| САБАҚ: Қазақша ән айтамыз | Мектеп: №19 |
| Күні: 17. 03. 2017. ж | Мұғалімдердің есімі: Мухамедиева Н. М. |
| СЫНЫП: 5 «Б» | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
| Сабақ негізделген оқу Мақсаты (мақсаттары) | Ауызекі сөйлеу тілін дамыту |
| Сабақ мақсаттары | |
| -Тақырыптың аясында қарапайым сөйлемдер құрау арқылы ән әлемі жөнінде ақпарат беру. -Отанның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. -Топтық жұмыс арқылы проблемаға өз көзқарасын білдіруге дағдыландыру. |
| -Көрнекті әнші-композитор Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен таныстыру арқылы оқушыларды қасиетті Атамекеннің қадірін сезінуге, аялай білуге, құрметтеуге тәрбиелеу |
| Жетістік критерийлері: Критерийлер: Дескрипторлар: | Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): Ән өнері туралы қысқа мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден тақырыпқа қатысты негізгі ақпаратты таба алады. Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында қысқа мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы өзі білетін қазақ әндері жайлы толық ақпарат бере алады. Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): қазақ әні, әншілері туралы шағын сөйлемдерді құрау арқылы достарымен тілдесімге түсіп, қазақ әндерін сипаттай алады. |
| 1.Мәтінді мазмұны бойынша бөледі. 2.Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. 3.Тақырып бойынша шағын әңгіме құрады. |
| 1.Мәтінді мазмұны бойынша бөле алады. 2.Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады. 3.Тақырып бойынша шағын әңгіме құра алады. |
| Негізгі сөздер мен тіркестер: |
| Ән, әнші, қазақ әндері, терең ой, мәдениеттілік, «Атамекен» әні, қайырмасы, қошемет. |
| | Сабақта қолданылатын материалдар: |
| Интербелсенді тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер,плакат, т.б. |
| |
| Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар |
| Басталуы 10 мин | 1. Ұйымдастыру кезеңі 2.Психологиялық ахуал жасау (Шаттық шеңбері). 2 мин 3. Топқа бөлу. Оқушыларға алтын, күміс микрофон суреті бар қағаз таратылады. Балалар сурет бойынша топ құрайды.3 мин 4.Миға шабуыл. «Жұмбақ сөз» ойыны арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды . 5 мин | Қиылған суреттер Суреттер қолдану |
| Ортасы 25 мин | 1. «Дәстүрлі емес танысу» әдісі 5 мин А) Оқушылар өздері таңдаған заттарды пайдаланып, тақырыпқа байланыстырып әңгімелейді. Сергіту сәті 2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Айтылым. А) Мәтінді оқу, сөздік жұмыс. Ә) Мәтінді абзацтарға бөлу. (Бір - бірін тексереді.) Б) Мәтіннен жаңа сөздері кездесетін сөйлемдерді табу.( Бір - бірін тексереді.) В) «Балмұздақ таяқшалары» ойыны (мәтін бойынша сұрақтар) 3 мин Жазылым. 3. 4- тапсырма. Қатені тап. І топ-1 абзацтан, ІІ топ- 2 абзацтан. 3 мин 4.3-3-1 3 – сөйлем, 3 – түйінді сөз, 1 – негізгі сөз. 2 мин | Тақырыпқа байланысты суреттер, интербелсенді тақта |
| Аяқталуы 10 мин | Оқулықтағы «Кел, жаттығайық!» айдарында берілген Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін тыңдатып, оқушылармен бірге орындау. 3 мин | |
| Рефлексия | Сабақ туралы өз пікіріңізді көрсетіңіз. (қызғалдақ, түймедақ, жапырақ) | Суретті карточкалар |
| Үйге: 44 бет, 9-тапсырма. | | |