Мұғалім: Айтқалиева Ж.С. Сынып6 «ә», 6 «а» Оқушылар саны
Сабақ мақсаты: Өзін - өзі танудың маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Оқушыларға көңілдің тазалығы арқылы риясыз сүйіспеншіліктің мәнін ұғындыру;
Оқушыларда ізгілік, мейірімділік қасиеттерін дамыту;
Оқушыларды бүкіл адамзатқа қайырымды, адал болуға тәрбиелеу.
Ресурстар:
оқулық, дәптер
(аудио,жазбалар)
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу.
Оқу - құралдарына назар аудару. 5Т
2.Тыныштық сәтi.
«Күннің нұры» (3 - 4 мин)
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
3.Үй тапсырмасын тексеру:
Өткен жылдағы тақырыптарды қайталап, естеріне түсірту.
Сабақ барысын талдау:
4.Дәйексөз.
«Сүйіспеншілік – баға жетпес құндылық. Біз оны өзгелерге қанша сыйласақ та таусылмайды, өзімізге де қалады»
Лев Толстой
(1828-1910)
Неліктен сүйспеншілік – баға жетпес құндылық деп ойласыздар?
Бәріміз қосылып айту.
2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу. Барлығы бірге.
Дәптерлеріне жаздырту.
5.Әңгiмелеу
Диуана
(аңыз әңгіме)
Бұл әңгіменің біздің сабағымызға (тақырыбымызға) қандай қатысы бар?
Қайырымдылық пен мейірімділіктің мәні неде?
Сіздер осы әңгімеден қандай ой түйдіңіздер?
6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Түстер арқылы екі немесе үш топқа бөліп, әннің сөзін құрастыру тапсырмасы беріледі.
- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.
- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.
- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!
Сүйіспеншілік пен Өмір
(Аңыз әңгіме)
Баяғы өткен заманда бір аралда түрлі сезімдер өмір сүріпті. Олар:Бақыт, Мұң және Сүйіспеншілік. Бір күні аралды су басатын болып, олар кемеге отыруға әзірленіпті. Барлығы кемемен кетіп, аралда тек Сүйіспеншілік қана қалыпты. Сүйіспеншілік мәңгі қалғысы келеді. Бірақ, аралды су түгел басқан шақта Сүйіспеншілік Байлықты көмекке шақырады. Сүйіспеншілік одан кемесіне отырғызуын өтінді.Байлық әдемі кемемен келіп:
-Менің кемемде ақша мен алтындарым көп,саған орын жоқ,сені ала алмаймын деді,
Сүйіспеншілік енді Тәкаппардан көмек сұрады.Тәкаппар әдемі кемесімен өтіп бара жатып:
-Сүйіспеншілік, мен саған көмектесе алмаймын.Сенің үстің малмандай су, кемемді бүлдіресің,- дейді.
Сүйіспеншілік мұңнан көмек сұрайды.Мұң айтады:
- Ooо...Сүйіспеншілік, менің мұңым жетерлік, жалғыздықты қалаймын,-дейді.
Сүйіспеншілік арал жанынан Бақыттың өтіп бара жатқанын көрді. Бақыттың бақытты болғаны сонша ,Сүйіспеншілікті естімеді.
Бір кезде бір дауыс естілді: «Сүйіспеншілік, кел, мен сені бірге алып кетемін»-деді.Мұны айтқан қария еді.Сүйіспеншілік өзін қуанышты сезінгені сонша, қарияның атын сұрауға да ұмытып кетті. Олар жерге жеткен соң,қария кетіп қалды. Сүйіспеншілік Білімнен оған көмектескен адамның кім екенін сұрады.Сонда Білім: Ол-Уақыт,-деді.
- Уақыт? – деді Сүйіспеншілік, - Онда маған Уақыт неге көмектеспеді?-деді.
Білім күліп,ақылмен жауап берді: -Тек Уақыт қана Сүйіспеншіліктің Өмірге аса қажет екенін біледі-деді.
- Сүйіспеншілік Өмірге неге аса қажет деп ойлайсыңдар?
- Алтын кемемен келген Байлық не үшін Сүйіспеншілікке көмектесе алмады?