kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілі пәні бойынша өткізілген"Алтынемел ұлттық саябағы" атты сабаққа рефлексивтік есеп

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпта өткізілген "Алтынемел ұлттық саябағы" атты сабаққа рефлексивтік есеп 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі пәні бойынша өткізілген"Алтынемел ұлттық саябағы" атты сабаққа рефлексивтік есеп»



Қазақ тілі пәні бойынша рефлексивті есеп

Білім стандартына сәйкес бағдарламаны басшылыққа ала отырып, тәжірибе алмасу мақсатында 6 «а» сыныбында «Алтынемел» ұлттық саябағы тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Бұл сыныппен екінші жыл жұмыс істеп келемін. Сыныптың білім сапасы – орташа. Сыныптағы 23 оқушыны 4 топқа топтастырдым, әр топ өздеріне тән құрған ережелерімен, міндеттерімен танысты. Сабақтың басында топтардың басшыларына бағалау парағының критерийлері таныстырылды. Әр оқушының жауабы 1 ұпайдан 5 ұпайға дейін бағаланатыны ескертіліп, бағалау парағы таратылды.

Сабақты бастамас бұрын оқушылардың қызығушылықтарын оятуға тырыстым. Осы мақсатта оқушыларға сөздік қорларын пайдалана отырып, «саябақ» сөзіне бес жолды өлең стратегиясын қолдандым. Бұл тапсырманы көпшілігі ойдағыдай орындап шықты. Осы стратегия арқылы сабақтың тақырыбы анықталып, мақсаты белгіленді.

Келесі кезекте берілген лексикалық минимум арқылы, оқушылар кітаппен жұмыс жасады. Мәтінді оқып, түсініп, ары қарай оқылым тапсырмаларын орындады. Қорапшадан әр топ екі сұрақтан алып, ақылдасып жауап берді.

Сөйлесімнің тыңдалым әрекетін жүзеге асыру мақсатында ұлттық қорық туралы деректі фильм көрсетілді. «Галереядағы ой шарлау» әдісі арқылы видеоға сәйкес суреттер мен сөйлемдерді табады.

Сабақ арасында сергіту сәті ұйымдастырылды. Оқушылар бір парақ қағазды төбелеріне қойып, мәтін мен деректі фильмнен естеріне қалған бір сөзді жазады. Парақтарын бір-біріне көрсетіп, жазылған сөздерді оқиды. Кейбіреуінің сөздері анық жазылған, кейбіреулерінікі мүлдем түсініксіз болып шықты. Балалар ол сөздерге күліп, біраз сергіп қалды.

Ары қарай сабақ диаграммаларды толтырумен жалғасты. Жалпы, мен өз сабағымда «Сын тұрғысынан ойлау» стратегияларын жиі қолданамын. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда, бәсекеге қабілетті тұлғаларды қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлау стратегияларының маңызы өте зор. Сабақ барысында «Ассоциациялық карта», «Хикаялар картасы», «Венн диаграммасы» және «551» әдісін пайдаландым. 4 топқа 4 түрлі диаграмма таратылды. Соның ішінде мықтырақ топқа «Венн диаграммасын» бердім. Себебі, орыс тілді балалаларға қазақ тіліндегі мәтін мен видеодағы ақпараттарды тауып, салыстыру, олардағы ортақ мәліметтерді табу оңайға түспейді. Бірақ, топ мүшелері бұл тапсырманы ойдағыдай орындап шықты.

Сабақ соңында бекітуге арналған «Өрмекшінің торы» стратегиясы арқылы бір-біріне қойған сұрақтарына тиімді жауаптарын айту кезеңі менің сабағымда сәтті шықты.

Сабағымның сәтті өткен тұстары – оқушылардың шығармашылық жұмыспен айналысып, топта белсенділік танытқандары. Әсіресе, Дегтярева Дарья, Левшакова Анастасия, Жиенбаева Жайна, Морев Кирилл, Стернак Светлана, Рыболова Дарья, Тоқтарқанов Ельдар, Нечепуренко Данил, Акетпаева Еркежан сынды оқушылар емін-еркін тілдесімге келіп, сұрақтарға жауап бере білді.

Сәтсіз өткен тұстары кейбір тапсырмаларды орындауда, сұрақтар қойган кезде қателер жіберді. Сонымен қатар, менің осы сабақтағы кемшілігім - рефлексияны қоңырауда алғаным. Сабақтың соңында рефлексия ретінде «Алма ағашы» әдісін алған едім. Өзімнің және оқушылардың сабақ барысында уақытты үнемдемеуінен біраз үлгермей қалдық. Келесі сабақтарда оны ескеру қажет. Алдағы уақытта мұндай кемшіліктердің алдын-алу мақсатында, оқушыларға үнемі уақытты шектеп беруге қатты көңіл бөлуім қажет.

Бірақ, барлығын қорытындылай келе, алдыма қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Оқушылар мәтін мен видеоның мазмұнын түсінді, «Алтынемел» ұлттық саябағы туралы толыққанды ақпарат ала білді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс

Автор: Шестаева Гульшат Токеновна

Дата: 19.05.2018

Номер свидетельства: 470228


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства