Просмотр содержимого документа
«Наурыз мерекесі 4 кл»
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шинжина Ляйля Турсынгалиевна
4 сынып Қазақ тілі
Сабақтын тақырыбы: Наурыз мерекесі. Сабақтын мақсаты : Білімділік: тақырып айналасында сөйлесе білуге, әңгімелеуге үйрету.
Дамытушылық: кисынды ойлау қабілетін дамыту, ойын арқылы сөздік қорларын молайту. Тәрбиелік: оқушыларды дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу. Ресурстар: тақта, интерактивтік тақта, суреттер, кластер. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдіс-тәсілі:әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап,диалог құру, мәнерлеп оқу, көрнекілік Сабақтын барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. II.Үй тапсырмасын сұрау
III.Жаңа сабақ:
Кіріспе
Жаңа сөздермен таныстыру:
аула – двор
пісіру –готовить,варить
алаң – площадь
ұлттық ойындар – национальные игры
(мұғалім оқып шығады;
мұғалім орысша-балалар қазақша оқиды; балалар хормен оқып шығады) Айтылым:
1-тапсырма. Суретке қара. Сұраққа жауап бер(83-бет).
Наурыз мерекесінде не істейді?
Тыңдалым:
2-тапсырма. Тыңда. Кесте бойынша айт.
Наурыз
ауланы тазалайды. мерекесінде ағаш отырғызады.
наурызкөже пісіреді. би би билейді, ән айтады.
ұлттық ойындар ойнайды.
3-тапсырма. Сұраққа жауап бер.
Наурыз мерекесі қалай өтеді?
Оқылым:
4-тапсырма.Тыңда, оқы(84-бет).
5-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
Болатқа қандай мереке ұнайды?
Болаттың әжесі не істеп жатыр?
Болаттың анасы не істеп жатыр?
Болаттың әкесі не істеп жүр?
Болаттың атасы не істеп жатыр?
Болат не істеп жүр?
Жазылым:
Есте сақтау, көшіріп жазу.
Мен көмектесіп жүрмін (жатырмын)
Сен көмектесіп жүрсің (жатырсың)
Сіз көмектесіп жүрсіз (жатырсыз)
Ол көмектесіп жүр (жатыр)
Біз көмектесіп жүрміз (жатырмыз)
Сендер көмектесіп жүрсіңдер (жатырсыңдар)
Сіздер көмектесіп жүрсіздер (жатырсыздар)
Олар көмектесіп жүр (жатыр)
IV.Қорытындылау.
- Не білдік?
- Нені білдік? V. Үйге тапсырма: 85-бет, 6-тапсырма, VI.Бағалау