Ал қазіргі ҚР ның Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан бастап жауапқа тартады. 16 жастан толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады және азамат жеке куәлік алады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Құқықтық сауаттылық-заман талабы»
ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ –ЗАМАН ТАЛАБЫ
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы,
Мәдениет ауылы, «Ілияс Қабылов атындағы
№32 мектеп-лицей» КММ
құқық пәні мұғалімі Жанар Әбдіхалықова
Мемлекетіміздің ата Заңының 1-бабында ҚР өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. «Оның басты қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі деген сөзді- кіргізген. Бүгінгіқұқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу- заман талабы. Қазіргі уақытта оқушыларға құқықтық тәрбие беру өте қажет.
Құқықтық білім беру - адамның құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында орындалатын құқықтық тәрбиенің негізгі ықпал етуші әдісі. Нақты айтсақ , құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны, заңды құреттеуге, қорғау, орындауға, дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру құқықтық сананың негізгі белгілері. Аталынған белгілероқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Есейген адамға қарағанда санасы мен мінез құлқы жаңадан қалыптаса бастаған жасөспірім- тәрбиенің қолайлы обьектісі болып табылады. Яғни жас адамдардың ақпартты тез қабылдап есте сақтау қабілеті жоғары саналады.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата-бабамыздың тәжірбиесін үнемі назарда ұстап отыру тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «Отау иесі» деп атады. Ал қазіргі ҚР ның Ата заңы бойынша , қылмыс жасаған баланы 14 жастан бастап жауапқа тартады. 16 жастан толық әкімшілік , қылмыстық жауапкершілік басталады және азамат жеке куәлік алады. Азаматтың міндеті- заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз-өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы-атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі- қоғамдағы алуан мінезді адамдардың салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыс қашанда ұлттық тұтастығымызға, ел болашағына қауіп төндірері сөзсіз. Сотталған жасөспірімдердің көбеюі - қоғам өмірінің келеңсіз жақтарын, халықтың әлеуметтік ахуалының төмен екенін байқатады. Қоғамда неғұрлым дені сау, еңбекке жарамды азаматтар көбейген сайын мемлекетіміздің әлеуметтік – экономикалық жағдайы да жедел дами бастайды. Бүгінде түрмеде отырған азаматтардың 70 пайызы жас адамдар. Сотталушылар қатарында кәмелеттік жасқа толмағандардың көбеюі біздің қоғамды алаңдатпауы мүмкін емес. Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасау кезінде жасы 16-ға толған азаматтар тартылғандығы белгілі. Алайда адам өлтіргені, қасақана денсаулыққа ауырзиян келтіру, ауырлататын мән жайларда, денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері, адамды ұрлау, ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып алу, ауырлататын мән –жайларда көлікті айдап кету, терроризм, адамды кепілге алу, қаруды ұрлау немесе қорқытып алу, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен басқа құрылғылар, ауырлатылған мән жайларда бұзақылық, есірткі заттары мен мәйітті немесе көмілген жерлерін қорлау, көлік құралын немесе теміржолдарын қасақана жарамсыздық жағдайға келтіргені үшін 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Сот тәжірбиесі көрсеткендей, кәмелетке толмағандар көбінесе ұрлық, тонау секілді қылмыстар жасайды. Соңғы кезде аталған қылмыстар ішінде ұялы телефондарды ұрлау жиі орын алуда. Жасалатын іс әрекеттің қауіптілігі жасөспірімге «өзгенің өмірі мен мүлкіне тиіспе»,- деп бала кезінен ата- анасы немесе тәрбиелеушілерінің үйретуіне байланысты. Кішкентай кезінен бастап пайдалы ақыл-кеңес, дұрыс бағыт беру нәтижесінде қылмыстық әрекеттердің қауіптілігін сездіруге болады. Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын ала әлдеқайда жақсы.
Бала бір күнде қылмыскер болмайды. Жанартаудың атқылауына дейін қаншама процестер жүретіні сияқты бала қылмыскер болуы үшін де бірнеше жағдайлар әсер етеді. Оған ата-ананың баланы бақылаусыз жіберуі, баланың топқа кіруі, жақсы жолдастарының болмауы, яғни бірден-бір себеп. Ж. Аймауытов : «Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ана тәрбиесі. Сол сияқты балаңыздың қылмыс жолына түспеуіне де бірден-бір жауапты ата-ана . Халқымызда «Құқығынды сақтап үйрен , бірақ басқалардың құқықғы бар екенің ұмытпа! деген тамаша мақал бар. Құқықтық тілмен айтқанда бұл заңды білу яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білсең заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзіңді қорғай алмайтының сөзсіз. Заңды білмеу –оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды.
Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу олардың қылмысқа ұрынбауына , өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдануына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына қоғамға пайдалы іспен шұғылдануына жәрдемдеседі. Заң дегеніміз қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер.