3-тапсырма. М?тінді о?ып, жоспар бойынша ??гімелеп бері?дер.
С?здік: ?яла с?йлеу – говорить стесняясь, д?м тат?ызу – угощать, аттану - отправляться в путь, ?дептілік – воспитанность, м?дениет – культура, демалыс ?йі - дом отдыха жолдама - направление уайымдау - волноваться бата алу - принять благословение с?зін тастамау — прислушиваться
Бата беру
Мені? досым ?сем - ?здік о?ушы. Мінез-??л?ы да жа?сы. ?ле?-жырды к?п о?иды. Сонды?тан о?ан демалыс ?йіне жолдама берілді.
Анасы ?семні? киім-кешегін дайындап, ?рі ?уанып, ?рі «б?рын алыс жол?а шы?пап еді» деп уайымдап ж?р. Ерте? ж?реді деген к?ні: -Алыс жол?а ж?рейін деп отырсы?, ауылда?ы ?лкендерге кіріп, батасын алып кел, - деп а?ыл айтты.
Анасыны? с?зін жерге тастамайтын ?сем мені ертіп, Ажар апалар?а, Ба?ытгерей, Сырым аталар?а барып, с?лем берді.
Үй тапсырмасын тексеру. Жаттаған мақал-мәтелдерін айту
Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.
3-тапсырма. Мәтінді оқып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңдер.
Сөздік: ұяла сөйлеу – говорить стесняясь, дәм татқызу – угощать, аттану - отправляться в путь, әдептілік – воспитанность, мәдениет – культура, демалыс үйі - дом отдыха жолдама - направление уайымдау - волноваться бата алу - принять благословение сөзін тастамау — прислушиваться
Бата беру
Менің досым Әсем - үздік оқушы. Мінез-құлқы да жақсы. Өлең-жырды көп оқиды. Сондықтан оған демалыс үйіне жолдама берілді.
Анасы Әсемнің киім-кешегін дайындап, әрі қуанып, әрі «бұрын алыс жолға шықпап еді» деп уайымдап жүр. Ертең жүреді деген күні: -Алыс жолға жүрейін деп отырсың, ауылдағы үлкендерге кіріп, батасын алып кел, - деп ақыл айтты.
Анасының сөзін жерге тастамайтын Әсем мені ертіп, Ажар апаларға, Бақытгерей, Сырым аталарға барып, сәлем берді.
Ертең демалыс үйіне барғалы жатыр едім, сіздермен қоштасуға келдім, - деді Әсем сәл ұяла сөйлеп.
Сапарың оң болсын!
Аман жүр, қарағым!
Өркенің өссін! - деп үлкендер риза болып, батасын беріп, үйлерінен дәм татқызды.
Ұзақ жолға аттанарда немесе алыс сапардан, қаладағы оқудан келген бала, жасы кіші адам ауылдағы үлкендерге сәлем беріп, батасын алады.
Бұл - әдептіліктің, үлкенді сыйлай білудің, мәдениеттіліктің белгісі.
(Ф. Оңғарсыновадан)
Жоспар:
Әсем - үздік оқушы.
Анасының ақылы.
Үлкендердің батасы.
Сәлем беріп, бата алу - мәдениеттіліктің белгісі
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы
Үйге тапсырма.4-тапсырма. «Бата беру» мәтініндегі Әсемге мінездеме беріңдер. Мінездемедегі әр сөзге екпін қойып жазып келу.