kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сценарий праздника Наурыз для детей - инвалидов

Нажмите, чтобы узнать подробности

«АТА САЛТЫН АРДАҚТАҒАН,ДӘСТҮРІН ДӘРІПТЕГЕН» тақырыбымен өткізілетін танымдық сағатының сценариі

Өтетін  жері және уақыты: Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі, 16.03.2017 жыл, сағат 15.30

Зейін сигналы

Ортаға екі жүргізуші шығады.

1-жүргізуші:

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып,

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым,

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

2-жүргізуші:

Наурыз келді, көктем келді, ағайын,

Жадырайды, жаңғырады маңайым.

Назды, сазды науан Наурыз, армысың,

Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.

1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, «Даму» үйірмесінің ата-аналары және  оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлыс мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

2- жүргізуші:

Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына  жаңа жыл келді. Әр адам   келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ  тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Наурыз  – өте көнеден келе жатқан мейрам.  Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің  қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл  күні күн мен түн  теңелетін, жан –жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. Қазақ  елі осы күнді  «Ұлыстың  ұлы күн » деп  атаған. 

  1. «Көктем» вальсі (хабарлаусыз)

1-жүргізуші:

        Биылғы оқу жылында балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйінде  «Ғажап» қоғамдық бірлестігі жанынан  «Даму»  инклюзивті білім беру үйірмесі ашылды. Бүгінгі біздің шарамызға  осы «Даму» үйірмесінің мүшелері мен ата-аналары қатысып отыр. Сондайақ «Ғажап» қоғамдық бірлестігінің өкілдері келіп отыр. Оларға қошемет көрсетіп қойыңыздар. 

2-жүргізуші:

Біздің бүгінгі өткізіп отырған шарамыздың негізгі мақсаты:  даму үйірмесінің мүшелері мен ата-аналарын өздерінің балалары оқитын балалар шығармашылық Үйін көрсетіп,  балалардың өнерімен таныстыру болып табылады. Осындай өнерлі өнерпаздарымыздың бірі - этнодомбыра үйірмесінің мүшесі Сагидуллин Әлішердің өнерін тамашалаңыздар.

  1. «Келіншек»  күйі

1-жүргізуші:

Ұлыс  күні  қазақ ел үшін әрқашан қасиетті. Ол күні қар  не жаңбыр жауса, «Нұр    жуады», «Туар жыл жақсы болады»  деп қуанған. Наурыз  айында жауған қар «ақша   қар» деп  аталады.  Осыған орай сұлу қызға айтылатын «Наурыздың ақша қарындай»  деген теңеу бар.

2-жүргізуші:

Тәуелсіз биік халқымның

Желбіреп туы шалқысын.

Әз Наурыз келіп еліме

Жер  - Ана бойы балқысын.

Жаңғырар дәстүр-салтымның

Көзелсін бұлақ жылғасы

Қастерлі менің халқымның

Мереке Наурыз – жыл басы!

1-жүргізуші:

Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанда жұрт қызығар.

Жауаптарын таба ма екен ата-аналар,

Сол себептен қоятын сұрақтар бар.

Құрметті ата-аналар  сіздерге салт-дәстүр туралы қойылатын сұрақтарға жауап берсеңіздер.

  1. Сұрақ-жауап
  2. Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек?
  3. Наурыз тілек деген не? (Наурыз тілек – достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің, белгісі әр тойдың жарасты салтының  бірі ретінде айтылған. Әр адам  өзіне, отбасына немесе туыс-туғандары мен дос-жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен  құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір –бірінің үйіне кіріп дәм татады).
  4. Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған).
  5. Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған?

1-жүргізуші:

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған

Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын,

Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.

2-жүргізуші:

 Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде

Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізде- дей келе бүгінгі біздің шарамызға көрші ауылжан қонақтар келе жатыр екен. Қарсы алайық.

 (Тұрсынай апай «Тұсау кесу» салт-дәстүрін көрсетеді. Апаймен ере келген оқушылар  Хантөре мен Сымбат  бір күй орындап береді).

  1. Салт-дәстүр көрсету

2-жүргізуші:

Аспанымда ақша бұлттар аунайды,

Наурыз тойы көңілімді баурайды.

Тебіренген табиғат та мәз-мейрам,

Аңқылдаған қазағымнан аумайды.

1-жүргізуші:

«Даму» үйірмесінің мүшесі Жадігер Дильназ барлық аналарға арнап ән шырқайды. Қабыл алыңыздар!

  1. «Анашым» әні

1-жүргізуші:

Бүгінгі шарадан тыс қалмасын деп балаларға да тапсырмалар дайындадық.

2-жүргізуші:

Ағаш жапырықтарында жапсырылған тапсырмаларды оқып жауап берулеріңіз қажет. Ата-аналарына көмектесуге рұқсат.

(балалар біртіндеп келіп, жапырақтарды алады да, сұрақтарын оқып жауап беруі тиіс).

  1. Викториналық сұрақтар
  2. .«Наурыз көже» қандай тағамдардан жасалады? Оларды атаңыз.

             7 тағамнан (Ет, сүт, тұз, нан, су,бидай, мейіз)

  1. ."Байғазы деген қандай дәстүр?

            «Байғазы» деп балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін    ақшалай, заттай берілетін сыйды айтады.

  1.  "Шілдехана" деген қандай дәстүр?

Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын алғашқы тойды шілдехана тойы деп айтайды.

  1. Абай атамыз атап көрсеткен 5 дұшпанды ата?

Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ

  1. Жеті қазынаны ата?

Жеті қазына - Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-ой, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, құмай тазы.

  1. Сыбаға дегеніміз не? Сыбаға (дәстүр).

 Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын-туыстарына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері «Сыбаға» деп аталады.

7. Базарлық пен көрімдіктің айырмашылығы неде?

8.   Ұлттық музыка  аспабы.

9. Қазақтың наурыз мейрамында дайындалатын ұлттық тағам?

«Наурыз көже»

10.Қазақтың қандай сал-дәстүрлерін  білесіндер?

Шілдехана, Қырқынан шығару, Бесік той, Тұсау кесер, Сүндет той, Тілашар, Беташар, Құда түсу,

11.  Қазақстан Республикасының президенті.

 1-жүргізуші:

Бақта құстар сайрайды,

Жайнап көктем нұрымен.

Жаңа дәстүр жырымен,

Ел наурызды тойлайды- дей келе «мақал –сөз атасы» деп аналарымызды ортаға шақырамыз.

  1. Қар жана ма? (Қалауын тапса қар жанар).
  2. Инемен құдық қазуға бола ма? (Білім – инемен құдық қазғандай).
  3. Әппақ қарға бола ма? (Қарға баласын әппағым дер).
  4. Қой мен қасқыр ойлана ма? (Қойдың ойлағаны амандық, қасқырдың ойлағаны арамдық).
  5. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?(Көз қорқақ, қол батыр).
  6. Етікті қонышынан басып киюге бола ма? (Қолыңнан келсе, қонышынан бас).
  7. Үлкен көз,  үлкен сөз бола ма? (Қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен).
  8. Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді).
  9. Кімнен кім жаман? ( Олақтан салақ жаман).

2-жүргізуші:

Жатыр  шалқып көңілім,шалқып әнім,

Наурыз сыйлар қуаныш, бақыт нәрін.

Ұлыстан соң күтіп тұр, Ұлы күнің,

Наурыз көжеге  бәрің кел, бәрің, бәрің!

(Көже тарату).

1-жүргізуші:

Құтты болсын, Наурыз тойы,

Барлық жанның орындалсын арман – ойы.

Қой жылы құ береке әкелип,

Еліміздің ұлассын тойға тойы!

Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!

  1. .«Наурыз көже» қандай тағамдардан жасалады?

Оларды атаңыз.

  1. ."Байғазы деген қандай дәстүр?
  2.  "Шілдехана" деген қандай дәстүр?
  3. Абай атамыз атап көрсеткен 5 дұшпанды ата?
  4. Жеті қазынаны ата?
  5. Сыбаға дегеніміз не? Сыбаға (дәстүр).
  6. Базарлық пен көрімдіктің айырмашылығы неде?
  7. Ұлттық музыка  аспабы.

9. Қазақтың наурыз мейрамында дайындалатын ұлттық тағам?

10.Қазақтың қандай сал-дәстүрлерін  білесіндер?

11.  Қазақстан Республикасының президенті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сценарий праздника Наурыз для детей - инвалидов»

«АТА САЛТЫН АРДАҚТАҒАН,ДӘСТҮРІН ДӘРІПТЕГЕН» тақырыбымен өткізілетін танымдық сағатының сценариі

Өтетін жері және уақыты: Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі, 16.03.2017 жыл, сағат 15.30

Зейін сигналы

Ортаға екі жүргізуші шығады.

1-жүргізуші:

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып,

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым,

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

2-жүргізуші:

Наурыз келді, көктем келді, ағайын,

Жадырайды, жаңғырады маңайым.

Назды, сазды науан Наурыз, армысың,

Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.

1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, «Даму» үйірмесінің ата-аналары және оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлыс мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

2- жүргізуші:

Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан –жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күн » деп атаған.


  1. «Көктем» вальсі (хабарлаусыз)

1-жүргізуші:

Биылғы оқу жылында балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйінде «Ғажап» қоғамдық бірлестігі жанынан «Даму» инклюзивті білім беру үйірмесі ашылды. Бүгінгі біздің шарамызға осы «Даму» үйірмесінің мүшелері мен ата-аналары қатысып отыр. Сондайақ «Ғажап» қоғамдық бірлестігінің өкілдері келіп отыр. Оларға қошемет көрсетіп қойыңыздар.


2-жүргізуші:

Біздің бүгінгі өткізіп отырған шарамыздың негізгі мақсаты: даму үйірмесінің мүшелері мен ата-аналарын өздерінің балалары оқитын балалар шығармашылық Үйін көрсетіп, балалардың өнерімен таныстыру болып табылады. Осындай өнерлі өнерпаздарымыздың бірі - этнодомбыра үйірмесінің мүшесі Сагидуллин Әлішердің өнерін тамашалаңыздар.


  1. «Келіншек» күйі

1-жүргізуші:

Ұлыс күні қазақ ел үшін әрқашан қасиетті. Ол күні қар не жаңбыр жауса, «Нұр жуады», «Туар жыл жақсы болады» деп қуанған. Наурыз айында жауған қар «ақша қар» деп аталады. Осыған орай сұлу қызға айтылатын «Наурыздың ақша қарындай» деген теңеу бар.

2-жүргізуші:

Тәуелсіз биік халқымның

Желбіреп туы шалқысын.

Әз Наурыз келіп еліме

Жер - Ана бойы балқысын.

Жаңғырар дәстүр-салтымның

Көзелсін бұлақ жылғасы

Қастерлі менің халқымның

Мереке Наурыз – жыл басы!

1-жүргізуші:

Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанда жұрт қызығар.

Жауаптарын таба ма екен ата-аналар,

Сол себептен қоятын сұрақтар бар.

Құрметті ата-аналар сіздерге салт-дәстүр туралы қойылатын сұрақтарға жауап берсеңіздер.

  1. Сұрақ-жауап


  1. Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек?

  2. Наурыз тілек деген не? (Наурыз тілек – достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің, белгісі әр тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған. Әр адам өзіне, отбасына немесе туыс-туғандары мен дос-жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір –бірінің үйіне кіріп дәм татады).

  3. Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған).

  4. Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған?




1-жүргізуші:

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған

Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын,

Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.

2-жүргізуші:

Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде

Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізде- дей келе бүгінгі біздің шарамызға көрші ауылжан қонақтар келе жатыр екен. Қарсы алайық.

(Тұрсынай апай «Тұсау кесу» салт-дәстүрін көрсетеді. Апаймен ере келген оқушылар Хантөре мен Сымбат бір күй орындап береді).


  1. Салт-дәстүр көрсету

2-жүргізуші:

Аспанымда ақша бұлттар аунайды,

Наурыз тойы көңілімді баурайды.

Тебіренген табиғат та мәз-мейрам,

Аңқылдаған қазағымнан аумайды.

1-жүргізуші:

«Даму» үйірмесінің мүшесі Жадігер Дильназ барлық аналарға арнап ән шырқайды. Қабыл алыңыздар!


  1. «Анашым» әні

1-жүргізуші:

Бүгінгі шарадан тыс қалмасын деп балаларға да тапсырмалар дайындадық.

2-жүргізуші:

Ағаш жапырықтарында жапсырылған тапсырмаларды оқып жауап берулеріңіз қажет. Ата-аналарына көмектесуге рұқсат.

(балалар біртіндеп келіп, жапырақтарды алады да, сұрақтарын оқып жауап беруі тиіс).

  1. Викториналық сұрақтар


  1. .«Наурыз көже» қандай тағамдардан жасалады? Оларды атаңыз.

7 тағамнан (Ет, сүт, тұз, нан, су,бидай, мейіз)

  1. ."Байғазы деген қандай дәстүр?

«Байғазы» деп балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін ақшалай, заттай берілетін сыйды айтады.

  1. "Шілдехана" деген қандай дәстүр?

Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын алғашқы тойды шілдехана тойы деп айтайды.

  1. Абай атамыз атап көрсеткен 5 дұшпанды ата?

Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек , бекер мал шашпақ

  1. Жеті қазынаны ата?

Жеті қазына - Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-ой, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, құмай тазы.

  1. Сыбаға дегеніміз не? Сыбаға (дәстүр).

Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын-туыстарына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері «Сыбаға» деп аталады.

7. Базарлық пен көрімдіктің айырмашылығы неде?

8. Ұлттық музыка аспабы.

9. Қазақтың наурыз мейрамында дайындалатын ұлттық тағам?

«Наурыз көже»

10.Қазақтың қандай сал-дәстүрлерін білесіндер?

Шілдехана, Қырқынан шығару, Бесік той, Тұсау кесер, Сүндет той, Тілашар, Беташар, Құда түсу,

11. Қазақстан Республикасының президенті.


1-жүргізуші:

Бақта құстар сайрайды,

Жайнап көктем нұрымен.

Жаңа дәстүр жырымен,

Ел наурызды тойлайды- дей келе «мақал –сөз атасы» деп аналарымызды ортаға шақырамыз.

  1. Қар жана ма? (Қалауын тапса қар жанар).

  2. Инемен құдық қазуға бола ма? (Білім – инемен құдық қазғандай).

  3. Әппақ қарға бола ма? (Қарға баласын әппағым дер).

  4. Қой мен қасқыр ойлана ма? (Қойдың ойлағаны амандық, қасқырдың ойлағаны арамдық).

  5. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?(Көз қорқақ, қол батыр).

  6. Етікті қонышынан басып киюге бола ма? (Қолыңнан келсе, қонышынан бас).

  7. Үлкен көз, үлкен сөз бола ма? (Қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен).

  8. Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді).

  9. Кімнен кім жаман? ( Олақтан салақ жаман).

2-жүргізуші:

Жатыр шалқып көңілім,шалқып әнім,

Наурыз сыйлар қуаныш, бақыт нәрін.

Ұлыстан соң күтіп тұр, Ұлы күнің,

Наурыз көжеге бәрің кел, бәрің, бәрің!

(Көже тарату).

1-жүргізуші:

Құтты болсын, Наурыз тойы,

Барлық жанның орындалсын арман – ойы.

Қой жылы құ береке әкелип,

Еліміздің ұлассын тойға тойы!

Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!

  1. .«Наурыз көже» қандай тағамдардан жасалады?

Оларды атаңыз.



  1. ."Байғазы деген қандай дәстүр?



  1. "Шілдехана" деген қандай дәстүр?


  1. Абай атамыз атап көрсеткен 5 дұшпанды ата?




  1. Жеті қазынаны ата?




  1. Сыбаға дегеніміз не? Сыбаға (дәстүр).


  1. Базарлық пен көрімдіктің айырмашылығы неде?



  1. Ұлттық музыка аспабы.








9. Қазақтың наурыз мейрамында дайындалатын ұлттық тағам?



10.Қазақтың қандай сал-дәстүрлерін білесіндер?



11. Қазақстан Республикасының президенті.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Сценарий праздника Наурыз для детей - инвалидов

Автор: Амирова Гулназ Айткаликызы

Дата: 28.04.2017

Номер свидетельства: 412205


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства