Открытый урок по самопознанию "?нер - ?мірді? м?ні мен с?ні". Урок в программе второго курса после одиннадцатого класса. Цель урока приобщить учащихся к искусству: народному, классическому, изобразительному искусству. В ходе урока прослушивание музыки и видео просмотр. музыка классическая и рок-обработка классической музыки.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?нер -?мірді? м?ні мен с?ні. Ашы? саба?»
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы
«Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Коммунальное государственное казенное предприятие
«Колледж транспорта» управления образования
Восточно-Казахстанского областного акимата
«Келісілген» «Бекітілген»
Колледж әдіскері Оқу жұмысы бойынша
________Тортбаева Р. Б. _______Латыпова С. С.
«___»__________ 2016 ж. «___»_________ 2016 ж.
Ашық сабақ
Открытый урок
Пән аты : «Өзін-өзі тану»
Тақырыбы: «Өнер - өмірдің мәні мен сәні»
Дайындаған: Жуасбек Ж. С.
Подготовила: Жуасбек Ж. С.
Қоғамдық пәндер бірлестігінің
Отырысында қаралған:
«___»__________ 2016 ж.
Хаттама № _________
Рассмотрено на заседании
цикловой комиссии
общественных дисциплин.
Циклдық комиссия төрағасы
Тулеуов К. М. ____________
Семей қаласы 2015/2016 оқу жылы
г. Семей 2015/2016 уч. год
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы
«Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
№17 сабақ жоспары.
Оқытушы: Жуасбек Ж. С.
Топ: 25ТР-к
Сабақ тақырыбы:Өнер - өмірдің мәні мен сәні
Сабақтың мақсаты: өнер туындылары арқылы тұлғаның адамгершілік дамуын қамтамасыз ету; шығармашылықты бағалай білуін дамыту; адам мәдениетінің шыңы ретіндегі классикалық өнерді бағалай білуге баулу.
Міндеттер:
- адам өмірі жарасымының бір құрамдасы ретіндегі енердің мәнін ашу;
- "өнер", "көркем образ" ұғымдарының мәнін түсіну, эстетикалық және этикалық категориялардың өзара байланысын, адам мен қоғам өміріндегі өнердің рөлін түсінуіне мүмкіндік жасау;
- өзінің эстетикалық әсерін бейнелеп жеткізу қабілетін дамыту;
- классикалық өнердің ерекшеліктерін, классика мен қазіргі заманғы өнердің байланысы туралы түсінігін дамыту;
- өнер арқылы тұлғалық жеке қасиеттерін және өмірлік тәжірибесін талдау дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ типі: аралас
Пайдаланатын технологиялар: ойын технологиясының элементтері, АКТ, сын тұрғысынан ойлау техникасы.
Сабақта қолданылатын әдістер: түсіндіру, тексеру, сұрақ-жауап
Сабақтың жабдықталуы: аудио- және бейне материалдар, оқулық, қосымша әдебиет, мультимедиялық презентация «Суретшілердің картиналарының репродукциялары».
Пәнаралық байланыс: Мәдениеттану, № 2 сабақ – «Мәдениет және өнер». Қазақ тілі және әдебиет, № 40 сабақ - «Абай Құнанбаев. «Жаз», «Күз», «Желсіз түнде жарық ай», «Масғұт» дастаны, «Қара сөздері»»
Сабақ құрылымы:
№
Сабақ құрылымының элементтері
уақыт
І .
Ұйымдастыру кезеңі
5 мин
ІІ.
Мақсатпен таныстыру
2 мин
ІІІ.
Жаңа тақырыпты менгеру
60 мин
ІV.
Бекіту
20 мин
V .
Қорытындылау
3 мин
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды 3 топқа бөлу. Олар өздері кірген бойда бір түсті таңдап, сол түске байланысты орынға отырады.
- білім алушылармен сәлемдесу, киім үлгісін тексеру, журнал бойынша түгелдеу, сабақ ережесімен таныстыру т.б.
ІІ. Сабақ мақсатымен таныстыру
Бүгінгі сабақта біз өнер туындылары арқылы адамгершілік, өмірге деген сүйіспеншілік, адамның өмірге деген шынайы махаббат үлгілерімен танысамыз; шығармашылықты бағалай білуге; адам мәдениетінің шыңы ретіндегі классикалық өнерді бағалай білуге тырысамыз.
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру:
Шаттық шенбері
Оқытушының кіріспе сөзі
Бүгінгі сабағымызды жаратылысынан өнерге бай, әрі оны қадірлеп-қастерлей білген халқымыздың ән өнеріне, күй өнеріне деген ыстық ықыласын бейнелейтін данышпан Абайдың мына жыр жолдарымен бастағанымыз жөн болар.
Құлактан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
Абай
Оқу ақпараты
Оқытушының сөзі:
"Өнер" ұғымының халық шығармашылығы, көркем әдебиет, живопись, мүсіндеу, музыка, кино, театр, сәулет т.б. қамтитыны белгілі. Бірақ картина мен музыкалық шығарманың, роман мен статуяның, кинофильм мен ғимараттың арасында оларды біріктіретін, жалпы не, қандай күш бар? Бұлардың барлығын неліктен бір ғана "өнер" ұғымымен танып, біріктіреміз? Мұның себебі, жақсы романды оқу да, әдемі өнер туындысын, мысалы картина немесе мүсінді тамашалау да, жақсы музыканы тындау да жүректі тербетіп, жылатады да, күлдіреді; куанышқа бөлейді де, қайғыға батырады, толғанысқа түсіріп, шаттыққа бөлейді; олар адамды жазушының, суретшінің, композитордың т.б. соңынан ертіп, солармен бірге суреткерлердің мүсіндеген, туғызған әлеміне жетелейді...
...Көз алдыңызға елестетіп көріңізші, бір мезгілде бүкіл жер шарындағы барлык өнер туындылары жоғалып, құрып кетсе, адам өмірінің оларсыз қаншалықты мәнсіз, кедей, жалаңаштанып қалғандай көрінетіні сөзсіз. Мұның себебі, адам өзін нағыз адам ретінде сезінуі үшін оған материалдық кұндылыктардан баска да байлық керек - бұл, эстетикалық құндылықтар. Олар қоршаған әлемді ғана емес, сонымен бірге өзіңді де танып, білуге көмектеседі. Сұлулық адамды әр түрлі сезімге бөлейді: қуану мен қайғыру, таң қалу, көңілдену, біреудің кайғысын бөлісу .
Алайда, өмірдегі, табиғаттағы, өнердегі сұлулық жай ғана көз тартарлық, ұнамдылық, сүйкімділік емес. Өнер туындысы әрқашан да әдемі, сұлу бейне болуы мүмкін емес. Ұлы суретшілер Франсиско Гойя және Иероним Босхтың картиналарында көбінесе ұсқынсыз, тіпті тұрпайы персонаждар бейнеленгенімен, олар бәрібір тамаша, өте кең мағынадағы ұғым. Бұл - өнер туындыларында көрініс тауып, бейнеленген ұлы рухтың күші, қоршаған ақиқат дүниені түсініп қабылдаудың тереңдігі...
Презентация: Гойя және Босхтын суреттерін көрсету
Гойя туралы алдын – ала берілген тапсырма бойынша оқушының қысқаша мәлімет беруі.
...Өнер әлемді тек өзіне ғана тән тәсілмен бейнелейді. Суреткердің өмірді бейнелеуі мен өзінің ойын, сезімдерін білдіру тәсілі көркем образ деп аталады. Образды, ғылыми ұғымнан ерекшелейтін нәрсе - оны әр түрлі сезім арқылы қабылдап, көруге және естуге болады. Шын суреткер - бір қалыптан шықкандай өз тегі, өз заманының ортақ ұлы ғана емес, ол - қайталанбас дарынды дара тұлғасымен, шеберлігімен, ерекше қатынас-көзкарасымен өзі жасаған туындыға өз қолтаңбасын қалдыра алатын адам...
...Адамзат ақыл-ойы дарытқан ғылым-білім, парасат мұратын өз бойына жан-жақты сіңірген көркемөнер үлгілері ғана ұрпактан ұрпақка кастерлі қазына болып қала береді. Шын мәніндегі сүбелі өнер туындыларының қай-қайсынан да біз осындай жаратылыс тынысына жан біткендей, суреткер көңіл-күйімен, шеберлік, сезімімен біте қайнасып, біртұтас рухани игілікке айналған бай білім, өлмес бейнелер қуанышын табамыз.
Өнер атаулының ішінен адамның материалдық та, рухани да қажеттілігін өтейтін өнер түрінің бірі - бұл сәндік-қолданбалы өнер. Олай дейтініміз, сәндік-қолданбалы өнер туындылары тұрмыстық (кілемдер, ыдыстар, асадалдар, адалбақандар т.б. ), шаруашылық (еңбек құрал-саймандар, жабдықтары т.б.) салаларында материалдық тұрғыдан қолданылады. Ал олардың әсем де әдемі болып жасалуы, формалары мен материалдарының үйлесімділігі, оларға салынатын ою-өрнектер адамды сұлулық сезіміне бөлеп қана қоймайды, оларға рухани азык та болады. Өйткені сәндік-қолданбалы өнер түрлеріне салынатын ою-өрнектерде халықтың танымы, түйсігі, ойы, арманы, тілегі және эстетикалық талғамы беріледі.
Мәселен, қазақ халқының ерте кезден бергі әдет-ғұрпы, салты бойынша, бөтен жерге, алыс ауылға күйеуге ұзатылатын қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберу дәстүрі болған. Сәлемдемеге жас келіншек өзінің күйеуге шыққаннан кейінгі тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт. Осы салт бойынша тұрмысқа шыққан қыздың үйіне жіберген сәлемдемесінде алақандай жарғақ, оның бетіне бойы сорайған үзын және өте жіңішке, әрі арық адам бейнесі кестеленіп салынған және оның жанында тұрған дөп-дөңгелек адам тұрпаты бейнеленген. Бұл сәлемдемеде қыздың ата-анасы жат-жұртқа ұзатылған баласының «отырса - опақ, турса - сопақ» болған мүшкіл халін түсінген. Ал басқа ретте күйеуге ұзатылған қыздан «кұсмұрын» бейнесі салынған сәлемдеме келсе, ата-анасы одан баласының барған жерінде құстай ерікті, басы бостандықта, жағдайы жақсы екенін ұғатын болған. Сол себепті ұзатылған қыздан сәлемдемеге «құстұмсық» жүзік келсе, немесе кұстұмсық ою-өрнекті түскиіз, басқұр сияқты зат келсе, ауыл-аймағы қуанып, той жасап, атап өтуді әдет еткен. Демек, ою-өрнекті тудырушы көшпелі өмір салты мен сол көшпенділердің дүние танымы.
Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында құдағи жүзік деп аталатын өте көлемді және аса сәнді жүзік жасалады. Мұның бауырында екі саусаққа бірдей кигізетіндей қосарланған екі сақинасы болады. Ал, жүзік беті көлемді келеді. Сонымен бірге асыл тас, түсті шыныға қоса, міндетті түрде, алтындалып әсемделеді. Оны, әдетте, оң қолының ортаңғы екі саусағына кигізгенде, төрт саусақ сыртын түгелге жуық жауып түрады. Мұның «құдағи жүзік» аталу себебі де бар. Оны ұзатылған қызының соңынан барған анасы тағып барып, қызын шат тұрмыста көрсе, қыз енесінің қолына салады. Бірақ, барлық құдағиларга бірдей мүндай дәстүрлі тарту жасалмайды. Құдағи жүзік жаңа түскен келініне аналық мейірім шуағын төге білген парасатты құдағиларға ғана сыйға тартылатын дәстүрлі сыйлык. Құдағи жүзік айтқа, тойға, мейрамға барғанда салынады. Қазір де үлкендер құдағи жүзікті адамды көрсе "шіркін, ақ ниетті әділ адам екен" деп қызығып, ізет көрсетіп, сыйлап, төрге отырғызады. Келіні кесірлеу адамдар мұндай жүзікті кісіден кеңес сұрайды. Демек құдағи жүзік - олардың арасындағы сыйластық белгісі. Мұндай сәндік-қолданбалы өнер туындыларының жастарды сыпайылыққа, ізеттілікке тәрбиелеуіәбден мүмкін.
Дәйексөз
Презентация:
«Жастық шақка өнер тән, Өнерлінің ісі сән» (Халық даналығы) және «...суретті сөзбен айтып жеткізу киын, оны тек көзбен көру керек» (Герцен) деген ұлағатты сөздер бойынша әңгімелесу тәсілін қолданып, пікір алысу ұйымдастыру ұсынылады.
Оқушыларға сұрақтар қойылады:
1. «Жастық шаққа өнер тән, Өнерлінің ісі сән» деген тұжырыммен келісесіз бе, әлде жоқ па?
2. Өнер адамға қалай әсер етеді?
3. Адамдарға өнер не үшін қажет?
4. Өнердің әр түрлі саласында қандай кұралдар қолданылады?
5. Суретші үшін көрерменнің пікірі маңызды болса да, неліктен ол ешкімнің жетегіне ермейді?
6. Өнерлі адам деп кімді атаймыз?
7. Сіздің өміріңізде өнердің алатын орны кандай?
8. Сіз өнердің қандай түрін ұнатасыз? Өзіңіздің айналысқыңыз келе ме?
Шығармашылық әрекет
Білім алушылардың белгілі бір ақпаратты талдап, сараптап, ой қорытып және бағалау іскерліктерін қалыптастырып, шығармашылық дағдыларын одан әрі дамыту мақсатында төмендегі тапсырманы орындау ұсынылады. Тапсырма. Өлеңді зер салып оқып, мазмұнына мән беріңіздер.
Өзіңіздің ойыңызды «Өнер - өмірдің мәні, өйткені ......» және
«Өнер - өмірдің сәні, өйткені ......» деп дәлелдеп жазыңыздар.
Ойыңызды топ алдында жария етіңіздер.
Өлең тақтаға презентация арқылы шығып тұрады.
Түскиіз
Аңқаулықты, аяулым, қара біздің,
Ұшқыр екен қиялы анамыздың.
Қалай ғана көшірген түс киізге
Өзендерін, көлдерін даламыздың.
Даласына ғашық боп басында өзі,
Бәрін көріп ананың асыл көзі.
Түс киізге жайнатып түсіріпті-ау,
Туған жердің жайнатып жасыл кезін.
Тұс киізге күн шуақ төкті күліп,
Баратқандай бейне бір от жүгіріп.
Балам туған даласын ұмытпасын
Деп тұсыма анашым кетті ме іліп?!
Т Молдағалиев
Жаттығу. «Өнерден алған әсерім»
Жаттығуды орындаудағы басты мақсат - өзінің бүкіл өмірін, атап айтқанда, қуанышы мен қайғысын, сүйініші мен күйінішін жыр жолдары, ән-күй арқылы шебер жеткізе білген халқымыздың мәдени мұрасына айналған өнер туындыларының жас ұрпақты ұлттық мәдениет, адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеудегі рөлін білім алушыларға түсіндіріп, бойына дарыту.
Құрманғазы туралы алдын – ала берілген тапсырма бойынша оқушының қысқаша мәлімет беруі.
Құрманғазының "Сарыарқа" күйін тыңдау.
Сұрақтарға жауап беру.
• Шығарма сіздерге таныс па? Қалай аталады? Авторы кім?
• Шығармадан қандай әсер алдыңыздар?
Әбілхан Қастеев туралы алдын-ала берілген тапсырма бойынша оқушының қысқаша мәлімет беруі.
Қазақстан суретшісі Әбілхан Қастеевтің картиналарының репродукцияларын көрсету.
• Шығармада берілген көркем образдардың мағынасын түсіне алдыңыз ба? Өз ойыңызды ортаға салыңыз.
Оқулықпен жұмыс
Тапсырма. Әр топтың мүшелері, төмендегі үш бөлімге жіктеліп берілген шығарма үзінділеріне мән беріп оқыңыздар және:
1) өнер туындысының пайда болуы;
2) өнердің күші;
3) өнер адамдарының жағымды касиеттері бойынша түйін жазыңыздар, жария етіңіздер.
1 топ:
«Бір күйдің тарихы» туралы мәтін 251 бет.
2 топ:
«Гаухартас» туралы мәтін 252 бет.
3 топ:
«Әбілхан Қастеев» туралы мәтін 256 бет.
Пікірталас
Мақсаты — білім алушылардың эстетикалық білімдері мен түсініктерін одан әрі шыңдау, кабілеттері мен шығармашылық белсенділігін дамыту.
Оқытушы сөзі:
Мен сіздерге «Көк Бөрімен күресу» атты мәтінді алдын-ала оқуға бергенмін. Сол шығарма бойынша әңгімелесуден бұрын сіздердің назарларынызға бір күйдің екі түрлі орындауын ұсынғым келеді.
«Ұлытау» тобының орындауында және дәстүрлі орындаудағы «Адай» күйін тыңдау. «Көк Бөрімен күресу» атты мәтін бойынша әңгімелесу.
- «Ұлытау» деген топ туралы айтқанда, автор неге оны көк бөрі мен салыстырады?
- Этномузыка дегеніміз қандай музыка?
- Эстрада деген не?
- «Ұлытау» тобы кімнің шығармаларын бүгінгі музыкалық әдіс-тәсілмен әрлеп, орындап жүр?
- Автор «Ұлытау» тобының орындаушыларын қалай бейнелейді?
Классика деген керемет
Тезис: "Классикалык өнер - түлғаның рухани байлығының маңызды бастауы болып табылады, сондықтан өзін нағыз білімді және зиялы санайтын адам классикалық өнерді біліп, түсініп және сүюі тиіс"
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Сізге қандай классикалық өнер ұнайды және неге?
2. Классикалык өнер деп қандай өнер түрін атаймыз?
3. Сіздіңше, адамның классикалық музыканы мүлдем тыңдамай, тек қана қазіргі заманғы музыканы тыңдауы мүмкін бе? Неліктен?
4. Классикалық өнерді түсінуді үйрену кажет пе?
5. Адамның өмір бойы көркемөнер туындыларына көңіл аудармай өтуі мүмкін бе, қалай ойлайсыз? Мұндай өмірдің қандай кемістіктері мен жетістіктері бар деп санайсыз?
6. Әрбір адамға эстетикалық білім қажет деп ойлайсыз ба?
7. Сіздіңше, адамның эстетикалық білімсіздігі неден, қалай көрінуі мүмкін?
8. Өнер туындылары туралы сөз болғанда, талғам жөнінде пікір таластыруға бола ма?
9. Сіздің нені тыңдағыныз келеді: классик композитордың төл туындысын ба, әлде оның қазіргі заманғы өңделген түрін бе?
10. Сіздің өміріңізде өнер туындысының сізге қатты әсер еткен кезі болды ма? Бұл қандай әсер еді? Осы туралы ойыңызды ортаға салыңыз.
Тапсырма.
Леонардо да Винчи туралы алдын – ала берілген тапсырма бойынша оқушының қысқаша мәлімет беруі.
Презентация Леонардо да Винчи «Мона Лиза» картинасын тамашалау.
Классикалық онер туындысы болып табылатын Леонардо да Винчидің «Мона Лиза» портретінің жасалуына, мазмұнына мән беріңіздер. Классикалық онердің қай түрі болмасын, қай елдікі болмасын адам баласына бірдей жағымды сезім қалдыратындығына мән беріңіздер.
Моцарт туралы алдын – ала берілген тапсырма бойынша оқушының қысқаша мәлімет беруі.
Пікірталас
«Шторм» Моцарттың туындысын Ванесса Мейдің орындауында және дәстүрлі орындауда тыңдау.
Мақсаты — білім алушылардың эстетикалық білімдері мен түсініктерін одан әрі шыңдау, кабілеттері мен шығармашылық белсенділігін дамыту.
Шығармашылық әрекет
Оқытушы «өнер» ұғымының мәні мен маңызын ұғындыру мақсатында білім алушыларға практикалық тапсырмалар орындауды ұсынады.
Тапсырманың мақсаты: білім алушыларды өнердің жанрларын айыра білуге үйрету;
Оқытушының сөзі:
Егер сіз педагог болсаңыз, өз оқушыларыңыздың бойында төменде ұсынылған қасиеттерді дамыту үшін қай енер түрін пайдаланар едіңіз?
Мәселен, Отанға сүйіспеншілікті, табиғатты сүюді, үлкендерді сыйлауды, жолдастық сезімді, еңбекке құштарлықты, сұлулық талғамын қалыптастыру т.б.
Үлгі: Мысалы, Отанға сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру үшін әдебиет туындыларын, кинофильмдерді және музыканы пайдаланар едім. Себебі, әдеби шығармалар мен кинофильмдерде көркем образдар арқылы, кейіпкерлердің өмірі мен күресі, қызметін бейнелеу арқылы солардың үлгісінде тәрбиелер едім.
Ал, сұлулық талғамын қалыптастыру үшін бейнелеу өнерін пайдалануға болады деп санаймын, себебі,.....
Тапсырма
Өзіңіздің өміріңізде (өмірдегі жағдай немесе өнер туындысы туралы) "Қандай керемет!" деп айтқан бір сәтіңізді (кезеңді) еске түсіріңіз. Осы сәттегі көңіл-күйіңіз бен сезіміңізді түсіндіруге тырысыңыз. Мысалы, театр өнерін алайық. Бұл өнер түрі бірнеше өнердің, атап айтқанда, әдебиет, сөз өнері, музыка, бейнелеу өнерінің жиынтығынан тұратын күрделі өнер деп айтса болар. Сахналық безендірілуі, артистердің ойыны, киімі, сөз саптауы, әдемілігі, тартымдылығы, оған қоса әдемі сазды музыканы алыңыз. Сіз өзіңіз сахна кейіпкерлерінің арасында жүргендей әсерде боласыз...
Адам жаны әрқашан сұлулықка құштар, ол әдемілікті аңсайды.. Адам жұлдызды аспанды тамашалайды, өзінің мекендейтін тұрағын әдемілеп, сәндейді, өзінің бет-әлпетіне көңіл бөледі... Сұлулықты сезінбейтін, оған құмартпайтын адам жоқ шығар, сірә.
ІV Бекіту:
Викторина сұрақтары:
Құрманғазының күйлерін атаңыз.
Құрманғазының шәкірті кім?
Моцарттың қандай туындылары туралы естулеріңіз бар?
Леонардо да Винчидің қандай туындыларын білесіздер?
Мона Лизаның бетінде не жоқ?
