек.

72, б-суретте цилиндр бетінің жаймасы келтірілген. Жайма тіктөртбұрыштан және екі дөңгелектен тұрады. Дөңгелектер - цилиндрдің табандары, ал тіктөртбұрыш – оның бүйір бетінің жаймасы. Тіктөртбұрыштың биіктігі цилиндрдің биіктігіне тең, ал ұзындығы оның табанындағы дөңгелек шеңберінің ұзындығына тең. Шеңбердің ұзындығы с болсын, ал диаметрі d болсын. Олардың қатынасын гректің p ("пи" деп оқылады) әрпімен белгілейді. Сонда Осыдан с = , ал p 3,14. Жоғарыда қарастырылған цилиндрді тік цилиндр дейді. Жасаушылары табан жазықтықтарына көлбеу болатын цилиндрді көлбеу цилиндр деп атайды. Көлбеу цилиндрдің табандарындағы дөңгелектердің центрлерін қосатын түзу (цилиндрдің осі) оның табан жазыкқтықтарына перпендикуляр болмайтындығын байқау қиын емес. Көлбеу цилиндрдің сызбасы 73 суретте көрсетілген.





























Конус

Тікбұрышты үшбұрышты катеттерінің біреуінен айналдырғанда шығатын айналу денесін конус дейді. Тікбұрышты үшбұрыштың қозғалмайтын катеті конустың осі, гипотенуза - жасаушысы деп аталады, ал екінші катет конустың табаны болатын дөңгелекті жасайды. 74, а-суретте айналу конусының сызбасы, ал 74, ә-суретте аксонометриясы кескінделген. S нүктесі конустың төбесі деп аталады. Сонда конустың фронталь және профиль проекциялары теңбүйірлі үшбұрыштар, ал горизонталь проекциясы табанына тең дөңгелек болады. Конустың төбесі p2 жазықтығына өзінің горизонталь проекциясы болатын дөңгелектің центріне проекцияланады. Конустың аксонометриясын салу үшін аксонометриялық осьтер жүргізіп, табанының центрі - О' нүктесі координаталары бойынша салынады. Одан кейін конустың табанындағы шеңбердің кескіні болатын сопақша сызылады. Конус төбесінің аксонометриясы - S' нүктесі координаталары бойынша салынады. S' нүктесінен сопақшаға жанамалар жүргізіледі (74, ә-сурет). Конусты картоннан жасау үшін, оның бетінің жаймасын салуды қарастырайық (74, б-сурет). Қалауымызша S0 нүктесін алып, центрі осы S0 нүктесі болатын, радиусы конус жасаушысының ұзындығына тең шеңбер доғасын жүргіземіз. Доғаның бір ұшын А0 деп белгілейік. Доғаның бойына А0 нүктесінен бастап шеңбердің (конустың табанындағы) ұзындығын салу керек. Бұл арада жуықтап салу әдісін пайдаланған тиімді. Шеңберді тең 12 бөлікке (одан да көп тең бөліктерге) бөледі. А2В2 - шеңбердің 1/12 бөлігі болсын. А2В2 кесіндісін өлшеуішпен (шеңберсызармен) өлшеп алып, доғаның бойына А0 нүктесінен бастап 12 рет саламыз. Ең соңғы нүктені және А0 нүктесін S0 нүктесімен кесінді арқылы қосамыз. Сонда конустың бүйір бетінің жаймасы шығады. Оның толық бетінің жаймасын алу үшін бүйір бетінің жаймасына тақап конустың табанын салса болады. Егер төбесі мен табанының центрін қосатын түзу оның табанына перпендикуляр болмаса, конусты көлбеу конус дейді. Көлбеу конустың мысалы 75-суретте келтірілген.

























Шар

Дөңгелекті диаметрлерінің біреуінен айналдырғанда пайда болатын денені шар деп атайды. Шардың бетін сфера дейді, оның проекциялары өзара тең шеңберлер болады (76-сурет).



















Геометриялық денелер тобының проекциясы

77-суретте бірнеше геометриялық дененің үш проекциясы (фронталь, горизонталь және профиль) кескінделген. Кескіндеріне қарап неше дене және қандай денелер берілгенін анықтай аласыңдар ма? Басқаша айтқанда, берілген кескінді оқи аласыңдар ма? Суретке зер салып қарап шығып, онда үш дене: алтыбұрышты пирамида, төртбұрышты призма және цилиндр берілгенін айтуға болады. Олар проекциялар жазықтықтарына және бір-біріне қатысты түрліше жағдайда орналасқан. Пирамида горизонталь проекциялар жазықтығында тұр, орналасуы орнықты. Призма мен цилиндр горизонталь проекциялар жазықтығында көлденең жатыр, олардың орналасуы орнықты болмайды. Призманың горизонталь проекциялар жазықтығымен ортақ қыры бар. Егер призмаға қол тигізсек, ол қозғалып, горизонталь жазықтыққа бір жағымен барып түсер еді. Цилиндр горизонталь проекциялар жазықтығына өзінің жасаушысы бойымен жанасады. Цилиндрдің оң жақ табаны профиль проекциялар жазықтығында жатыр. Призманың бүйір қырлары, бүйір жақтары және цилиндрдің жасаушылары профиль проекциялар жазықтығына перпендикуляр орналасқан. Берілген денелердің фронталь проекциялар жазықтығымен ортақ нүктелері жоқ. Енді берілген денелердің бір-біріне қарағандағы орналасуын қарастырайық. Призма пирамида мен цилиндрдің арғы жағында жатыр. Сондықтан призманың пирамида мен цилиндрдің тасасындағы бөліктері фронталь проекцияда үзілме сызықпен жүргізілген. Цилиндр пирамиданың оң жағында орналасқан. Мұның өзі профиль проекцияда оның бір бөлігі пирамиданың тасасында қалатынын көрсетеді.Профиль проекцияда цилиндрдің көрінбейтін бөлігі үзілме сызықпен кескінделген. Призма мен цилиндрдің қалай орналасқанын фронталь және горизонталь проекцияларына қарап ажыратуға болмайды. Профиль проекцияларына қарап цилиндр мен призманың өзара жанаспайтынын көреміз. 78-суретте де геометриялық денелер тобы кескінделген. Параллелепипед горизонталь проекциялар жазықтығында жатыр. Оның үстіне цилиндр қойылған, ал цилиндрдің үстінде конус тұр. Фронталь проекциядан конус пен цилиндрдің орналасуын анықтауға болмайды. Горизонталь проекциядан да берілген денелердің орналасуын ажырату мүмкін емес. Сондықтан кескінді түсіну үшін берілген нәрселердің проекцияларын бір-біріне байланыстыра отырып талдау керек.





















Дайындау технологиясы

































Жобаны орындау барысы қанша және қандай материал түрлері қолданды:

1.Пішім 594х841-1 дана.

2.Түрлі-түсті қағаз 1 дана.

3.Клей 1 дана.

 Жобаны орындауда қандай құрал-саймандар, жабдықтар т.б. қолданылды:

1. Қайшы 3. Сызғыш 5. Түрлі – түсті қағаз

2. Пішім 4. Қалам 6. Циркуль

7. Клей

 Жобаны орындау барысында болған өзгерістер мен толықтырулар:

 1.Геометриялық денелердің бір денесін (призма) ортасын тесік қылуды ұйғардым.

2.Жұмыс барысында геометриялық денелерді түрлі-түсті қағазбен қапттауды жөн көрдім.























Геометриялық денелер

тобының проекциясы





























Аксонометриялық

проекциясы













































Жобаға экономикалық негіздеме

Материалға жұмсалатын қаражат: 1. Пішім 594х841-1 дана-80 теңге. 2. Түрлі-түсті қағаз 1 дана-150 теңге. 3. Клей 1 дана-70 теңге.

Жобаға жұмсалған материалды, уақытты және еңбегіңді есептегенде жобаның құндылық бағасы:

1. Пішім 594х841-1 дана-80 теңге. 2. Түрлі-түсті қағаз 1 дана-150 теңге. 3. Клей 1 дана-70 теңге.

Жұмысы:500 теңге. Шығын:300 теңге. Барлығы:800 теңге.

Жобаңызға ұқсас саудада тұрған заттар ерекшілігі және артықшылығы: Саудада геометриялық денелер жоқтың қасы.





























Жобаның экологиялық бағасы

Бұйым экологиялық таза материалдан жасалады. Жобаланған бұйымды дайындау және эксплуатациялау қоршаған ортада өзгерістер әкелмейді және адамның қалыпты тіршілік әрекетіне зияны болмайды. Бұйымды өндіріс қалдықтарынан немесе жарамсыздыққа шығарылған материалдардан дайындауға болады. Жобаны орындау кезінде пайда болатын қалдықтарды ұсағырақ бұйымдар дайындауға қолдануға болады.





































Қорытынды

  Геометриялық денелер макетін дайындау процесінде төмендегідей нәтижелерге қол жеткізілді. Қалдықтардан жақсы сапалы, эстетикалық тартымды түрде ие, барлық талаптарға сай келетін геометриялық денелер макеті жасалды. Бұйымды дайындау барысында оны дайындау тәсілдері және мағлұматтары меңгерілді. Жобаны орындау барысында қиындықтар кездесті, материалдың жұмсактығы, тез сапасын жоғалтады. Қиындықтан шығу жолында макетті түрлі-түсті қағазбен қаптадым ,бұл менің жасаған макетіме сәнін келтірді және сапасын арттырды.



































Қолданылған әдебиеттер тізімі

В.Г. Чукалин, М.М. Ахметжанов «Сызу» 9 сынып, Алматы «Атамұра» 2013ж.

Ж.М. Есмұхан «Сызу» 9 сынып, Алматы «Мектеп» 2005ж.

А.Д. Ботвинников, В.Н. Винаградов, И.С. Вышнепольский «Сызу» 7-8 сынып, Алматы «Рауан» 1990 ж.






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Проекция

Автор: Калиев Жандос Байбатырулы

Дата: 23.02.2016

Номер свидетельства: 297519

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) "Прямоугольное проецирование на одну, две и три плоскости проекций. "
    ["seo_title"] => string(73) "priamoughol-noie-proietsirovaniie-na-odnu-dvie-i-tri-ploskosti-proiektsii"
    ["file_id"] => string(6) "174467"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424142291"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "Прямоугольное проецирование на одну, две и три плоскости проекций "
    ["seo_title"] => string(75) "priamoughol-noie-proietsirovaniie-na-odnu-dvie-i-tri-ploskosti-proiektsii-1"
    ["file_id"] => string(6) "211797"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1431685050"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(172) "Разработка урока по черчению для 8 класса "Построение проекций точек на поверхности предмета"."
    ["seo_title"] => string(95) "razrabotkaurokapochierchieniiudlia8klassapostroieniieproiektsiitochieknapovierkhnostipriedmieta"
    ["file_id"] => string(6) "290265"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454937060"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(217) "Разработка урока по черчению для 8 класса "Понятие о проецировании. Проецирование на одну, две, три плоскости проекции"."
    ["seo_title"] => string(114) "razrabotkaurokapochierchieniiudlia8klassaponiatiieoproietsirovaniiproietsirovaniienaodnudvietriploskostiproiektsii"
    ["file_id"] => string(6) "302947"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457357392"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(147) "Конспект урока по черчению в 8 классе "Проекции геометрических тел", презентация "
    ["seo_title"] => string(97) "konspiekt-uroka-po-chierchieniiu-v-8-klassie-proiektsii-ghieomietrichieskikh-tiel-priezientatsiia"
    ["file_id"] => string(6) "108866"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1403885827"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства