2.Сабаққа дайындықтарын тексеру және жағымды орта қалыптастыру.(5 мин)
Мұғалім:Балалар, сабағымыз ойдағыдай өтеді деп сенемін. Сабаққа белсенді қатысуыңызды өтінемін.
Тақтада Қастеев суреті. (1 слайд)
Мұғалім:Жақсы, балалар. Ендеше іске сәт. Балалар,тақтаға назар аударыңыздар. Бұл тұлға бізге таныс па?
Оқушылардың біреуі: Иә,бұл Әбілхан Қастеев-Қазақстанның халық суретшісі. Үйге өмірбаянын мазмұндау берілді.
II. Үй жұмысын тексеру (10 мин)
Мұғалім: Кім жауап береді?
Балалардың жауабы. (монолог)
Мұғалім: Жақсы, отырыңыздар.
«Инсерт» стратегиясы
Не білемін? Не білдім? Нені білгім келеді?
Ә.Қастеев атында
Алматы қаласында
Мұғалім: Иә,балалар,ӘҚ-қазақтың біртуар суретшісі.Оның шығармашылығы сан қырлы.Ол Ш.Уәлиханов,Абай,Жамбыл Жабаев портреттерін жасады.Ең үздік портреті А.Иманов портреті.Пейзаждары және кескіндемелік шығармаларың мазмұны терең.1967 жылы Ә.Қастеевке «Қазақстан жерінде » атты акварельдік топтамасы үшін Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. Суретшінің туындылары еліміздің көркем шежіресіне айналды.
Енді балалар тақтадағы Ә.Қастеевтің суреттерін қарайық. Суреттер слайдттары Тақта (3,4,5,6 слайд)
Жаңа сабаққа шығу:
Мұғалім:Балалар,суретшінің бұл туындыларын қайдан көруге болады.
Балалар:Өнер мұражайында.
Мұғалім: Иә,балалар,дұрыс. Өнер мұражайында.
Мұражайға кіру үшін бізге билет керек, әр билетте бізге арналған сұрақтар бар. Оларға ауызша жауап береміз.