-Адам баласы д?ниеге келгеннен бастап тойлар жасалады. ?ткен саба?тарда біз сендермен таныс?ан едік. Барлы? тойларда бата беріледі.
-Бата деген с?зді сендер ?алай т?сінесі?дер?
-Бата- ?лкен кісілер айтатын арнайы жа?сы тілектері. Оны? бірнеше т?рлері бар: дастар?ан?а берілетін бата, сапар?а аттанатын кезде берілетін бата, біреуді? жа?сылы?ы ?шін берілетін бата.
Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі. Бата. Біріккен с?здер. »
Қусайынова Тансық Қонырбайқызы
Қазақстан агротехникалық колледж
Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Бата. Біріккен сөздер.
Сабақтың білімділік мақсаты: Біріккен сөздер күрделі сөздердің бір түрі екендігін, жасалу жолдарын меңгерту, біріккен сөздің айырмашылығын түсіндіру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Сөз байлығын, сөздік қорын байыту, ойлау, байқағыштық қасиеттерін дамыту,өзіндік шығармашылық жұмыстарды орындай білуге, қатесіз, ұқыпты талдауға үйрету.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:Ана тілін құрметтеуге, ұлттық ойын жетілдіруге, сөйлеу мәдениетін шеберлендіре түсуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, өзіндік ізденіс, салыстыру, топтау.
Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды сабаққа даярлау
ІІ.Ой қозғау.
Қандай қазақтың салт-дәстүрін білесіңдер?
-Адам баласы дүниеге келгеннен бастап тойлар жасалады. Өткен сабақтарда біз сендермен танысқан едік. Барлық тойларда бата беріледі.
-Бата деген сөзді сендер қалай түсінесіңдер?
-Бата- үлкен кісілер айтатын арнайы жақсы тілектері. Оның бірнеше түрлері бар: дастарқанға берілетін бата, сапарға аттанатын кезде берілетін бата, біреудің жақсылығы үшін берілетін бата.
ІІІ.Сөздік жұмыс
Мейман-қонақ
Құрметті-сыйлы
Қонақасы- ас беру
Үй иесі- қожайын
Бәле жаладан- жамандықтан
Ақсақал- қарт
Ізбасар- ұрпақ
ІV.Мәтінмен жұмыс .Бата мәтінін оқу.
1.Мәтіннің мағынасын ашу. Әр абзацқа оқушылар сұрақтар құрастырады
1.Халықтың тілек, бата сөздері жеткіншек жас ұрпақты неге баулиды?
2.Ежелден адамзаттың асыл мұраты не?
3.Құрметті мейманға арналып қой немесе тай сойылғанда не беріледі?
4.А. Байтұрсынов не деген?
5.Ізбасар шәкірттеріне қандай адамдар бата берген?
2.Мәтіннен біріккен сөздерді табу
–Балалар,сөздер құрамына қарай неше топқа бөлінеді?
-Дара сөз дегеніміз не?
-Күрделі сөз дегеніміз не?
-Туынды сөздер қалай жасалады?
Сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалады: әнші, достық, білгір, қалашық.
Лексикалық жолмен жасалады. Мысалы: түр-түсті білдіретін «ақ» сөзінің негізгі лексикалық мағынасы кеңейіп, сүт тағамдары деген ұғым пайда болған.
Бірігу арқылы жасалады: көзқарас, тасбақа, т.б.
Тіркесу арқылы жасалады: он бес, қара торы.
Қосарлану арқылы: бала-шаға, ата-ана
Мына сөздерді салыстыр. Еңбекші- -еңбекақы
Екібастұз, алтыбақан, тасбақа,Талдықорған.
Осыдан біріккен сөздің анықтамасын айтқызу.
Екі, я одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөздер деп аталады.
Мысалы келтіру
Ақ бата мәтінінде біріккен сөздер бар ма?
V. Дәптермен жұмыс
Біріккен сөздерге морфологиялық талдау жасау.
Қонақжайлылық
Қонақасы
Жұмбақтың шешуі біріккен сөз, шешуі болған сөзге фонетикалық талдау жаса.
( Күнбағыс)
( тасбақа)
Бата мәтіндерімен таныстыру ( бата түрлерін оқиды)