kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Что мы знаем о здоровье

Нажмите, чтобы узнать подробности

Цель:Повторить и систематизировать знания, выявить проблемы знаний у учащихся по данной теме.

Задачи: 1.Проконтролировать степень усвоения основных знаний, сформированности умений и навыков по данной теме.

2.Для решения задач развития у школьников самостоятельности мышления в учебной деятельности обеспечить в ходе урока развитие речи, формировать умение преодолевать трудности.

3. Содействовать в ходе урока формированию основных мировоззренческих идей.

Медот: Словесный, дедуктивный, частично-поисковый.

Тип урока: Нестандартный.

Организационный момент: Учитель знакомит с целью и задачами урока учащихся.

Актуализация опорных знаний: Вопросы по теме ВИЧ/СПИД

- Какими путями передаётся ВИЧ/СПИД

-Кто чаще заражается вирусов ВИЧ/СПИДа

-Каковы меры борьбы со СПИДом 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Что мы знаем о здоровье »

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы













Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері


Әдістемелік құрал


















Астана

2013

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі № 2 хаттама).



Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 38 б.



Бұл әдістемелік құралда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері қарастырылған, отандық және шетелдік тәжірибе талданып, әдістемелік ұсыныстар берілген.

Әдістемелік құрал мектеп басшылары мен мұғалімдерге, педагог-зерттеушілерге, ата-аналарға арналған.


























© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013


Кіріспе


Қазақстан күн сайын қарқынды дамып келеді және ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға батыл қадам жасап отыр. Елдің білім беру жүйесі терең де сатылы стратегиялық жаңғырту кезеңін бастан өткеруде.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізі болып табылады. Қазақстанда кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте алғаш рет 2012-2016 жылдарға арналған функционалдық сауаттылықты дамытудың Ұлттық іс-қимыл жоспары дайындалды, онда оқушылардың құзыреттілік біліктерін, алған білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделген [1].

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында стратегиялық жаңғырту барлық саланы, сонымен қатар, білімді де түрлендіруді қажет ететінін атап көрсетті [2]. Осы орайда, өскелең ұрпақтың сапалы білім алуының маңызы зор.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылдық Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдау бойынша нақты міндеттер Мемлекет басшысының 2012 жылдың 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында белгіленді [3].

Ел үшін маңызды осы стратегиялық міндеттерді шешу жағдайында тұлғаның ынталылығы, шығармашылықпен ойлауы мен дәстүрлі емес шешім қабылдау қабілеттері, кәсіби жол таңдау білігі, өмір бойы білім алуға даярлығы – оның басты функционалдық қасиеттері болып табылады. Аталған функционалдық біліктер мектеп және отбасында қалыптасады.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында анықталған, басты мақсаттардың бірі – жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады [4].

«Функционалдық сауаттылық» түсінігі алғаш рет өткен ғасырдың 60-жылдарының соңында ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейінірек қолданысқа енді.

Функционалдық сауаттылық, кең түсінікте, білім байланысы мен адамның көпжоспарлы іс-әрекеті арасындағы кіріккен, тұлғаның әлеуметтік бағдарлану амалын көрсетеді. Заманауи әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық іс-әрекетіне, сол сияқты өмір бойы білім алуға белсенді түрде атсалысуына ықпал ететін базалық факторлардың бірі болып табылады.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі маңызды фактор – ата-ананың белсенді рөлі екендігін PISA (Programmer for International Student Assessment) – 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалау) зерттеулерінде үнемі көшбасшы елдер қатарынан табылатын Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б. нәтижелері көрсетіп отыр.

«Отбасы» ұғымына – отбасы тәрбиесіндегі функционалдық сауаттылық, ата-аналардың саналылығы, тәрбие, тәрбиенің бірізділігі, отбасы құрылымы, отбасының жіктелуі, тәрбиенің оң тәжірибесі, құқық, заң, құқықтық тәрбие, тәрбиенің ауытқуы, әлеуметтену, сауықтыру, отбасы мәдениеті жатады.

Отбасы тәрбиесі мазмұнын анықтайтын ең маңызды құндылықтар: отбасы, отбасы әдет-ғұрпы мен дәстүрлері, баланың отбасына құқығы, қарашаңырақ, шежіре, әке және ана, әкенің және ананың беделі, ата-ана махаббаты мен қамқорлығы, баланың отбасында қорғалғандығы, қарттарға, кішілерге, науқастар мен мүгедектерге қамқорлық болып табылады.

Отбасы бала бойында балалық кезеңнен адамгершілік құндылықтарды, парасатты және тиімді өмір дағдыларын құру бағытын қалыптастыруы тиіс. PISA-2009 зерттеуі баланы оқыту мен тәрбиелеу процесіне ата-аналардың қатысуы функционалдық сауаттылық деңгейіне оң әсер ететінін көрсетті. Осыған байланысты, ата-аналарды мектеп өміріне белсенді түрде қатыстыруға бағытталған шаралардың тұтас жүйесін: қамқоршылық кеңесін, ата-аналар қауымдастығын, ата-аналар университеттерін құру қажет.

Ғылыми, психологиялық-педагогикалық әдебиеттер және жалпы білім беретін мектептер мен отбасы жұмысының заманауи өзара іс-әрекеті практикасының талдауы көрсеткендей, көптеген педагогтар ата-анамен байланыстың мазмұны, түрлерін және әдістерін жеткілікті дәрежеде толық меңгермеген. Бір жағынан, бұл міндетті тиімді шешуде ата-анаға тиісті педагогикалық білім жетіспейді. Отбасы және мектеп іс-әрекетінің жеткілікті түрде үйлеспеуі ата-аналардың тәрбие түрлері мен әдістерін тиімді жүзеге асыруға даяр болмауынан көрінеді, мектеп тарапынан оқушыларда функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы әрекетінің нәтижелілігін төмендетеді.

Екінші жағынан, мектептің отбасымен әрекеттілігін қалыптастырудағы әкімшілік және ағартушылық көзқарастары отбасы әрекетін шектейді, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы әлеуетін ашпайды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын айтарлықтай арттыру мүмкіндігі мектеп пен отбасының бала тәрбиесіндегі, ұлттық құндылықтар басымдығын қамтамасыз етудегі отбасы және мектептің бірлескен жұмысын ұйымдастырудағы субъектілік принциптерін, іс-әрекеттік және құзыреттілік тұғырын жүзеге асырудағы мектеп пен отбасы әрекеттерінің өзара кірігуінде болып табылады.


1 Оқушылардың функционалдық сауаттылығы мәселелерін зерттеу әдіснамасы


Қоғам дамуының заманауи кезеңінде постиндустриалдық әлемдегі өзгерістерге тез бейімделетін адамдар қажет. Жаңа жағдайларда мектептегі оқыту процесі «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын жүзеге асыруға ықпал ететін құзыреттерді дамытуға бағдарлануы тиіс. Құзыреттілікті дамытудың алғышарты ретінде белгілі бір функционалдық сауаттылық деңгейдің болуын атауға болады.

Білім беру жүйесін жаңғыртудың басты бағыты ретінде оқушылардың өзін дамытуы және қоғам өміріне пайдалы үлес қосуы үшін ақпаратты өздігінен алу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалануын көрсетуге болады.

Функционалдық сауаттылық, яғни «адамның өмірдің және іс-әрекеттің түрлі саласында қолданбалы білім негізінде қалыпты тіршілік міндеттерін шешу қабілеті» – осы процестің өзегі болып саналады [5, 27].

Осыған орай, білім беру ұйымдарындағы оқыту процесі оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталуы тиіс. Пәндік талаптарды жеке пәндердің құралдары арқылы жүзеге асыру мүмкін болса, білім берудің тұлғалық және метапәндік нәтиже талаптарын мектептің негізгі білім беру бағдарламасына енетін барлық оқу пәндері, курстары және модульдерінің бірлескен және келісілген әсері арқылы жүзеге асыруға болады.

Отандық және шетелдік білім беру теориясы мен практикасына жүргізген зерттеулер көрсеткендей, мектеп және отбасы өзара іс-әрекетінің көптеген аспектілері зерделенген, мектеп − отбасылық қатынастардың тиімді дамуына кедергі келтіріп отырған себептер анықталған, проблемаларды шешудің тиімді жолдары (Х.А.Арғынбаев, Н.Н.Архангельская, К.Т. Атемова, С.В.Дармодехин, Е.Г.Замолоцких, М. Кабакова, И.А. Корнилко, К.К.Құнантаева, И.Н.Миняйло, Е.С.Муляр, О.А.Перегудова, Г.В.Сабитова және т.б.) іздестірілуде. Мектеп пен отбасында тәрбие берудің (Ш.А. Амонашвили, С.Г. Вершловский, Г.Н. Волков, Н.В. Бордовская, Қ.Б. Бөлеев, Қ.Б. Жарықбаев, Л.Н. Ибраимова, С.Қ. Қалиев, К.Ж. Қожахметова, И.С. Кон, Ә.Т. Табылды, С.А. Ұзақбаева және т.б.), құзіреттілік бағыт әдіснамасының (В.А. Болотов, М.Ж. Жадрина, А.К. Маркова, С.Д. Мұқанова, Ф.Ш. Оразбаева, Г.К. Селевко, В.В. Сериков, В.А. Сластенин, А.В. Хуторской және т.б.) өзекті мәселері зерттелуде.

Білім сапасының мәнін ашу, педагогикалық квалиметрия, оқушылардың білімдік және біліктік сапасы, оқушылардың деңгейлік тұрғыдан білімділігі, білім беру сапасының мониторингі және диагностикасы, оқушылардың жетістіктерін бағалау, құзыреттілік тұрғы сияқты мәселелерге соңғы жылдары көп көңіл бөлінуде.

Өкінішке орай, білім сапасын бағалаудың педагогикалық және дидактикалық-әдістемелік, мониторингтік және диагностикалық зерттеулері жиі кездеспейді және сондықтан да көптеген мәселелер жеткілікті зерттелмей отыр.

Мектептегі білім беру сапасын бағалау әдістемесінің негізгі проблемалары, біріншіден, бағалау қажеттілігін (оқыту сапасы нәтижелері, білім беру стандарты, оқушылардың білімділік деңгейі, мектеп түлектерін даярлау сапасына қойылатын талаптар проблемалары), және екіншіден, бағалау қалай жүзеге асырылғанын (бағалау кезеңдері, принциптері, түрлері, әдістері, құралдары) айқындаудан тұрады. Соңғы жылдары оқытудың теориясы мен әдісінде білім беру сапасын бағалау проблемасы өзекті сипат алып отыр. Мәселені зерттеу бұл бағытта мектеп түлектерін даярлау сапасын бағалау бойынша білім мазмұнының міндетті минимумы, мектеп түлектерін даярлауға қойылатын талаптар көрсетілген жұмыстар жарияланғанын көрсетті. Білім беру процесі нәтижесінің сапасын бағалау проблемасы жағдайын талдау қорытындысы біздің қоғамның жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайлары, білім берудегі бұрынғы құндылықтар мен басымдықтардың дағдарысы, білім беру жүйесінің пәнді оқыту сапасын бағалаудың озық үлгілері мен технологияларына көшуі оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалаудың заманауи теориялары мен әдістерін құру қажеттілігін көрсетті. Функционалдық сауаттылықтың ерекше сипаттары:

1) тұрмыстық проблемаларды шешуге бағыттылығы;

2) нақты әлеуметтік жағдаяттарда көрінетіндіктен, тұлғаның ахуалдық сипаттамасы болып табылады;

3) стандартты, стереотиптік міндеттерді шешумен байланысты;

4) бұл үнемі дерлік оқу және жазу білігінің кейбір қарапайым (базалық) деңгейі;

5) көп жағдайда халықтың ересек тобының сапасын бағалауда қолданылады;

6) ең бастысы сауатсыздықты жоюдың жеделдетілген тәсілдерін іздеу проблемасымен контексте мағыналы. С.А. Крупник, В.В. Мацкевичтің пікірінше, жеке жағдайда, мемлекет өткеннің орнын толтыру, басқа елдерді басып озу қажет болған кезде ғана сауаттылық проблемасы (функционалдық сауаттылық) өзекті болады. Сол себепті, функционалдық сауаттылық түсінігі қоғам өмірінің сапасын (өзінше мәдени стандарт) түрлі елдердің әлеуметтік- экономикалық тиімділігін салыстырудағы бағалаудың өлшем бірлігі ретінде қолданылады [5]. Сонымен, функционалдық сауаттылық – оқу және жазу білігін күнделікті өмірде қолдану («мәтінмен жұмыстың әлеуметтік практикасы»). Басқаша айтқанда, бұл – адамның іс-әрекетін оның басылым сөзін тұрмыста қолдануымен анықтайтын сауаттылық деңгейі [6].
А.А. Леонтьев өзінің бір еңбегінде функционалдық сауаттылыққа өте орынды және терең түсінік берді: «Егер формалды сауаттылық – оқу техникасының дағдылары мен біліктерін меңгеру болса, функционалдық сауаттылық – адамның осы дағдыларды нақты мәтіннен түсіну, қысқарту, тасымалдауға қажет ақпаратты алуда еркін қолдану қабілеті» [7].

