Это разработка по Казахскому языку, очень интересный урок. Для 9 классов. Ученики очень заинтересовались по этой теме. они легко изучили и готовились к соревнованию в этом уроке ребята пели соревновались по казахскому языку и литературе. Этот материал очень хороший.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Білім - білгенге байлы? »
Ә.Құдабаев атындағы № 197 қазақ орта мектебі
БІЛІМ - БІЛГЕНГЕ БАЙЛЫҚ
Жауапты: Ұ.Алпысбаева
Қызылорда, 2014 жыл
Білім - білгенге байлық
Мақсаты: оқушылардың пәндерге қызығушылығын арттыру, алған білімдерін тиянақтау, жинақтау, пысықтау, олардың білімдерін тексеру жолдарын түрлендіре отырып логикалық ойлауларын қалыптастыру; тапқырлыққа, ізденімпаздыққа,алғырлыққа, ұқыптылыққа баулу, ойлау қабілеттерін дамыта отырып математикалық білімдерін ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру; жолдастық өзара көмек, топтасып жұмыстануға баулу, қиындыққа ортақтасу сезімдерін ояту, әдемі, көркем жазуға тәрбиелеу, алға қойған мақсатына, өз бетінше тапсырмаларды орындап, нәтижеге жете білуге мүмкіндік жасау.
Барысы:
Жүргізуші:
Әрқашан да білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.
Сәлем бердік өрендерге талапкер,
Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен.
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!
«Білім – білгенге байлық» атты зияткерлік ойынға қош келдіңіздер!
Ал, келіңдер, келіңдер,
Біріңе – бірің еріңдер!
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер!
Сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
Бұл сайыскерлеріміз көшбасшылардың көшбасшысы атануға сайысқа түскелі отыр.
Әділ қазы , ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.
Сайыскерлеріміздің білімін сараптап әділ баға берушілермен таныстырып өтейін.
( Қазылармен таныстыру)
Сайыс кезеңдері
Кім шапшаң? ( 12 сұрақ, әр дұрыс жауап – 1 ұпай)
Өз таңдауыңды жаса. ( Ұяшық таңдау, соған сәйкес ұпай алу)
Сандар сыр шертеді. ( 7сұрақ, әр дұрыс жауапқа – 1 ұпай)
Логикалық сұрақтар. ( 3 ұпайлық жүйемен бағаланады).
Ойлан, тап! ( 3 ұпайлық жүйемен бағаланады)
Көкпар ( 6 ұпайлық жүйемен бағаланады).
1 – кезең: Кім шапшаң?
Шақырамыз, келіңіздер жарысуға,
Күш, өнер, біліммен алысуға.
Бар өнерді салайық ортамызға,
Қанеки кім озады бұл сайыста?!
12 сұрақ оқылады, сұраққа бірінші болып қол көтерген оқушы жауап береді. Әр дұрыс жауап – 1 ұпай.
Қытайдың астанасы. (Бейжің)
Сын есім сұрақтар. ( қандай, қай)
Жер бетінде неше мұхит бар? ( 4)
Жердің кішірейтілген макеті ( карта, глобус)
Абайдың азан шақырып қойылған аты. ( Ибраһим)
Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)
Бұзылмай сақталатын ұлттық тағам. ( құрт)
Жерұйықты іздеген кім? ( Асанқайғы)
Шоқанның атасы. ( Уәли)
Сирек кездесетін, құрып кету қауіпіндегі өсімдіктер мен жануарларды қайдан кездестіруге болады? ( «Қызыл кітап»)
Тұңғыш қазақ ғарышкері. ( Тоқтар Әубәкіров)
Төрт таңбалы ең үлкен сан? ( 9999)
2 – кезең: Өз таңдауыңды жаса.
Әр сайыскер дәрежесі бойынша ұяшықты таңдап, онда жасырылған сұраққа жауап беріп, ұяшықтың сыртындағы ұпайды иеленеді. Дұрыс жауап бермеген жағдайда екінші сайыскерге мүмкіндік беріледі.
Қазақ тілі: 10 ұпай
Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала қала аталады? (фонетика)
Қазақ тілі: 20 ұпай
Буын үндестігі басқаша қалай аталады? ( сингармонизм )
Қазақ тілі: 30 ұпай
Екі немесе одан да көп буынды бір сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы қалай аталады? ( Сөз екпіні)
Математика: 10 ұпай
«С» рим цифрынан араб цифрына аударғанда қандай санды береді? ( 100.Жүз)
Математика: 20 ұпай
234567 саны 3-ке қалдықсыз бөліне ме? ( Иә)
Математика: 30 ұпай
180 және 378 сандарының ЕУОБ табыңыз? ( он сегіз. 18)
Тарих: 10 ұпай
« Алтын адам» қай обада жерленген? (Есік обасында)
Тарих: 20 ұпай
Имек ағаш сияқты аңға лақтыратын қару? ( Бумеранг )
Тарих: 30 ұпай
Қола дәуірі неше тарихи кезеңге бөлінеді? ( 1.Нұра кезеңі 2. Атасу кезеңі 3. Бегазы – Дәндібай кезеңі)
«Білім марапатқа жету үшін емес, парастқа жету үшін қажет» ( Амангелді Айталы).
( Ең аз ұпай жинаған 3 оқушыны шығарып саламыз).
3 – кезең: Сандар сыр шертеді
Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз, жеңістерге бастаймыз.
6 жұлдызша беріледі, жұлдызшаны кезек – кезек таңдау арқылы ішінен ашылған жылды сипаттайды.
Әр дұрыс жауап – 1 ұпай.
1986 жыл ( Желтоқсан қозғалысы)
1992 жыл (Ұлттық рәміздер қабылданды)
1993 жыл ( Ұлттық теңгеміз қабылданды)
1998 жыл ( Астанамыз Астана қаласына ауысты)
1991 жыл 2 – қазан ( Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты)
2011 жыл ( ҮІІ Қысқы Азиада ойыны Қазақстанда өтті)
4 – кезең: Логикалық сұрақтар
Бұл бәйге – ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда.
Білім мен ісі сәйкессе,
Тапқыр болар «топ жарған».
Бұл кезеңде әр сайыскер 1 – ден 6 – ға дейінгі сандардың артында жасырылған сұрақтарды таңдау арқылы жауап береді. Әр дұрыс жауап – 3 ұпай.
Сұрақтар
1 – жұлдызшыда: Ағаштың бұтағында 6 құс отыр еді. 2 құс ағаштың көрші бұтағына келіп қонды. Ағашта қанша құс қалды? (6)
2 – жұлдызшыда: Жанұяда 3 ағайынды бала бар. Әрбір баланың қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? (4)
3 - жұлдызшыда: Дүкенде 3 тоңазытқыш бар еді. Оның қалғанынан көбін сатты. Дүкенде қанша тоңазытқыш қалды? (1)
4 - жұлдызшыда: 4 адам қол алысып амандасты. Неше қол алысу болды? ( 6 )
5 - жұлдызшыда: Ақан фигура салды: үшбұрыштар мен шаршылар. Сонда фигуралардың төбесі 11 болды. Ақан неше үшбұрыш, неше шаршы салды? ( 1 үшбұрыш, 2 шаршы)
6 - жұлдызшыда: Самат 2 балықтан, ал Мұрат 1 балықтан ұстап отыр еді. Олар барлығы 12 балық ұстаса, әрқайсысы неше балықтан ұстаған? ( Самат – 8, Мұрат – 4)
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер.
(Ең аз ұпай жинаған 3 оқушыны шығарып саламыз)
5 – кезең: Ойлан, тап!
Білім «Аққан сел» дейді,
Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең «Білім көп,
Ақыл – ойға кен» дейді.
Әр сайыскер жақтауды нөмері бойынша таңдайды. Жақтаудың артында жасырылған әріптен басталатын сөздерден сөйлем құрастыр. Бір сөйлем кем дегенде 4 сөзден құралуы тиіс. Әр дұрыс құралған сөйлем – 3 ұпай.
6 - кезең: Көкпар.
Тартысайық «Көкпарды»,
Кімнің ойы мықты екен?!
Кімнің күші аздау боп,
Кім озып алға шықты екен?!
Көлденең де, тігінен де , көлбеу де сандарды қосқан тең болуы шарт.
6 ұпайлық жүйемен бағаланады.
17
11
27
13
7
5
9
15
9
5
11
13
Жарыс заңы ежелден –
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол –
Еңбектену, жалықпау.
( Сайыс жеңімпазын анықтау. Қазыларға сөз беру).
Осымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Қатысып көңіл бөлгендеріңіз үшін көп – көп рахмет!