kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ізгілікке бастар жол»

Нажмите, чтобы узнать подробности

                             Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мерзiмі:                                           Мектеп: Үстірт орта мектебі               

Тақырыбы: № 1 «Ізгілікке бастар жол»

Мұғалiм: К. Идирисова  Сынып:   6  а,б,в       

Құндылық:   дұрыс әрекет

 Қасиеттер: адамгершілік, ізгілік, мейірімділік.

 Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі танудың адам өміріндегі мәнділігі жөніндегі ұғымдарын дамыта отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

 - Оқушыларға ізгілік ұғымы туралы түсінік беру;

- Оқушыларды ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;

 - адамгершілікке, ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) оқулық, дәптер, А-4 ақ қағаз, стикерлер өлеңнің аудиодискісі

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті.    Нұрға бөлену

  Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын. Нұр менің ішімде. Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз. 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.   Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі. 

Әңгімелеу: 

Өзін-өзі тану сабақтарынан қандай жақсы қасиеттерді,құндылықтарды,білімді үйрендіңдер? Осы қасиеттер іс жүзінде қандай көрініс табады?

Өзіңе және өзгеге жасаған ізгілік істерің сендерді қандай сезімге бөлейді?

Жазғы демалыста жасаған ізгі істерің туралы айтып беріңдер

 Сабақ барысын талдау:

Жаңа ақпарат: «Адам өмірі мен іс-әрекетіндегі жағымды қарым-қатынас пен сүйіспеншілік ізгілік сезімін тудырады. Ізгілік адамның өзіне және өзгелерге жасаған жақсы, игі, адал істерін қамтиды. Ізгілікті іс игілікке жеткізеді» деген «Оқу ақпаратын» мұғалім өзі оқып таныстырады.

Дәйексөз 

«Кімде кім өзін сүйсе, туысқандарын сүйсе, өз елін сүйсе, әсіресе, адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі атаймыз»

                                                                              М. Жұмабаев

Дәйексөзді хормен оқыту

Ұлдарға хормен оқыту

Қыздарға хормен оқыту

Дәйексөзді,дәптерлеріне жаздыра отырып, мағынасын аштыру.

 Мәтінмен жұмыс: Мәтінмен жұмыс жүргізу үшін оқулықтың «Оқып үйренейік» айдарында ұсынылған оқу материалы оқушыларға сабақ тақырыбын кеңірек мергерту мақсатында жүргізіледі. Осы мақсатта Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» атты шығармасынан үзінді түрінде алынған «Ізгілік» өлеңін оқушыларға оқып талдауды ұсынады.

Ізгілік

(«Құтты білік» шығармасынан үзінді)

Жүсіп Баласағұни

Өлеңді оқушылар өз ойларын еркін ашық айтып талдайды.

 Шығармашылық жұмыс

 Оқу белсенділіктерін арттырып, ізгілік туралы түсініктерін бекіте түсу мақсатында оқулықта мынадай тапсырма берілген:

Мейірімді және ықыласты болуға жетелейтін игі істер мен жақсы әрекеттер топтамасын жасаңдар.

Түйіндеме - Аданың мейірімді, ықыласты болуы, елін, жерін сүюі, танып-білуге құштарлығы, еңбексүйгіштігі ізгі істер мен жақсы әрекеттерге жетелейді.

 Оқушылар жаңа сабақтан алған білімдерін түйіндеп отырады

Оқушылардың тапсырманы топпен жұмыс түрінде орындайды.

Топпен ән айту. Жақсы адамдар

Соңғы тыныштық сәтi.

 Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.  Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

 Үйге тапсырма : № 1 «Ізгілікке бастар жол».

«Менің қызықты демалысым» оқушылар өздерінің жазғы демалыстары жайлы шығарма жазып келу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Ізгілікке бастар жол»

Автор: Идирисова Кулаш Куанишиевна

Дата: 06.01.2018

Номер свидетельства: 448209

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Конспект воспитательного часа на тему "Ізгілікке бастар жол.""
    ["seo_title"] => string(66) "konspiekt_vospitatiel_nogho_chasa_na_tiemu_izghilikkie_bastar_zhol"
    ["file_id"] => string(6) "435998"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1509539712"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Т?рбие са?аты "Имандылы? - ізгілікке бастар жол" "
    ["seo_title"] => string(49) "t-rbiie-sag-aty-imandylyk-izghilikkie-bastar-zhol"
    ["file_id"] => string(6) "204917"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429770324"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""Ізгілікке бастар жол""
    ["seo_title"] => string(23) "izghilikkie_bastar_zhol"
    ["file_id"] => string(6) "404053"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1490679856"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Ізгілікке бастар жол та?ырыбында саба?"
    ["seo_title"] => string(42) "izghilikkie_bastar_zhol_tak_yrybynda_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "344204"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1474110214"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Ізгілікке бастар жол "
    ["seo_title"] => string(23) "izghilikkie-bastar-zhol"
    ["file_id"] => string(6) "174696"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424170339"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства