Просмотр содержимого документа
«Денсаулы? саулы? негізі »
Кажиакпарова Жазира мұғалім портфилосы А есебі
6 топ 3 деңгей
Алматы облысы
«Өрлеу»АОБПҚБАИ
Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі
қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп
Ұстаз болу үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады.
Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» технологиясын басшылыққа алдым. Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны, баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі.Ол бұрын тыңдаушы болса,енді ізденуші, ойлаушы,өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.Өзге ұлт өкілдері балаларының Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету өзге ұлт өкілдері балаларының мемлекеттік тілде өз ойларын жеткізе білуге дағдыландыруға өте қажет модуль.
Менің осы модульді таңдаудағы мақсатым: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, сыни ойлауға үйрету. Өз ойларын еркін жеткізуге, басқалардың пікірлерін салыстыруға, бақылауға, өз ойын қорытындылай алуға дағдыландыру. Міне осы бағытты көздей отырып,мен мектептегі іс-тәжірибе кезеңінде 7-сыныпта қазақ тілі пәнінен төрт сабағымды ықпалдастырып, тізбектелген сабақтарыдың жоспарын құрдым.Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылауды және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды.
Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің,ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс- әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 49- бет).Яғни мұғалімнің басшылығымен оқушының өз бетімен білімін жетілдіруі, бір-бірімен өзара қарым–қатынаста болуы.
Алғашқы сабағымның тақырыбы «Денсаулық-саулық негізі" болды. Алдымен оқушылар топ ережесін құрды,сосын сол ережеге бағыну қажеттігін оқушыларға түсіндірдім.Оқушыларды жұп сандар,тақ сандар деп екі топқа бөлдім.Наразылық танытқан оқушылар болды.Оларға өздері құрған топ ережесіне бағынуы қажет екенін ескерттім.
Миға шабуыл әдісін пайдалана отырып екі топқа екі сұрақтан қойдым.
Жоғары деңгейлі оқушыларым жауап берді. Орташа оқитын оқушылардың дайындығының жоқтығы сабағыма біраз кедергі келтірді. Барлық оқушылардың белсене қатысуын өтіндім.Денсаулық туралы өз пікірлерін сұрадым.Берілген тапсырма біраз қиындық туғызғандай болды. Себебі дәстүрлі сабақтағыдай материалды мұғалім түсіндірмейді. Оқушылар өз бетінше оқып түсінгенін бірінші рет қорғап отырғандықтан осындай кедергілердің болуы заңдылық деп ойладым. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында шаттық шеңберін құрғыздым.Оқушылар бір-біріне зор денсаулық тілеп,жақсы тілектерін айтып,жылы лебіздерін білдірді.Мысалы: С оқушы «Мен саған зор денсаулық тілеймін» десе,В оқушы «Темекі тартпа,денсаулығыңды күт» деп өз ойын айтты.Бұл әдістің оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіруге тиімдіекнін байқадым.
«Денсаулық» тақырыбына екі топ мазмұнды сызбаларын қорғады. Бірінші (тақ сандар) тобындағы Д есімді оқушы постерді қорғағанда өз ойын түсінікті тілмен жеткізуге тырысты.Б оқушыны «Денсаулық-басты байлық»деген сөзді қалай түсінесің? деген түрткі сұрақ арқылы ортаға тарттым. Екінші (жұп сандар) топтан А оқушы ғана постер қорғады.С оқушы өз ойын жеткізе алмады, өзін-өзі реттеуге әрекеттенді бірақ нәтижесі аз болды. Ойлау қабілеттері жылдам оқушылар постерді қорғап,белсенділігі төмен оқушылардың қорқақтағанын байқадым.
Сергіту сәтін ұйымдастырдым.Сергіту сәтінде барлық дене мүшелеріне арналған жаттыулар жасадық. Оқушылардың бойынан еркіндік байқалмады,
керісінше ыңғайсыздану сезімі басым болды.Сонда да оқушыларды «жарайсыңдар» деп жігерлендіріп қойдым.Келесі кезекте электрондық оқулықтан берілген деңгейлік тапсырмаларды орындады.Оқушылар жылдам бітіруге тырысты,топтық жұмыс жарыс емес және бірігіп,ақылдасып жұмыс істеулері екенін түсіндірдім. Оқушыларымның сыни ойлана отырып түсінгенін бақылау мақсатындағы түрткі сұрақтар қойдым.Оқушылар жауап беруге тырысты.Бірақ ойларын толық жеткізе алмады.Топтық жұмыста шашыраңқылықтары байқалды. Жаңа материалды қорыту кезеңінде оқушыларға семантикалық карта тараттым. Семантикалық картаны пайдаланудағы мақсатым: оқушылар сабақтан « не түсінді?, нені түсінбеді?»,яғни сабақтың нәтижесін білу. Оқушылар картаны толтыру кезінде негізгі идеясын ажырата алмай қиыншылық білдірді.Қоңырау соғылсада жұмысымызды аяқтаумен болдық.Уақытты дұрыс қадағалай алмауым қиындық тудырды.
«Дәрігерлік қызмет көрсету» келесі сабақта топқа оқушыларды сын тұрғысынан ойлана отырып бөлуді жөн көрдім. Қиындыларды суреттерді құрастыру арқылы екі топқа бөлінді. Сол арқылы балаларда бүгінгі сабақ дәрігерлер жайлы болатындығы туралы ой қалыптасты.Мектебіміздің дәрігері Айман апайдан дәрігерлік қызмет көрсету туралы оқушыларға кеңес беруін өтіндім.Дәрігер апайымыз сабағымызға қатысып оқушыларға денсаулықты сақтау туралы ақыл-кеңестерін айтты.
Оқушылар өздерінің құрдастарымен диалог жүргізу барысында тәжірибе жинақтап және ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына отырып, баламалы мүмкіндіктер туралы сыни тұрғыда ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті бола түседі. Түсінуді басты назарға ала отырып ынтымақтастықпен оқу немесе мәселені шешу үдерісі оқушылардың тиімді дәлелдерді жүйелеу қабілеттерін жоғарылатады.(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 51 бет). Сондықтан диалог жүргізу сыни ойлаумен тығыз байланысты екендігін көреміз.
Бүгінгі сабағымыз диалогпен тығыз байланысты болғандықтан «Диалог деген не?», «Монолог деген не?» деген сұрақтарға жауап берулерінін сұрадым. Талантты оқушылар тез жауап беруге тырысып қолдарын көтерді,бірақта мен Б оқушыдан ортаға тарту мақсатында сұрадым.
«Бірінші-байлық» ертегісін ЖИГСО әдісі арқылы түсініп,тақтаға Вен диограммасын құрдық.Оқушылар Венн диограммасы арқылы түсінгендерін баяндап берді.Қарт адам мен жас жігіттің түсінігіндегі ерекшеліктермен ұқсастықтарын салыстыра отырып дәлелдеді.Сабақта ынтымақтастық атмосферасын құру барысында оқушыларға ұшақ жасатып, сол ұшаққа өз мінездерін сипаттап жазу берілді. Олар жазып бір-біріне лақтырып, кім екенін тауып алу болды. Оқушылар бұрын осындай еркіндікте болмағандарына мәз болып осы ойын ұнағандарын сезімдерімен жеткізе білді
Кез–келген тілде сөйлем айту үшін алдымен сөз білу керек екенін барлығымыз білеміз.Диалогта кездесетін жаңа сөздерді таныстырып, жаттықтыру болды. Ол үшін бірінші сөздіктен аудармасын таптырып, содан соң айтылуын тыңдатып,тілдерін қайталау әдісі арқылы жаттықтырып сөздік жұмысын жүргіздім Диалогта кездесетін жаңа сөздерді таныстырып, жаттықтыру болды. Сосын сөздік дәптерлеріне жазды.
Рөлдік ойын түрінде берілген келесі тапсырмада, яғни «Дәрігерде»
диалогі бойынша түсінгендерін нақтылады.Азиза –дәрігер боп,Дильназ емделушінің рөлін ойнады. Мысалы:
Жұптық жұмыс барысында А оқушының рөлге енуі,В оқушының еркін сөйлеуі жетістік болды.
«Дәрігер» және «Емхана» тақырыбында постер қорғауға тапсырма бердім. Оқушылар үшін бүгінгі тапсырма өздерінің күнделікті өмірлеріне қатысты болғандықтан белсенділікпен,толықтай орындады. Өткен сабағымдағы кемшілігімді қайталамау үшін берілген уақыттан аспауларын ескерттім. Жұмыс барысында ережелерге бағынып ынталары арта түсті. Топ жұмыс бойынша жобаларын қорғауға келгенде тұйық, орташа оқитын оқушылар қашқақтап жақсы оқитын оқушылар тізгінді өз қолдарына алып көшбасшылық танытты. Сергіту сәтінде «Көңілді күн» әнімен оқушылардың көңілдері көтеріліп, бір сергіп қалды.
Оқушылар бүгінгі сабақта басты байлық денсаулық екенін толықтай түсінді.Оның дәлелі «бастама-жауап-кейінгі әрекет»(БЖӘ) нысаны бойнша қойылған сұрақтардың жауабынан байқалады.
Мұғалім: -Астында шетелдік көлігі бар,бірақ ол адам ауырады бақытты ма?
Оқушылар:-Жоқ
Мұғалім: -Миллиондаған ақшасы бар,бірақ ол адам қатты ауырады бақытты ма?
Оқушылар:-Жоқ
Мұғалім: -Үш жерде үйі бар,бірақ ол адам ауырады бақытты ма?
Оқушылар:-Жоқ
Мұғалім: -Неге олай ойлайсыздар?
Оқушылар:-Ол адам ауру,денсаулығы жоқ
Мұғалім:Сонда дүниедегі басты байлық не екен?
Оқушылар:- Денсаулық
Мұғалім:- Әрине,денсаулық.
Ойлана отырып сұрақтарға жауап беруде оқушылар ауызекі сөйлесу тілдері дамыды.Осындай тапсырмалардың орындалу барысында оқушылар сыни ойлай отырып, жаңа материалды меңгеруге дағдыланды. Қабілеті жоғары оқушылар белсенділігі төмен оқушыларға қолдау көрсетті.
Мақал-мәтелдерге аударма жұмысын бердім.Оқушылар сөздікті пайдалана отырып тапсырманы қызығушылықпен белсене орындады.Бағалау парағындағы критерийлер бойынша бес балдық жүйемен бағаланды. Бұл тәсіл уақытты үнемдеуге көмектесті.Сабақтағы әдіс-тәсілдерді дұрыс қабылдап,сол бойынша жұмыс істеуге тырысты.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модульның оқушылардың ойлау қабілетін арттыратынын ескере отырып үшінші «Таза ауа» тақырыбындағы сабақты ой шақыру сұрақтарынан бастадым.Мысалы: «Таза ауа» дегенді қалай түсінесіңдер? немесе «Таза ауаның адам өмірі үшін маңызы қандай?» деген сұрақтар төңірегінде оқушылар ойлана отырып өз ойларын ортаға салды.
Сыныптағы оқушыларға алдын ала интернеттен «Таза ауа» туралы біліп келуге және кітапханадан ізденіп жаңа материал дайындап келулеріне бір күн бұрын тапсырма берілгендіктен өздерінің ізденіс жасаудан алған білімдерін сабақ барысында талқылады. Сынақтан өткізуге арналған «Табиғатты қалай қорғау керек?» деген сияқты сұрақтар қойып,оқушыларымның іздене алатынын,ойлана білетіндігін байқадым.
Сыни ойлай отырып орындауға ұсынылған келесі тапсырмада бұрынғы білімі мен жаңа ақпаратты байланыстыра алуды жетілдіру мақсатында әр топқа мақал -мәтелдерді жалғастыруға тапсырма бердім.Сергіту сәтіне ұлттық құндылығымызды дәріптеу мақсатында халық әні «Күміс құмғанай» әнін алдым.
Оқушылардың әнді бірге айтуларын өтіндім.Мұндағы мақсатым сергіту сәтін тиімді пайдаланып билей отырып әнді үйрету.
Сабақты қортындылау мақсатында «Денсаулықты сақтау үшін не істеу керек?» деп оқушылардан сұрадым.Оқушылар:
1)Тиімді, жақсы тамақтану керек
2) Спортпен айналысу керек
3) Таза ауада серуендеу керек
4) Көбірек дәрумендерге бай тамақты жеу керек.
-деп оқушыларым жарыса жылдам жауап берді
Соңғы сабағымды «Адамға пайдалы заттар» тақырыбында өткіздім. Жаңа материалды қарастырмас бұрын ой-ашар жаттығуында Джон Киттидің «Қарлы кесек стратегиясын» қолдандым.Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айта отырып алдыңғы оқушының сөзіне келесі оқушы өз тілегін қосып айту арқылы сөздік қорын молайтты,есте сақтау қабілеттерін дамытты.Тақырыпқа байланысты оқушыларымнан бүлдірген,алма тобы болып оқушылардың 2 топқа топтасуын сұрадым.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі оқушылардың ойлау қабілетін арттыратынын ескере отырып «Адамға пайдалы заттар» тақырыбындағы сабақты сыни ойлай отырып орындауға берілген «Алманың пайдасы қандай?»мәтінінен бастадым бастадым.Мәтінді қарастырмас бұрын жаңа лексиканы меңгеру үшін әрқайсысына бір сөзден беріп, өздеріне сөздіктен тапқызып, іздену жұмысын жасаттым.«Қара,жап,айт,жаз,тексер»әдісін пайдаландым.Жаңа сөзді тауып қарап,тілдерін жаттықтыру мақсатында кітапты жауып қайталап,дәптерлеріне жазып және кітапты қайтадан ашып тексерді.Өзге ұлт өкілдеріне тіл үйретуде бұл әдіс өте қолайлы.Оқушылар өздері оқыған мәтіннен түсінгендерін жинақтап оқушылар сыни ойлап қана қоймай ізденіп, оқулықтан тыс сөздерді қолдана білген. Сол арқылы сөздік қорларын арттырған. Кейін мәтін бойынша берілген сұрақтарға топтарында талқылай отырып жауап дайындады. Нәтежесінде «Алманың минералдық құрамы бай .Алмада фосфор,көмірсутегі,
кальций,магний,темір сияқты химиялық заттарда бар .Дәрумендер негізінен
алманың қабығы мен қабықтың астындағы жұмсақ етінде болады.Емдік қасиеті де бар»деп оқушылар жауап берді. Сыныпта тіл қаншалықты қолданылса,
оқушылардың оқуына соншалықты әсер етеді. Барнс(1971)
Мұғалім: –Ал, балалар, бізде қандай дәрумендер бар?
Оқушылар:А, В, С, Д, Е дәрумендері
Мұғалім: Дәрумендерді бізге қандай тамақтан алуға болады?
Дильназ:-Д дәрумені -Балық майында, бауырда, бүйректе, жұмыртқа сарысында, сүтте, сары майда кездеседі.
Азиза:-Е дәрумені -Жұмыртқада, көкөністерде, астық дәніндерде, сүтте, өсімдік майында бар.
Мұғалім:-Адамның ағзасы дәрумендерді қаже етеді.
Сұрақтар туындаған жағдайда, мұғалімдердің ақпарат көзі болуы міндетті емес,оқушылар мен мұғалімдер бірлесіп интернет көмегімен зерттеу жұмыстарын жүргізе алады,мұғалімдер оқушыларға табылған ақпараттардан қажеттілерін таңдап, баға беріп,іздеудің тәсілдері туралы сыни тұрғыдан ойлауға көмектесе алады .(Мұғалімге арналған нұсқаулық,51 бет).
Сергіту сәтіне балаларға арналған «Қуыршақ» әнін алдым. Сергіту сәтінде жаттығу жасау денсаулыққа өте пайдалы екенін оқушылар ұғынды. Балалардың қызығушылығы оянып осы әнді үйретуімді өтінді.
А.Әлімовтың (Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері) оқулығынан алынған тиімді әдістерінің бірі «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі бойынша талқылаттым. Мысалы:Денсаулық дегенді қалай түсінесің? деген ситуациялық сұрақтар бердім. Әркім өз ойларын жеткізуге тырысты. Әркім әр түрлі пікірлер айтты. Бір-бірімен келіспей де жатты. Алайда бұл жерде мен тек сыни ойлауға үйретумен шектелмей,оқушыларға бағдар беріп отырдым. Оқушылар әр түрлі жауап берді.Барлығы белсенділік танытты. Бұл тапсырмада топта әрбірі білімдерін, ойларын ортаға салып орындады және стикерге жазып ілді.
«Денсаулыққа пайдалы және зиянды заттар» деген тақырыбына мазмұнды сызба қорғады.Ешкім қалыс қалмау болмау керек деген топ ережесіне сай топтағы барлық оқушылар қызығушылықпен сабаққа қатысты.Яғни үлгерімі орта, тұйық оқушыларым В мен С өзгеруге бетбұрыс жасағанын байқадым. Топ ережесіне сай оқушылар топта барынша белсенділік көрсетуге тырысты. Топ мүшелерінің бірі жазуын жазып, бірі сызуын сызып, енді бірі бояп белсенділік танытып, ынтымақтастықпен тапсырманы орындап,бұл тапсырмада топта әрбірі білімдерін, ойларын ортаға салды.Оқушыларымның қорытынды жасауға үйренгендігін байқадым .
Оқушылар бір-бірін бағалады.Қалыптастырушы бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс, бұл – оқушының білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. Жаңа материалды қорыту кезеңінде оқушыларға «Білдім,үйрендім,үйренгім келеді» семантикалық карта тараттым. Семантикалық картаны толтыруда оқушылардың шығармашылық қабілеттері арта түсті. Белсенділігі төмен оқушылар картаны толтыру кезінде негізгі идеясын ажырата алмай қиыншылық білдірді. Бірақ оларға ойлау қабілеттері жылдам оқушылардың көмегі тиді. Барлық топ мүшелері белсенділік таныта білді.Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінен оң нәтежесі байқалды.
Жаңа тақырып бойынша оқушылар арасынан ойлау қабілеттері жылдам оқушылар жоғары дәрежелі сұрақтарға жауап беруде сыни тұрғыдан ойлай алатындықтарын ЖИГСО әдісі арқылы көрсете білді. Әсіресе білімі орташа болса да сабақ айтқанда көп белсенділік танытпайтын Азиз ашылған, басқалармен тапсырманы талқылауда ой айта білді.Сабақта әсіресе Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің әдіс-тәсілдерін өте көп қолдандым.Менің оқушыларым бұрынғыдай емес,бір-бірімен топ ішінде де тату, әсіресе талантты оқушыларым төмен деңгейлі оқушыларға көмектесетіні қуантты.Сабақ нәтижелі болды,әр оқушы өз ойын жеткізе білді. Сабақтағы әдіс-тәсілдерді оқушылар дұрыс қабылдап,сол бойынша жұмыс істеуге тырысты.
Сабақтарымды сыни тұрғыдан ойлау әдістерін іс-тәжірибеме енгізу нәтижесінде оқушылар бойында төмендегідей дағдыларды қалыптастыруға болатынын байқадым:
Тез әрі терең ойлана білу
Ортаға ой тастай отырып бір шешімге келу
Бірлесе ынтымақтастықта жұмыс істей алу
Жан –жақты іздене білу
Салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын таба білу
Өздері түсініп, біліп қана қоймай, өзгелерге үйрету
Тіл байлығы артып, дұрыс сөйлей білу,ойынжеткізе білу
Сыни тұрғыда ойлауға үйрету әдістерін тиімді пайдалану арқылы оқушыларымның тілін, ойын, еркін сөйлеуін дамытып, топпен жұмыс барысында бірін-бірі тыңдай білуге, құрмет көрсете білуге үйретуді басты назарда ұстау менің негізгі мақсатыма айналады.
Пайдаланған әдебиеттер:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, Астана, 2012
«Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері», С.Мирсеитова мен Ә. Іргебаева, Алматы, 2006
Бағдарлама. Үшінші негізгі деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012
А.Әлімов. (2013) Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері Алматы.
Қазақ тілі : 7-сыныпқа арналған оқулық, Артықова Т.,Ермекова Г., Алматы: