kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты "Имандылы? - ізгілікке бастар жол"

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Имандылы? – ізгілікке бастар жол» атты ашы? т?рбие са?атыны? ж?ргізілу сценарийі.

?тілетін орны - №4 орта мектепті? акт залы.

?тілетін уа?ыты:  27.02.2015 ж са?ат 10.00

Ма?саты: ?о?амда?ы б?гінгі к?нгі е? басты м?селе-жас ?рпа?ты адамгершілікті? е? биік шы?ы-имандылы??а, жат діни а?ымдарды?, д?ст?рлі емес жал?ан діни к?ріністерден арашалау,оларды?  ??ры?ына т?сіп ?алуына жол бермеу, о?ан ?арсы т?ру.

К?рнекілігі: интерактивті та?та, имандылы? туралы на?ыл с?здер, бейнероликтер

М?жіліс залы о?ушыларды имандылы??а бастайтын жазулар жазыл?ан транспаранттармен безендірілген. Зал іші салтанатты жа?дай?а келтірілген.

Барысы:

І.Кіріспе б?лім

ІІ.Негізгі б?лім

ІІІ.?орытынды б?лім

Орта?а екі ж?ргізуші шы?ады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "Имандылы? - ізгілікке бастар жол" »

Ұлтуған Альхановна

Адырбаева

4 орта мектептің тарих пәні мұғалімі

Талдықорған қаласы

Алматы облысы





«Имандылық – ізгілікке бастар жол» атты ашық тәрбие сағатының жүргізілу сценарийі.

Өтілетін орны - №4 орта мектептің акт залы.

Өтілетін уақыты: 27.02.2015 ж сағат 10.00

Мақсаты: қоғамдағы бүгінгі күнгі ең басты мәселе-жас ұрпақты адамгершіліктің ең биік шыңы-имандылыққа, жат діни ағымдардың, дәстүрлі емес жалған діни көріністерден арашалау,олардың құрығына түсіп қалуына жол бермеу, оған қарсы тұру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, имандылық туралы нақыл сөздер, бейнероликтер

Мәжіліс залы оқушыларды имандылыққа бастайтын жазулар жазылған транспаранттармен безендірілген. Зал іші салтанатты жағдайға келтірілген.

Барысы:

І.Кіріспе бөлім

ІІ.Негізгі бөлім

ІІІ.Қорытынды бөлім

Ортаға екі жүргізуші шығады.

1- жүргізуші: Армысыздар ардақты ардагерлер, ұстаздар мен оқушылар, қадірлі қонақтар!

2- жүргізуші: Қайырлы күн, имандылықты бар асыл құндылықтардың бастауы деп түсінетін құрметті қауым!

1- жүргізуші: Бұдан бірнеше жыл бұрын, қаламыздың ардагерлерінің бастауымен «Ата - баба дәстүрі ұрпаққа аманат» атты ашық тәрбие сағаттары қала мектептерінде өткізіле бастаған.

2- жүргізуші: Осы тәрбие сағаттарының мектеп оқушыларына, жалпы жастарға бергені көп болды, және олар өз мақсаттарына жетіп, тиісті нәтижелерін беріп те отыр.

1- жүргізуші: Осы үлкен бастаманың аясында ұйымдастырылып, №4 орта мектепте өткізілейін деп жатқан тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

арналады.

2-жүргізуші: Алдымен осы мазмұнды да мағыналы, жастарға берері мол тәрбие сағатының өз деңгейінде өткізілуіне көмек көрсетіп келіп отырған құрметті қонақтарымызды таныстырып өтсек.

1- жүргізуші:

1.

2.

3.

4.

5.

6.

2-жүргізуші: Алғашқы кіріспе сөзді мектеп директоры, білім беру ісінің үздігі Онғаров Алматай Ерметайұлына ұсынамыз.



1-жүргізуші: «Адам баласын адалдыққа, мейірімділікке, жауапкершілікке жетелейтін жол – имандылық» - дегендей дініміз бен тілімізді, еліміз бен жерімізді құрметтейтін, салт – дәстүрлерімізді қастерлейтін, ұлағатты сөздердің мәнін түсініп, үлгі – өнеге алатын заманның ұрпағы екеніміз өте қуанышты.

2-жүргізуші: Үлкенге құрметпен қарап, кішіге ізет көрсететін инабатты қыз, ибалы ұл тәрбиелеуде, имандылықтың ізгі жолын дәріптеу мақсатында өткізгелі отырған «Имандылық – ізгілікке бастар жол» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші: Қоғамдағы бүгінгі күнгі ең басты мәселе – жас ұрпақты адамгершіліктің ең биік шыңы - имандылыққа, жат діни ағымдардың құрығына тұсіп қалуға жол бермеу, оған қарсы тұру.

2- жүргізуші: Жас ұрпаққа берілетін тәрбиенің қайнар көзі, мөлдір бастауы отбасы екенін ескере отырып, «Шаңырағым - шаттығым» атты қойылымды назарларыңызға ұсынамыз.

«Шаңырағым – шаттығым» М.Масабаева

1-жүргізуші: Әлем мұсылмандары қатты қадірлейтін ислам діні имандылықты, қайырымдылықты, тазалықты, адалдықты уағыздайды. Адамдар арасындағы дұрыс көзқарас, қарым – қатынастарды реттейді.

2- жүргізуші: Мұсылмандық дүниетаным бойынша иман дегеніміз жүректегі нұр, яғни имандылық Алла - тағала иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Енді назарларыңызға «Иманды қыз» тақырыбында дайындалған шағын көрінісімізді ұсынамыз.

«Иманды қыз» көрінісі.

Автор сөзі: Ертеде Арабстанда Халифа Омардың ел билеген кезінде халықтың бір – бірін алдап – арбауына, өтірік айтуға, алаяқтыққа қатты тыйым салынған екен. Соның бірі сүт сататындардың сүтке су қосып сатуы қатаң бақылауға алыныпты. Осы тәртіпті тексеру үшін Халифа Медине қаласын аралап жүріп, бір үйдің іргесіне келіп отырады. Іштен анасы мен қызының сөзі естіліп тұрады.

Анасы: Қане, қызым тұрда сүтке су қос. Сүтіміз көбейсе, ақшамыз да молаяды.

Қызы: Апа, Халифаның сүтке су қосуға тыйым салғанын естімедіңіз бе?

Анасы: Естідім, әрине

Қызы: Ендеше Халифа тыйым салған нәрсені қалай орындаймын?

Анасы: Тұр да сүтке су қос! Ол сені көріп тұрған жоқ қой.

Қызы: Омар көрмесе, Аллах көріп тұр ғой. Омардың көзінше жасамайтын істі ол жоқ жерде де жасамайтыныма ант етемін.

Анасы: Жарайды, қызым! Ендеше өзін біл. Менікі әйтеуір қу тірліктің қамы ғой!

Қызы: Анашым, біз мұсылманбыз. Ислам адалдықты, тазалықты, қайырылымдықты уағыздайды. Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де солай делінген.

Анасы: Ұқтым жанынды, қызым. Ел қатарлы тұрмысымызды түзеп, біраз байып алсақ деген ой гой!

Қызы: Анашым, Құранда имандылық адамның жүрегінде, адамға байлық пен билік жолдас емес. Оның серігі ар- ұят, сондықтан ешкімге жаманшылық ойламау керек деп айтылады.

Анасы:Дұрыс қызым, айналдым сенін ақ жүрегіңнен, адал ниетіңнен. Менін де қателігіме жол бермедін.Рахмет, үлкен азамат бол. Келші бетіңнен сүйейін (Бетінен сүйеді.Осыны тыңдап болып Омар кетіп қалады.Анасы мен қызы сыртқа шығып кетеді.)

Автор: Хазірет Омар мына әңгімені естіген соң үндемей үйіне қайтады да, аз күннен соң дініне берік, иманы түзу бұл кедей қызды өзінің ұлы Асымға жұбайлыққа айттырып келеді.

1 жүргізуші: Құрметті жыйылған қауым! Ислам – қайырымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіре алады, қалай дұрыс өмір сүру, қалай тәрбиелеу, ата – ананы қастерлеу сияқты талай маңызды сұрақтарға жауап бере алады.

2 жүргізуші: Дегенмен де соңғы 10 жылдың ішінде діни ағымдармен байланысты эктремистік құбылыстар кең қанат жайып отыр. Енді сіздердің назарларыңызға «Діни экстремизм» тақырыбына жасалған бейне роликті ұсынамыз.

1 жүргізуші: Жасыратыны жоқ, бүгінгі жаһандану заманында туған тілінен, дінінен безіп, туған ұлтына жаны ашымайтын «Мәңгүрт» жастардың бар екені алаңдатарлық жәйт.

2 жүргізуші: Оның үстіне жат діни ағымдардың арбауына түсіп, діни экстремизмге бой ұрып, адасып жүрген жастарымыз қаншама. Бұл да қоғамымыз үшін үлкен қауіп.

1-жүргізуші: Осы және басқа да көкейтесті мәселелердің төңірегінде пікір алмасу үшін, қаламыздағы мешіттің имамын шақырған болатынбыз. Енді сол құрметті қонағымызды төрге шақырамыз.

2-жүргізуші: Осы қадірлі мейманымызға оқушыларымыздың дайындаған бірнеше сұрақтары бар болуы керек. Енді осы мәселе бойынша пікір алысуды бастасақ. Қане оқушылар, кімде қандай сұрақ бар?

А. Жалпы исламнан басқа бізге жат діни ағымдар туралы шолу жасап кетсеңіз? Олардың жастарға зиянды жақтарын атап берсеңіз!

Ә. Қазір шет елдердің кейбір ақпарат көздері Исламды жақтырмай, оны діни экстремизммен байланыстыруда, осы дұрыс па?

Б. Біздің қоғамымызға жат осындай құбылыстардың алдын алуда, зиянды идеологиялардың таралуына қарсы тұруда қандай шаралар қалада жүзеге асырылуда?

(Имам бәріне жауап береді)

1-жүргізуші: Енді осымен сұрақтарымызды тоқтатып, имам ағамызға рахмет айтуға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші: Қазір бүкіл адамзат баласының бойында болып жатқан қиындықтарды тек Ислам арқылы шешуге болады. Ислам – адам өмірін сақтаушы, денсаулықтың қорғаны, барлық жамандықтарға тосқауыл болатын барлық ғажажайып нәтижелер жиынтығы.

1-жүргізуші: Имандылық – бала тәрбиесінің ең басты қайнар бұлағы. Сондықтан тәрбиені діннен бөлек алып қарауға әсте болмайды. Осы мәселе төңірегіндегі ойларын біздің даналарымыз ертеден ақ өз еңбектеріне арқау еткен. Енді солардан біраз үзінділерді келтіре кетелік. Сахнаға мектеп оқушыларын шақырамыз. Оқушылар шығып өлеңдер оқиды.

1.Әл Фараби:

Дін дегеніміз – жаратушының қалауынан туған пиғыл мен қимыл.Діннің жәрдемімен барлығымыз өзіміздің түпкілікті мақсатымызға жетеміз.Діни құндылықтарда адамның рухани дүниесімен әдеттерін қалыптастыратын күш -қуат көзі бар. Дін – бақыт пен игілікке жетудің құралы.

2.Жүсіп Баласағұн:

Бек кісіге – керек ұят – ақыл ар.

Зұлмат күш жоқ, ақыл - арды жапырар

ұяты бар адамдар пәк,момында

ұятты іске тигізбейді қолында

кімге тәңір берсе ұят, намысты,

оған қоса бергені құт даңқты

қайрымдылық мәңгі, ал зұлымдық уақытша, ол бір сәт парасаттылқтың болмауы.

3. Қожа Ахмет Яссауи:

Менің мұрам жүректі тазалау, нәпсіні ауыздықтау, дертті мінез құлықтармен күресу, төзімділік шынайылық, қанағатшылдық, аллаға мойын ұсыну,алла жолы рухани кемелдікке жету үшін, білімді тақауалықты қажет етеді.

4.Бұхар жырау:

Бірінші тілек тілеңіз

Бір аллаға жазбасқа

Екінші тілек тілеңіз

Әз-әзіл пасық залымның

Тіліне еріп азбасқа

Бесінші тілек тілеңіз

Бес уақытты бес намаз

Біреуі қаза қалмасқа

Тәңірім сөзі фурқанды айт

Кәләм Аллаһ – құранды айт

Тәңірім салса аузыңа

Жан жолдасың иманды айт


5. Абай Құнанбаев:

Алланың өзі де сөзі де рас

Рас сөз еш уақытта жалған болмас

Көп кітап келді алладан,оның төрті

Аллаһты танытуға сөз айырмас.

Аманту оқымаған кісі бар ма?

Уәктубиһи дегеннен ісі барма?

Алла өзгермес адамзат күн де өзгерер

Жарлық берді, ол сіздерге сөзді ұғарға

Махаббатпен жаратқан адамзатты

Сенде сүй ол алланы жаннан тәтті

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп

Және хақ жолы деп әділетті

6. Шәкәрім Құдайбердіұлы:

Шошыма досым сөзімнен

Сөз құдайдан шыққан бу

Ұқпасаң көр өзіңнен

Жұтқызайын нұрлы су.

Байлаймын да көзіңді,

Патша қылам өзіңді,

Ұғып отыр сөзімді

Ел билетем, жеті ру

«мейірім, ынсап, әділет, шыдам, шыншыл,харакет»

Түп қазығы «ақ ниет»

Бұл жетеуін ел қылу

Ешкімге зиян тигізбей

Кәріптің көңілін күйгізбей

Сайтанға бетті сүйгізбей

Жүрегіңді нұрмен жу.

2 -жүргізуші: Оян, Қазақ!

Оян, Қазақ! Өз дініңді ұмытпа,

Дініңді сен, ардақтағын, құнтта!

Көз алдыңда тура жолың тұрғанда,

Қателесіп жаман жолмен былықпа!

1- жүргізуші: Имандылық теңеседі жұлдызға

Бұл тақырып толы екен мазмұнға

Насихаттап имандылық бастауын,

Өнегелі тәлім берер ұл қызға.

2-жүргізуші: Қазіргі өскелең ұрпақ Елбасымыз атап көрсеткендей «Мәңгілік ел» дәуірінде өмір сүретіні белгілі.Ендеше сол ұлы идеяны жүзеге асыратын-жастарды сахна төріне шақырамыз.

1-оқушы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ата – бабаларымыз ұстанған хақ дінімізді түрлі ағымдармен бөлшектеп елді адастыруға жол бермеуіміз керек» деген рухты сөзін біз үнемі назарымызға алып отыруымыз керек.

2-оқушы: Қасиетті Тәуелсіздік туын түсірмей, жас ұрпақты елін, тілін, дінін сүйетін, өзінің қазақ болып туылғанына мақтанатын ұрпақ тәрбиелеу-қасиетті борышымыз болып қалады.Өйткені біз-«Мәңгілік ел» болуға талпынып отырмыз.

3-оқушы Мәнгілік Ел –ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді.

4-оқушы Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.

5-оқушы Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйымдастырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол-«Мәңгілік ел» идеясы.

6-оқушы Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі-Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.Қазақтың Мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады.

Бәрі: Ендігі ұрпақ-Мәңгілік қазақтың перзенті.Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы-Мәңгілік ел!

2- жүргізуші: Елбасымыз 1997 жылғы халыққа алғашқы жолдауында «Келешекте біздің ұрпақтарымыз әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады» деді. Енді құрметті қонақтар «Мәңгілік ел» тақырыбына арналған шағын концерттік бағдарламамызды тамашалауға шақырамыз.

Концерт аяқталалды.

1- жүргізуші: Имандылық - ізгілікке бастар жол екенін, шүкір, қазір бәріміз білеміз. Ал иман сақтауға адал жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек. Сондықтан да жаман жат пиғылдардан аулақ болайық.

2- жүргізуші: Әрқашан имандылық нұрымен шұғылалы болып жүріңіздер. Осымен « Имандылық – ізгіліке бастар жол» тақырыбына дайындалған тәрбие сағатымыз өз межесіне жетті. Енді құрметті қонақтарымызға сөз кезегін ұсынбақпыз.

«Атамекен» әнімен аяқталады.











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?рбие са?аты "Имандылы? - ізгілікке бастар жол"

Автор: Адырбаева Улту?ан Альхановна

Дата: 23.04.2015

Номер свидетельства: 204917


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства