Сабақтың мақсаты: Наурызым қорығы мәтінді түсіндіре отырып, қорықтырдың неге керек екені туралы ойларын білу, есімдік түрлерін қайталау
Деңгейлік мақсаттары:
Барлығы Наурызым қорығы туралы біледі
Көбі жаңа сөздерді пайдаланып, қорық туралы айтады
Біреулері өз өлкелерінде мекендейтін жануарларға қамқорлық көрсету туралы, өсімдіктерді күтіп-баптау туралы шығарма жазады.
Әдіс-тәсілі: Кластер, ақпараттық ақаулық, «сұрақ-жауап» стратегиясы, постер жасау,
Көрнекіліктер:ватман, маркер, бағалау парағы, Қоршаған орта туралы презентация, оқулық мәтіні, т.б.
Пәнаралық байланыс: биология, география,
Күтілетін нәтиже:
1. Наурызым қорығы туралы білім алады. 2. Білімді өз беттерімен меңгереді. 3. Сөздік қоры артады. 4. Бірін-бірі тыңдауға үйренеді. 5. Сыни ойлайды.
Табыс критерийлері:
Мен өз жауаптарымды дәлелдей аламын;
Мен топта өз идеямды ұсына аламын;
Мен қазақ тілінде өз ойымды еркін жеткізе аламын.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу.
Психологиялық ахуал тудыру. Балалар шеңбер жасап, табиғат туралы өлең айтады. Табиғатты сүю парыз, Сүю үшін – білу парыз. Қасиетін ұғу парыз, Күзетінде тұру парыз.
Топтарға бөлу. Ағаш аттары мен гүл аттары тәсілі арқылы бөлінеді. Әр оқушыға бағалау парағын үлестіремін.
1 деңгей – Білу. Аударма диктант жүргізу.
Заповедник, производство, сайгак, газель, джейран, первый, исчезновение, опасность, бедствие, пеликан, гнездиться, естественный облик, полынь, защищать, петь, беречь, не вырывать, не топтать, бархан. Мұғалім бағалауы
Наурызым қорығы бейнематерал көрсетіп, оқушылар сабақ тақырыбын ажыратады.
Наурызым қорығы– Қостанай облысы Наурызым жәнеӘулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық.1931 жылы ұйымдастырылған (320 мың га), 1966 жылы ауданы ықшамдалып (87,7 мың га), қайта құрылды. Оған Терсек(көлемі 4,7 мың га), Сыпсың (көлемі 7 мың га) және Наурызым (көлемі 37,2 мың га) орман алқаптары мен Жаркөл, Ақсуат,Сарымойын көлдері енеді. Олардың үлесіне бетегелі-жусанды 5 мың га тың жазық дала кіреді. Қорық орналасқан аумақтың климаты континенттік; қысы – суық, ызғарлы; жазы – ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 250 мм. Топырағы құмайтты. Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 700-ге жуық түрі (қарағай, қайың, көктерек, тобылғы, тал, мойыл, қырыққұлақ, т.б.) өседі. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай: сүтқоректілердің 40-тан астам, құстардың 250-дей, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 3 және балықтардың 10-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, ор қоян, елік, борсық, түлкі, суыр, т.б. мекендейді. Қорықтан аққу, безгелдек, дуадақ, ақ сұңқар, тарғақ сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Бұл аймақта су көздерінің мол болуы көктемде жыл құстарының ұшып келуіне, ұя басуына мүмкіндік береді. Қорықта “Табиғат мұражайы” жұмыс істейді.
Топтық жұмыс: «Зигзаг» стратегия бойынша мәтін 3 абзацқа бөлінген, әр оқушы өз бөлігімен танысып, сосын бір-біріне әңгімелейді. Мәтін бойынша күрделі сұрақтар жасалады. Бір-бірін бағалау
3-деңгей - Қолдану.1-топ. Мәтін бойынша сұрақтар (Блум ромашкасы) дайындалады. Критерий бойынша бағалау
4-деңгей – Талдау.Сәйкестеңдер. Кілт бойынша бір-бірін тексеру
1. Құс жеткен жеріне.... жауады
2. Қоян көлеңкесінен.... қорқады.
3. Жері байдың – ..... қонады
4. Жаңбыр бір жауса,
Терек екі... елі бай
5-деңгей – Синтездеу 1. Артықты табыңдар. Слайд
Орман, өзен, теңіз, көл
Наурызым, Барсакелмес, Алакөл, Каспий
Бұл, мен, мынау, осы
Аққу, көгершін, тиін, тырна
Әдемі, мөлдір, қорық, бай
Ойнау, қорғау, сақтау Кілт бойынша тексеру. Өзін-өзі бағалау
6- деңгей – Бағалау. Әр оқушы өзінің бағалау парағынан баға қойылады. Оқушылар Табыс ағашына стикерлерді іліп қояды. Стикерге сабақтан қалған өз көңіл-күйін туралы жазылады.
Үй жұмысы: Қорықтар туралы тест (5 сұрақ) құрастырыңдар.