kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка внеклассного занятия на тему: "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» (мерекелік кеш)"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. 25 жыл-ширек ғасыр ішінде тәуелсіз қазақ елі қалыптасып, нарықтың қиын өткелдерінен аман-есен өтіп келеді. Осы аралықта Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап күтумен өтті.

Ән. Туған жердей ел болмас.

 Нұржан: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Асель: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Нұржан: Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Қарақат: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Ғарифулла: Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
 Қарақат: №275 орта мектебінің «Балауса»   балалар театрының  шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка внеклассного занятия на тему: "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» (мерекелік кеш)"»

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» (мерекелік кеш)

Көрініс. «Аталар сөзі – ақылдың көзі»

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. 25 жыл-ширек ғасыр ішінде тәуелсіз қазақ елі қалыптасып, нарықтың қиын өткелдерінен аман-есен өтіп келеді. Осы аралықта Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап күтумен өтті.

Ән. Туған жердей ел болмас.

Нұржан: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Асель: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Нұржан: Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Қарақат: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Ғарифулла: Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Қарақат: №275 орта мектебінің «Балауса» балалар театрының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.
Нұржан: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Асель: Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Мырзақабылова Ақеркенің орындауында «Қазақстан» әні.

Қарақат: Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
«ПРЕСТО» бишілер тобының орындауында «Орамал» биі»
Ғарифулла:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Қарақат: Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
Джансейтова Жасминнің орындауында «Туған жер» әні
Асель: «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 130-дан аса ұлт пен ұлыс өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі шалқыған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Нұржан:Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Асель: Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді құрлықтардың бәрінде айтам.
Мырзақабылова Ақеркенің орындауында «Қазақстан» әні

Қарақат: Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық
Нұрлы достық
Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты
«ПРЕСТО» би тобының бишілерінің орындауында «Қазақ биін» тамашалаңыздар
Асель: Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Жасмин: Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Нұржан: Туған тілім шұбарланба жарқыра
Қарақат:
Тарихымызда таланттылар көбейсін

Әлішер: Бас иемін ата баба рухына.

Әділет: Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Бәрі қосылып: Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Ғарифулла: Қазақстан – бар қазақтың киелі туған жері, Қазақстан – қазағымның туған елі. Қазақстан – бұл біздің Отанымыз, Қазақстан – бұл біздің ардағымыз.
Ән: «Жүрегім Қазақ» Орындайтын: Әбдіқалықов Әділет
Нұржан: Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Қарақат: Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі
Асель: дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Ғарифулла: Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Ғарифулла: бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

Асель: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын , ағайын!

Мектеп директорының тәрбие істері жөніндегі орынбасары:

Сарымсақова Күрішкүл Ұзақбайқызы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Сарымсақова Күрішкүл Ұзақбайқызы

Дата: 02.02.2017

Номер свидетельства: 386949


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства