kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?мірі? ?з ?олы?да

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? ма?саты: О?ушылар?а адамны? жа?сы ?мір с?руі жайлы ??ымдарын ке?ейту Міндеттері: 1. О?ушылар?а ?мір м?ні ?з ?олындарында екенін т?сіндіріп, м?нін ашу. 2. О?ушыларды? адал е?бек, а?ылды болу жайлы, ж?ректерін таза ?стау жайлы ?абілеттерін дамыту. 3. О?ушыларды а?ылды болу?а, е?бек?орлы??а, адалды??а т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?мірі? ?з ?олы?да »

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Лавровка орта мектебі Мерзiмі: Сабақ № 24

Тақырып: Өмірің өз қолыңда

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек

Мұғалiмі: Казкенова Умитжан Алпысбаевна

Сынып: 6 Оқушылар саны: 30



Сабақ мақсаты: Оқушыларға адамның жақсы өмір сүруі жайлы ұғымдарын кеңейту


Міндеттері:

  1. Оқушыларға өмір мәні өз қолындарында екенін түсіндіріп, мәнін ашу.

2. Оқушылардың адал еңбек, ақылды болу жайлы, жүректерін таза ұстау жайлы қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларды ақылды болуға, еңбекқорлыққа, адалдыққа тәрбиелеу.




Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

АКТ мүмкіндігі,суреттер,қайшы ,желім,түрлі түсті қағаз.

Жүрекшелер, ватман, өмір ағашы, ақ парақтар,оқулық

Сабақ барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңi.

1.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену


Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін (баяу әуен ырғағымен)



Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды, тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ойша осы нұрды қолдарыңызға бағыттаңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі.

Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі Нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.

Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,

таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.

Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын...Нұр менің ішімде...

Мен - Нұрмын »

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Ойша нұрға бөленгеннен кейін жайымен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!

  • Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?

  • Қандай сезімде болдыңдар?


  1. Үй тапсырмасын тексеру: № 23


Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек.

Ш.Құдайбердіұлы

3. 1. Оқкшыларға оқыту

3. 2. Дәптерге жазғызу

3. 3. Мағынасын ашу

1. Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?


4. Әңгімелеу. (Диктофоннан ер адамның дауысына жазылған Қ.Қайсенов)

Елдің иесі сендерсіңдер, қарақтарым!

Қ. Қайсенов

Айналайын балаларым, сендерді көргенде өзімнің балалық шағымды еріксіз еске түсіремін. Көз алдыма тай-құлындай тебісіп бірге өскен достарым келеді. Біз де сендер секілді ойынның қызығына тоймаушы едік. Жүгіреміз, жарысамыз, күресеміз, алысамыз. Шыжыған шілденің ми қайнатқан ыстығында өзеннен шықпаймыз. Бәрі қызық, бәрі тамаша. Сонда қол-аяғымыздың тілім-тілімі шығып ашығанын да сезбейтінбіз...

Міне, ұл-қыздарым, бәрің менің немере, шөберелерім сияқтысыңдар. Сондықтан да өте алыстап кеткен балалық шағымды сағына еске алып, сабақ болсын деп ауызға алып отырамын.

Балалық дәурен өтеді де кетеді. Бірақ, қызығы да, қуанышы да, тіпті ауыртпалығы да аз болмайтын балғын шақтың әсері жадыңда мәңгі қалады. Өз басым бүгінде сексеннің ең ортасынан ассам да, алаңсыз кездің әдемі әсері санамда сайрап тұр. Ата-ана тәрбиесінің күші шығар, бойыма турашылық, бір сөзділік, қиянат көрсе өршеленіп кететін өршіл мінез, батылдық секілді қасиеттер молынан еді. Соның бәрі дерлік жан дүниеме балалық шағымда ұялады. Тек қана жақсы адамдарға үйір болдым. Істерінен, сөздерінен өнеге алдым. Қандай қиын-қыспаққа тап болмайын, өтірік айтпауға, адал жүріп, анық басуға, абыроймен өмір сүруге тырыстым. Бәрі елім үшін, халқым үшін, ұлтымыздың келешегі үшін дедім. Өйткені бізді мектепте оқытқан мұғалімдеріміз солай болуға үйретіп еді.

Биыл көктемде мен сексен беске таядым. Сексен бес деген аз жас емес, айналайын ботақандарым! Артымда мәнді де мағыналы, ащы да азапты, тәтті де тәлімді өмір жолдары қалды. Мен осы жолмен жүріп, оттан да, судан да аман өттім. Кәрілікке адалдықтан айнымай жеттім. Адалдықпен тірлік кешу де оңай емес екен. Бірақ мені бәріне баулыған балалық шақ. Сол үшін де қайтпас-қайсар, өжет те өршіл, қайырымды да қанағатшыл етіп жетілдіріп, қабырғамды қатайтқан балалық шағыма ризамын. Сендер де балдәурен кездеріңде осындай асыл қасиеттерді бойларыңа көп ұялатыңдар.

Тәуелсіз қазақ еліне білімді де білгір, ақылды да алымды, іскер де намысқой азаматтар көп керек. Олар – сендерсіңдер! Елдің ендігі иесі өздерің екенін жадыларыңнан ешқашан шығармаңдар, қарақтарым!

Сұрақтар:

Қасым атаның өсиетінен қандай ой түйдіңдер?

  • Өз бойларыңдағы қандай қасиеттерді шыңдауға болады?

  • Елдің абзал азаматы болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?




5.Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс.

Әр топ өз пікірін қорғайды

I-топ: «Мәнді өмір»

II-топ: «Қасиетті адам»

III-топ: «Еліне, халқына абыройлы адам»

IV-топ: «Адам өмірінің маңыздылығы»

V-топ: «Адами құндылықтар мен адамгершілік»


6.Үй тапсырмасы:

№ 24, 87-бет, «Он жетінші сөз» Абай оқып,түсіну.

№25 «Менің қолымнан бәрі келеді» деген тақырыпта шығарма жазыңдар.




7.Топпен ән айту


Өміріңе немқұрайлы қарама!

Сөзін жазған Серік Сейітман

Әнін жазған Сәкен Дәрібаев


  • Соңғы тыныштық сәтi.

Өмір деген тұрмайды:Қап-қарадан.

Өмір деген тұрады :Ақ-қарадан,

Ақ-қара,екі арасын ашып өтіп,

Арымен өз бақытын тапқан Адам!

Биік мақсат,табандылық,өзіңе деген сенімділік,адалдық өмірдің мағыналы болуының алғышарттары.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?мірі? ?з ?олы?да

Автор: Казкенова Умитжан Алпысбаевна

Дата: 29.10.2015

Номер свидетельства: 245342

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) ""О?т?стік Американы? физикалы?-географиялы? орны" Ашылуы"
    ["seo_title"] => string(55) "ontustikamierikanynfizikalykghieoghrafiialykornyashyluy"
    ["file_id"] => string(6) "283114"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453794353"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(17) "Шайтанк?л"
    ["seo_title"] => string(10) "shaitankol"
    ["file_id"] => string(6) "283352"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1453821568"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства