Просмотр содержимого документа
«Ана тілім - арда?ым!»
Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Зерноград негізгі мектебі
Зерноградская
школа
Тақырыбы:
«Ана тілім-ардағым»
8-сынып
Ибраева Гүлайым Бөлебайқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қысқа мерзімді жоспар
Пән мұғалімі
Ибраева Гулаим Булебаевна
Сабақ №
қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы
Ана тілім -ардағым.
Жалпы мақсаты
Білімділік: өзге ұлт балаларын мемлекеттік
тілімізді қадірлеуге , мәртебесін биік
ұстауға баулу.
Дамытушылық: Қазақ тілі туралы мақал-мәтелдер,
өлең, үш тілде сөзжұмбақ шешу
арқылы оқушылардың ой - өрісін,
дүниетанымын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды патриоттық сезімге
тәрбиелеу.
Оқу нәтижесі
1.Өзге ұлт балаларының қазақ тілі туралы білімдері кеңейеді.
2. Сауатты сөйлеуге ынталанады.
3. Бірлесе жұмыс жасауға тырысады.
4. Уақытты үнемді пайдалануды үйренеді.
5. Білімдерін ортаға салып, ой-пікірлерін қорытындылайды.
6. Ұжымдасып еңбек етуді үйренеді.
Түйінді идеялар
Сабақтың айдары:
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Біздің тіліміз ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз.
«Қазақ есімдері» төменде берілген сөздерді аударыңдар.
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Кері байланыс
Бағалау
Оқушылармен амандасу, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындайды.
Шаттық шеңберін құрайды, жылы лебіздер айтады.
3. Тренинг.Тақырып бойынша оқушылар өздері жүргізеді.
Балалар өлеңді жатқа айтып береді.
Балалар жұпқа, топқа бөлінеді.
Смайликтер бағаланады.Өздері бағалайды
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар жұмбақ шешеді,жауабын орыс, ағылшын тілдерінде жазады.
Оқушылар «әрі ойын,әрі оқу» ойынын жүргізеді.қимылмен көрсетеді.
Үш тілде диалог құрады.жұппен оқиды.
Сөз тіркестерін тауып қаламмен қосады.
Оқушылар өздері топ болып қрйылым жасайды.
Берілген қазақ есімдерін аударады.
Оқушылар бір-біріне тілектер білдіреді.
Оқушылар сабақтың қалай өткендігі жөнінде пікірін стикерге жазып, тілек білдіреді, тақтаға іледі.
Бағалау смайликтері бойынша оқушылар өздерін бағалайды, оқиды.
Дереккөздер және жабдықтар: оқулық, интерактивті тақта,арнайы қалам, әдістемелік құралдар, смайликтер
Үйге тапсырма:
Нақыл сөздер жаттау.
Сабақты бағалау, суммативті баға мұғалім шығарады.
ОҮБ, бағалау смайликтері.
Сабақтың қорытындысы.
«Тілдер мерекесіне» арналған 8- сыныпта «Ана тілім- ардағым» тақырыбына ашық сабақ өтті.Біріншіден сабаққа келген ұстаздар мен сынып оқушыларымен сәлемдесіп алдым. Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен басталды.
Психолгиялық ахуал мен шаттық шеңберін құрды. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтты. (Тақырыпқа байланысты оқушылар өздері тренинг жүргізеді.) Топқа, жұпқа өз қалаулары бойынша бөлінді. (Жарайсыңдар!)
Орындарына отырған соң көшбасшыға бағалау смайликтерін ұстелдің үстіне қойдым,оқушыларға сары түс-5, көк түс -4, қызыл түс 3- екенін айттым. Әр оқушы берген жауаптарына сәйкес бағалады. Сыныпта кезекшімен сұхбаттастым . «Жақсы отыр!» Үй тапсырмасын тексердім.(Жарайсың!)
Ұйымдастыру кезеңінде сабақтың тақырыбын, мақсаты мен міндетін айттым.Сабақты оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер арқылы жасадым.
Сабақтың тақырыбы:
Ағылшын ғалымы Барнс(1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады.
Бүгінгі сабағымды мынандай өлең жолдарымен бастайын.
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Біздің тіліміз ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз.
Ойлы болсаң, озып көр. «Зерек» викторинасы бойынша оқушылар сұрақтарға жауап берді. Оқушылар жұмбақ шешеді,жауабын орыс, ағылшын тілдерінде жазады. Мен бақылаушы, көшбасшылық атқардым.
Оқушылар «Әрі ойын,әрі оқу» ойынын жүргізеді.Қимылмен көрсетеді.
Үш тілде диалог құрады,жұппен оқыды. Сөз тіркестерін тауып қаламмен қосты. Оқушылар өздері топ болып қойылым жасады.
Берілген қазақ есімдерін аударды.Оқушылар бір-біріне тілектер білдірді.
Оқушылар сабақтың қалай өткендігі жөнінде пікірін стикерге жазып, тілек білдірді, тақтаға ілді.
Бағалау смайликтері бойынша оқушылар өздерін бағалады, оқыды.
Суммативтік баға қойдым. Сабақты қорытындыладым. Үй тапсырмасын жазды. Сабақ өз мәресіне жетті. Оқушылар өө білім деңгейлерін байқады.