Қ.А. Байтажикованың пікірінше, білім беру қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани прогресінің факторы ретінде мемлекеттің жалпы тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Білім берудің бұл миссиясын жүзеге асырудың басты шарттарының бірі өмір сүру сапасына жаңа қатынасты дамытуды көздейтін сауаттылық түсінігінің ауқымын кеңейту болып табылады. Бірқатар дүниежүзілік ұйымдар (ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ және т.б.) сауаттылық түсінігінің жаңа мәнін ой елегінен өткізе отырып, оны «өмірлік дағдылар» түсінігімен байланыстырады. Жалпыға мәлім «Дакар әрекет ету шеңберінде» жалпыға білім берудің (ЖББ) алты мақсаты анықталған, бұл адамның бүкіл өмір бойы қоғамның әр мүшесінің бәсекеге қабілеттілігін және өмір сүру қабілетін қамтамасыз ететін сауаттылықтың мәнділігін дәлелдейді.

Оқушылардың пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына (БЕД) сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады (1-сурет). Ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамыту құралдарына тапсырма түрінде берілген пәндік БЕД жатады, ал ұйымдастыру формасына – проблемалық жағдайлар жатады. Осыған байланысты, ойлау дағдыларының өзі БЕД-тердің құзыреттілікке көшуінің құралы ретінде қызмет атқарады, яғни олардың функционалдық сауаттылығы [8].



1-сурет ‒ Функционалдық сауаттылық мазмұны


А.К. Рауандина «функционалдық сауаттылық» ұғымына қатысты жүргізілген зерттеулер бүгінгі күні отандық және әлемдік ғалымдардың еңбектерінде «функционалдық сауатгылық» ұғымын қолдануда бірізділік жоқ екенін көрсетті деп санайды.

Білім берудегі сауаттылық мәселесі, біріншіден, нақты бір елдегі халықтың әлеуметтік жағдайына, екіншіден, мемлекеттің экономикалық дамуына, үшіншіден, елдегі мәдени ахуалға тәуелді болатындығы айқын. Бүгінгі өркениеттің даму деңгейі білімділік пен сауаттылық ұғымдарының мазмұны мен оны түсінудің сара жолдарын іздестіруді қажет етіп отыр. Ғылыми еңбектерде сауаттылық ұғымының белгілі бір деңгейде ана тілінің грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеру екені байқалады. Әйтсе де адамның өмір сүруіне қажетті деп танылып, меңгеруге ұсынылған бастауыш мектеп деңгейіндегі белгілі бір білім, білік пен дағдылардың жиынтығы (оқу, жазу, санау, сурет салу және т.б.) ретіндегі тілдік сауаттылық қазіргі кездегі әлеуметтік сұраным талаптарымен сәйкес келе бермейді.

Ғалым мектептік білім беру жүйесін жаңа уақыт талабына орай өзіміздің ұлттық болмысымызға, негізге алынған ұстанымдарымызға сай жетілдіру үшін «Нәтижеге бағдарланған білім» моделін ұсынады [9]. Мектеп түлектерін өмірде болып жатқан өзгерістерге дайындау және білім беруді заман ағымына сай өзгерту мақсатында оқытудың түпкі нәтижесі ретінде оқушылардың игерген құзыреттіліктері алынған (2-сурет).


Оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті

Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты

Оқушылардың әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі

Оқушылардың білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы



Оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерінің бірлігі






2-сурет ‒ Функционалдық сауаттылықтың сипаттамалық белгілері


Р.Н. Бунеев айтқандай, оқытудың соңғы нәтижесі – «өмір бойы алған білім, білік және дағдыларының барлығын адамның іс-әрекеті, қарым-қатынасы және әлеуметтік қатынастарының түрлі шеңберінде өмірлік міндеттердің барынша кең өрісін шешуде қолдануға қабілетті» тұлға – «функционалды сауатты тұлға тәрбиелеу» болуы тиіс [10].

Мұндай түсіндіруде функционалдық сауаттылық тек негізгі құзыреттіліктің синониміне ғана емес, өзінше «жарқын болашақтың кезекті құрылысшысы кодексіне» айналғанын байқау қиын емес. «Функционалдық сауаттылыққа» бағдарлану кәдімгі практикалық жағдаяттарда оқушыларда қарапайым іс-әрекеттерді орындау білігін (несие төлеуде пайыздарды есептеу, өз өмірбаянын жазу, топта ағылшын тілінде келіссөздер жүргізу, өзі және отбасы үшін салауатты өмір салтын ұйымдастыру, қандай да бір саяси жағдайларды дұрыс бағалау және т.б.) қалыптастыру білім беру процесінің шамадан тыс бағытталуына алып келуі мүмкін, яғни мектептегі білім беру мақсатын принципті түрде тым қарапайым етуі және интеллектуалды дамыған тұлға қалыптасуына кедергі келтіруі мүмкін.

Мысал ретінде оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қарастырайық. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – бұл тек білім беру ғана емес, сонымен бірге, көп жағдайда, қоғамның ғылыми және инновациялық іс-әрекетті қолдау қабілетімен қатар, мәдени деңгейін көрсететін азаматтық сипаттама. Қазақстан Республикасында технологиялық жаңғыртуды жүзеге асырудағы халықтың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығына деген қажеттілік ғалымдар, конструкторлар, инженерлерге деген қажеттілікпен бірдей дәрежеде деп айтуға болады.

Дегенмен, PISA халықаралық зерттеу нәтижелері көрсеткендей [5], оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыруда еліміздің білім жүйесі атқарып отырған ісі әзірге жеткіліксіз.

Тұжырымдалған ойлардан байқағанымыздай, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық құзыреттіліктері мен Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (МЖБС) метапәндік білім беру нәтижелері жаңа жалпыланған сапаны таза пәндік білімдер және біліктермен салыстыра сипаттайды, сондықтан жаратылыстану-ғылыми пәндерді оқытуда қандай да бір ортақ тәсілдерді қолданғанда ғана бұл нәтижелерді күтуге болады. Өз кезегінде метапәндік жаратылыстану-ғылыми біліктерді (зерттеуші рәсімін қолдану, модельдердің көмегімен құбылыстарды түсіндіру, деректердің талдауы негізінде қорытындылар жасау) меңгеру – таза пәндік міндеттерді де ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді.

В.Н. Максимованың ұйғаруынша, пәнаралық біліктер – бұл «оқушының ұқсас пәндерден білім және біліктерді тасу және жалпылау процесінде байланыс орнату мен меңгеру қабілеті» [11, 42].

Оқушылардың практикаға бағдарланған оқытуын ұйымдастырудың дидактикалық шарты ретінде пәндердің өзара байланысының жүзеге асырылуын қарастыра отыра, пәнаралық байланыстар теория мен практиканы біріктіретінін, білімді қоршаған шынайылықта (табиғатта, тұрмыста, өндірісте) қолдануға ықпал ететінін атап өту керек.

Сондықтан, пәнаралық мазмұнның міндеттерін де өмірлік маңызды міндеттер және проблемалар ретінде қабылдау қажет. А.В.Усованың пікірінше [11, 63], оқушыда есепті шығарудың жинақтау білігі қалыптасуы қажет. Ол нақты тақырып бойынша есеп шығару кезінде қалыптаса бастайды, сонан кейін ол жинақталады және жинақталған құрылым нақты мазмұнмен толықтырылады.

Осыған ұқсас пікірді Г.П.Стефанова [11, 67] да білдірген. Ол есепті жинақтау әдісімен шешуді меңгерген оқушы, дұрыс үйреткен жағдайда, кез-келген практикалық есептерді табиғи білімін пайдалана отыра, сауатты шығара алады деп есептейді.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тағы бір тәсілі –жаратылыстану-ғылыми пәндердің барлығы үшін ортақ оқу тапсырмаларының номенклатурасын бөліп көрсету. Бұл номенклатура әр пән бойынша оқу тапсырмаларының барлық түрін қамтымайды, бірақ тікелей жаратылыстану- ғылыми сауаттылықты анықтайтын құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды сипаттайды. Оларға жататындар:

− жаратылыстану-ғылыми зерттеулердің (немесе, танымның жарытылыстану-ғылыми әдісінің) негізгі ерекшеліктерін түсіну;

− ғылыми білім негізінде жаратылыстану-ғылыми құбылыстарды түсіндіру немесе суреттеу білігі, сол сияқты өзгерістерді болжау білігі;

− қорытынды жасау үшін ғылыми деректерді және қолдағы бар деректерді қолдану, олардың талдауы мен дұрыстығын бағалау білігі.

Осы негізгі үш құзыреттілікке сәйкес тапсырмалардың да үш тобын бөліп көрсетуге болады. Бұл топтар жинақталған шартты тараулардың атаулары да оқушы тіліне түсінікті, олар үшін түрткі болатын, ынталандыратын мағынада болуы тиіс. Мысалы, тапсырмалардың бір тобын «Қалай тануға болады?» деп атауға болады. Бұған енетін тапсырмалар ғылыми танымның әдісіне жататын құзыреттіліктің біріншісіне, яғни ғылыми білім алудың тәсілдеріне сәйкес келеді. Бұл тапсырмаларда оқушыға қандай да бір фактілерді белгілеу, физикалық шамаларды (өлшемдерді) анықтау, жорамалдарды тексеру тәсілдерін табу; ұсынылған проблеманы зерттеу жоспарын жасау ұсынылуы мүмкін.

«Түсіндіріп көр» тапсырмасы құбылыстарды түсіндіру және сипаттау, процестердің өзгерістері мен барысын болжау білігін (құзыреттіліктердің ішіндегі екіншісі) қалыптастыратын тапсырмалар тобына сәйкес келеді. Бұл біліктер белгілі бір көлемдегі ғылыми білімге ғана емес, сонымен қатар, сол тілде түсінік немесе сипаттама берілетін құбылыстардың модельдерін операциялау қабілеттеріне сүйенеді.

«Қорытынды жаса» сериясы үшінші құзыреттілікке сәйкес келеді және қолда бар деректер негізінде қорытынды жасау білігін қалыптастыратын тапсырмалардан тұрады. Бұл деректер сандар, суреттер, графиктер, схемалар, диаграммалар, ауызша суреттеулер жинағы түрінде ұсынылуы мүмкін. Берілген деректердің талдауы, құрылымдық түрленуі, жинақтауы қандай да бір заңдылықтарды, үрдістерді логикалық жолмен көрсетуден тұратын қорытынды жасауға, бағалауға және т.б. мүмкіндік береді. Бұл біліктер көп жағдайда формалды, логикалық іс-әрекетке арқа сүйейтіндіктен құбылысты түсіндіру білігіне сәйкес келмейтіндей болып көрінеді, ал түсіндіру – бұл айтарлықтай дәрежеде эвристикалық әрекет.

Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты қалыптастыру міндеті мен Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының білімдік нәтижелеріне қол жеткізу сабақтағы оқу әрекетінің мазмұнына және мұғалімде болуы тиіс құзыреттіліктерге белгілі бір талаптар қояды.

