3-тапсырма. «Дұрыс –бұрыс» әдісі. Тыңдалған мәтін бойынша дұрыс және бұрыс ақпаратты белгіле.
№
Сөйлемдер
Дұрыс
Бұрыс
1
«Алтынемел» ұлттық саябағы 1996 жылы ашылған.
2
Жер көлемі -460 мың гектар.
4
«Алтынемел» саябағында 1800-ге жуық өсімдіктер бар.
5
Жануарлар,құстар,өсімдіктер,балықтар «Қазақстанның Қызыл кітабына» тіркелмеген.
6
Саябақта 17 қорықшы бекеті мен 3 туристік бағыт жұмыс істейді.
4-тапсырма. Мәтінді оқы.
«Алтынемел» - 1996 жылы Алматы облысының Кербұлақ ауданында ашылған ұлттық саябақ. Ол Іле өзенінің солтүстігінде орналасқан. Жер көлемі - 460 мың гектар. Оның құрамына Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан тауларының қасында орналасқан табиғи ескерткішінің бірі – « Әнші құм» кіреді. Мұндай «Әнші құм» табиғатта өте аз кездеседі.
«Алтынемел» саябағы археологиялық ескерткіштерге бай. Онда түрлі-түрлі көне суреттер салынған тастар мен үлкен-үлкен үңгірлер көп.
«Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында 1800-ге жуық өсімдік түрлері, 56-ға жуық жануар түрлері, балықтар, құстар бар. Олардың көбі «Қазақстанның Қызыл кітабына» кірген.
Айналада биік-биік ағаштар, өзен-көлдер де мол. Оларға жан-жақтан келген туристер қызыға қарайды.
Саябақта 17 қорықшы бекеті мен 3 туристік бағыт жұмыс істейді.
5-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
«Алтынемел» ұлттық саябағы қашан құрылған?
Қай жерде орналасқан?
Жер көлемі қандай?
Саябақта неше туристік бағыт жұмыс істейді?
Саябақ неге бай?
Саябақта өсімдіктердің қанша түрі өседі?
Саябақта жануардың қанша түрі бар?
«Қазақстанның Қызыл Кітабына» нелер кірген ?
Айналада нелер мол?
Қорықта өсімдіктер мен жануарлардан басқа не бар?
Саябақта қандай табиғи ескерткіш бар?
Саябақта неше қорықшы бекеті бар?
Г рамматикалық түсініктеме
Қос сөздер екі сөздің қосарлануынан не бір сөздің қайталануынан жасалады. Қос сөздің екі түрі бар: қайталама қос сөз, қосарлама қос сөз.
Қайталама қос сөздер бір сөздің қайталануынан жаалады: жиі-жиі, әрең-әрең, ойдым-ойдым, мая-мая, көзбе-көз, үйір-үйір, т.б.
Екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған қос сөздер қосарлама қос сөздер деп аталады. Қосарлама қос сөздің екі сыңары екі түрлі сөзден болады: сый-құрмет, ата-ана, ағайын-туыс, төсек-орын, қазан-ошақ ыдыс-аяқ, т.б.
6-тапсырма. Төменде берілген қос сөздердің түрін анықтап, тиісті бағанға жаз.
«Алтынемел» - Қазақстандағы ең үлкен табиғи саябақ. Мұнда саяхатшылар ............... келеді. Саябақта тарихи ескерткіштер өте көп ............ тастарда салынған .......... суреттерді көресің. Мен ....... «Алтынемел» туралы ............... әңгімелерді көп оқыдым.
«Алтынемел» саябағында өсетін өсімдік түрінің санын белгіле.
1850
1800
180
«Алтынемел» саябағындағы жануарлар түрінің санын белгіле.
50
55
56
Қайталама қос сөзді тап.
Өзен-көл
Газет-журнал
Үлкен-үлкен
Қосарлама қос сөзді тап.
Қызық-қызық
Өзен-көлдер
Түрлі-түрлі
Глоссарий
Қазақша
Орысша
Ағылшынша
ұлттық қорық
национальный заповедник
national reserve
жер көлемі
площадь земли
land area
мекендеу
обитать
dwell
қорықшы
егерь
huntsman
үңгір
пещера
cave
табиғат ғажайыптары
чудеса природы
wonders of nature
саябақ
парк
a park
табиғи ескерткіштер
памятники природы
natural monuments
Үй жұмысы: 105-бет. №8-тапсырма.
Пайдаланылған әдебиет тізімі:
Негізгі:
1.Қазақ тілі мен әдебиеті: Бәйшешек, Оқулық: Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын 11-жылдықжалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған, 2-бөлім /Ф.Ш. Оразбаева, Ж.Т. Дәулетбекова, А.Қ. Рауандина, Р.С. Рахметова, Қ.С. Жайлаубаева. - Алматы: «Көкжиек баспасы», 2017 ж.- 132 бет;
Қосымша:
2.Қазақ тілі мен әдебиеті: Бәйшешек, Лексикалық минимум: Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын 11-жылдықжалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған, 1-бөлім /Ф.Ш. Оразбаева, Ж.Т. Дәулетбекова, А.Қ. Рауандина, Р.С. Рахметова, Б.Қ.Мукеева. - Алматы: «Көкжиек баспасы», 2017 ж.- 24 бет;
3.Қазақ тілі, әдістемелік құрал, оқыту орыс тілінде жүретін мектептің мұғалімдеріне арналған, /Хазимова А.Ж, Салыхова Б.У, Бейсебекова М.Ж/ - Алматы: «Алматыкітап баспасы», 2014 ж.- 134 бет.
Сәлем!
Сәлем .... !
Сен «Алтынемел» саябағы туралы не білесің?
Мен қазақ тілі сабағында Алтынемел саябағы туралы көп ақпарат алдым.
Міне қызық! Ол қандай саябақ екен?
Ол Алматы облысы, Кербұлақ ауданында орналасқан ұлттық саябақ және 1996 жылы ашылған екен.
Алтынемел саябағы өте үлкен шығар. Оның көлемі қанша екен?
Алтынемел саябағы 460 мың гектар жерді алып жатыр.
Бұл саябақта археолгиялық ескерткіштер бар ма?
Ия, онда түрлі-түрлі көне суреттер мен үлкен-үлкен үңгірлер көп.
Ол жерде Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар түрі де көп шығар?
Алтынемел ұлттық саябағында 1800-ге жуық өсімдіктің түрі, 56-ға жуық жануардың түрі бар екен.
Қандай керемет! Ол саябақта тағы нелер бар?
Саябақта биік-биік ағаштар, өзен-көлдер де мол.
Рахмет. Алтынемел саябағы туралы мен де көп ақпарат алдым. Сау бол!