Мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге,Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25жылдығын ұлықтауға, өз елінің елжанды, патриоты болуға, Отансүйгіштікке, туған елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мен елімнің патриотымын!»
Кенащы орта мектебі
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы:
Мен елімнің патриотымын!
Өткізген: Аубакирова Кумысшаш Жантасовна
2016-2017 оқу жылы
Мен елімнің патриотымын!
Мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге,Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25жылдығын ұлықтауға, өз елінің елжанды, патриоты болуға, Отансүйгіштікке, туған елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырыптық плакаттар, шарлар, еліміздің рәміздері, слайд
1-жүргізуші: Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз Жарқырайды даламыз. Қайырлы таң қонақтар.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Қазақстан Республикасы биыл жылы өз Тәуелсіздігінің 25 жыл мерейтойын атап өтеді.Осыған орай ұйымдастырылып отырған «Мен елімнің патриотымын!» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Қашанда елтаңбамыз еңселі,
туымыз бейбіт күнде желбіреп,
әнұранымыз егемен елдің ашық аспанында шарықтай берсін!
1-жүргізуші: Әкелсін туын , көтеріп асқақ айбыным, Қуантып елді, жасартып мәңгі ай, күнін. Әкелсін туды, шырқалсын өршіл Әнұран, Паш етіп жатқа қазақтың дархан байлығын. Шарықтағын Әнұраным шарықта, Оны айтуға ел жастары жалықпа. Өздеріңдей өркендерге сеніп тұр, Мынау тарих, келешекте халықта.
2-жүргізуші: Әнұраным- жан ұраным, Айтар әнім- сөйлер сөзім. Туған жерім – сағынарым, Мәңгі бақи шырқалады, Республика әнұраны. (Қ.Р-ның мем.әнұраны орындалады.)
1-жүргізуші: Тәуелсізбін көкте ғарыш айлағым, Елі сенген Елбасым бар –айбарым Әнұраным, Елтаңбам бар айбатты, Бейбіт күнмен желбіре көк байрағым!
2- жүргізуші: Бәрі болған қазақ деген көне елде Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де Жаһандағы ең жауынгер халықта, Кім сенеді ту болмады дегенге? Батырлыққа уызынан жарыған, Ер түркіні байрағынан таныған. Өзі ақын, өзі әнші халықта Кім айта алар, болмаған деп Әнұран? Бас білгізіп, жер тарпыған тарпаңға, Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға. Қалай оның елтаңбасы болмайды, Түлігіне дейін салған ен таңба?!
1-жүргізуші: 1992 жылы Қазақстан Республикасының нышандары бекітілді. Қазақстанның президенті Н.Ә.Назарбаевтың мына бір сөзіне құлақ салайық; «Біз тәуелсіздікті аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның жалауын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай тануы қажет. Елдігіміздің саналатын бір тұсі осы»-деген екен.
2-жүргізуші: Әрбір баланың еңбек құқығына, қызмет және кәсіп түрлерін еркін таңдауға құқығы бар.Қазақстан тәуелсіз ел. Әрбір тәуелсіз елдің мемлекеттік рәміздері болады. Ол осы елдің Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны.
1-оқушы 1992 жылы 4 маусым Қ.Р-ның Жоғарғы кеңесі Мемлекеттік рәміздерді қабылдады. Мемлекеттік рәміздер- елтаңба, ту , әнұран.
2- оқушы Бейнелеп сан ғасырды Елтаңбасы елімнің Таратады хас үлгі Киесіндей жерімнің Бабам тұлпар жаратты Құлынында танып ақ Тұлпар барда қанатты Шайқалмайды шаңырақ Тәуелсіздік көркі ол да Өркениет өрені Нұр төгеді елтаңба Ақ орданың төрінде
3- оқушы Қ.Р-ның Мемлекеттік елтаңбасының авторлары- Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлиханов. Елтаңбаның негізгі ойын білдіретін ортақ элемент- шаңырақ. Шаңырақ- отбасы ынтымағы мен тыныштықтың нышаны. Түндік көк аспан аясындағы жарқын күнді білдіреді. Уықтар әлемдегі жылу мен тіршілік нышаны- күн сәулелерін ес ке алады.
4- оқушы Пырақ тұлпар биікке ұшуды, болашақты арман етуді бейнелейді. Пырақтың қанаттары шаңырақты- біздің ортақ үйімізді сақтайды. Алтын жұлдыз – ол биік ойлар белгісі.
5- оқушы Елтаңбасы елімнің, Неткен көркем әдемі. Тұнығындай көңілдің, Ортада аспан әлемі.
2- жүргізуші: Желбіресін байрағың желді күнде, Биіктесін мәртебең елдігіңде. Таныта бер, ұлы тіл, бар әлемге, Керегеңнің кеңдігін де, теңдігін де! Ән орындалады. «Біз осылай өсеміз!» әні
1-жүргізуші: Енді қазақстан Республикасының Мемлекеттік туына назар аударайық.
6- оқушы Тудың авторы Шәкен Ниязбеков. Туымызыдың ашық көгілдір түсі халықтың мәдени – этникалық бірлігінің, сонымен қатар мемлекеттің біртұтастығын білдіреді. Көгілдір түс сондай-ақ төбеміздегі көгілдір аспанның, ортақтығы жайлы зор ғаламшарлық және жалпы адами ой- мұраттарды ашып көрсетеді.
7-оқушы Күн – тіршілік пен қуат көзі, сондықтан күн бейнесі тіршілік нышаны болып табылады. Геральдика заңы бойынша күн бейнесі байлық пен молшылық нышаны деп есептеледі, сондықтан байыптап қарағанада елтаңбамыздағы күн сәулелерінің молшылық пен байлық негізі – бидай масағы түрінде берілуі бекер емес.
8- оқушы Көшпенділер дүниетанымында дала қыранының орыны ерекше . Нышындар тілінде қыран бейнесі мемлекет билігін, кеңдігі мен көрегендігін білдіреді. Дала тұрғындары үшін бұл – бостандықтың, айқын мақсатқа , биікке ұмтылудың, болашаққа самғаудың белгісі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туындағы дала қыраны қазақстандықтардың жомарттығы мен қырағылығын, ой ниетінің биіктігін білдіреді.
9- оқушы Туымыздың жаңаша әрі қайталанбас рең қосатын элементінің бірі- оның сабын бойлай қатар өрілген ұлттық ою-өрнектен тұратын жолақ. Ою-өрнек туымыздың ұлттық ерекшелігін айқындау үшін берілген.
10- оқушы Желбірейді шарықтап, Қазақстан жалауы. Көкке қыран халықтап, Қанат қағып барады. Көк аспанда нұрлы күн Күлімдейді далама Бақыт тілеп тұр бүгін Ол барлық пәк балаға. Ұлттық өнер мұрамыз, Адастырмас мұраттай. Нық көтеріп тұрамыз Жалауды біз құлатпай.
11- оқушы Өзіңдікі- Туың да, От пен ауа суың да. Жаса, Қазақстаным, Белді бекем буын да! Сергіту сәті: «Ұлттық ойындар білеміз бе?» (асық ату, аударыспақ. 5 тас ойындарын ойнау
1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Әнұраны – бірлікке, ынтымаққа, достыққа, елімізді қорғауға шақырады.
2- жүргізуші: Әнұраным жан ұраным, Айтар әнім, сөйлер сөзім. Туған жерім сағынарым, Жүрсем егер дүние кезіп. Тауымыздың, көне күннің Даламыздың байтақ үні. Ол әні ғой жүрегімнің Мың қайталап айтам мұны.
12- оқушы 2006 жылы қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны қабылданды. Әнұран авторы Жұмекен Нәжімиденов, Нұрсұлтан Назарбаев, музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов
13- оқушы Күндер өтті кешегі Жігер құм боп жасыған. Несіне оны жасырам? Әнұраным бүгінгі Баға жетпес асыл ән.
1-жүргізуші: Қолымызда- Тәуелсіздіктің көк Туы, Елтаңбасы, Әнұранымыз бар. Халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз да бар.
2-жүргізуші: Қөк байрақтың астында көп ұлтты мемлекетімізді бейбітшілік жағдайда басқарып отырған тұңғыш Предидентіміз Н.Ә.Назарбаев: «Нені де болса, еліммен бірге көремін, елмен бірге төземін, елмен бірге жеңемін» дейді.
Қыздардың орындауында «Аққу» қазақ биі
1-жүргізуші:
Енді көрермендерге ел рәміздері туралы виктариналық сұрақтар берелік.
Отан тақырыбында қандай мақал-мәтелдер білесіздер?
Әнұранның сөзін, әнін жазған кім?
Мемлекеттік рәміздерді ата
Елтаңбадағы бейнеленген көріністерді ата
Жаңа әнұран қай жылы қабылданды?
Тудың жобасын жасаған кім?
2-жүргізуші:
Байрағың биікте желбірей жайнасын,
Бұлбұлың орманда сескенбей сайрасын.
Уа, халқым, қуаныш құтты боп жасай бер,
Басыңнан мәңгілік бақытың таймасын!
1-жүргізуші:
Қазақстан:
Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
2-жүргізуші:
Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры биік болсын. Біздің ел басы былай деген: «Бізге азаттық арпалыспен келген. Тәуелсіздік тәуекелге түскен. Сондықтан да бұл бақытымыз баянды болады, ұзағынан сүйіндіреді деп сенемін».
1- жүргізуші:
Біз қазақ ата-бабамызды пір тұтқан халықпыз. Сондықтан да атадан, тілімізді анадан таратқан ұлтпыз. Ұрпағымызды жылатпай, қызды аялап, ұлды ұлықтап тәрбиелеуді өмірлік мақсат етейік. Халқымыз ұйымшыл, еліміз тыныш болсын!
2- жүргізуші.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы өз орнына апарылсын.
1-жүргізуші:
Бүгінгі Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл торуына орай ұйымдастырылып өткен «Мен елімнің патриотымын» атты ашық тәрбие сағатына келіп қатысқандарыңызға рахмет! Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құтты болсын!
«Рәміздерім - мақтанышым»(тәрбие сағаты)
Тақырыбы: «Рәміздерім - мақтанышым» Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Музыка ойналады. Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Рәміздерім - мақтанышым» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын. Оқушылар орындарынан тұрып, ҚР-ның Әнұранын орындайды. Мұхаммед: Батырлықтың уызына жарыған, Ер түркіні байрағынан таныған Өзі ақын, өзі әнші халықта, Кім айта алар болмаған деп Әнұран. Адина: Гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру-тайпасының таңба белгілері,жалауымен қатар, Әнұраны да болған. Елді жау шапқанда жер-жердегі сарбаздарды жинауға ат шаптырып, ұран салады, хабар береді. Кезінде сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған.
Жүргізуші: Балалар, қазақ халқының «Бізді таныдыңдар ма?» деп, әлемге жар салған Әннұранның әнін жазған, сөзін жазғандар кімдер? Оқушылар жауабы. Әні: Шәмші Қалдаяқов Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекең Нәжімеденов
Диас:ҚР-ның Әнұранында адамға зор рухани әсер ететін күш, өйткені Әнұранда халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны бар.
Нұрай:
Желбірейді шарықтап, Қазақстан жалауы. Көкке қыран халықтап, Қанат қағып барады. Көк аспанда нұрлы күн Күлімдейді далама Бақыт тілеп тұр бүгін Ол барлық пәк балаға. Ұлттық өнер мұрамыз, Адастырмас мұраттай. Нық көтеріп тұрамыз Жалауды біз құлатпай.
Жүргізуші: Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу - өліммен тең болған. Өздерімізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын-қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ордабасында кездескеннен кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен.
Тамерлан: 1992 жыл 4 -маусым - тарихи күн. Сол кезде Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР-ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев ұлт Туына тағзым етті. Жанерке: Ту ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран, Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн шұғыла, қыран, өрнек бейнесі алтын түстес. Иманғали:
Бейнелеп сан ғасырды Елтаңбасы елімнің Таратады хас үлгі Киесіндей жерімнің Бабам тұлпар жаратты Құлынында танып ақ Тұлпар барда қанатты Шайқалмайды шаңырақ Тәуелсіздік көркі ол да Өркениет өрені Нұр төгеді елтаңба Ақ орданың төрінде
Тұрар: Енді бүгін өлген Туым тірілді, Әнұраным жалғап алды ғұмырды. Босағада қалып кеткен Елтаңбам, Баяғыша төріме кеп ілінді.
Күндер өтті кешегі Жігер құм боп жасыған. Әнұраным бүгінгі Баға жетпес асыл ән
Ән: «Атамекен»
Жүргізуші: Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті, ол ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұранын, Туы мен Жалауын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын көздейді. Ал, балалар, ҚР-ның Елтаңбасында нелер бейнеленген? Оқушылар жауабы: күн сәулесі, көк аспан, шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары. Жүргізуші: Олар қандай мағынаны білдіреді?
Адина: Көк аспан – кеншіліктің, тыныштық пен биіктіктің белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын білдіреді. Иманғали: Елтаңбадағы алтын шаңырақ Қазақстанның «қара шаңырақ» деген қасиетті сөзінен алынып, шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп, халықтың қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр
Айгерім: Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз-ертегісінен алынған. Аңыз бойынша, қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттен азат еткен.
Жанерке: Бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Аспан ашық, жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу. Дильназ: Алдағы уақытта тәуелсіз еліміздің шаңырағынан күн сәулесі тарап, кең даласы нанға толып, көлдері көкке күмістер шашып, тіліміздің мәртебесі биік болсын!
Байрағың биікте желбірей жайнасын,
Бұлбұлың орманда сескенбей сайрасын.
Уа, халқым, қуаныш құтты боп жасай бер,
Басыңнан мәңгілік бақытың таймасын
Жүргізуші: Сонымен қорыта келгенде, өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайты түсуге тырысайық! Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер-азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл-қыздар молая берсін!