Осыған сәйкес сабақтың материалы да жаратылыстану-ғылыми сауаттылық құзыреттілігін қалыптастыратын осындай іс-әрекетті ұйымдастыру және оқу тапсырмаларын құрастыру үшін «себеп тудыруы» тиіс. Сонымен, шартты түрде сабақ мазмұнын өзінше ерекше тестілеуден өткізуге болады. Бұл тест сұрақтарының жалпы мағынасы төмендегідей. Сабақ мазмұны бойынша нәтижелі сұрақтар мен тапсырмалар құрастыру мүмкін бе? Басқаша айтқанда, сабақта оқу тапсырмалары аясын орындауда қолдануға болатын, жоғарыда аталған іс-әрекет түрлеріне сәйкес келетін тәсілдер (формулалар, модельдер, алгоритмдер) беріледі ме?

Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты қалыптастыру міндетін ескере отыра тесттің түйінді сұрағын нақтырақ құрастырылған сұрақтар арқылы ашуға болады:

1. Сабақтың мазмұны төмендегі сұрақтар арқылы тұжырымдауға мүмкіндік береді ме?:

Баяндалған фактілер қалай алынды? ... екенін қалай білуге болады?

... қатысты қандай болжам айтуға болады?

Бұл болжамды қалай тексеруге болады?

Мұндай тапсырмалар берілген сабақтың материалына ғана емес, сонымен қатар, өткен сабақтарда ғылыми таным әдісін жүйелі түрде қолдануға сүйенуі тиіс.

2. Сабақтың оқу материалы алынған білімді қолдану арқылы фактіні немесе құбылыстарды түсіндіру ұсынылған сұрақтарды тұжырымдау мүмкіндігін береді ме?

Ол үшін осы және осыған дейінгі сабақта фактілер мен құбылыстардың кей топтарын түсіндіруде қолдануға болатын ойдың (алгоритмдер) модельдері және схемасы қарастырылуы тиіс.

3. Сабақтың оқу материалы бойынша деректерді талдау және қорытынды жасау тапсырылған сұрақтарды тұжырымдау мүмкін бе?

Ол үшін сабақта, мысалы, график немесе кесте түрінде ұсынылған өлшемдердің нәтижелері сияқты талдау үлгілері берілуі мүмкін.

4. Сабақтың оқу материалы бойынша, қандай да бір проблемаға балама көзқарастар баяндалатын немесе түпкілікті қорытынды жасау үшін жетіспей тұрған факт көрсетілетін, пікірталас ұйымдастыру мүмкін бе?

Пікірталас ғылыми жетістіктерді (зерттеушілік, инновациялық аспектілер) қолдану мүмкіндігіне қатысты, сол сияқты этикалық және экологиялық аспектілерді қозғауы мүмкін.

Бұл тестіден жекелеген сабақтар ғана емес, тұтас сабақтар блогы толығымен өтуі тиіс, бірақ әрбір сабақтың дерлік мазмұны осы шартты тесттің кем дегенде бір сұрағына оң жауап беруі қажет екені түсінікті.

Мұғалім оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру міндетін қойған кезде оның құзыреттілігіне де қойылатын талаптар туындайды.

Біріншіден, мұғалім өзі жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты құрайтын құзыреттіліктерді игеруі тиіс, ал ол көп жағдайда орын ала бермейді. Тек осы жағдайда ғана ол жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты оқу процесінде мақсатты түрде қолданады, тіпті өздігімен осындай тапсырмаларды әзірлей алады.

Екіншіден, мұғалім оқушылардың жоғарыда аталған нәтижелі іс- әрекетінің ұйымдастырушысы (немесе үйлестірушісі) болуы тиіс. Бұл оның педагогикалық құзыреттіліктеріне белгілі бір талаптар қояды.

Талаптардың осы екі түрі жаратылыстану-ғылыми пәндер циклі мұғалімдері дайындығының да, сонымен қатар біліктілігін арттыру мазмұнын да анықтайды.

Сонымен, талаптардың бірінші түрі (жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты меңгеру) шындығында, белгілі бір деңгейде мұғалім ғалым- зерттеуші біліктілігін меңгеруі, яғни өзінің кәсіби даярлығы кезінде (біліктілігін арттыруымен бірге) жаратылыстану ғылымдары саласында зерттеушілік қызмет тәжірибесін алуы және толықтыруы тиіс екендігін білдіреді.

Біліктілікті арттыру бағдарламасының бір модулі осындай тәжірибені қалыптастыруға бағытталуы мүмкін.

Басқа модуль оқушылардың жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылықтары қалыптастыру көзделген, құзыреттілікті-бағдарлы деп аталатын, тапсырмаларды әзірлеуге бағытталуы мүмкін.

Үшінші, соңғы модуль, нәтижелі іс-әрекетті ұйымдастыру технологиясының мазмұнына: зерттеушілік қызметтің түрлері мен элементтеріне, модель құруға, деректерді талдауға, жобалауға, пікірталас жүргізуге және т.б. арналуы мүмкін.

Сонымен, оқыту процесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту проблемасы оқу қызметі мазмұны мен мұғалім құзыреттілігі аспектісінде жүзеге асырылуы тиіс [12].







2 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны


Білім беру нәтижелері оқушыларды мектепте оқыту процесінің соңғы өнімі болып табылады және білім алушы тұлғасындағы сапалы өзгерістерді дәлелдейді, оның мінез-құлқында, әлеуметтік ортамен өзара іс-әрекет етуінде көрініс табады.

Білім беру нәтижесін көрсету деңгейінің бірі – функционалдық сауаттылық, ол тұлғаның білім, білік және дағдылар негізінде әлеуметтік қатынастар жүйесінде қалыпты қызмет ету, нақты мәдени ортаға барынша жылдам бейімделу қабілеті ретінде анықталады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында: «Білім жүйесі тек білім ғана емес, сонымен қатар, оны әлеуметтік бейімделуде қолдану білігін беруі тиіс», − деп атап көрсетілген. Осыған орай, Мемлекет басшысы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын одан ары дамыту қажеттілігін атап өтті [3].

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі
2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қамтиды [1].

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту қазіргі 11 жылдық сияқты 12 жылдық мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жаңарту шеңберінде білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалады.

Бұл ретте функционалдық сауаттылықты дамыту нәтижесі білім алушылардың жастарға алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады. Негізгі құзыреттілік − бұл мемлекеттің орта мектепті бітіруші тұлғаның сапасына МЖБС-да және оқу бағдарламаларында көрсетілген білім беру нәтижелері түрінде қоятын талаптары.

Орта мектепті бітірушінің мынадай негізгі құзыреттіліктері белгіленген:

Басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);

Ақпараттық (өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім ала білуі);

Коммуникативтік (қазақ, орыс және ағылшын (шет) тілдерінде ауызша, жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті);

Әлеуметтік (әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеті);

Тұлғалық (өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтау, төзімді болу қабілеті);

Азаматтық (қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық негізінде өзінің Отаны үшін жауапкершілікті сезіну қабілеті);

Технологиялық (тиімді пайдалану деңгейінде технологияларды, оның ішінде ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеті).

Негізгі құзыреттіліктен басқа жекелеген пәндік салалар шеңберінде пәндік құзыреттілік: оқу пәні шеңберінде меңгерілген ерекше білім, іскерлік, дағды ерекшеленеді.

Негізгі және пәндік құзыреттіліктің білім берудің нәтижесі ретінде нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы және уақыты анықталған болуы қажет.

Оқу бағдарламалары, сондай-ақ, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға және негізгі, пәндік құзыреттіліктерге қол жеткізуге бағытталады.

Жоғарыда көрсетілгендей, функционалдық сауаттылық терминіне деген ықыластың артуы, математика және жаратылыстану бойынша білім нәтижелері TIMSS (Third International Mathematic sand Science Study) және оқушыларды бағалау бағдарламасы PISA шеңберінде жүргізілген халықаралық зерттеулердің жетістіктерімен үйлестірілген. 2009 жылғы, Қазақстан қатысқан PISA нәтижелерінің талдауы көрсеткендей, зерттеу оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтауға емес, оқушылардың алған білімі мен білігін күнделікті жағдайларда қолдану қабілетін бағалауға бағытталған. Қазақстандағы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша білім беру жүйесіндегі жағдайдың талдауы төмендегіні көрсетті.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында мектеп оқушылары білім нәтижелерінің мазмұны мен бағасын анықтайтын институттар: Ұлттық білім академиясы, «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы, аймақтардағы білім саласын бақылау департаменттері дамыды. Оқушылар жетістіктерін бағалаудың TIMSS, PISA халықаралық зерттемелеріне қатысу тәжірибесі жинақталды. TIMSS – 2007 халықаралық зерттемесінде жоғары нәтижелерге қол жеткізілді.

Құзыреттілік білім моделін жүзеге асыруға бағдарланған 12 жылдық білім беру стандарты әзірленуде. Білім берудің ұлттық құндылықтары мен мақсаттары базалық құзыреттер, өмірлік рөлдер түрінде құрастырылған:.

– мейірімді адам;

– бауырмал отбасы мүшесі;

– шығармашыл дара тұлға;

  • жауапкершілікті азамат;

  • салауатты және кемелденуші тұлға.

Базалық құзыреттер тұлғаның басты қасиеттерін сипаттайды және білім алушылардың қоғамдағы өз орнын табуға, өзін әлемнің бір бөлігі ретінде сезінуге жағдай жасайды. Олар бағдар ретінде әр адамның өз өмірін құруға, қоғамдағы тіршілікке өзек болады, сондай-ақ орта білімнің жасампаздық рөлін күшейтуге негіз болады.

Жалпы мақсат орта білім берудің мақсаттары арқылы нақтыланады. Орта білім берудің мақсаты – білім алушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына, алған білімін кез-келген оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалануына, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруға дайындауға мүмкіндік беруді қамтамасыз ету.

Түйінді құзыреттер білім алушылардың адамгершілік және этикалық нормаларға қайшы келмейтін жетістікті шешім қабылдау үшін танымдық және практикалық біліктері мен дағдыларын кіріктіруге дайындығын байқататын білім салалары аралығындағы қабілеттер болып табылады. Түйінді құзыреттер адамның адамгершілік құндылықтары мен ынталарын қалыптастыруға, сондай-ақ әлеуметтік және мінез-құлықтық әрекеттерінің дамуына алғышарт болады, әрбір білім салалары бойынша күтілетін нәтижелерді анықтауға қызмет етеді.

Түйінді құзыреттерге:

– ақпараттық құзырет;

– коммуникативтік құзырет;

– проблемалардың шешімін табу құзыреттері жатады.

Қазақстанда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-әрекетіндегі басты бағыттар ретінде келесілер анықталған:

  1. Нормативтік құқықтық база.

  2. Ғылыми зерттеулер.

  3. Ұлттық стандарт, оқу бағдарламалары.

  4. Оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер.

  5. Оқытудың технологиялары.

  6. Білім жетістіктерінің нәтижелерін бағалау.

  7. Мұғалімдерді даярлау және біліктілігін арттыру.

  8. Ақпараттық орта.

  9. Имидждік жобалар.


2.1 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасы өзара іс-әрекетінің Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының тәжірибесі


«Білім туралы» Заң отбасын балалардың дер кезінде білім мен кәсіби дайындық алу, балаларды адамгершілікке тәрбиелеу, еңбекке дағдыландыру, қоғамдық мүлікке ұқыптылықпен қарау, баланың денсаулығы мен оның дене күшін толыққанды дамыту туралы ерекше қамқорлық жасау үшін қажет жағдай жасауына міндеттейді.

Отбасы тәрбиесі, кең мағынада – балаларды әлеуметтендіру мен тәрбиелеудің бастапқы түрі, бұл процестің барысында тұлға дамиды және қалыптасады.

Отбасының тәрбиелік қызметіне елімізде орын алған келесі үрдістер, құбылыстар мен процестер ықпал етіп отыр: ата-аналары бола тұра, жетім балалар, ата-аналар қамқорлығынан айырылған балалар, қараусыз қалған балалар проблемалары; отбасыларда әйелге (ерлерге), балалар мен қарттарға зорлық жасау мен қатал қараудың пайда болуы; ата-аналар мен балалары арасындағы қарым-қатынастың нашарлауы; балаларының ата-анасына, ата-анасының баласына жат болуы; бала тұлғасының қалыптасуындағы ер азамат ықпалының айтарлықтай әлсіреуі, жеткіліксіздігі; ата-аналар мен балалардың белгілі бір тобының алдағы болашағынан күдер үзуі; жалпыға танылған нормадан тәртібі ауытқыған балалар санының өсуі (шылым шегу, алкоголь және нашақорлықпен әуестену, ұрлық, зорлық, жезөкшелік және т.б.); отбасылардың салауатты өмір салтын ұстануға даяр болмауы; ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің төмендігі және сәйкесінше, отбасылардың басым бөлігінің тәрбиелік әлеуетінің әлсіздігі, жасөспірімдер мен бойжеткендердің отбасылық өмірге даяр болмауы және т.б.

Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық жаңғырту процестері, білім беру саласындағы оң өзгерістер аталмыш проблемаларды шешуге, отбасылық тәрбиенің әлеуетін арттыруға берік негіз болады.

Отбасылық өмірдің барлық тәртібі ықпалымен өсетін адам тұлғасының адамгершілік және қоғамдық бағыттылығы, оның құндылықты бағдары мен психологиялық тұғыры қалыптасады. Ата-аналар және педагогтар одақтас болған жағдайда ғана бала мүддесін көздеген іс-әрекеттері табысты болады, ол баланы жақсы білуге, оны түрлі жағдайда көруге, үлкендерге балалардың жеке ерекшеліктерін түсінуіне, олардың қабілеттерін дамытуға, өмірлік құндылық бағдарын қалыптастыруға, мінез-құлқындағы теріс әрекеттер мен көріністерді жеңуге мүмкіндік береді. Сондықтан, педагогтар әрбір тәрбиеленушінің отбасымен әріптестік қатынас орнатуы, өзара көмек және ортақ мүдделілік ахуалын құруы тиіс. Отбасы баланың бойында ерте балалық кезден-ақ адамгершілік құндылықтарды, саламатты өмір салтын құру бағдарын қалыптастыруы тиіс. Сол себепті, педагогтардың басты міндеттері ретінде келесілерді атауға болады:

− ата-аналарды ересектер және балалардың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынас жасау тәсілдеріне, әдістері мен стиліне үйрету;

− позитивті және келеңсіз жағдайларды сезінуіне көмек көрсету.

Мектеп және отбасының өзара іс-әрекеті нәтижесінде екі жақ та дамиды. Өзара тану, өзара түсінісу, өзара ықпал ету – өзара іс-әрекеттің негізгі көріністері мен сипаттамалары болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, өзара ықпал етудің ынтымақтастық түрі ең тиімді болып саналады.

Мектеп және отбасының ынтымақтастығы келесі жағдайлармен үйлестіріледі:

− тәрбиенің біртұтас субъектісімен;

− бала тәрбиесінің ортақ мақсаттары және міндеттерімен;

− педагогтар және ата- аналар іс- әрекетінің келісілген қажеттілігімен;

− бала проблемасын шешуде мектеп және отбасының күш салуын біріктіру мүмкіндігімен;

− отбасылардың, сынып және мектеп ұжымдарының, өзара іс-әрекетке қатысушыларының әрқайсын өзара толықтыру мүмкіндігімен.

Педагогтар мен ата-аналар одағын құруда маңызды рөл педагогтарға (мектеп директоры, директордың орынбасары, сынып жетекшісі, әлеуметтік педагог) тиесілі.

Білім беру ұйымдарында мектептің отбасымен жұмысын көрсететін түрлі бағдарламалар (кешенді «Тәрбие» бағдарламасы, мектептің өзге де әлеуметтік институттармен өзара әрекеттесу бағдарламасы, «Құқықтық тәрбие», «Салауатты өмір салты» бағдарламасы, тұлғаға-бағдарлай оқыту үлгісі және т.б. ) әзірленген және нәтижелі жұмыс жасауда.

Мектептердің оң тәжірибелерін ескере отыра, отбасында тәрбиелеу процесін жақсарту, балалар құқығын қорғауды күшейту, қоғамдағы жат құбылыстардың отбасына тигізер теріс ықпалын азайту көзделген жаңа мақсаттар мен міндеттер белгіленуде.

Республика мектептерінде мектеп және отбасы ынтымақтастығының оң тәжірибесі жинақталған. Білім беру ұйымдарында оқушылардың ата-аналарымен ынтымақтастықтың, оларды балалармен бірге орындалатын шығармашылық және әлеуметтік маңызды іс-әрекетке тартудың түрлі формалары қолданылады. Мәселен, Қостанай облысы Затобол орта мектебі сынып жетекшілері үшін ынтымақтастықты ұйымдастырудың «Отбасы және мектеп – біртұтас білім кеңістігі» бағдарламасы дайындалған. Көптеген ата-аналар мектеп өміріне белсенді түрде қатысады.


1-кесте ‒ «Отбасы және мектеп – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту түрлері ретінде» бағдарламасы


Іс-шаралар

Өткізу мерзімі

Қатысушылар

Жауаптылар

Шығу

1. Диагностикалық

1.



Отбасының әлеуметтік құрамын зерттеу




Қыркүйек -қазан




Ата-аналар

Әлеуметтік педагог, педагог- психолог, сынып жетекшілері

Білім беру органының әлеуметтік паспорты




2

Отбасы тәрбиесінің әдістерін диагностикалау

Жыл бойы

Ата-аналар

Әлеуметтік педагог, педагог- психолог, сынып жетекшілері

Диагностикалар- дың нәтижелерін талдау.


3


Ата-аналардың білім беру ұйымы

жұмысына қанағаттану-

шылығын зерттеу

Жыл бойы


Ата-аналар

Әлеуметтік педагог, педагог- психолог, сынып жетекшілері

Сауалнама талдауы

14

Ата-аналардың педагогикалық құзыреттілік деңгейін анықтау


Қараша –желтоқсан

Ата-аналар

Педагог- психолог

Сауалнама талдауы

2. Әдістемелік

21



Ата-аналар үшін кеңестер, тренингтер, оқыту семинарларын, топтарын және т.б. бос уақыттың бірлескен және көркем-шығармашылық іс-әрекеттерін ұйымдастыру

Жыл бойы

Ата-аналар

Директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары, үйірмелер мен секциялардың жетекшілері, сынып жетекшілері

Жоспарланған іс-шараларды жоспарымен өткізу



22

Ақпарат «Отбасының диагностикасы»

Жыл бойы

Педагогика -

лық ұжым

Педагог-психолог, әлеуметтік педагог

Педагогикалық кеңесте диагностика нәтижелерімен таныстыру

23

Дөңгелек үстел «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы отбасы және мектептің өзара іс-әрекетінің жолдары»



Наурыз

Сыныптар-

дың ата-аналар комитеттері өкілдері

Әкімшілік,

сынып жетекшілері,

әлеуметтік педагог,

мамандар

Тәжірибені

талқылау, ұсыныстар дайындау, отбасымен жүргізілетін жұмыста сараланған және дара көзқарас модельдерін баяндау


24

Отбасы апталығын өткізу.

Қазан –қараша

Ата-аналар, сынып жетекшілері,

оқушылар

Директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары, үйірмелер мен секциялардың жетекшілері, сынып жетекшілері

Дәстүрлі түрде өтетін отбасы апталығы шеңберінде отбасы тәрбиесі жетістіктерінің көрмесін ұйымдастыру

(берілген жұмыс түрі нәтижелілі-

гінің талдауы)


«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы отбасы және мектептің іс тәжірибесі» әдістемелік материалын жарыққа шығару


Жыл бойы

Сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог, мамандар



Сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог, мамандар


«Білім беру органдарында отбасымен ынтымақтастық- ты ұйымдас- тыру» әдістемелік материалын әзірлеу


3. Ағартушылық жұмыс

1

Жалпымектептік, сыныпта тақырыптық ата-аналар жиналыста-

рын өткізу


Мектептің жұмыс жоспары бойынша

Ата -аналар

Әкімшілік, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог, мамандар


Ата-аналар үшін кеңестер, семинарлар, жиналыстар, тренингтер, қолдау топтарын және т.б. өткізу

2

«Балалардың жазғы демалысы» ата-аналар жиналысын өткізу

Сәуір, қыркүйек

Ата -аналар

Әкімшілік, әлеуметтік педагог

Оқушылардың жазғы демалысы бойынша есеп.

3


Сынып жетекшілерімен

«Отбасымен жүргізілетін жұмыстың жаңа түрлері»

тақырыбында семинар өткізу

Қараша

Сынып жетекшілері

Директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары,

әлеуметтік педагог

Ұсыныстар әзірлеу


4

Бағдарлама бойынша кезең-кезеңмен жүргізілген жұмыстың талдауы. Диагностикалық мәліметтердің талдауы. Бағдарлама бойынша жылдық талдау

Жыл бойы



Сынып жетекшілері

Директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары,

әлеуметтік педагог

Жылдық жұмыстың талдауы.

«Білім беру органдарында отбасымен ынтымақтастық- ты ұйымдастыру» әдістемелік материалын әзірлеу.



Педагогтар мен отбасының өзара іс-әрекеті – мақсатты көздеген процесс, нәтижесінде баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін қолайлы жағдай тудырады. Бұл іс-әрекет деңгейі неғұрлым биік болса, бала тәрбиесіндегі мәселе де соғұрлым табысты шешімін табады.

Педагогтар мен отбасы арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты қалыптастыру – ұзақ процесс, оның нәтижелігі бұл қатынастар негізіне қандай принциптер қаланғанына байланысты. Отбасымен өзара іс-әрекет процесінде білім беру ұйымы келесі принциптерге сүйенеді:

  • педагогикалық процеске қатысушылардың барлығы үшін субъектілі көзқарасты қамтамасыз ету;

  • мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары үшін бірлескен шығармашылық іс-шаралар ұйымдастыру;

  • отбасымен өзара іс-әрекетте адамгершілік бағытты ұстану;

  • бала тәрбиесі мен дамытуына бағытталған педагогикалық процеске қатысушылардың мақсаттары, міндеттері мен әдістерін кіріктіру және саралау.

Мысал ретінде Астана қаласы білім басқармасының іс-шаралар жоспары шеңберінде №35 мектеп-лицейдің базасында орыс тілінде білім алатын орта мектептердің 4-сынып оқушылары арасында өткізілген «Менің отбасымдағы дәстүрлер» тақырыбындағы шығармалар байқауын атауға болады.

Байқау келесі міндеттерді шешуге бағытталды:

  • отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды дәріптеу, әулеттің үлкендерін құрметтеуге тәрбиелеу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;

  • балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі отбасының рөлін арттыру;

  • балаларды отбасы шығармашылығы, нақты отбасының ел тарихына қатыстылығын зерттеу арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Байқауға қаланың 28 мектебінен 67 оқушы қатысты. Осыған ұқсас іс-шаралар еліміздің көптеген мектептерінде өткізілді.

Қарағанды қаласы № 9 гимназиясы дамуының стратегиялық бағыты құзыреттілік білім негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығының нәтижесіне және дамытуына бағытталған, олардың іс-әрекеттегі әмбебап қабілеттер мен тәсілдерін меңгертуге ықпал ететін гимназиялық білім мазмұнын дамыту болып табылады. Бұл бірқатар міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: гимназияның беделін тәрбие жүйесі ретінде, ең алдымен, ата-аналар, оқушылар және қызметкерлер алдында көтеру; гимназиялық ортаны тәрбие жүйесінің кіріктірілген құрылымдық-мазмұндық компоненттерінің көптүрлі мазмұнымен қамтамасыз ету; мектеп ұжымындағы әлеуметтік- психологиялық ахуалдың жақсаруына ықпал ету; әлеуметтік және серіктестік байланыстарды дамыту.

Қостанай қаласындағы қазақ-түрік лицейінің «Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – педагогтар мен оқушылардың іс-әрекетінде нәтижеге қол жеткізудің негізі» жұмыс тәжірибесі назар аударуға лайық.

Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебі педагогикалық ұжымы «Жаңа білім мазмұны жағдайында дарынды балалардың функционалдық сауаттылығын дамыту» проблемасы бойынша жұмыс жүргізуде.


