П?н: ?аза? тілі мерзімі: «15» наурыз 2013 ж. Сынып: 4 «А»
Саба?ты? та?ырыбы: Грамматикалы? тапсырмалар
Саба?ты? ма?саттары:
а)Білімділік: О?ушылар?а ?здері білетін азы? – т?лік атауларын пайдалана отырып, оны жа?а с?здермен толы?тыру; ойын элементтерін пайдалана отырып, к?нделікті т?рмыста ?олдана білу. Т?уелдік жал?ауларын ме?герту.
Просмотр содержимого документа
«Грамматикалы? тапсырмалар »
Жалпы білім беретін №85 мектеп
Тақырыбы: «Грамматикалық
тапсырмалар»
Пән мұғалімі:Мырзагелді Г.М.
Сынып: 3 «А»
Алматы қаласы
Сабақ жоспары:
Пән: қазақ тілі мерзімі: «15» наурыз 2013 ж. Сынып: 4 «А»
Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық тапсырмалар
Сабақтың мақсаттары:
а)Білімділік: Оқушыларға өздері білетін азық – түлік атауларын пайдалана отырып, оны жаңа сөздермен толықтыру; ойын элементтерін пайдалана отырып, күнделікті тұрмыста қолдана білу. Тәуелдік жалғауларын меңгерту.
ә)Дамытушылық:Сөздік қорын байыту: Оқушылардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру, сауатты оқу, тыңдап қайталау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту. диалогтік сөйлесімге машықтандыру.
б)Тәрбиелік:Оқушыларды тиянақтылыққа, ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Тілге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі (1 минут) Міндеттері:Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету;Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау;Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. 2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі (8 минут) Жаттығудағы жақша ішіндегі жалғаулардың дұрыс жалғанғанын бақылау. Міндеттері: а) үй тапсырмасының орындалу деңгейі мен сапасын тексеру; ә) кемшіліктер мен қателіктерді анықтау; б) қатемен жұмыс.
3. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру (1 минут) Міндеттері;:а) өткен сабаққа шолу; ә)өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыру;б) жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту; 1)Өткен сабақ бойынша сұрақтар қою, жауап алу, толықтыру.2)Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. 4.Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі (10 минут)Міндеттері: грамматикалық форманы, жаңа сөздерді, жаңа материалды таныстыру, меңгерту Тыңдалым. Сөздікпен жұмыс. Оқулықтың 132-134 беттерінде берілген мәтіндердегі жаңа сөздер мен тіркестердің айтылуын, жазылуын түсіндіру. 5.Жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру кезеңі; (15 минут)Міндеті: жаңа материалды оқушының қаншалықты меңгергенін тексеру;
Жазылым. 1 –жаттығу. Сөздерді толықтырып жазу.
1)Оқылым.Сөйлесім. 2 – тапсырма. Диалогті оқу. Өзара сөйлесу.
6.Жаңа материалды бекіту кезеңі (5 минут)Міндеті: жаңа материалды ауызекі және жазба тілде қолдана алу біліктілігін қалыптастыру.
2)Сөйлесім. 132 –бет.2 – жаттығудың мазмұны бойынша карточка арқылы сұрақтар дайындау – жауап беру.
7.Жаңа сабақты қорытындылау (5 минут)Міндеті: сабақтың тәрбиелік мақсатын ашу; қайталау материал бойынша ойын қорытып айта алуға дағдыландыру 1)Фонетикалық тапсырма, тәуелдік жалғау арқылы сұрақтар қойып, жауап алу (әр оқушыға жеке-жеке сұрақ қою арқылы) 2)Сабақтың тәрбиелік мақсатын орындау. 8.Бақылау және өзін-өзі бақылау кезеңі (1-2 минут)Міндеттері: Оқушылардың материалды меңгеру сапасын анықтау; Өзін-өзі және өзара бақылаушылық мүмкіндігін дамыту Не үйрендің? Не білдің? Нені түсінбедің? (Сұрақ қойып, жауап бере алмайтын оқушыны анықтау) 9. Түзету кезеңі (1-2 минут)Міндеті: Оқушы біліміндегі байқалған кемшіліктерді түзетуге арналған іс-әрекеттерді ұйымдастыру Тақырыпты түсінбеген оқушыға түсіндіру (қосымша тапсырмалар) 10.Үй тапсырмасы (1-2 минут)Міндеттері: оқушыларға үй тапсырмасының мақсатын, мазмұнын, орындау тәсілдерін түсіндіру Сөздік(жаттау),136 –бет. 5 – жаттығу (дұрыс жалғау қосып жазу) 11.Сабақтың бағалау кезеңі (1 минут)Міндеті: Өзара бақылау; жеке оқушының және сыныптың жұмысы мен қабілеттілігіне сапалы баға беру мадақтау, бағалау, ынталандыру 12. Рефлексия кезеңі (1 минут)Міндеттері: Оқушының көңіл-күйін, іс-әрекетін, оқушылар мен мұғалімнің өзара қатынас рефлексиясына жағдай жасау; Оқушылардың өзін-өзі ұстай білуі.