Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі: азық – түлік плакаты, суреттер,муляждар, қима қағаздар, Power Point презентациялары.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (5 минут)
Сабақ басында оқушылар шаттық шеңберінде тұрып, бәрімен амандасып шығады. -Сәлеметсіңдер ме, балалар? -Қалдарың қалай?
Оқушылар: Амансың ба, Алтын күн?!
Амансың ба, Көк аспан?!
Амансың ба, Жер – Ана?!
Амансың ба, достарым?!
Сіздерді көрсем қуанам?!
Үлкенге де Сіз!
Кішіге де Сіз!
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз Біз!
Оқушылар орындарына отырып, мұғалім қойған сұрақтарына жауап береді.
Бұл қай сынып?
Бұл қай сабақ?
Бұл нешінші сабақ?
Сыныпта не бар?
Сөмкеде не бар? Сабаққа дайын екенбіз!
Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем айларын ата.
Бүгін аптаның қай күні?
Аптада неше күн бар? Атап берейік!
ІІ. Өткен сабақты қайталау. (3 минут)
Өткен сабақта «Азық-түлік дүкені» деген тақырып өткен болатынбыз, үйге жаңа сөздерді жаттап келу тапсырмасы берілген. Қазір тақтада сол сөздерді қалай жаттап келгендіктеріңді тексеретін тапсырма беріледі. Азық – түлік атулары шашыраңқы түрде берілген, берілген сөздердің дұрыс жауабын табу керек.
Сүт мясо су мороженое
Нан сахар ұн вода
Тұз масло балмұздақ блины
Қант хлеб құймақ мука
Май соль жұмыртқа колбаса
Ет молоко шұжық яйцо
ІІІ. Жаңа сабақ. ( 24 минут)
-Балалар, назарымызды тақтаға аударайық. Бүгінгі тақырыбымыз қалай аталады деп ойлайсыңдар?
А) Тыңдалым. Сөздікпен жұмыс. (2 мин)
Сатушы - продавец
Сатып алушы - покупатель
Қанша тұрады ? – сколько стоит ?
Ала ғой – возьми-ка
Барлығы - всего
Қанша төлеу керек ? – сколько надо платить ?
Ә) Тілдесім. Суреттермен жұмыс. (3 мин)
- Балалар, тақтада сүт өнімдері, ет өнімдері, кондитерлік өнімдер суреттері жеке топтастырылып ілініп тұр. Сүт өнімдеріне нелер жататынын, ет өнімдеріне нелер жататынын, кондитерлік өнімдеріне нелер жататынын ажырата білейік.
Сүт өнімдері: май, сүт, айран, ірімшік, қаймақ, қатық, қымыз, шұбат.
Біздің үйдің жанында үлкен дүкен бар. Ол үш қабатты. Бірінші қабатта азық-түлік сатылады. Екінші қабатта үйге қажетті заттар сатылады. Үшінші қабатта киім сатылады.
Г) Жазылым. Дәптермен жұмыс. (5 мин)
5-жаттығу. Дұрыс жалғау қосып жаз.
Мен дүкенге бара... . Айбек шалбар сатып ал... . Әсел көйлек ки... . Біз қант сатып ала... .
3-жаттығу. Сұрақтарға жауап берейік.
Сен қандай дүкенге барасың?
Қандай сүт тағамдарын сатып аласың?
Қандай ет тағамдарын сатып аласың?
Қандай киімдер сатып аласың?
«Кім нені жақсы көреді?» сұрағына жауап жазу.
Нұрлан сүтті жақсы көреді.
Гүлнұр тортты жақсы көреді.
Құрал етті жақсы көреді.
Нұрбол айранды жақсы көреді.
Сергіту сәті: Өлеңді мәнерлеп оқып, кім? сұрағына жауап беретін сөздерді
буынға бөліп оқыңдар.
Әжем - күйші, Ісі - нұсқа,
Әпкем - биші. Әкем - ұста.
Асқан шебер Үй салады.
Ағам - үйші. Жаз бен қыста. ( 2 мин)
IV. Сабақты қорытындылау.( 8 минут)
- Балалар, бүгінгі жаңа сабақты «Базарда» деген ойынымен қорытындылайық. ( 3 мин)
Базарда әр түрлі жеміс-жидектер, көкөністер, азық-түлік сатылады. Бұларды сатып алу үшін тақтадағы тапсырмаларды орындауымыз керек.
Айжан базарға келді.
Базарда , , сатылады.
Айжанға , керек.
Айжан , сатып алды.
-Енді, балалар өзара диалог құрастырып көрейік. Бір оқушы –сатушы, бір оқушы - алушы рөлінде сөйлейді. ( 5 мин)
Сәлеметсіз бе? Сәлеметсіз бе?
Қалыңыз қалай? Рахмет, жақсы!
Сізге не керек? Маған алма керек.
Қандай алма? Сары алма.
Мынау не? Мынау шұжық.
Шұжық қандай? Шұжық дәмді.
Тағы не керек? Торт керек.
- Торт қандай? Торт тәтті.
Мә, ала ғой! Рахмет!
Сау болыңыз! Сау болыңыз!
V. Үйге тапсырма. ( 2 минут)
136-бет, 2-жаттығу. Өз беттерінше осы үлгіге қарап, сөйлесу құрастыру.
VI. Бағалау. ( 3 минут)
Сабаққа қатысып, жауап берулеріне қарай бағалау.
VII. Рефлексия. ( 3 минут)
Сабақта не үйрендім...
Не толғандырды...
Сабақта не қызық болды...
Сабақтан алған әсерлеріңді мынандай сурет таңдау арқылы көрсетіңдер. Сабақтан алған әсерлеріңді, көңіл-күйлеріңді бір ауызбен айтыңдар!