Сөйлемдерді көшіріп жазып, бұйрық райда тұрған етістіктерді табу.
ІІІ. Білімін жан-жақты тексеру. Етістіктің райларын қайталау.
Менің оқығым келеді.
Сен кітапты оқы.
Оның барғысы келеді.
Мен мектепке барайын. т.б. сөйлемдердің қай райда тұрғанын анықтау, топтау.
IV. Жаңа материалды үйренуге дайындық кезеңі. Сұрақтарға жауап беру.
1. Мектептегі тәртіп ережелерін атаңдар.
2. Мектептегі оқушылардың сыртқы келбеті қандай болуы керек?
3. Сабаққа спорттық киіммен келуге бола ма?
4. Киім қандай болу керек?
Ү. Жаңа материалды түсіндіру, қабылдау кезеңі
Мәтінді тыңдату, тақырыбы: «Мектеп формасы тарихынан»
Қазақ жерінде ең алғашқы мектептердің оқушыларында мектеп формасы деген ұғым болмаған. Кеңес Одағында, оның ішінде, Ресей мемлекетінде 1918 жылы арнайы мектеп формасы бекітілді. Мектеп оқушылары қоңыр түсті көйлектер мен фартук киіп, алмалы-салмалы жағалар тағып жүретін болған...