Саба?ты? ма?саты: 1.Білімділік: О?ушыларды? та?ырып бойынша с?здік ?орларын молайтып, с?йлем ??рау, ??гімелей алу да?дыларын жетілдіру. Республикамызды? бас ?аласы -Астана, орналас?ан жері, атауыны? шы?у тарихы, к?рікті ?имараттары туралы ма?л?мат беру
2.Дамытушылы?: ?исынды ойлау ?абілеттерін дамыту ма?сатында ?р т?рлі ?рекеттер ар?ылы с?йлем ??рап ,байланыстырып с?йлеу , с?ра?тар?а д?рыс жауап бере білу, сауатты жазу да?дыларын дамыту.
3.Т?рбиелік: О?ушыларды ал?ан білімдерін ?мірде ?олдана білуге ба?ыттап , ?з ту?ан жеріне деген с?йіспеншіліктерін арттыру , Отанс?йгіштікке, патриотизмге т?рбиелеу. Саба?ты? т?рі: аралас
Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "Астана- бас ?ала" »
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Астана – бас қала
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша сөздік қорларын молайтып, сөйлем құрау, әңгімелей алу дағдыларын жетілдіру. Республикамыздың бас қаласы -Астана, орналасқан жері, атауының шығу тарихы, көрікті ғимараттары туралы мағлұмат беру
2.Дамытушылық: Қисынды ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында әр түрлі әрекеттер арқылы сөйлем құрап ,байланыстырып сөйлеу , сұрақтарға дұрыс жауап бере білу, сауатты жазу дағдыларын дамыту.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды алған білімдерін өмірде қолдана білуге бағыттап , өз туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру , Отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада слайдтар, Қазақстан картасы, суреттер, қима-қағаздар,үлестірмелі тапсырмалар,
Сабақтың барысы : І.Ұйымдастыру кезеңі. Эмоционалдық бағыт беру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. сөздік жұмысы - дұрыс айтуға дағдыландыру; сарай – дворец қонақ үй – гостиница елорда - столица кешен – комплекс ұлт – национальность жас – молодой саяси- экономикалық – политико – экономический мәдени – культурный
-сөз тіркестерін құрап үйрену; Жастар сарайы; спорт кешені; көп ұлтты
2. Мәтінмен жұмыс а/ Қазақстан астаналары туралы мәтінді оқып , аудару.
б/ Қазақстан картасы бойынша ескі – жаңа елордаларға саяхат / саяхат барысында сұрақтарға жауап береміз/ Қазақстан Республикасының қай қалалары астана болып есептелді? Қазақстан картасы бойынша ескі – жаңа елордаларға саяхат жасаймыз. 1.Қазақстанның бірінші астанасы қай қала болған? 2. Екінші астанасы қай қала болған? 3. Үшінші астанасы қай қала болған? 4. Соңғы елордасы қай қала ?
3. Сергіту сәті
ІІІ. Жаңа тақырып: Астана – бас қала
1.Интерактивті тақтамен жұмыс Кіріспе: - Балалар, сендербіздің еліміздің бас қаласы – Астана екенін білесіңдер. Астана - қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол елдің бас қаласы деген мағынаны білдіреді. Астана қаласы бұрын Ақмола, кейіннен Целиноград деп аталып,ал 1992 жылдан бастап Ақмола , 1998 жылдың 6 мамырынан Ақмола қаласының атауы Астана деп тағайындалды. /Бейнеүзік «Астана-бас қала», оқушыларға Астана қаласының әдемі жерлерін көрсету,әңгімелеу,өз білетіндерін ортаға салу./
2.Оқылым «Астана – бас қала» - мәтінін тізбекпен оқып, аудару
3. сұрақ-жауап жұмысы
Астана қайда орналасқан? Астанада нелер бар? Астана мемлекеттің қандай орталығы? Астана қандай қала?
ІV.Тапсырмалармен жұмыс .
4.Жазылым 3- тапсырма.Берілген сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап бер. / тақтамен және жұппен жұмыс, тапсырма бойынша құраған сөйлемдерін әр жұптан бір оқушы оқып , аударады /
5. Сергіту сәті
6. Топпен жұмыс
1/ «Аудармашы» ойыны / әр топта 4 оқушы болады, топ мүшелері ойланып, ақылдасып берілген тапсырмалады орындайды. Әр топқа орыс тілінде жазылған екі сөйлем беріледі, әр топтан бір оқушы орыс тілінде оқиды, екіншісі қазақ тіліне аударады/
2/ «Кім жылдам?» ойыны /әр топ мәтін бойынша берілген келесі сөздерге көптік жалғауларын дұрыс жалғап, тақтаға жазып, оқып аудару/ қала, өзен, ғимарат, қонақ үй, тұрғын үй, мәдени орталық
V.Сабақты бекіту.
Топтастыру стратегиясын қолдана отырып тақырыпты бекіту