Просмотр содержимого документа
«Мағжан Жұмабаев " Түркістан" өлеңі»
Күні:
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы
М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі
Мақсаты Мағжан Жұмабаевтың өмірі және шығармашылығымен танысу, ақындық даралығын ұғыну. 2. "Түркістан"өлеңдегі ақын көтерген тақырыптарды ашу, балаларды ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру. 3. Оқушының тіл байлығын жетілдіру, тілін, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу
Міндеті Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту. Сабаққа оқушылардың өз білетін білімдері арқылы ену.
Сабақтың түрі
Жаңа білімді өздігінен меңгеру
Пәнаралық байланыс тарих
Қолданылатын әдістер Блум таксономиясы, СТО
Үй тапсырмасы:Ж.Жабаев туралы, өлеңдері
Ой қозғау 1 мин
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар? Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген, Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?- - Бұл өлең жолдарының авторы кім
Мағынаны тану
2 мин
Мағжан кім? Ақын, аудармашы, қоғам қайраткері, Алаш ардақтысы -, Мағжанның қандай өлеңдерін білеміз? -«Түркістан», «Сорлы қазақ», «Қазағым», «Күз», «Толқын», «От», т. б. М.Жұмабаев туралы білетіндерін жазады, постер қорғайды
Білу Оқулықпен жұмыс.
9 минМағжан Жұмабаев туралы берілген мәтінді түсініп оқып, тірек сызба құрғызу.Мағжан Жұмабаев 1905 - 1910 ж - Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М. Бегішевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. 1909 ж - Баспадан шыққан Абай өлеңдерін оқып, «Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға» деген өлең жазды.. 1910 - 1913 ж. - Уфа қаласындағы "Ғалия" медресесінде білім алды. 1913 - 1916 ж - Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды. 1923 - 1926 - Мәскеудің әдеби көркем институтында оқыды 1913ж.- Қазан қаласында “шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді. 1927 ж - Елінде оқытушылық қызметпен айналысады 1925ж - “Алқа” әдеби үйірме ұйымдастырады 1936ж - Концлагерьден босанып шығады 1937 ж - Озбыр топтың қолына түседі 1938 ж 19. 03 - “халық жауы деп жала жауып, атып тастайды. 50 жылдан кейін - Ақын аты елімен, жерімен, ұрпақтарымен қайта қауышты
М.Жұмабаев өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат алады
ТүсінуПоэма мәтінін мәнерлеп оқу және әр шумаққа ат қою.5 мин
1) Түркістан қайда орналасқан?
2) Түрік және түркі сөздерінің мәнін қалай түсінесің? (Түрік – ұлт атауы, түркі - туыстас халықтар атауы)
3) Поэмада «Алаш» деген сөз жиі кездеседі оны қалай түсінесің?
1 шумақ - Түркістан – екі дүние есігі ғой.
2 шумақ - Тұран – ер түрік мекені.
3,4,5,6 шумақтарда – Тұран табиғаты.
6,7 шумақтарда - өзен-көлдері, жер-су аттары – Оқыс, Яқсарт - Жейхун- Сейхун - Амудария - Сырдария
4. Идеясы: автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін
суреттегенде оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан
бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат, мүддесін, арманын білдіреді.
5. Поэма 8 шумақты. Шумақ аяқталған синтаксистік біртұтас ойды
білдіреді.
6. 32 тармақты. Тармақ – өлеңнің әр жолы.
7. Поэманың негізгі түйіні, тәрбиелік мәні – поэмада туған жерді,
Отанды сүю, қорғау, әрбір оқушыны өздеріне артылған әлеуметтік,
азаматтық жүкті сезінуге, тәрбиелеуге арналған.
Сергіту
Талдау4 мин
Ақын өлеңіндегі көркем тіл шеберлігіне көңіл аударту. 1-топ Өлеңдегі метафора, эпитет, теңеулерді таптыру. Эпитет: Ер түрік, кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял.Метафора: от болып туған, отқа ұқсап, Арқаның ардагері – қалың алаш, Алаштың арыстаны.
2- топ Өлеңді өлең құрылысына талдау.
3- топ Өлеңге жоспар құру. 1. Қасиетті Түркістан - бабалар мекені. 2. Тұран жері – түркілер елі. 3. Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял ер түрік. 4. Тұран топырағындағы ұлы тұлғалар. 5. Туған жер – тұғырың.
Топтық жұмыс орындайды. Дәптерге жазады
Жинақтау2 мин
1. «Түркістан» өлеңі қай тақырыпқа арналып жазылған? (туған жер, атамекен) 2. Бүкіл түрік елі Түркістанды киелі жер – екінші Мекке деп түсінеді. Себебі неде? («Бабаның басына барып қайту-үлкен сауап», - деп саналады)