Просмотр содержимого документа
«"Аралас құрмалас сөйлем" қазақ тілі пәніннен ашық сабақ»
Мұғалімнің аты –жөні: Оспанғалиева Элмира Әділқызы
Жұмыс орыны: Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп КММ
Қызметі: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Мектептің мекен – жайы: ШҚО, Тарбағатай ауданы, Шорға ауылы Ы.Алтынсарин атыындағы орта мектеп КММ
Электронды почта: tarb.altynsarina@mail.ru
Қолы:
Сабақтың тақырыбы: Аралас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты: Құрмалас сөйлем мен оның түрлерінен алған білімдерін білім дағдысына айналдыру,құрмаластың бір түрі-аралас құрмалас сөйлемді меңгерту.
Міндеттері: білімділік-құрмалас сөйлем мен оның түрлерінің ұқсастығы мен айырмашылықтарын,негізгі ерекшеліктерін ажырата білу;
дамытушылық-алған білімдерін қолдана білу,сауатты жазу,ойлау,қолдана білу дағдысын дамыту;
тәрбиелілік- ұлттық салт дәстүрлерді,ұлттық құндылықтарды құрметтеуге,елін,жерін сүюге тәрбиелеу.
ІІІ. Дайындықты қорыту (Үй тапсырмасын қорытындылау).
ІV. Жаңалық (Жаңа сабақ)
V. Практикалық жұмыс (Жаңа сабақты бекіту).
VІ. Семантикалық кестемен жұмыс (Сабақты қорытындылау).
VІІ. Оқушы білімін бағалау (Бағалау).
VІІІ. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау):
Үй тапсырмаға өткен құрмалас сөйлемнің түрлеріне жоба жасау арқылы қорғау жұмыстарын берген едім, қане 1-топ жобаларын қорғауға келсін
1-топ: Еліміздің мемлекеттік рәміздері мен құрмалас сөйлемнің түрлерінің ұқсастығы бар, мемлекеттік рәміздер сияқты бұл құрмалас сөйлемнің түрлері де бір бірінен ажыратыға болмайды.
2-топ: Халқымыздың касиетті қара шаңырағы 6 қанатты киіз жасау арқылы салалас құрмалас сөйлемнің 6 түріне жасап берді.
3-топ : Сол 6 қанатты киіз үйді қазақ халқының 6 түрлі ою- өрнектерімен безендіру арқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің 6 түрін атап берді)
ІІІ. Дайындықты қорыту (Үй тапсырмасын қорытындылау):
Өткен материалды тест арқылы қорытындылау (Ия және жоқ тесті)
Тапсырмалар
Ия
Жоқ
Салалас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары сияқты болып өзара тең дәрежеде байланысады
Оларды үйіне апарады да,қамап қойды-қарсылықты жалғаулықты салалас сөйлем бола ма?
Әкесі біресе ұрсады,біресе ақыл айтады-кезектес салалас сөйлем бола алады
Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің тұлғалық белгісі –са, -се формасы арқылы жасалады
Бағыныңқы,басыңқы сөйлемдер сабақтас құрмалас сөйлемге тән
Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары тиянақты болып келеді
ІV. Жаңалықтар (Жаңа сабақ)
Жаңа сабақ: «Аралас құрмалас сөйлем»
3 топтағы оқушылар жаңа сабақпен танысып, өз ойларын ортаға салды.
Топ: Салалас сөйлем мен аралас сөйлемнің айырмашылығы мен ұқсастығы жайлы өз ойларын айтады.
Топ : Сабақтас сөйлем мен аралас құрмалас сөйлемнің ұқсастығы мен айырмашылығы жайлы өз ойларын ортаға салды.
Топ: Құрмалас сөйлем мен олардың түрлерінің ұқсастығы мен айырмашылығы жайлы айтып өтеді.
5. Практикалық жұмыстар:
* 151- жаттығу:
Адам өмірін түзеймін деп, сан ғалымдар түрлі ойлар айтты, ол ойларын халыққа таратып,том-том кітаптар жазды. (басыңқы,бағыныңқы,басыңқы)
Адам өзін жаратқан иесін танумен түзеледі десе, жаратқан иесін танып күнде бес уақыт намазын оқып,құранды қақпан қып,елді алдап жүретін молда-сопылардың қылықтарын айтып қараңыз. (бағыныңқы,бағыныңқы,бағыныңқы,басыңқы)
Үкімет жойылса, адам бет-бетімен кетсе, біреу-біреуше жәрдем етпесе,азулы айуандар жекелеген адамдарды жей берсе,қайтіп өмір сүрмек?
(бағыныңқы, бағыныңқы,бағыныңқы,басыңқы)
Жаңа сабақты бекіту үшін семантикалық картамен жұмыс жасау
Мысалдар мен ережелер
Салалас құрмалас сөйлем
Сабақтас құрмалас сөйлем
Аралас құрмалас сөйлем
Мезгіл кешкіріп кетті, сондықтан сіз бармайсыз-құрмаластың қай түрі
Адамды екі нәрсе қартайтпайды:бірі-жақсы мінез,екіншісі-жақсы сөз-құрмаластың қай түрі
Қай сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнен бұрын тұрады
Құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та,сабақтасып та байланысқан құрмаластың түрін не деп айтамыз
Ұлберген кедей болғанымен,киім кешектерін таза ұстайтын еді-құрмаластың қай түрі
Бағыныңқы,басыңқы,бағыныңқы,басыңқы-бұл сызба қай құрмаластың түріне сәйкес келеді.