Әбілхан Қастеевтің туындыларын атаңыздар
Франсиско Гойя және Иероним Босхтың туындыларының қандай ортақ белгілері бар?
Ою-өрнектердің қандай түрлерін білесіздер.
Семей қаласындағы Абай ескерткішінің авторын атаңыз.
V. Қорытындылау:
Сабаққа жасалған қорытындыда педагог білім алушылардың назарын дүние сұлулығын игерудің маңызды бір саласы пейзаждық үлгідегі табиғаттың көрінісі ғана емес, табиғаттың байлығы, оның түрлі-түсті әсем көріністері адамның жүрек дүрсілі мен жан жылуының жан-жақты ашылуына мүмкіндік жасайтын керемет күш екендігіне назар аударуды көздейді. Адам өнерімен сұлу саналады, оның қолынан шыққан өнер туындысы сол адамның өзіне ғана тән шығарма болса да, бүкіл халықтың игілігіне қызмет етеді. Сондықтан да адам өмірінің жарасымы оның өмірінің өнерімен үйлесімділігіне байланысты, ол екеуі бірін бірі толықтырып тұрғанда өнер - өміріміздің сәні мен мәніне айналады деп айтуға болады.
Бізді әсем де қайталанбас сұлу әлем қоршап жатыр. Бірақ, біз оны көріп, сезе аламыз ба? Сіз күн сәулесінен қуат алып, тамырын тереңге жайған кәрі еменді, өзен-көлдердің бетінде қалқып бара жаткан мұзды, қатты ағын суды, мидай жазық, алтындай сары даланы көресіз де, ойға батасыз: "Мен бұрын да осыны көріп едім ғой, бірақ қалайша мән беріп, көңіл аудармағанмын?".
Әндер мен өлеңдерде сөздері арқылы анық берілген өмір білімдері колөнер бұйымдарында нақыштар, символдар арқылы беріледі. Олардың көздің жауын алатын әдемілігіне қызығып, тамсантып қана қоймай, олардың мәнін, мағынасын түсіну адамның рухани дүниесін байытады, көркемдік, танымдық білімдерін кеңейтеді. Өнер ұлт таңдамайды. Сондықтан, қай халыктың өнері болмасын, біз одан адамзат баласына қажеттінің бәрін бойымызға сіңіре білгеніміз жөн.
Рефлексия
Таратылған стикерлерге алған әсерлерімен бөлісіп, флипчат тақтасына жабыстырады.
Жер бетіне нұр сәулесін шашып, әркімге қуаныш пен бақыт сыйлайтын, ешқандай теңдесі жоқ, ерке сұлу, ару Күннің бойындағы құдіретті күшті бейнелейтін әнді бірге орындайық.
Күнге табыну
Сөзі Бәкір Тәжібаевтікі Әні Сейдолла Бәйтерековтікі
І
Шыққаныңда шұғылаңнан жадырап,
Тәжім етер, саған шексіз атырап.
Ару күлім қаққандай, сәуле құшқан шақтарда
Жас жүрегім қалар ма күй ақтармай.
Қайырмасы:
Төңірекке шырай, көрік таратып,
Дүниені бір өзіңе қаратып.
Шалқып, тасып келе берші,
Нұр сәулеңді төге берші,
Маған бақыт бере берші, ару Күн.
ІІ
Жағасына мөлдір көлдің барғанда,
Сәулетіңе назар ауып калғандай.
Осынау бір шақтарда, арман күлім қақкандай,
Алтын айна көл түбінде жатқандай.
ІІІ
Күдірет күш бір өзіңнен табылған,
Саған мәнгі Жер-Ана да табынған.
Өзің келген шақтарда,
Ешкім қалмас шаттанбай,
Теңдесі жоқ, ерке сүлу, ақ маңдай.
Оқытушының сөзі:
Бүгінгі сабағымыз аяқталды, сіздердің жүректеріңізде өнерге деген сүйіспеншілік орын табады деп ойлаймын.