kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М. Мақатаев «Райымбек, Райымбек» поэмасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

9-сыныпқа арналған қазақ әдебиетінен ашық сабақ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М. Мақатаев «Райымбек, Райымбек» поэмасы»

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Райымбек, Райымбек» поэмасы

Сабақ: қазақ әдебиеті

Мектеп: №5 жалпы білім беру мекемесі

Күні: 15.05.2019ж

Мұғалімнің есімі: Аклепесова Шынар Дарябаевна

Сыныбы: 9

Жалпы оқушы саны:23

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, «Райымбек, Райымбек» поэмасы туралы оқушыларға түсінік беру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Мұқағали Мақатаевтың өмір жайлы деректерді біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

Мұқағали «Райымбек, Райымбек» поэмасымен таныс

Кейбір оқушылар:

Ақын шығармашылығы туралы деректер келтіре алады

Тілдік мақсат

Оқушылар

Оқи алады, жаза алады, ойын еркін жеткізеді, түсіндіреді.

Негізгі сөздер мен тіркестер

  1. Ақын. Өмірдерек. Шығармашылық. Әке-шеше.

1 Мұқағали Мақатаев қай жылдар аралығында өмір сүрді?

  1. Ақынның туған жері туралы не білесіңдер?

  2. Ақынның қандай өлеңдері бар?

  3. Балалық шағы қай сәттермен тұспа-тұс келді?

Сыныптағы диолог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Жазылым: Ақынның өмірі туралы жазады

Оқылым: Поэмадан үзінді оқиды

Айтылым: Сабаққа қатысты тірек-сөздер мен деректерді жазады

Алдыңғы оқу

Т.Әлімқұлов шығармашылығы, «Қараой» әңгімесінен өткенді қайталау

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескерпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Сабақтың эпиграфы:

                   Таудай едің, таудың алып тумасын

                    Нағыз қазақ едің сөздің турасы.

                    Қыр басында нағып шөгіп жатырсың,

                    Ей, өлеңнің буырқанған бурасы.

                                     Жәркен Бөдешұлы.

                       

« Қазақ жырының аспандағы азғана жұлдыздардың

арасынан сенің жұлдызынды біз оңай танушы едік.

Сенің жұлдызың- ең шұғылалы, ең мейрімді жұлдыз»

                                        Тұманбай Молдағалиев

Басталуы


2 минут





5 минут









2 минут





Ұйымдастыру кезеңін өткізу, сыныпты тыныштыққа шақыру, түгендеу


«Алтын сандық» әдісі арқылы сабақ сұрау

Сыныптағы барлық оқушы өткен тақырып бойынша бір сұрақ жазып, ақылды қалпаққа әкеліп салады.


Сыныпты топқа бөлу


«Сандар сөйлейді» әдісі арқылы оқушылардан сабақ сұрау


Т.Әлімқұлов кім?

Туылған жері

Романдары

Әңгімелері








Алтын сандық









Нөмірленген сандар

Сұрақты жазған оқушы сұраққа жауап берген оқушыға жауабына қарай бағалайды

(өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық)




Ортасы










5 минут























































Сергіту сәті

2 минут















































Жаңа сабақ

«Біз не білеміз?»


Оқушылар тақырыпқа сай мәліметтер жазады.
































Кітаптар, бүктемелер


Мұқағалидың балалық шағы.

Өзінің « Менің анкетам» деген өленіңде  жазылғандай  М.Мақатаев 1931жылы  

Алматы облысы Нарынқол  ауданы, Қарасаз ауылында  дүниеге  келген. Әкесі соғыста  қайтыс болған. Анасының  аты- Нағиман. Әже  баласы  болған соң  анасын  Нақа  деп атаған. Туған апасы:« Мені сөзге , жырға үйір еткен , тәрбиелеген, халқымды  сүюге үйреткен әжем» ,- дейді. Әйелінің аты –Лашын. Балалары Майгүл, Жұлдыз, Шолпан, Айбар. Балаларын жанынан бетер жақсы көреді. Енді балалар М. Мақатаевтың жазған өлеңі « Менің анкетам»  өленің тындайық.

   « Менің анкетам»

  • Туған жерің?

  • Ұланынмын Қарасаз деп аталатын ауылдың.

  • Туған жылың?

  • 1931 ж. Құрдасымын Шәмілдің.

  • Шыққан тегін?

  • Шаруамын.

  • Білімің ше?

  • Орташа ғой.

  • Алайда өзім жоғары бағалаймын.

  • Ана тілің?

  • Қазақша.

  • Қысылғанда орысша да,  немісше де бар.

  • Қайда істедің?

  • Мынау « еңбек кітапшамнан « тауып ал.

  • Оқымаған, дипломсыз демесең , бір басымнан  бар мамандық  табылар.

  • Міңдеттісің бе әскерге?

  • Міндеттімін.



Қосымша ақпараттар

Ақындық жолы

Балаларға да арнап  көптеген өлендер жазған. Осындай өлеңдері «Бәсіре» деген атпен 1981жылы жарық көрді.Ол қазақ радиосында диктор болған.Газет-журналдарда жұмыс істеген.Ол өте көп керемет өлеңдер жазған.Оның өлеңдері туған жер,табиғат туралы.Жастарды елді,табиғатты сүюге,оны аялай біліуге үйретеді.Алып ақын туған даласы мен тауларына,ормандарына сағынышын баса алмай кеткен ұлы  ақын . Оның өлеңдері: « Туған жерде» , « Отан»

                           « Туған жерде»

Оқушылар мәнерлеп оқиды.

Таныс өлке ,

Таныс аймақ,

Таныс маң.

Анау жерде құрбыларымен алысқам,

Анау жерде құрбы жанмен табысқам.

Алба- жұлба ақша бұлттар жарысқан ,

Таулар әне ұйықтап кеткен данышпан.

Жолдар анау, шұбатылып шаңы ұшқан.

Таныс өлке , таныс аймақ, таныс маң.

 Мұғалім:

 Мұқағали – халқын , ана тілін , Отанын қадір тұтқан азамат ақын. Ол «Үш бақытым» атты  өлең жазды. Құдай деген кім десе , Отан  дер ем деп кейінгі  жас буынды  халқын , тілін , туған жерін шексіз сүюге шақырады.


«Үш бақытым» өлеңінің видеосы.


Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр.Олар: «Армысыңдар достар» ,«Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» , «Аққулар ұйықтағанда»,«Шуағым менің» атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді.Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды . “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді.

. Балаларға да арнап көптеген өлендер жазған. Осындай өлеңдері «Бәсіре» деген атпен 1981жылы жарық көрді.Ол қазақ радиосында диктор болған. Газет-журналдарда жұмыс істеген.Ол өте көп керемет өлеңдер жазған.Оның өлеңдері туған жер,табиғат туралы.Жастарды елді,табиғатты сүюге, оны аялай біліуге үйретеді.

Ақын қай тақырыпты жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады. Мұқағали шығармашылығының негізі «өзін – өзі» зерттеуден тұрады. «Өмірдастан» атты топтамалы талғауында жесір жеңге образы арқылы тылдағы халық өмірі мен адамдық, азаматтық, адалдық, ар намыс, рух пен нәпсі арасындағы толласыз күрес психологиялық шиеленіс арқылы шебер жеткізілген. Ол әсіресе тауды, қазақ ауылын көп жырлайды. Мұқағали дәстүршіл ақын, ол өлеңге интонация, инверсия, мазмұн тұрғысынан жаңалық енгізді. Мұқағали поэзия жанрында ғана емес, проза, драма, сын саласында да қалам тартты. Қаламгердің «Қош, махаббат»,«Құлпытас», «Марусяның тауы», «Өзгермепті», «Әже», әңгімелері,«Қос қарлығаш», «Жыл құстары» повестері мен «Қош, махаббат» пьесасы, бірнеше сыни еңбектері енген. «Рух және сезім», «Сезім найзағайы»,шығармалары жарық көрді.

Ақын өз шығармашылығында әр-түрлі тақырыптарда жаза білген. Мен Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқып, олардың кейбіреуін мынандай етіп жіктедім:

1.Махаббат туралы: «Махаббатым өзімде», «Махаббат диалогы», «Ғашықпын», «Махаббат» және т.б. Бұл шығармалардың ішінен маған ұнаған «Махаббат» өлеңін сіздерге оқып бергім келеді.

2. Табиғат туралы: «Қыстың күні», «Көктем», «Күзгі таң», «Түнгі табиғат» және т.б.

3. Достық туралы: «Достарға», «Менің бір досым», «Досым менің», «Досыма хат» және т.б.

4. Ана туралы: «Анама», «Анашым», «Сәби ана», «Жас ана» және т.б.

5. Отан туралы: «Сүйемін, өскен отаным», «Отаным», «Туған жерім» және т.б. Бұл тақырыптағы өлеңдердің ішінен мені тамсандырған «Отан туралы» өлеңі:

6.Тіл туралы: «Ана тілі», «Тіл-ол менің байлығым» т.б.

Мұғалім сөзі.Өте жақсы енді студенттер осы аталған өлеңдерін Мұқағали Мақатаевтің өз дауысымен оқығанын естейік.

Поэзиясы. Мұқағалидың өлеңдерін жыр сүйер қауым іздеп жүріп оқитын болды. Ақын өлеңдеріне 100 –ден астам әндер жазылды. Бұл әндер бүгінде барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Ол әндері «Есіме мен алғайсың» , «Күрең күз», «Сәби болғым келеді», «Құттықтаймын мама, туған күніңмен», «Тоқта балам! (атаң келеді артыңда)», «Саржайлау», «Фаризаға», «Дариға, домбыраңды бері маған», «Бала ғашық», «Жарығым-ай» ,«Көнеміз де» ,

«Құттықтаймын мама, туған күніңмен» ,«Құмған алған» тағы басқа әндері.

Сонымен қатар өздеріңіз білесіз Мұқағали өлендеріне ән жазылып, оны көптеген әншілер орындауда. Мысалы: «Мұзарт» тобы «Көзін сенің», «Бала ғашық», «Нұрмұқасан» тобы «Бақытынды жырлайды» деген өлеңдерді орындайды.



































































Енді бүгін біз бала лар  М. Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек!» поэмасымен таныса мыз. Оқулықпен жұмыс.




8 минут





Райымбек батыр туралы «Тарихтағы тұлғалар» атты видео көрсетіледі



10 минут









«Түртіп алу стратегиясы» бойынша оқушылар видеодан түсінгендерін айтып, қажет мәліметтерді жазып алады










Оқулықпен жұмыс

3 минут

















«Талқылау кестесін» толтыра отырып осы сабақ барысында алған білімдерін жинақтайды

 


Жеткіз жұртқа бүгіні, өткендерін,
Қысын, күзін, жазы мен көктемдерін.
Жадында тұтсын ұрпақ жасырмай айт,
Ақтабан шұбырынды өткелдерін,
Аруды арам жандар өпкендерін,
Боз інген ботасы өлген бой жаза алмай,
«Елім - ай»
Аруана шөккен жерін.
Өлшесін бүгіні мен өткендерін! – ақын өзінің шығармалары арқылы туған жерінің қадыр - қасиетін, тарихын келешек ұрпаққа ұғындырып кетуге тырысады. Соған мысал ретінде «Райымбек» поэмасын алуға болады. (Райымбектің портреті көрсетіледі)


Тақтаға жоспар ілінеді.
1.«Қаратаудың басынан көш келеді».
2. «- Өзің бала болсаң да, сөзің дана, отты екен,
Ақ күн тусын алдыңнан, басқа айтарым жоқ бөтен».
3. «Дауасы жоқ жан екен, оты жанған,
Ілесіңдер осыған оты барлар!»

Оқушылар бірлесе отырып шығарманың композициялық жоспарын құрады. Осы жоспар бойынша шығарманың мазмұны айтылады.

«Райымбек, Райымбек» поэмасынан үзінді оқытылады

Композициялық жоспар:
Оқиғаның басталуы: Жау шапқан қазақ ауылы.
Оқиғаның байланысы: Жыраудың балаға кездесуі.
Оқиғаның өрбуі: Жырау мен баланың әулиеге барып тәу етуі.
Оқиғаның шиеленісуі: Баланың өз атын ұрандауы, халықтың наразылығы.
Оқиғаның шарықтау шегі: Қатал сын.


Оқиғаның шешімі: Райымбектің қолбасшылыққа қол жеткізуі.



І топ. Талдау. Ақын шеберлігін танытатын көркемдік құралдардың шығарманың идеясын ашудағы рөлін анықтайды.


ІІ топ. Сипаттау. Поэмадағы кейіпкерлердің іс - әрекетіне талдау жасай отырып, өзінше бағалайды, мінездеме береді.


ІІІ топ. Салыстыру. Тарихи деректер мен поэмадағы Райымбектің әдеби бейнесін салыстырады. Осы поэманың тақырыбын, идеясын, кейіпкерлерін өзге шығармалардың кейіпкерлері, идеясы, тақырыбымен салыстырады (Венн диаграммасы).


ІV топ . Композициялық талдау жасайды
Поэманың авторы
Поэманың тақырыбы
Поэманың идеясы
Оқиға болған жер
Басты кейіпкерлері.

Аяқталуы

2 минут





1 минут

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс орнату



Үй тапсырмасы.

Түрлі-түсті қағаздар

Сабақ туралы түсінгендерін жазады.




1. Поэмадан үзінді жаттау.
2. «Болар бала он бесінде баспын дер» деген тақырыпта Райымбектің іс - әрекетіне талдау жасай отырып эссе жазу

Қорытынды бағамдау



«Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған,

Сен айт менің ойымды, айта алмаған» - деп болашақ ұрпаққа жол сілтеген

Мақатаев жырлары, бүгінгі  жас ұрпаққа шабыт беріп, өз бойларындағы таланттарын шыңдауына арқау болады деген сенімдемін.


Рефлексия

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1. Үй тапсырмасын сұрай отырып, оқушыларға өздерін-өздеріне бағалату

2. Видео көрсете отырып, жаңа тақырыпты талқылау


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)


1. Жаңа әдіс-тәсілдер

2. Әдеби тың мәліметтер


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін нені білдім










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
М. Мақатаев «Райымбек, Райымбек» поэмасы

Автор: Аклепесова Шынар Дарябаевна

Дата: 06.06.2019

Номер свидетельства: 513603

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "М. Ма?атаев «Райымбек, Райымбек» поэмасы "
    ["seo_title"] => string(40) "m-mak-ataiev-raiymbiek-raiymbiek-poemasy"
    ["file_id"] => string(6) "211300"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431598770"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "М. Ма?атаев «Райымбек, Райымбек» поэмасы. "
    ["seo_title"] => string(42) "m-mak-ataiev-raiymbiek-raiymbiek-poemasy-1"
    ["file_id"] => string(6) "212753"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431923314"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "«Райымбек! Райымбек!» поэмасы Поэма «Райымбек! Райымбек!» «Raymbek! Raymbek!» poem"
    ["seo_title"] => string(74) "raiymbiek_raiymbiek_poemasy_poema_raiymbiek_raiymbiek_raymbek_raymbek_poem"
    ["file_id"] => string(6) "451042"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1516349023"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(173) "Пәні Әдебиет Тақырыбы «Райымбек! Райымбек!» поэмасы Поэма «Райымбек! Райымбек!» «Raymbek! Raymbek!» poem"
    ["seo_title"] => string(80) "p_ni_diebiiet_tak_yryby_raiymbiek_raiymbiek_poemasy_poema_raiymbiek_raiymbiek_ra"
    ["file_id"] => string(6) "452105"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1516770690"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Тау т?л?алы тарлан а?ын-М??а?али Ма?атаев"
    ["seo_title"] => string(37) "tautulgalytarlanakynmukagalimakataiev"
    ["file_id"] => string(6) "270367"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1451095681"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства