Сабақтың аты | 6-сынып Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңі |
Жалпы мақсаттар | Абай шығармашылығымен кеңінен танысу; Абайдың ән мен күйді жоғары бағалағандығын түсіну; Абайдың сазгерлік қырын тану, әсем әндерін білу; Ақын өлеңін мәнерлеп, түсініп оқу арқылы тілдерін, сөздік қорларын дамыту; Сын тұрғысынан ойлауға үйрете отырып, функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру |
Оқыту нәтижесі | Ақын өлеңдерінің мән-мағынасын ұғынады; Өлең арқылы ақынның әнге, өнерге деген көзқарасын сезінеді, зерттеушілік қабілеті оянады; Топпен жұмысқа бейімделеді, өзін-өзі реттейді |
Түйінді идеялар | Өлеңді түсініп оқып, ақынның ойына оқушының пікір білдіруі; Түсініп оқу, сын тұрғысынан ойлау; Ақынның өлеңінен үлгі-өнеге алу; Әр деңгейдегі тапсырмаларды орындату |
Сілтеме | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық; Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі; 6-сыныпқа арналған оқулық |
Дереккөз | Қазақ әдебиеті оқулығы; Абай өлеңдер жинағы; «Абайтану» оқулығы; Википедия ашық энциклопедиясы |
Бағалау | Формативті, топтық |
Тапсырмалар | Өлеңді мәнерлеп оқу, жатқа айту, сұрақ-жауап, жылқы малының адам өміріндегі маңызы туралы сипаттау, атты суреттеу, Абай өмірі туралы суреттерді топтастыру, сұрақтар арқылы пікірлесу, қызықты мәліметтерді түртіп алу, сөздікпен жұмыс, өлеңге талдау жасау, алғыс хат жазу |
Оқуға арналған тапсырмалар | «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңі |
Сабақтың типі | Аралас сабақ |
Стратегиялар | «Суреттеңіз», «Сипаттаңыз», «Оқиғалар картасы», «Миға шабуыл», «Түртіп алу, «Әннен алған әсерім», «Жадыңа түйіп ал», РАФТ, «Білім теңізіне кемеңді жібер» рефлексия, «Ыстық орындық» |
Қолданылған ресурстар | Интербеленді тақта, бағалау парақшалары, флипчарт, суреттер, маркерлер, стикер, қосымша әдебиеттер |
Сабақтың барысы |
Ұйымдастыру кезеңі Мұғалімнің іс-әрекеті: Сәлемдесу, сыныпта психологиялық ахуалды реттеу, сабаққа дайындықтарын білу, зейіндерін сабаққа аудару Абай Құнанбаевтың төрт өлеңінен бір-бір шумақ жазылған қағаз таратылады. Сол өлеңді табу арқылы топқа бөлінеді. Топ басшылары сайланып, бағалау парақшалары таратылады. |
Үй тапсырмасы. Жинақтау. Оқушы іс-әрекеті: «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» өлеңін мәнерлер оқу. Әр топтан оқушы шығарып, мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастыру. Шыққан оқушыларды бағалап, парақша белгілеп отыру. Бағалау парақшасында көрсетілген бағалау өлшемдері арқылы бағаланады. Әр тапсырма 1 ұпайдан. |
Өткен тақырыпты қорытындылау. Талдау. Мұғалім іс-әрекеті: Әр топқа меңгерген білім дағдыларын тексеру үшін арнайы тапсырмалар беру. Оқушы іс-әрекеті: 1-топ: «Аттың сыны» өлеңі арқылы берілген суреттегі атты сипатта. Керекті сөздер: Кекілі .. Құлағы ... Мойны... Жағы... Қабағы | Құйрығы... Жауырыны... Аяғы... Бақайы... Төсі... | Тісі... Ерні... Тірсегі... Сырты... Жалы .... | 2-топ. Адам өміріндегі жылқы малының орны. Постер қорғау. Оқушы жұмысында: Ер қанаты – ат. Сауса – қымыз, мінсе - көлік, сойса - ет. Сал-серілердің сәні. Көшпелі халықтың көлігі. Спортта - азаматтардың мерейі. Батырларды жеңіске жеткізген тұлпарлар. 3-топ. Оқиғалар картасы. Берілген суреттер арқылы Абай Құнанбаевтың өмірін талдап айтып беру. |
Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру Абай шығармашылығымен кеңінен танысу; Абайдың ән мен күйді жоғары бағалағандығын түсіну; Абайдың сазгерлік қырын тану, әсем әндерін білу; Ақын өлеңін мәнерлеп, түсініп оқу арқылы тілдерін, сөздік қорларын дамыту; Сын тұрғысынан ойлауға үйрете отырып, функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру |
Жаңа сабақты меңгерту. Абай Құнанбаев «Құлақтан акіріп, бойды алар» өлеңі Білу: Миға шабуыл: Абай кім? Жабық сұрақ қою арқылы оқушылармен диалогке түсу. аудармашы Күтілетін жауаптар: Қоғам қайраткері Ұлы ақын Ойшыл Сазгер ЖӘ негізін салушы Түсіну: «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңімен танысу. Өлеңді мәнерлеп оқып беру, өлең идеясын ашу. Түсініксіз сөздерге тоқталу. Түртіп алу: Абай әндері: «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Желсіз түнде жарық ай», «Татьянаның қырдағы әні» т.б. «Артық болмас білгенің». 1939 жылы Әуезовтың ұсынысымен Алматыда Абай әндері нотаға түсіріледі. Абайдың әндері 27-ге жетіп, 36 нұсқасы жұртшылыққа танылды. (1980 жылдан бастап) Абай бірнеше күй де шығарған. «Торжорға», «Май түтін», «Абай желдірмесі». Сергіту. «Көзімнің қарасы» әнін тыңдату. Әнші болғым келді «Көзімнің қарасы » әнінен қандай әсер алдың? Көңіл –күйім көтерілді Абай әндерін зерттегім келеді Абай бұл әнді кімге арнады екен? Оның әндері халыққа кең тараған. «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Қор болды жаным», «Бойы бұлғаң», «Айттым сәлем, Қаламқас» сияқты әндері баршамыз білеміз. Ойшыл адамның мұңлы сырын лирикалық әсем әуенмен тыңдарманның жүрегіне ұялатқан. Абай әндерінен философиялық терең ой, жүрек сезімінің ішкі лүпілі еркін сезіліп тұрады. |
Жаңа сабақ бойынша меңгерген білім дағдыларын тексеру, тапсырмаларды орындату. Талдау, қолдану: Оқушы іс-әрекеті: Өлеңді мәнерлеп оқытып, әр қатар бойына сайыс ұйымдастыру. Ақын ән мен күйден алған әсерін қалай суреттейді? Өлең жолдарынан тауып оқу. Өлеңнің құрылымы: 4 тармақты 7 шумақтан 28 жол. Өлең 7,8,9 буынды шалыс ұйқас (а,б,а,б) Өлеңнің идеясы: Абайдың ән мен күйді жоғары бағалағандыны көрсететін шығарма Өлеңнің ішкі мәніне үңіліп, әрбір сөзін бағамдап оқыңдар. Жадыңа түйіп ал:Бастау –судың көзі. Мен ішпеген у бар ма?! Жинақтау: Р Кім? топ А Кімге? Абай Құнанбаевқа Ф Қалай? Алғыс хат Т Не туралы? Әніне |
Жаңа сабақты бекіту, сабақты қорытындылау: Сабақты оқушылардың өздеріне қорытынды жасату, сөйлету, дағдыландыру, қалыптастыру. Сөйлеу тілін дамытуға бейімдеу, сөйлей білуге үйрете отыра, дағдыға айналдыру. Рефлексия: «Білім теңізіне кемеңді жібер» Нені білгім келеді? (теңіз) Сабақтан не ұнады? Не білдім? (Кеме) |
Үй тапсырмасын беру. 1. «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңін жаттау 2. «Ән – көңілдің ажары» ойтолғау |
Бағалау Бағалау парақшалары бойынша топ басшылары есеп береді. Жиынтық баға шығару. Ең көп ұпай жинаған топты анықтап, атап өту. Оқушы аты-жөні | Үй жұмысы | Топтық жұмыста | Сөздік жұмыс | Сынып жұмысындағы тапсырмасы | Өлеңді талдауы, мәнерлеп оқу | Сұраққа жауап | Жиындық баға | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | Көп ұпай жинап, сабаққа белсене атсалысқан оқушы анықтап, «Ыстық орындыққа» отырғызу |