2.2 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасы өзара іс-әрекетінің шетелдік тәжірибесі


Білім беру саясаты білім беру саласындағы жалпыхалықтық мүддені білдіреді және сонымен қатар, әлемдік дамудың жалпы үрдісін ескере отыра оларды әлемдік қауымдастыққа ұсынады. Жаңа өркениеттік талаптар заңды түрде көптеген елдерді жаңа «білім беру дүмпуіне», білім жүйесінің терең реформалар толқынына әкелді. Бұл АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Шығыс Еуропа елдері, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Оңтүстік Америка және т.б. елдерде өтуде. Шет елдерде өткізіліп жатқан білім реформалары қоғамның ағымдағы және алдағы қажеттіліктеріне, ресурстарды, соның ішінде білім беру жүйелерін тиімді пайдалануға бағытталған.

Әр елдің білім беру жүйесі бірегей, себебі түрлі елдердің білім беру жүйесі қандай да бір дәрежеде түрлі мақсатты көздейді, сонымен қатар, оларға қайталанбас сипат беретін, қалыптасуы мен дамуының өзіндік тарихы бар [13].

Финляндия – дүние жүзінде білім берудегі бірден бір көшбасшы ел. Қазір бұл мемлекет функционалдық сауаттылық деңгейі (93%) мен орта және жоғары оқу орындарына қабылдау (тұрғындардың 1 мың адамына 103) бойынша әлемде жетекші орында. АҚШ үшін сәйкес көрсеткіштер – 82% және 95 адам.

Финдердің 40,6% – орта тоғызжылдық, 36,1% – лицейлік, 23,3% – жоғары білімі бар. 2001 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Еуропаның 32 елінде 15 жасар оқушылар арасында олардың ХХІ ғасыр талаптарына қаншалықты даяр екенін анықтау мақсатында зерттеу жүргізді. Жас финдер тек жалпы сауаттылық бойынша ғана емес, сонымен қатар математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша көшбасшылардың бірі болды. ЭЫДҰ 2003 жылдың шілде айында дүние жүзі өнеркәсібі дамыған 43 елдің арасында өткізген «Әлем ертең» атты жаңа зерттеуі бұл үрдісті дәлелдеді.

ХХ ғасыр барысында фин білім беру жүйесі айтарлықтай өзгеріске ұшырады. 1921 жылы жалпыға ортақ және тегін білім беру туралы заң (принциптің өзі 1919 жылы конституцияда жазылған болатын) қабылданған сәттен бастап 70-жылдарға дейін мұндай білім берудің негізі алтыжылдық (бастауыш) халықтық мектептер болды. Фин балалары мектепке дейінгі мекемелер жүйесінде білімге бейімделеді. Ол негізінен балалар бірінші сыныпқа қабылдар алдындағы бір жыл бойы балалар тәрбиеленетін мектептер мен балабақшаларда жүргізіледі. Қолданыстағы заңға сәйкес муниципалитеттер алты жастағы барлық балалар үшін тегін ұйымдастыруы тиіс. Кішкентай финдердің 75% мектепке дейінгі оқумен қамтылған. Оларды жаңа білім және білікке ойын әдістерінің көмегі арқылы оқытады. Бағдарлама 700 оқу сағатына есептелінген. Алдыңғы орынды 1964 жылы Хельсинкиде ашылған Фин-орыс мектебі алған. Жекеменшік фин-орыс бала-бақшасы мектеппен байланыста жұмыс жасауда. Жұмыс жасау тілдері – фин және орыс тілдері. Жай мектептерде алатын білімнен басқа, мұнда балаларды орыс тіліне және ресейлік мәдениетті жақсы білуге оқытады. Оқушылардың 15% үшін орыс тілі ана тілі болып саналады [14].

2009 жылғы PISA зерттеуі негізгі мектеп оқушыларының оқудағы функционалдық біліктерін бағалауға бағытталды, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы төменірек дәрежеде бағаланды. Ал енді, эстондық оқушылардың нәтижелері бұрынғыша өте жоғары көрсеткіште қалып отыр. Еуропа елдері арасында эстондық оқушылар функционалдық оқу саласында 2006 жылғы зерттеумен салыстырғанда баллмен есептегенде
8 орыннан 5-орынға көтерілді, математикалық сауаттылық бойынша − 7, ал жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 2-орынды иеленді. Әлем бойынша функционалдық оқудан 13-орын, математикалық сауаттылық бойынша − 17, ал жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 9-орында.

Пайыздық бөлінуде оқушылардың 87% функционалдық оқуда базалық немесе одан жоғары деңгейге қол жеткізді. Сәйкес көрсеткіштер негізінде еуропалық елдер арасында эстондық оқушылар функционалдық оқудан
2-орында, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша − 2 және математикалық сауаттылық бойынша 3 орында (2009 жылғы зерттеу бойынша).

Әлем бойынша эстондық оқушылар функционалдық оқудан 7-орын, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша − 5 және математикалық сауаттылық бойынша 10 орынды иеленді. Сонымен, эстондық оқушылардың басым көпшілігінде қоғам өміріне толыққанды қатысуы үшін қажет базалық білім және дағдылары бар. Функционалдық оқу бойынша орташа нәтижелердің негіздемесінде Шанхай (Қытай), Корея, Финляндия, Гонконг (Қытай), Сингапур және Канада оқушылары ең үздік нәтиже көрсетті.

Эстония, Финляндия, Норвегия, Жапония және Канада – оқушылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына нәтижеліліктің тәуелділігі өте төмен елдер болып саналады – көрсеткіш 10%-ға жуық. Ең төмен сәйкес көрсеткіш Исландияда – 7% [15].

Сингапур елі білім жүйесі әлем бойынша ең үздіктердің бірі болғандықтан, білім беру саласындағы сарапшылардың назарын өзіне ерекше аударып отыр.

Білім беру процесінің тиімділігін арттыру мақсатында 1979 жылы жаңа білім беру жүйесі қабылданды. Ол бастауыш және орта мектепте балалардың білім баспалдағы бойынша өз қабілеттеріне сәйкес жылжуына мүмкіндік беретін, сатылы оқытуды қарастырды. Оны енгізудің басты мақсаты – әр балаға орта мектепті бітірте отыра, одан әрі қарай кәсіптік оқуы мен жұмысқа орналасуы үшін базалық білім алуына мүмкіндік беру.

Сингапурдағы білім беру жүйесі заманауи кезеңінің негізгі мақсаты – әр адамды өмір бойы оқуға, жаңа білім және дағдылар алуға, технологияларды меңгеруге, инновация және кәсіпкерлік рухын дамытуға, тәуекел ету және өзіне жауапкершілік пен міндеттеме ала білуге уәждейтін ынталандыру ортасын құру болып табылады. Кезеңнің мәнін қысқаша мектептегі білім беру кезеңнің әрқайсысында баланың қабілеттерін және дарынын анықтау мен дамытудың институционалдық механизмдерін жасау ретінде сипаттауға болады. Түрлі білім беру мүмкіндіктерін жүзеге асыруға ықпал ету үшін үкімет Edusave ынталандыру гранттық жүйесін әзірледі, ол оқушыларға оқуға, соның ішінде қосымша білім мен шетелге іс-сапарына байланысты барлық шығынды өтеуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ата-аналар балаларын мектепке жібере отыра, оларды туған мәдениетіне менсінбей қарауға тәрбиелемейтініне және ана тілін оқитынына сенімді болуы тиіс.

Сингапурдың білім беру жүйесіндегі басты жетістіктер ретінде келесі фактілерді атауға болады: Сингапур – функционалдық сауаттылық деңгейі әлем бойынша ең жоғарылардың бірі (Progress in International Reading Literacy Study); сингапурлық мектеп оқушылары математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша салыстырмалы халықаралық тесттерде (TIMSS) үздік нәтиже көрсетіп отыр; 2008-2009 жылдары сингапурлық білім жүйесі әлем бойынша ең тиімді деп аталды (McKinsey); Сингапурдың білім жүйесі ғаламдық экономика талаптарына барынша жақсы бейімделген (IMD World Competitiveness Yearbook 2007). 1997 жылдан бастап сингапурлық білім жүйесі білімге негізделген, ғаламдық экономика үшін жұмысшы күшін дайындауға бағытталған дамудың жаңа сатысына көтерілді. Білім беру жүйесінде келесі реформалар өтті:

  • Екі сатылы бастауыш білім енгізілді: 4 жыл – негізгі бастауыш, қосымша 2 жыл – бағдарлы оқыту;

  • Бастауыш мектепті бітіру емтихандар жүйесі өзгерді. Олардың қорытындылары бойынша оқушыларға орта мектептегі таңдау бойынша ұсыныстар беріледі;

  • Орта мектеп кезеңінде және оны бітіргеннен кейін техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндіктері пайда болды. Техникалық білім беру институтының негізі қаланды.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығы – бұл мектеп оқушыларының оқу әрекетінде және одан тыс жағдайда тиімді әрекет етуіне мүмкіндік беретін, басты құзыреттілікті меңгеру деңгейін көрсететін белгілі бір дәрежедегі білімділік деңгейі [16].

Америкалық мектепте функционалдық сауаттылыққа оқытуда оқушы ерте балалық шақтан бастап сөйлемнің ғана емес, тұтас шығарманың құрылымын меңгереді. Кез-келген пән бойынша орта мектептегі шығарма (essay) тек кіріспе, талқылау және қорытындыдан ғана тұрмайды. Ондағы әр сөйлемнің орны, арналуы және көлемі бірнеше рет практикалық қайталаудан соң айқындалады және бекітіледі. Жоғары мектепте шығармашылық жазу сабағында (осындай таңдау пәні бар) балалар күніне бір беттен еркін мәтіндер немесе апта сайын бір әңгіме жазады.

SAT – бұл «сын тұрғысынан оқу» (critical reading), оқушылардың мәтінді талдау, көбінесе түрлі авторлардың ұқсас тақырыпқа жазған екі мәтінін салыстыру қабілеттерінен тұрады; жазу (writing) – ойды жеткізудің тиімді құралдарын таңдау білігі, жеке алғанда, 25 минут аралығында кіріспе және қорытындымен бірге бес параграфқа шығарма жазу; математика негіздері. Төрт мүмкін нұсқадан таңдалған бір тапсырмадан бөлек, SAT-та еркін формадағы жауапты талап ететін тапсырмалар да бар, ал тапсырмалардың күрделілігі әр түрлі. Ол 3 сағат 45 минутқа созылады, және уақыт үнемі жеткілікті бола бермейді.

Мектепте шығатын журналдардың беттерінде оқушылардың үй тапсырмаларынан берілген әдеби шығармалары және суреттері басылады. Мектеп кітапханасы бірнеше ғылыми басылымды қосқанда, 140 журнал жазғызып алады. Холлдар мен дәліздерде мектеп оқушылары еңбектерінің көрмесі бірін бірі алмастырады, мектеп оркестрлерінің концерттері, басқа қалашықтармен өткізілетін спорттық сайыстар көпшілікке танымал, бірақ жылдың ең басты оқиғасы – мюзикл қойылымына мектептегілердің барлығы дерлік жиналады, тіпті мұғалімдер мен оқушылар арасында өтетін баскетбол матчы да осынша көрермен жинамайды [13].

Америка Құрама Штаттарының әрбір ірі мектебінде ата-аналар мен ұстаздар қауымдастығының жалпыхалықтық филиалының жұмысы назар аударарлық. Ата-аналар – мектеп реформаларының белсенді қатысушылары. Кей мектептерде ата-аналар комитетінің пікірі оқу процесін ұйымдастыруда, тіпті бағдарламалар мен әдістерді таңдауда басым рөл атқарады [17].

Шетелдердің тәжірибесі көрсеткендей, бүгінгі таңда тұлға, отбасы, білім беру мекемесі мен қоғамның іс-әрекеті – ғаламдық, жалпыәлемдік проблема болып отыр. Отбасы рөлінің төмендеуі және кей жағдайларда оның өз қызметін орындауының объективті түрде мүмкін болмауы – даусыз мәселе. Қазіргі отбасы бала дамуы мен тәрбиесі бойынша барлық салмақты өзіне алуға даяр емес. Қалыптасқан дәстүр бойынша, педагог отбасы тәрбиесіне жетекшілік, басшылық жасауы, өз тәрбиеленушісіне және оның ата-анасына қоғам атынан талап қоюы тиіс болды [15].

Бүгінгі ахуал педагог алдына көрсетілген көзқарастарды қайта қарау қажеттілігін қойып отыр. Педагогтар, тәрбиешілер мен ата-аналар баланың әлеуметтену процесінің біртұтас аясында серіктестер ретінде қарастырылуы тиіс.

Отбасы саласындағы мемлекеттік саясат тікелей отбасымен жұмыс жасайтын мамандарға сүйенуі қажет, қазіргі таңда оларға деген қажеттілік өте жоғары. Сол себепті, әр тәрбиеші, педагог өзінде бар кәсіби білімі мен педагогикалық тәжірибесіне сәйкес ата-анаға баланың дамуы мен тәрбиесіне, олардың әлеуметтік-мәдени бейімделуіне көмек көрсетуге міндетті. Бұл педагогтың отбасымен тиімді ынтымақтасуына дайындалу сапасын көтеруді талап етеді.

Отбасы мен білім беру мекемесінің серіктестік пен өзара көмек тұрғысынан басымдық бағыттардағы баланың әлеуметтену процесінде тиімді ынтымақтасуына көңіл бөлу маңызды. Отбасы мен отбасылық тәрбие моделінің әлеуметтік-психологиялық диагностикасы қажет.

Отбасы проблемасының, оның әлеуметтік-мәдени рөлінің пилоттық талдауы бұл институт әлеуметтік құндылық болып есептелінетінін көрсетті, ол бала дамуы, оның өздік өмірге, кәсіби бағдарлануға дайындалуы үшін жағдай тудыруы керек. Мысалы, отбасы және мектептің өзара іс-әрекетінде әлемнің көптеген елдерінің білім беру мекемелерінде құрамына ата-аналар кіретін ата-аналар комитеті немесе мектеп кеңестері бар. Бірақ бұл органдардың құрамында негізінен, тұрмысы жақсы оқушылардың ата-аналары болады. Қиын балалардың ата-аналары мектеппен тұрақты байланыс жасамайды.

Шет мемлекеттер оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі түрлі бағыттарда жүзеге асырылады:

– ата-ананың педагогикалық мәдениетін (педагогикалық жалпыға міндетті оқу, ата-аналар үшін лекторийлер, педагогикалық оқулар және т.б.) көтеру есебінен бала тәрбиесін оңтайландыру;

– ата-аналарды ішінара оқу-тәрбие процесіне (мектептің және сыныптың ата-аналар комитеті) қатынастыру;

  • өзара іс-әрекетке қатысушылардың ерекше мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар (демалысты ұйымдастыру, кәсіптік бағдарлық кеңестер, факультативтік сабақтар, спорттық туристік-өлкетанулық қызметтер және т.б. ) жасалғандағы өзара серіктестік іс-әрекет.

Ресей Федерациясында бала тәрбиесінде отбасы белсенділігі артуда. Ата-аналар балаларымен мектептегі табысты оқуына қажет біліктерді меңгеру даярлығын қамтамасыз ететін іс-әрекет түрлерімен көбірек айналыса бастады. Олар мектеп таңдау ісіне зор жауапкершілікпен қарауда, балаларының бастауыш сыныптардағы оқуына қолдау көрсету ісіне көп көңіл бөлуде. Негізгі мектеп сатысында балаларының біліміне деген ата-аналар мүддесінің төмендеуі заңды да, есесіне, мектептің жоғары сатысында отбасылардың қосымша білім қызметі мен репетитор қызметін төлеуге даярлығы артқаны байқалады. Отбасыларында кітап, журналдар, компьютерлердің болуымен жағдай жақсарды. Тәрбиелеу және білім беру міндетіне бағытталған әртүрлі ата-аналар клубтары мен қауымдастықтары дамуда.

Жапон қоғамында отбасы және мектептің өзіндік ерекше педагогикалық қызметі бар: отбасы тәрбие ұясы, ал мұғалімдер – басты білім тасымалдаушы деп саналады. Жапон ғалымдары отбасы – тұлғаның өзін-өзі тануының, әлеуметтенуінің, адамгершілігі қалыптасуының басты көзі деп есептейді. Бұл көзқарасты көптеген ата-аналар да қостайды. Жаппай сұрау кезінде ата-аналардың 64% бала тәрбиесінде басты рөл атқаратынын айтса, респонденттердің қалған бөлігі бала тәрбиесі толығымен ата-ананың ісі деп санайтынын білдірген. Жапонияда отбасы мен мектептің тәрбиелік қызметі нығая түскен, әсіресе мектептің рөлі барынша мәндірек бола түсуде. Осы пікірді сұралған ата-аналардың 75% қолдаған. Отбасының тәрбиелеу-білім беру қызметінің төмендеу себебін көрсете отыра ата-аналар бала тәрбиесіне мүдделі болмауы мен отбасылық міндеттерді репетиторға аудара салу үрдісі туралы айтқан. Алайда, жапон мектебінде оқшаулану дәстүрі сақталуда. Ата-аналар үшін оқу процесі (бағдарламалар, оқытудың әдістері мен тәсілдері) тыйым салу аумағы болып қала береді.

Францияда жалпы білім беретін оқу мекемелері ата-аналарының 3 жалпыхалықтық бірлестігі бар: екеуі – қоғамдық және біреуі – жекеменшік білім беру саласында. Қоғамдық мектеп оқушыларының ата-аналар федерациясы саны жағынан ең көп және белсенді болып табылады. Ата-аналар бірлестігінің мүшелері түрлі білім беру құрылымына: мектептік және сыныптық кеңестерге, стипендиялық комиссияларға т.б. кіреді. Кейбір мектептерде ата-аналар балалар үйірмелеріне, клубтарға жетекшілік етеді, кітапхананы меңгереді, шет тілдерінен факультативтік сабақтар, спорттық үйірмелер жүргізеді, оқу саяхаттарын және т.б. ұйымдастырады [13].

Жалпы, Еуропа елдері өз мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын – мектепте алған білімді өмірде қолдану, жанрлары жағынан түрлі мәтіндерден ерекше ақпаратты табу және оған өз көзқарасын тұжырымдау білігін – жоғары бағалайтынын айта кетуге болады.





3 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы отбасы және мектептің өзара әрекеттесу түрлері


Өскелең ұрпақтың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды тәрбиелеу процесінде отбасы мен мектептің ынтымақтастығына үлкен рөл бөлінеді. Отбасы мектепке оқушылардың іс әрекетін ұйымдастыруында «Білім туралы» Заңды ойдағыдай жүзеге асыруына көмек көрсетеді. Алайда ата-аналардың педагогика негіздерін нашар білуі қазіргі кезеңде әлеуметтік тәрбиелеу мен мектепке бейімдеу ісіне кедергі келтіріп отыр. Сондықтан дәл қазір отбасы мен мектептің өзара әрекетін нығайту, бала тәрбиесіндегі әкелер мен аналардың жауапкершіліктерін арттыру қажет. Және бұл шараны мектеп ұйымдастыруы тиіс. Осыған орай бұл істі ұйымдастыруда мектеп мұғалімі, психологы, әлеуметтік педагог жұмысының маңызы артады, көптеген маңызды мәселелер мен сұрақтардың шешімі осыған байланысты.

Тікелей балалармен жұмыс жасайтын әлеуметтік педагог, өзінің кәсіби қызметіне орай, отбасын нығайту ісіне өзіндік үлесін қосуы керек. Мектепте отбасы мен сынып жетекшісінің бірлескен жұмысын ұйымдастыра отыра, ол соңғы нәтижеге – әр баланың барынша тұлға ретінде дамуын қамтамасыз етуге ұмтылады. Әлеуметтік педагог бүгінгі күні отбасын тұлғаның балалық шағындағы даму жағдаятын анықтайтын әлеуметтік орта ретінде қарастырады. Сонымен қатар, әлеуметтік педагог қазіргі кезеңде қандай да бір проблеманың мәнін белгілеуде, жөнсіздіктің себебін анықтауда қиындықтар көреді.

Сынып жетекшісі деген арнайы мамандық болмағандықтан, сыныпқа жетекшілік жасау міндетін оқу жүктемесі бар пән мұғалімдері атқарады, ал, кейбіреуі жарым-жартылай орындайтыны да жасырын емес. Сол себепті, әлеуметтік педагог мұғалім, отбасы мен баланың өзара әрекетін ұйымдастыру бойынша білім беру мекемелерінде ата аналардың тәрбие процесіндегі белсенділігін арттыруда қажет өзекті формалары мен әдістерін ашуда олармен жұмыс жүргізеді.

Сынып жетекшісінің міндеті − ата-аналарға көмектесу. Ата-аналар кез-келген сұрақтың жауабын білетін, өз тәрбиеленушілерін жақсы көретін, яғни мектеп оларға екінші үй болатындай барлық мүмкіндікті жасауға дайын сынып жетекшісін көргісі келеді.

Сынып жетекшісінің негізгі міндеттерінің бірі – отбасы мен мектепті біріктіруге күш салу, сыныптың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін шешу үшін олардың іс-әрекетін үйлестіру отбасы мен мектептің тығыз ынтымақтасу жолдарын анықтау, «отбасы-мектеп» бірыңғай тәрбие кеңістігін қалыптастыру болып табылады.

Ал ата-аналар – отбасында бала тәрбиесіне қажет қолайлы жағдай тудыру және отбасылық тәрбиеде қателікке жол бермеу үшін белгілі бір психологиялық-педагогикалық білімдерді, педагогикалық іс-әрекеттің практикалық дағдылары мен біліктерін толық көлемде меңгеру бойынша жұмыс жүргізеді.

Қойылған мақсатқа орай, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша мектеп және отбасының өзара әрекеттесу формасын анықтау міндетін шешу қажет.

Отбасымен, оқушылардың ата-аналарымен байланыс орнату – барлығының бастауы. Отбасына «ену» қажет қана емес, сонымен қатар, ата-аналардың барлық арман-тілегінің басты шарты – өз баласының тәлімгері бойынан ең алдымен, өзіндегі қымбатты сеніп тапсыруға болатын Адамды көргісі келетіні.

Педагогтардың ата-аналармен қатынасындағы қағидалар:

– ақыл үйретпей, кеңес беру керек. Бірлескен іс-әрекеттер туралы бірге ойласу, кеңесу;

– ата-аналармен қарым-қатынас жасай отыра, олар бізге қажет, біздің одақтасымыз, олардың көмегі мен кеңесіне мұқтаж екенімізді көрсету;

– ата-аналық сүйіспеншілік пен құрметке үндеу;

– балаларды сипаттай отыра, ең алдымен бала туралы жақсыны ғана айту қажет;

– ата-аналардың тұлғасына, олардың еңбектегі жетістіктеріне жоғары құрмет көрсету;

– ынтымақтастық, ортақ шығармашылық.

Мамандар баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы отбасымен іс-әрекеттің барлық түрлерін пайдалануды ұсынады. Педагогтар ата-аналарға іс-әрекеттің бірдей түрлерін күштеп ұсынбастан, негізінен, ата-аналарды шыдамдылықпен мектеп және сынып жұмыстарына қатыстыра отыра, олардың қажеттіліктеріне, сұраныстарына, отбасылық тәрбиенің ерекшеліктеріне бағдарлануы қажет. Отбасымен жұмыстың негізгі түрлері – дербес және топтық жұмыстар.

Отбасымен жүргізілетін жұмыстың дербес түрі.

Жұмыс жоспарына оқушылардың отбасына бару, ата-аналармен жүргізілетін жеке әңгімелер, оқушыларды дамытудың келешегі мен құралдарын бірге анықтау, педагогикалық консультациялар, дербес тапсырмалар кіргізіледі.

Ата-аналармен жүргізілетін дербес жұмыс отбасы мүшелерінің әрқайсымен тікелей қатынас орнатуға, бала тұлғасы дамуына ықпал ететін жолды іздестіруде үлкен түсіністікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Отбасымен жұмыстың топтық түрі.

Өзара іс-әрекеттің топтық түрін қолдана отыра, ата-аналардың жекелеген топтарын келесі белгілері бойынша саралауға болады:

  • ата-аналар активі (сыныптың, мектептің);

  • мүдделері бойынша ұйым жұмыстарының жетекшілері-ұйымдастырушылары (үйірме, секция жетекшілері);

  • мектепте, немесе сыныпта қандай да бір мәселені әзірлейтін және шешетін ата-аналар;

  • бала тәрбиесінде ұқсас проблемалары бар ата-аналар;

  • қыз (ұл) балалар тәрбиелеп отырған ата-аналар;

  • жалғыз (көп) бала тәрбиелеуші ата-аналар;

  • дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылығы бар баланың ата-аналары.

Жақсы отбасы көрсеткішінің бірі – ондағы қолайлы ахуал болып табылады. Дегенмен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жоғары сынып оқушылары арасында «Біз өз балаларымызды білеміз бе?» тақырыбында жүргізген сауалнама нәтижелері қуантарлық емес. «Отбасында біз күн сайын отбасылық өмір мәселесі, мектептегі істеріміз, күнделікті оқиғалар туралы ой бөлісеміз бе?» деген сауалға респонтенттердің 62% «иә» десе, 38% «жоқ» деп жауап берген. «Каникул кезінде отбасымен бірге демаламыз ба?» сауалына жоғары сынып оқушыларының 18% – «иә» десе, қалған 82% – «жоқ» деген және т.б. [18].

Мектептің отбасымен өзара іс-әрекет формалары оқушылардың функционалдық сауаттылығын, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту мен сауықтыру үшін қажет іс-әрекеттің оңтайлы түрлері мен әдістерін қалыптастыруда белгілі қызмет атқарады.

Бұл үшін отбасында бала тұлғасының қалыптасуына және дамуына кері әсер ететін әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық проблемаларды диагностикалау және анықтау қажет.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы іс- әрекеттің негізгі басым бағыттары: отбасына практикалық көмек және педагогикалық қолдау көрсету; ата-аналарды отбасы тәрбиесі мәселесі бойынша оқыту, бала тәрбиесіндегі оң тәжірибемен таныстыру; отбасындағы сәтсіздіктің себептерін, отбасындағы балаға деген қарым-қатынасты зерттеу; қамқоршы, қабылдайтын отбасыларын және т.б. құру бойынша ақпарат тарату, көмек көрсету.

Бұл үшін қажет:

Тиімді технологиялар: балалар мен ата-аналардың тұтынушылық- құндылық аясы туралы деректер банкін құру, топтық кеңестер жүйесі, мақсатты конференциялар, іскерлік ойындар, баспасөз-конференциялары, бейнежазбалар талдауы, отбасыішілік қатынасты ұйымдастыру.

Ерекше жағдайлар мен ерекшеліктер: ата-аналардың, мектепке дейінгі мекемелерінің тәрбиешілері, әлеуметтік педагогтары, практикалық психологтары, мектеп және басқа оқу орындары педагогтарының, қоғамдық-мемлекеттік мекемелері мен социум қызметінің күшін біріктіру.

Аса маңызды мәселе – мектеп және отбасы тәрбиесін, білім алушылар тәрбиелілігін және функционалдық сауаттылығын диагностикалау. Бұл мәселелер бойынша диагностика бірнеше қызмет атқарады:

  • белгілеуші (ақпараттық);

  • болжамдаушы (мектеп-отбасы өзара әрекеттесуінің дамуын болжау);

  • құндылыққа-бағдарланған (бағалаушы);

  • дамытушы (тәрбиелік).

Оқушылардың тәрбиелілігін және функционалдық сауаттылығын диагностикалау әдістері: бақылау; сауалнама жүргізу; тест өткізу; тәрбиеленушімен әңгіме; педагогтармен әңгіме; ата-аналармен әңгіме; қызмет нәтижелері мен өнімдерін талдау; социометриялық әдістер; аяқталмаған тезис; педагогикалық консилиум.

Мысалы, балалардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында ата-аналардың осы мәселе бойынша сұраныстары мен қажеттіліктерін зерттеу үшін сауалнама жүргізіп, қойылған сұрақтар бойынша талдау жасауға болады:

1. Сіз заманауи білім берудегі маңызды міндеттердің бірі – функционалдық сауаттылықты қалыптастыру екенін білесіз бе?

2. Сіздің балаңыз қосымша білім беру мекемелеріне, музыка мектебіне, спорттық-сауықтыру мекемелеріне барады ма?

3. Сіздің балаңызды не қызықтырады? Оның қызығушылығы тұрақты ма?

4. Сіз балаңыздың ерекше қабілеттері бар деп ойлайсыз ба?

5. Сіз мектепте қосымша (ақылы) қандай қызмет алғыңыз келеді (екінші шетел тілін оқыту, пәндерді тереңдете оқыту, жаңа пәндерді (курсты) оқыту)?

6. Сіз білім беру процесін ұйымдастыру туралы қандай қосымша ақпарат алғыңыз келеді (мектеп әкімшілігінен, мұғалімнен, педагог-психологтан, әлеуметтік педагогтан, медицина қызметкерінен)?

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру процесінде педагогтардың кәсіби қиындықтарын анықтау үшін сауалнама:

1. Сіз жаңа буын стандарттары туралы жеткілікті дәрежеде хабардарсыз ба?

2. Сіз оқытуда жүйелік-іс-әрекеттік тұрғыдан жүзеге асыру біліктерін пайдалана білесіз бе?

3. Сіз білім алушылардың өзіндік шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру әдіснамасын меңгеруде қиналасыз ба?

4. Сіз басқа мұғалімдердің шығармашылық іс-әрекетін жинақтауға және пайдалануға қабілеттісіз бе?

5. Функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру үшін Сізде өз кәсіби деңгейіңізді көтеру қажеттілігі бар ма?

6. Сіз педагогикалық қызметте стереотиптерден бас тартуға және вариативтілікті қолдануға қабілеттісіз бе?

7. Сіз оқыту әдістерін таңдауда және оқыту әдістерін, тәсілдері мен түрлерін үйлестіруде қиналасыз ба?

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекеті түрлері туралы талдау жүргізуде қолдануға болатын сауалнамалар үлгісі А және Ә қосымшаларында берілген.

Диагностика нәтижелеріне дұрыс талдау жасау маңызды. Оларды белгілеу формаларына: кестелер, диаграммалар құрастыру; сипаттамалар құрастыру; диагностикалық карталар, күнделіктер жүргізу жатады.

Еліміздің білім беру ұйымдарында өскелең ұрпақтың сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасы өзара іс-әрекеттерінің тиімді де нәтижелі сан қырлы түрлері қолданылады.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектептің отбасымен өзара іс-әрекеттерінің түрлері:

Ата-аналар жиналысы. Бірлескен әрекеттерді, педагогикалық көзқарастарды келісу, проблемалар туралы бірін бірі хабардар ету, қол жеткізген нәтижелерді талдау.

Педагогикалық практикум. Шынайы тәрбие жағдаяттары арқылы ата-аналар мен педагогтардың тәжірибелерін пайымдау, тәрбие әрекетіндегі олардың білім, біліктерін келісу.

Отбасыларына бару. «Отбасы» рейдін ұйымдастыру. Баланы және ата-ананы отбасы жағдайында зерттеу, отбасы ахуалымен танысу. Қажет болған жағдайда құзыретті мекемелерге ақпарат жеткізу (ата-аналар комитетіне, құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесіне, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиясына, немесе инспекциясына).

Психологиялық-педагогикалық кеңестер. Отбасыларға проблемалық жағдаяттан шығар жол іздеуде көмек көрсету, ата-аналардың психологиялық мәдениетін көтеру, жауапкершілігін арттыру және оның әлемді шығармашылықпен меңгеруге даярлығын қалыптастыру.

«Сенім телефоны» қызметі. Телефон арқылы шұғыл, кәсіби, құпия көмек. Абоненттерге дағдарыс жағдайынан шығуы үшін шығармашылық, тұлғалық, рухани және дене бітімі жағынан дамытудағы көмек.

Психологиялық-педагогикалық консилиум. Бала дамуы, оның мінез-құлқын түзету проблемаларын шешу бағдарламасын әзірлеуде ұсыныстар, көзқарастар мен іс-әрекеттерді келісу мақсатында бала тұлғасының ерекшеліктерін бірлесе отырып талқылау.

Баспасөз конференциясы. «Сұрақ-жауап» түріндегі қатынас, ата-аналар және педагогтардың психологпен, әлеуметтік педагогпен, құқық қорғау және әділет органдары өкілдерімен кездесуі.

Дөңгелек үстел. Өзара түсіністікке, бір немесе бірнеше проблема бойынша педагогикалық келісімге қол жеткізу (қатынастың дискуссиялық түрі).

Тәжірибе алмасу. Нақты тәрбие мәселесін талқылау.

Клубтың отырысы. Психологиялық-педагогикалық ағарту, ата-аналардың демалысын ұйымдастыру.

Педагогикалық ринг. Педагогтар мен ата-аналардың зияткерлік, педагогикалық шеберлігі мен білігін көтеру.

Ата-аналар лекторийлері. Ата-аналардың психологиялық- педагогикалық, функционалдық, құқықтық және т.б. сауатын көтеру.

Ата-аналар хабаршысы. Мектеп оқушыларының даму, оқу, отбасы тәрбиесі мәселелерін баяндау.

Ашық есік күні. Танысу, тәжірибе алмасу, ата-аналарды мектептегі оқу- тәрбие процесіне қатыстыру.

Кіші педагогикалық кеңес. Мектептің өзекті мәселелерін шешу ісіне ата-аналар жұртшылығын тарту.

Ата-аналар комитеті. Ата-аналарды мектептің оқу-тәрбие, мәдени-көпшілік және шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру проблемасын шешуге қатыстыру.

Мектеп кеңесі. Жұртшылықтың, ата-ана, педагогтік және білім алушылар ұжымдарының мектепті басқару, мектептің тиімді жұмыс жасауы мен дамуы үшін қажет көмек көрсету, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде мемлекет және қоғам қойған маңызды талаптарды жүзеге асыру ісіне қатысуы.

Бірлескен мәдени-көпшілік шаралар. Бірлескен мәдени демалыс ұйымдастыру, саяхат–ойын, мектептік туристік слет және т.б. өткізу.

Ата-аналар конференциясымен толық оқу жылына сайланған білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі, ата-аналар комитеті және әкелер кеңесімен өзара іс-әрекет жұмыстың ерекше де басты түрі болып табылады [19].

Ата-аналар активі – бұл педагогтардың тірегі, өзара дұрыс іс-әрекетте олардың ойының жолбасшысы болады.

Жұмыстың топтық түрінен біз ең тиімдісі деп ата-аналар жиналысын атай аламыз. Әр ата-аналар жиналысы мұқият дайындалады, ол қызықты да, ата-аналардың белсенді қатысуы жағдайында өтуі үшін арнайы «сценарий» әзірленеді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектептің отбасымен өзара іс-әрекеттерінің жоғарыда аталған түрлері:

  • педагогтарға, оқушылар мен ата-аналарға бірін бірі жақсы білуіне;

– отбасылардың бала тәрбиелеудегі мүмкіндіктерін анықтауға;

  • педагогтық ұжым мен ата-аналардың өзара іс-әрекетінің міндеттерін анықтауға;

  • ата-аналардың педагогикалық көзқарастарын түзуге;

  • ата-аналардың педагогикалық оқытуын ұйымдастыруға;

  • оқушылардың ата-аналарын оқыту-тәрбиелеу процесіне қатыстыруға;

  • мектептегі өзін-өзі басқару органдарының жұмысына оқушылардың ата-аналарын қатыстыруға;

  • оқушылардың сапалы білімін қамтамасыз етуде, балалардың саналы түрде кәсіп таңдауында кәсіби мүддемен даярлығын дамытуда, адамгершілік және мәдени мінез-құлқын, салауатты өмір салты қажеттілігін тәрбиелеуде, мектеп оқушыларын отбасылық өмірге дайындауда педагогтар мен ата- аналардың бірдей көзқарасын қалыптастыруда;

  • оқушыларды тәрбиелеу процесінде, біртұтас педагогикалық көзқарас негізінде мектеп және отбасының өзара іс-әрекетін ұйымдастыруда педагогтар мен ата-аналардың шынайы ынтымақтастығын құруға көмектеседі.

Еліміздің көптеген мектептерінде тәрбиенің әлеуметтік институты ретінде отбасымен өзара әрекеттесудің формалары және әдістерінің жүйесі қалыптасқан. Тақырыптық ата-аналар жиналысы, ата-аналар комитетінің мәжілістері, ата-аналар университеттері, ата-аналармен мақсатты кездесулер, «Сенім телефоны» қызметінің жұмысы, ата-аналар үшін психологиялық-педагогикалық кеңестер олардың психологиялық-педагогикалық, функционалдық және құқықтық сауаттылығын арттырады.

Қорытынды


Қазіргі таңда білім тұлға, қоғам және мемлекет дамуының басты стратегиялық ресурсы ретінде қарастырылады. Заманауи жағдайлардағы оның мақсаты – шығармашылыққа, өзгермелі заман жағдайында өз тағдырын өзі шешуге қабілетті әлеуметтік құзыретті тұлға қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев әйелдер қоғамының өкілдерімен кездесуінде: «бізге ойшыл, жауапты, елін сүйетін азаматтар қажет. Мұның барлығы тек тәрбиемен беріледі... Тәрбие беру ісінде мектеп ата-ана жауапкершілігі жөнінде айтады, ата-ана мектепке сілтейді. Дұрысында, тәрбие үшін барлық жауапкершілік жүгі отбасына да, мектепке те жүктелуге тиіс. Мұғалімнің рөлін білімді тек қана «таратушы» деңгейіне түсіруге болмайды. Бізге мүлде басқа педагогика керек», − деп атап көрсетті.

Мектептің тәрбиелік әлеуетін күшейту, әрбір білім алушының дара психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуін қамтамасыз ету – заманауи мектептің жетекші басымдықтары ретінде көрсетілген. Патриоттық, мораль және адамгершілік нормалары, ұлтаралық келісім және толеранттылық, дене бітімі және рухани даму, заң сыйлаушылық сияқты құндылықтар, меншік түріне байланыссыз, барлық білім беру мекемелері қалыптастыруы тиіс.

Авторлар осы әдістемелік құралда оқушылардың функционалдық сауаттылығы мәселелерінің әдіснамасын анықтады. Анықталған әдіснама негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша мектеп және отбасы әрекеттестігінің мазмұны ашылды. Осы бағыттағы назар аударуға тұрарлық және қызығушылық тудырып отырған шетелдік тәжірибелер құралдың екінші бөлімінде талданған.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатындағы мектеп және отбасы әрекеттестігі бойынша Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында да нақты жұмыстар атқарылды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша мектеп және отбасы әрекеттестігінің талдауы мен республикадағы бар тәжірибелерді зерттеу қазіргі таңда педагогтар ата-анамен байланыстың мазмұны, түрлері мен әдістерін жеткілікті дәрежеде толық меңгермегенін көрсетті.

Сондықтан бұл жұмыс білім алушылардың функционалдық сауаттылығының ғылыми-теориялық базасын пайымдауға, осы бағыттағы отбасы және мектептің әрекеттестігінің жаңа формалары мен әдістерін айқындауға және әдістемелік негіздеуге бағытталғандықтан, педагогтар мен ата-аналарға практикалық көмек болады.




А қосымшасы

Мұғалім үшін сауалнама

Құрметті әріптес, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекеті түрлері туралы талдау жүргізуде Сіздің көмегіңізге сенеміз. Ұсынып отырған сауалдарға қатысты пікіріңізді білгіміз келеді.

1.

Сіз қалай ойлайсыз, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда мектептің отбасымен өзара іс-әрекет етуі қажет пе?

(екіден артық емес нұсқаны таңдауға болады)

а)

Иә


ә)

Жоқ


б)

Кейде (қажет кезде ғана).


в)

Басқа


2.

Төменде келтірілген пункттерді оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекеті түрлеріне жатқызуға болады ма? (екіден артық емес нұсқаны таңдауға болады)

а)

Ата-аналар жиналысы


ә)

Психологиялық-педагогикалық кеңестер


б)

«Сенім телефоны» қызметі


в)

Басқа


3.

Сіз келтірілген пікірлердің қайсысымен келісер едіңіз?

(екіден артық емес нұсқаны таңдауға болады)

а)

Мектептің отбасымен қарым-қатынасы әр тараптың қызығушылықтарын ескеру негізінде құрылуы тиіс


ә)

Ешқандай арнайы қарым-қатынас орнатудың қажеті жоқ, себебі қажет деген адам мектепке өзі келеді, ал қалғандарын «күштеп әкелудің» қажеті жоқ


б)

Барлық отбасылар мектеппен жүйелі түрде қатынас орнатуы қажет


в)

Басқа


4.

Қалай ойлайсыз, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп жүргізіп отырған жұмысты барлық ата-аналар қолдайды ма? (екіден артық емес нұсқаны таңдауға болады)

а)

Көп жағдайда, иә


ә)

Көп жағдайда, жоқ


б)

Жоқ


в)

Басқа


5.

Сіздің ойыңызша, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің біртұтас жүйесі бар ма?

а)

Иә


ә)

Жоқ, ол қажет те емес


б)

Жоқ


в)

Басқа


Ә қосымшасы


Ата-аналар үшін сауалнама

1.

Сіз қандай құндылықтарды оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасы шығармашылығының басым түрлері деп атар едіңіз? (екіден артық емес нұсқаны таңдауға болады)

а)

отбасы


ә)

денсаулық


б)

білім беру


в)

басқа


2.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасы шығармашылығының түрлері туралы біліміңіз жеткілікті деп санайсыз ба?

а)

Иә


ә)

Иә, жеткілікті деуге болады


б)

Жоқ


в)

Жоқ , жеткіліксіз деуге болады


3.

Сіз қалай ойлайсыз, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда мектеп қандай міндеттерді атқаруы тиіс, ал отбасы – қандай? (екіден артық емес нұсқаны таңдауға болады)

Мектеп міндетті:

а)

оқытуға


ә)

тәрбиелеуге


б)

денсаулықты нығайтуға ықпал етуге


в)

басқа


Отбасы міндетті:

а)

тәрбиелеуге


ә)

қамтамасыз етуге


б)

денсаулықты нығайтуға ықпал етуге


в)

басқа


4.

Мектеп және отбасы ынтымақтастығы аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы ақпаратты қандай дереккөздерінен аласыз? (екіден артық емес нұсқаны таңдауға болады)

а)

бұқаралық ақпарат құралдарынан (ТВ, радио, газеттер, журналдар)


ә)

білім беру мекемесі жетекшілерінің ақпаратынан, хабарламаларынан


б)

білім беру ұйымдарының сайтынан


в)

басқа


5.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы отбасы және мектеп ынтымақтастығына кедергі болатын маңызды мәселе қандай, атаңыз (екіден артық емес нұсқаны таңдауға болады)

а)

ата-аналардың қызығушылығының болмауы


ә)

ата-аналардың ақпараттан хабардар болмауы


б)

проблемаларды білмеуі


в)

басқа


Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары: / Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы // ресми мәтін. Астана: Әділет, 2012. – 14 б.

  2. Назарбаев, Н. Ә.: Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам / Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 2012. – 10 шілде.

 3. Назарбаев, Н. Ә. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы / Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 2012. – 28 қаңтар.

4. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы / Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығы // ресми мәтін. – Астана, 2012. – 114 б.

5. Крупник, С.А. Функциональная грамотность / С.А. Крупник,
В.В. Мацкевич.  М.: Педагогика, 2010.

6. Сметанникова, Н. Н. Грамотность. Единственное или множественное число? / Н.Н. Сметанникова.  М.: Баласс, 2002.

7. Леонтьев, А.А. От психологии чтения к психологии обучения/
А.А. Леонтьев.  М.: УМЦ «Школа 2100», 2011.

8. Байтажикова, К.А. Материалы августовской конференции/
К.А. Байтажикова. Научно-практический центр «Дарын» МОН РК – /
10-12 августа, 2012. //Электронный ресурс. – Режим доступа: http://daryn.kz.

9. Рауандина, А.К. Қазақ тілін оқытуда оқушылардың функционалдық сауатгылығын қалыптастыру әдістемесі (орыс тілді мектептердің
5-6-сыныптары): педагогика ғылымдарының канд. ... дис. авторефераты: 28.12.2010 қорғалды / А.К. Рауандина. – Алматы, 2009. – 32 б.

10. Бунеев, Р.Н. Понятие функциональной грамотности / Р.Н. Бунеев. – М.: УМЦ «Школа 2100», 2003.

11. Перминова, Л.М. Минимальное поле функциональной грамотности (из опыта С.-Петербургской школы)/ Л. М. Перминова. – С.-Пб.: Педагогика, 1999. – №2.

12. Нарикбаева, Л.М. Подготовка будущего учителя к работе с одаренными детьми: метод. пособие / Л.М. Нарикбаева, С.И. Калиева. – Алматы: Изд-во АГУ, 2001. – 45 с.

13. Джуринский, А. Сравнительная педагогика / А. Джуринский // Школьное воспитание: уч. пособие для студентов. – М: Просвещение, 2007. – Гл. 1.

14. Дерябин, Ю.С. Сравнительная педагогика. Педагогика / Ю.С. Дерябин // 2004. – № 4.

15 Результаты Международного исследования PISA 2009 в Эстонии //Электронный ресурс. – Режим доступа: ttp://www.hm.ee/index.php?2512166.

16. Алишев, Т.Б. Система образования в Сингапуре / Т.Б. Алишев,
А.Х. Гильмутдинов //Электронный ресурс. – Режим доступа: my-volga.ru/ content/ sistema-obrazov.

17. Уроки американской школы. Об обучении функциональной грамотности в американской школе / Курс «Развитие навыков функционального чтения» //Электронный ресурс. – Режим доступа: hij.ru/read/articles/view/243/.

18. Кусаинов, А. К. Знаем ли мы своих детей? / А.К. Кусаинов,
К.Ж. Кожахметова, М.Е. Демеуова. – Алматы: Изд-во РОНД, 2004.

19. Байбородова, Л. В. О работе классного руководителя /
Л.В. Байбородова, В.П. Сер­геева, Е.Н. Степанова, М.И. Рожков. – М.: Владос, 2001. – 274 с.


Мазмұны


Кіріспе..................................................................................................................

3

1

Оқушылардың функционалдық сауаттылығы мәселелерін

зерттеу әдіснамасы.......................................................................................


5

2

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы

мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны.............................


13

2.1

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы

мектеп және отбасы өзара іс-әрекетінің Қазақстан Республикасы

білім беру ұйымдарының тәжірибесі.........................................................



15

2.2

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы

мектеп және отбасы өзара іс-әрекетінің шетелдік тәжірибесі.................


20

3

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы

отбасы және мектептің өзара әрекеттесу түрлері.....................................


26

Қорытынды......................................................... .................................................

32

Қосымшалар.................................................. ...................................................

33

Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................

35










































Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы
мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері


Әдістемелік құрал



Басуға 19.04.2013 қол қойылды. Пішімі 60×84 1/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.

Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 2,3.



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК

010000, Астана қ., Достық көшесі 20, «Санкт-Петербург» с.-і. о., 13-қабат.



39



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Что мы знаем о здоровье

Автор: Низамов Рустам Миннахматович

Дата: 06.01.2015

Номер свидетельства: 150547

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Классный час "В здоровом теле - здоровый дух" "
    ["seo_title"] => string(47) "klassnyi-chas-v-zdorovom-tielie-zdorovyi-dukh-1"
    ["file_id"] => string(6) "140345"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1417943975"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Презентация на тему «Мы за   здоровый образ жизни»."
    ["seo_title"] => string(45) "priezientatsiianatiemumyzazdorovyiobrazzhizni"
    ["file_id"] => string(6) "275129"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1452522081"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Здоровый образ жизни жителей Кубани "
    ["seo_title"] => string(39) "zdorovyi-obraz-zhizni-zhitieliei-kubani"
    ["file_id"] => string(6) "206640"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1430231273"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Презентация: "Здоровый образ жизни жителей Кубани" "
    ["seo_title"] => string(55) "priezientatsiia-zdorovyi-obraz-zhizni-zhitieliei-kubani"
    ["file_id"] => string(6) "206645"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1430231843"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Внеклассное мероприятие "В страну здоровья!""
    ["seo_title"] => string(42) "vneklassnoe_meropriiatie_v_stranu_zdorovia"
    ["file_id"] => string(6) "533212"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1577070192"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства