1 – тапсырма. (барлық оқушылар орындайды) «Қабырғадағы рөл» стратегиясы. Мәтінге қатысты суреттер мен сөйлемдер беріледі, оқушылар суреттерге сәйкес сөйлемдерді құрап, ретімен орналастырып, айтады. Мысалы: Халқымыздың сан ғасырлық тіршілігіне байла -нысты ұлттық тәрбиеге қатысты көптеген салт - дәстүр бар. 1-топтың сөйлемдері. (оқушыларға бұл сөйлемдердің ішінен кейбіреуі ғана беріледі ) Халқымыздың сан ғасырлық тіршілігіне байланысты ұлттық тәрбиеге қатысты көптеген салт - дәстүр бар. Соның бірі – «Бесікке салу» дәстүрі. Осыған байланысты қазақ халқы «Бесіксіз үйде , береке жоқ» дейді, себебі бала – өмірдің гүлі, жалғасы. Бесік қазақ халқының ең бір қадір, қасиет тұтқан дүниелерінің бірі, ол нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Себебі, бесікте ұлт келешегі тәрбиеленіп өседі. 2-топтың сөйлемдері. Бесіктің жасауын қыздың анасы даярлайды.Ол үшін мынандай жасау – жабдықтар қажет: жөргек, қолбау, тізе бау, қалың бесік жапқыш, жұқа бесік жапқыш, түбек, шүмек, кепіл, жастық, көрпе, құс төсек. Ал бесіктің өзі жер бесік және аспалы бесік болып екіге бөлінеді. Қазақ өмірінде үш нәрсені қадірлейді, баспайды. Олар: шаңырақ, табалдырық және бесік. Бесікке бөлеу ежелден келе жатқан салт – дәстүр. 3-топтың сөйлемдері. Бесік көшпелі өмірге өте қолайлы болған. Қазақ баласы бесік жырын тыңдап өскен. Бесікке бөленген баланың ұйқысы тыныш, бойы жылы, төсегі таза болады. Бесіктің басына пәле – жала жоламауы үшін пышақ қойылған, үкі тағылған. Баланы бесікке бөлемес бұрын аластап, «тыштыма» салтын жасаған жөн. Ол осындай қуаныш жалғасты болсын деген тілекті білдіреді. Сонымен бесікке бөлеу ата – бабамыздың қасиетті салтының бірі. Қазақ халқы бекерге туған жерді алтын бесікке теңемеген. («тыштыма» салтына қатысты бейнефильмнен үзінді көрсету) 2-тапсырма. (барлық оқушылар орындайды) Барлық топтың алдына мәтін беріледі, абзацқа бөліп, дауыстап оқу. Сөздікпен жұмыс. Қарамен белгіленген бесіктің жабдықтарын атап, есте сақтау мақсатында «Көршіңді шақыр» ойынын ойнату. (Мысалы: жөргек, түбек, шүмек, кепіл сөздері алынады) Бесіктің жасау- жабдықтары: 1.Жөргек. 2. Қолбау, тізе бау. 3. Қалың бесік жапқыш. 4.Жұқа бесік жапқыш. 5. Түбек. 6. Шүмек. 7-8-9. Кепіл. 10. Жастық. 11. Көрпе. 12. Құс төсек. Әр топ мәтінге қатысты сұрақ құрастырып, бір – біріне сұрақ қойып, жауап алады. 3-тапсырма. (көпшілігі орындайды) Жұптық жұмыс. Дара диаграммасына салып 1-жұп «бесікке салу» етістігіне анықтыма береді. 2-жұп. «тыштыма» зат есіміне анықтама береді. 4-тапсырма. (кейбір оқушылар орындайды) Жұптық жұмыс. «Жаңашыл бесік» тақырыбына жарнама жасау. (үздік оқитын 2 оқушыға алдын – ала тапсырма беріледі, олар жарнамаға дайындалған мәтінді негізге алып, «жаңашыл бесікті» жарнамалайды. ) |