kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Құқықтық сауаттылық- заман талабы" атты құқықбұзушылықтың алдын алу онкүндігінде өткізілген дөңгелек үстел

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Құқықтық сауаттылық-заман талабы

Мақсаты: Оқушыларға құқықтық білім беру, құқықтық тәрбие беру арқылы оқушылардың бойына заңға деген сүйіспеншілік сезімін, өз құқығын білетін Конституциядағы міндеттерді орындайтын, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру, ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.

Түрі: дөңгелек үстел

Көрнекілігі:  қанатты сөздер, мемлекеттік рәміздер т.б.

«Біз әрбір адамның ар-намысын, жағымды қасиеттерімен беделін, жоғары адамгер-шілік, этикалық стандарттары және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек» Н. Ә. Назарбаев.

«Тәртіпсіз ел-ел болмайды, тәртіпке бас иген – құл болмайды» (Б.Момышұлы)

“Балам бол, басқа бол-бәріңе заң біреу-ақ” Ж.Баласұғын.

“Бізге қажетті-жаны да, қаны да қазақы, халықтың тілі мен дінін,тарихы мен салт-дәстүрін бойына сіңірген, туған жерін түлетуді, егемен елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу” /Н.Ә.Назарбаев/

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Құқықтық сауаттылық- заман талабы" атты құқықбұзушылықтың алдын алу онкүндігінде өткізілген дөңгелек үстел»

Тақырыбы: Құқықтық сауаттылық-заман талабы

Мақсаты: Оқушыларға құқықтық білім беру, құқықтық тәрбие беру арқылы оқушылардың бойына заңға деген сүйіспеншілік сезімін, өз құқығын білетін Конституциядағы міндеттерді орындайтын, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру, ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.

Түрі: дөңгелек үстел

Көрнекілігі:  қанатты сөздер, мемлекеттік рәміздер т.б.

«Біз әрбір адамның ар-намысын, жағымды қасиеттерімен беделін, жоғары адамгер-шілік, этикалық стандарттары және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек» Н. Ә. Назарбаев.

«Тәртіпсіз ел-ел болмайды, тәртіпке бас иген – құл болмайды» (Б.Момышұлы)

“Балам бол, басқа бол-бәріңе заң біреу-ақ” Ж.Баласұғын.

“Бізге қажетті-жаны да, қаны да қазақы, халықтың тілі мен дінін,тарихы мен салт-дәстүрін бойына сіңірген, туған жерін түлетуді, егемен елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу” /Н.Ә.Назарбаев/

Барысы:

І Психологиялық тренинг 

Мұғалім сөзі: 1. Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық- қоғам өміріне тән дерт. Құқық бұзушылық- заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс- әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс- әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым- қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез- құлқы арқылы байқалады. Демек, заң бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.

ІІ Құқық туралы жалпы түсінік. Құқық туралы не білеміз?

Жүргізуші:Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан, болмаса тиісті қаулы, заңмен әрбір адамға берілген ерік, бостандық, яғни заң рұқсат ететін адам табиғатына, жаратылысына сай әрекеттер жасау мүмкіндігі екен.

1948 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді: табиғи құқық, азаматтық құқық, экономикалық-әлеуметтік, мәдени құқық.Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан оны ешкім айыра алмайды.

Мемлекетіміздің ата Заңының 1–бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс.Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімінің 30 бабы құқыққа арналған.

ІІІ. «Сенің құқығың – менің құқығым» (Оқушылар өздерінің құқықтары мен міндеттерін айта отырып, топтастырады)

Балалар құқықтарын қорғау үшін 1924 жылы бала құқығының Женева декларациясы қабылданған болатын. Бұл Декларацияға қол қойған мемлекеттер әр адамды оның ұлтына,діни сеніміне,жынысына,әлеуметтік тегіне қарамастан,өз елінің құқықтары мен бостандықтарына ие, тең құқылы азаматы етіп қабылдады.

1959 жылы БҰҰ «Адам баласына өз білетін бар жақсыны үйретуге міндетті» деп шешті.

1979 жыл –Халықаралық бала жылы деп аталды.

БҰҰ 1989 жылы қазанда «Бала құқығы туралы Конвенцияны» қабылдады.

1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Нью-Йоркте ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Джеймс Грантпен бірге “Бала құқығы туралы Конвенцияға” әлемнің 156-шы елі болып қол қойды.

1. Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы.Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.

2. Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы Бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына, тіліне, біліміне, денсаулығына, ата – анасына қатысты мән-жайларға қарамастан бала тең құқылы.

3.Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР-ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.

IV. «Мұны әрбір оқушы білуге тиіс»

  1. Бала құқықтарын қорғайтын қандай құжаттарды білесің?

(Білім туралы Заң , Балалар құқығының Конвенциясы , Неке және отбасы туралы Заң, ҚР Конституциясы, ҚР бала құқықтары туралы Заңы, Бала құқығының Декларациясы)

  1. Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады? /бала туған кезінен бастап/

  2. Ерікті еңбек ету құқығы деген не?Еріксіз еңбекке қай кезде жол беріледі?

  3. Құқықтың қандай түрлері бар ? /жеке, саяси, мәдени, әлеуметтік, экономикалық /

  4. Қоғамның бастапқы ұясы не? /отбасы/

  5. Ата-ананың қасиетті міндеті не? /балаларына қамқорлық көрсету/

  6. 16 жасқа толмаған балалардың азаматтығын қалай анықтаймыз? \Туу туралы куәлігі бойынша\

  7. Конституцияда бекітілген ең басты құндылық: /адам және адамның өмірі/

  8. Ата Заңның қабылданған уақыты?

  9. Қазақстанның қазіргі Конституциясына биыл неше жыл болады?

  10. Терроризм деген не?Тероризм қылмысы қалай және қандай мақсатпен жасалады?

  11. Оқушының демалыс уақытына нелер жатады?

«Ыстық алақан» Ортадан анамыз бен атамызды шақырайық. Алақандарымызды бір – біріне түйістіреміз. Нені сезінетінімізді, еркелету фразаларын жағымды сөздер арқылы жеткіземіз.

« Ой жалғау ». Тақырыпқа байланысты мақал- мәтелдердің мағынасын ашу.

« Ісін өндіре алмаған қырсыз бала, қырсығын әкесінен іздейді.»

« Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.»

«Жақсы бала сүйеніш, жаман бала күйініш».

«Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер ».

« Біреуге ор қазба, өзің түсесің ».

« Заңның құрығы бәрінен ұзын ».

« Ұрлық түбі қорлық » .

« Заңды сыйлаған, еркін жүреді ».

« Тек жүрсең, тоқ жүресің ».

« Өтірікшінің құйрығы, бір- ақ тұтам».

« Ақырын жүріп , анық бас».

« Өш алғаннан гөрі, кешірген жөн ».

Мұғалімі:Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы қылмыстық ахуал жақсармай отыр. Бұл туралы осы жылдың 16 мамырында Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың мәлімдемесінде қазіргі таңда бірқатар мемлекеттік органдармен бірлесе жасөспірімдер арасындағы қылмысты алдын алу жұмыстарының жүргізілуде екендігін, ІІМ арнайы бөлімдерінің елімізде арнайы есепте тұрған 100 мыңнан астам кәмелетке толмағандарды өз бақылауға алғандығы, 16 мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатқан жағдайы нашар отбасыларында мақсатты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізілгендігі айтылды.«Алайда, осы атқарылған шаралардың барлығына қарамастан жасөспірімдер ортасындағы қылмыстық ахуал жақсармаған.Республика бойынша былтырғы және ағымдағы жылы жасөспірімдер 3 800 қылмыс жасаған, олардың ішінде 23 кісі өлімі, 49 шабуыл жасау, 527 тонау, 1 930 ұрлық қылмыстары бар. Айта кетерлігі, бірқатар жылдар бойы қайталанып келе жатқан кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың жартысына жуығы  бұлар оқушылар мен студенттерге қатысты болса, оның ішінде  ішімдік немесе есірткі пайдалану салдарынан орын алған қылмыстар», -деді Қ.Қасымов.Министрдің айтуынша, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында полиция мектеп инспекторы институтын дамыту үстінде. Қазіргі уақытта бұл үшін әлі де 1 850 мектеп инспекторлары қажет екен. Елімізде ауыр қылмыстар жасаған, қылмыстық жауапкершілікке тартылуға толмаған жасөспірімдерді қайта тәрбиелеуге арналған тек бір ғана жабық типтегі арнайы мектеп бар. Сондықтан да, бізде қазіргі күні екі мыңнан астам кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскерлерді қоғамнан оқшау тәрбиелеуге мүмкіндіктің жоқ екендігін айтып өтті.

Қорытындылау.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Автор: Дәрменқұлова Л.Ж.

Дата: 26.02.2020

Номер свидетельства: 541160


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства