Просмотр содержимого документа
«Известные спортсмены»
Қазақ тілі:
Тақырыбы: Қазақстанның белгілі спортшылары
Мақсаты: 1. Қазақтың белгілі спортшылары туралы мағлұмат беру.
2. Оқушылардың сөздік қорының орынды қолданылуы- жазылым, , оқылым, айтылым әрекеттері арқылы іске асыру: ой өрісін есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Белгілі спортшылардың өмірі мен жетістіктерімен үлгі ала отырып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі. әңгіме; сұрақ- жауап
Көрнекілігі: суреттер, слайдтар, тест
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
Балалар, күннің шуағын көргенде, сендер не сезесіңдер?
Осы күннің шуағы бізге де түсіп, тілек жолдапты.
Сондықтан бәрін бір –біріңіздің қолдарыңыздан ұстап, тақтада жазылған тілекті оқып шығыңдар.
Қайырлы күн, достым,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең «бестік» болсын!
Жарайды, балалар, осы көңіл- күйімен сабағымызды бастайық
Өткен сабақта нәтиже сабақ болғасын, менің сүйікті актерім модулін есімізге түсірейік. « Менің сүйікті актерім», «Менің сүйікті кино» тақырыптарына диалог құрастыру.
Үй тапсырмасын
тексеру: Оқушылар шығып, диалогті оқиды.
Жарайсыңдар!
Жаңа сабақ бастамас бұрын тақтаға назар аударайық
Ойтолғау: Клип қарап болғаннан кейін, балалар, сендер тақтада кімдерді
көрдіңдер?
Қалай ойлайсындар, біздің бүгінгі тақырыбымыз қандай?
Дұрыс, Тақырыбымыз: Қазақстанның белгілі спортшылары
Тіл дамыту: - Қандай спорт түрлерін білесіңдер?
Қазақтың ұлттық спорт түрлерін атаңдар?
2011 жылы қысқы Азиада ойындары қай елде өтті?
Футбол ойының- Отаны№
Қазақстанның қандай белгілі спортшыларың білесіңдер?
Спорттың қай түрімен шұғылданасың?
Спорттың денсаулыққа пайдасы зор.
Неге деп ойлайсыңдар?
Елімізде дамыған спорт түрлері: қазақша күрес, бокс, шаңғы спорты, суда жүзу, жеңіл- ауыр атлетика, мәнерлеп сырғанау.
Қазақстанның мерейін көтерген, көк туын желбіреткен белгілі спортшылар өте көп. Олар: Жақсылық Үшкемпіров, Александр Винокуров, Илья Ильин, Серік Сәпиев, Бекзат Саттарханов, Әлия Юсупова.Еліміз олармен мақтанады.
«Тілек ағашы» Балалар, сендер біздің спортшыларға, Қазақстанға, өздеріне
не тілейсіңдер, соны мына ағашқа стикерге жазып
жабыстырыңдар.
Бағалау: Белсенді сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Қазақстан спортшыларының қайсысы ұнайтындығы
туралы айтып беру.
Қорытынды: Балалар, сабақта жақсы жұмыс істедіңдер. Мен сендерге ризамын. Я вам, рбята, благодарна за то что встретили тепло и поработали ударно.Сабқ аяқталды. Сау болыңдар!