kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Айдана- ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сарбаева Айдана. Автомобиль электр жабдықтары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Айдана- ашық сабақ»

И. Әбдікәрәмов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі



«Бекітемін»

директордың оқу жұмысы

жөніндегі орынбасары

_______________Бекманов К.

«_____»___________20____ж.






АШЫҚ САБАҚ



Пәні : Автомобиль электр құрал-жабдықтары

Тақырыбы: Стартер. Оның құрылысы және жұмыс принціпі

Тобы: А-100

Күні: _______________




Жоспар «Автомобильдер және жалпы техникалық» пәндік (циклдік) комиссиясының отырысында қаралып мақұлданды.


Хаттама № ____ «_____» _______________ 20___ ж.



Циклдік комиссия төрағасы: __________________ Мамытов Ғ..



Колледж әдіскері: ____________________ Асанбекова З.





Оқытушы: ______________________ Усманов Ү. Ә.


Қызылорда 2012ж.


Сабақ жоспары


Тақырыбы: Стартер. Оның құрылысы және жұмыс принціпі


Сабақ өткізу күні: 15.11.2012ж

Оқу тобы: А-100


Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Оқушыларды стартердің корпус, орам, якорь, щетка, тартқыш реле мен іске қосу шестернасы сияқты негізгі бөлшектерімен таныстыру арқылы білімділігін арттыру.


Дамытушылық: Теориялық білімдерін тереңдетіп, автокөлікке техникалық күтім жасау дағдысын дамыту.


Тәрбиелілік: Тиянақтылыққа, жинақылыққа және тапсырмаларды нақты, дәл орындауға тәрбиелеу.


Сабақта пайдаланылған көрнекі құрал-жабдықтар: Интерактивтік тақта, сұлба, құрал-жабдықтар, стартер.


Сабақтын әдісі: Түсіндіру, көрсету, өзбетімен тапсырма орындату.


Сабақ түрі: Аралас

Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру


Сабақтын барысы:


І.Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысуын

тексеру, дәрісхана тазалығы.


Өткен сабақты пысықтау:

Өткен сабақтың тақырыбы: Іске қосу жүйесі туралы жалпы мәлімет


Интерактивті тақтадан іске қосу жүйесінің сұлбасын көрсете отырып, оның құрылымымен таныстыра отырып тексеру сұрақтары бойынша оқушылардың жауаптарын тыңдаймыз және бірнеше оқушыға тест сұрақтарын таратамыз.

Теориялық тексеру сұрақтары:

1. Үзгіш-таратқыштын қызметі кандай?

2. Оталдыру жүйесінің құрылымы және қызметі қандай?

3. Тұтандыру жүйесінің түрлері және қызметі қандай?

4. Айнымалы ток генераторларының кернеуі неге тәуелді?


Тест сұрақтары. 1-вариант

  1. АКБ сиымдылығының өлшем бірлігі

  1. Литр

  2. Ампер-сағат

  3. Ватт-сағат

  4. Ампер

  5. Фарад

  1. Октан корректордың атқаратын қызметі

  1. Балансировка үшін

  2. От алу бұрышын қондыру үшін

  3. Салмаққа қарай от алу бұрышын реттеу

  4. Жылдамдыққа қарай от алу бұрышын реттеу

  5. Ортадан тепкіш күштерді реттеу

  1. А17ДВ свечаның таңбасындағы А әрпі

  1. Қызу дәрежесін көрсетеді

  2. Свечаның моделін көрсетеді

  3. Свечаның бұранда диаметрін көрсетеді

  4. Свечаның бұранда ұзындығын көрсетеді

  5. Свечаны босату үшін қолданылатын кілт шамасы

4. Генератор бірлігіндегі түйісу сақиналардың атқаратын қызметі

  1. Щеткалар арқылы реле реттеушісіне ток әперу үшін

  2. Щеткалар арқылы конденсаторға ток әперу үшін

  3. Щеткалар арқылы статор орамына ток әперу үшін

  4. Щеткалар арқылы түзеткішке ток әперу үшін

  5. Щеткалар арқылы қоздыру орамына ток әперу үшін

5. Стартердің қызметі

  1. Аккумуляторды зарядтау

  2. Бос жүріс жұмысы

  3. Қозғалтқыштың қуатын арттыру

  4. Қозғалтқышты іске қосу

  5. Аккумуляторды іске қосу

6. Генератор роторының жетегі ненің көмегімен жұмыс істейді

  1. арқанның

  2. трострың

  3. таспаның

  4. тізбектің

е) белбеудің

7. Автомобиль генераторы өндіретін, тұтынылатын кернеудің мөлшерлік жұмысының шегі

  1. 13.2-15.6 В

  2. 17-20 В

  3. 13-15 В

  4. 11-13 В

е) 14-17 В

8. Айнымалы ток генераторларының кернеуі тәуелді

  1. тоқ жиілігіне

  2. тарату білігінің айналу жиілігіне

  3. статордың айналу жиілігіне

д) иінді біліктің айналу жиілігіне

е) ротордың айналу жиілігіне

9. Автомобильдің электр тогы қандай мақсаттарда қолданылады?

  1. тек қана аккумулятор батареясын зарядтауға

  2. моторды жұмыс қоспасымен қамтамасыз ету үшін

  3. цилиндрге жұмыс қоспасын беруді реттеу

  4. тек қана цилиндрдегі жұмыс қоспасын тұтандыру үшін

  5. оталдыру, жарық және дыбыс белгілерін беру үшін

10. Электролидтің тығыздығы дегеніміз

  1. оң және теріс зарядты электродтардың сыртқы тізбек қосылған кездегі потенциалдарының айырмашылығы

  2. оң және теріс электродтардың потенциалдарының айырмашылығы

  3. электр тоғының ампер-сағатпен берілген саны

  4. оң және теріс зарядты электродтардың сыртқы тізбек ажыратылған кездегі потенциалд-ң айырма-ы

  5. аккумулятор батареясының зарядталу дәрежесі

Тест сұрақтары. 2-вариант

1. Қоздыру тоғы магниттайды

  1. генераторды

  2. аккумулятор батареясын

  3. қозғалтқышты

  4. стартерді

  5. реле-реттегішті

2. Сульфатация дегеніміз

  1. электролиттің ластануы

  2. қысқа мерзімді тұйықталу

  3. пластиналардың бетінде ақ қатпардың пайда болуы

  4. реакцияның кері бағытта болуы

  5. аккумуляторға зияны жоқ табиғи процесс

3. Генератор клеммаларындағы кернеу мынаған байланысты болады:

  1. сыртқы тізбекке

  2. иінді біліктің айналым санына

  3. жүйедегі кернеуге

  4. тарату біліктің айналу санына

  5. қайтымды токқа

4. Түйіспелі транзисторлық тұтандыру жүйесінің құрамы

  1. үзгіш таратқыш, тұтандыру катушкасы, транзисторлы коммутатор, конденсатор, жартылай өткізгіштік өлшеуіш

  2. транзисторлы коммутатор, конденсатор, резистор, үзгіш таратқыш, тұтандыру катушкасы

  3. резистор, стартер, тұтандыру катушкасы, коммутатор, үзгіш таратқыш

  4. конденсатор, резистор, транзисторлы коммутатор, амперметр, тұтандыру катушкасы

  5. үзгіш таратқыш, тұтандыру катушкасы, конденсатор, резистор

5. Бөлгіштің атқаратын қызметі

  1. жоғары кернеуді тарату

  2. ауыспалы токты бөлу

  3. тұрақты токты бөлу

  4. төмен кернеуді тарату

  5. қақпақ ретінде шаң-тозаңдардан қорғау

6. Аккумулятор батареясының сыртқабаты ...

  1. қорғасын болып келеді

  2. мыс болып келеді

  3. винипор болып келеді

  4. алюминий болып келеді

  5. эбонитті және пластмассалы болып келеді

7. Аккумулятор батареясының разряды деп нені атайды?

  1. химиялық энергияның механикалық энергиясына түрлену процессін

  2. химиялық энергияның электр энергиясына түрлену процессін

  3. электр энергиясының химиялық энергиясына түрлену процессін

  4. механикалық энергияның электр энергиясына түрлену процессін

  5. механикалық энергияның химиялық энергиясына түрлену процессін

8. Тұтандыру жүйесінің атқаратын қызметі

  1. мотордың жұмыс көрсеткіштерін бақылайды

  2. қозғалтқыштың барлық жұмыс режимінде жұмыс қоспасын дәл уақытында тұтандырады

  3. аккумулятор батареясын электр тогымен қамтамасыз етеді

  4. барлық электр тұтынушыларды электр тогымен қамтамасыз етеді

  5. мотордың иінді білігін алдын ала оталдыру үшін бұрайды

9. Транзистор дегеніміз не?

  1. моторды оталдыру құралы

  2. моторды оталдыру алдындағы қыздыру құралы

  3. үш электродты жартылай өткізгіш құралы

  4. цилиндрдегі жұмыс қоспасын тұтандырушы құрал

  5. мотордың температурасын көрсету құралы

10. Генератор статоры сіңіріледі

  1. майға

  2. қоюландырылған майға

  3. суға

  4. техникалық сіркеге

  5. электроқшауландырғыш лакқа

ІІ. Жаңа сабақты хабарлау:

Тақырыбы: Стартер. Оның құрылысы және жұмыс принціпі


Қаралатын сұрақтар:

1. Стартер қандай негізгі бөліктерден тұрады?

2. Стартер қандай қызмет атқарады?

3. Стартердің жұмыс істеу тәртібі қандай?

4. Стартерді қозғалтқыштан қалай аламыз және қалай жинаймыз?

Жаңа сабақтың мазмұны

Бензинді қозғалтқыштын иінді білігінін айналу жиілігі минутына 60-80 айн/мин. болғанда сенімді түрде іске қосуға болады. Айналудын мұндай жиілігін қолмен айналдыру жүргізушіге едәуір күш түсірелі. Оны женілдету үшін электр стартерлерін қолданады.

Стартер (1-сурет) - тізбекті қоздыру орамы бар және жүргізуші отырған жерден дистанциялық қосылатын төрт полюсті электр моторы. Стартердін іске қосқыш қозғалтқыштан айырмашылығы қосымша электр магниттік релесінін болуы. Олар қозғалткыш жұмыс істеп тұрғанда стартерді косу мүмкіндігін болдырмайды.

Стартер аккумулятор батареясынын электр энергиясын механикалық энергияға айналдыралы. Стартер полюсті корлустан және орамынан, якорьдан, шеткадан, тартқыш реле мен іске қосу шестерна механизмінен

тұрады.

Якорь білігі қола втулкаларды айналдырады. Якорь ойығына жуан мыс лентадан жасалған орамнын бірнеше секциясы төселген.

Стартер кілтпен іске қосылады, ол приборлардын қалқанына орналасқан құлыпқа орналасқан. Құлып контактыларына ішке тартылатын орам мен аккумулятор батареясынан сым тартылады.

Қозғалтқышты кілт тұтқасын сағат тілі бағытымен шегіне дейін бұрай отырып, іске қосады. Ішке тартылатын орам өз бойымен ток өткізген кезде өзектемірді магниттейді, ол қозғалмалы якорьдын бір шеті іске қосқыш шестерня рычагынан жылжытылады, сөйтіп оны іске қосқыш қозғалтқыштын аралық шестернасымен ілініске келтіреді, ал екінші шеті аккумулятор стартер тізбегінін контақтылы дискісімен тұйықталған. Екі магнит өрісінін өзара әрекеті нәтижесінде (бірі ток арқылы қоздыру орамында, екіншісі якорь орамында жасалады) стартердін якоры айнала бастайды, ол іске қосқыш шестерна арқылы иінді білікпен бірге маховикті айналдырады. Қозғалтқышты жүргізген сәттен бастап, іске қосқыш шестерна маховиктің тәжісінен айнала бастайды және якорь білігінен бөлінеді.

Еркін жүріс муфтасы қозғалтқышты іске қосқаннан кейін стартер якорын кеңуден сақтандырады, өйткені ол айналдыруды тек бір бағытқа ғана: стартер якорынын білігінен ішке қосқыш шестерняға береді.


Стартерлерге тән ақаулар

Егер стартер жұмысқа қосылмаса, онда фараларды немесе кабинадағы калпакты шамды қосып, қызудын қалай өзгеретінін бақылау қажет. Егер ол өзгермесе, тізбегінде ток болмағаны. Ток тізбектін үзілуі, қозғалмалы контактылы дискінің жеке стартер релесі қыс-қыштарынын күйіп кетуі, коллектордын ластануы, шетқалардың тозуы, шетқа ұстайтын серіппелердін әлсіреуі нәтижесінде түспеуі мүмкін.

Стартерді іске қосқан кездегі естілетін шырт еткен дыбыс стартер релесі мен іске қосқыш реленін жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Мұндай дыбыстын жиілігі мен маховик тәжіне шестернянын жиі соғылуынын себебі стартер релесінін ұстатқыш орамында үзіктің болуы. Бұл кезде реле якоры ұстатқыш орамнын көмегінсіз, тек қана ішке тартылатын орам арқылы тартылады.

Егер стартер іске қосылса, ал қозғалтқыштың иінді білігі баяу немесе мүлде айналмаса, оның себебі аккумулятор батареясынын разрядтануынан, қысқыштардын тотықтануынан, коллектордың күйіп кетуінен, щеткалардың тозуы мен салбырауынан болуы мүмкін.

Стартерді қосқан кездегі тістердің күшті шықырынан іске қосқыш шестерня тістерінін немесе маховик тәжінін тозуы немесе жаншылуы байқалады.

Стартер бөлшегін автокөліктен шешіп, қайтадан жинау тәртібі:

1. Автомобильде косу жүйесінін орналасуымен танысу:

а). қосу рукояткасымен қозғалтқыштын иінді білігін бір-екі айналымға айналдыру;

б). стартер - көмегімен қозғалтқыштын иінді білігін айналдыру.

2. Қозғалтқыштан стартерді мынадай ретпен шешу.

а). қосқыштын қысқыштарынан сымдарды және педаль тягаларын ажырату;

6). маховик картерінен стартерді ажырату:

в). стартерді қосқышты ажырату;

д). алдын-ала шетка ұстағыштын серіппесін соғып тұрып, шетқаны шығару;

е). екі тарту винтін бұрап шығарып, қақпаны корпустан ажырату не якорды шығару;

ж). стартердін косу механизмінін жетегін шашып көру:

3. Стартер жұмысын аныктау және онын бөлшектерінің құрылымымен танысу.


IІІ. Сабақты бекіту

Оқушыларға интерактивті тақтадағы тест сұрақтарына жауап беруді тапсырамын.

1. Іске қосу жүйесі ... тұрады

  1. стартер, қосымша реле мен аккумулятор батареясынан

  2. беріліс қорабынан, сермерден, иінді біліктен

  3. сермерден, шақпақтан, тарататын біліктен, термостаттан

  4. генератордан, иінді біліктен, шкивтен

  5. стартерден, қоздыру катушкасынан, коммутатордан

2. Стартердің іске қосылу ұзақтығы ... аспау керек

  1. 30 сек. аса

  2. 20-25 сек

  3. 10-15 сек

  4. 25-30 сек

  5. 5-10 сек

3.Карбюратор қозғалтқышының оталдыру шырағының ... ұшқынды аралығы бар

  1. 0,6-0,8 мм

  2. 0,4-0,5 мм

  3. 0,2-0,3 мм

  4. 0,3-0,4 мм

  5. 0,9-0,12 мм

4. Карбюраторлы қозғалтқыштардағы айналудың ең аз іске қосу жиілігі

  1. 120-240 айн/мин

  2. 20-30 айн/мин

  3. 70-80 айн/мин

  4. 80-100 айн/мин

  5. 40-60 айн/мин

5. Стартер ... қамтамасыз етеді

  1. статордың іске қосылуын

  2. майлау жүйесінің іске қосылуын

  3. генератордың іске қосылуын

  4. суыту жүйесінің іске қосылуын

  5. қозғалтқыштың іске қосылуын

6. Стартердің негізгі ақаулықтары

  1. еркін жүрісті муфтаның қысылып немесе тұралап қалуы

  2. барлық аталғандары

  3. стартер қосқышы контактісінің жанып кетуі

  4. стартерге жалғастырылатын сым ұшымен стартердің клеммасы арасындағы контактінің нашар болуы

  5. щетка мен коллектор арасындағы контактінің нашар болуы

7. ... қозғалтқышты іске қосқаннан кейін қосылмайды

  1. стартердің сөндіру механизмінің желінуі

  2. қосымша реледегі тізбектің үзілуі

  3. күш тізбегіндегі нашар түйіспесі

  4. аккумулятор батареясының ақаулығы

  5. аккумулятор батареясында күшті разряд

8. Стартер якорін күштің тасқындалуынан сақтандыру үшін ... қолданылады

  1. түйісу тегершігі

  2. аккумулятор

  3. генератор

  4. еркін жүріс жалғағышы

  5. электромагнит

9. Стартердің көмегімен ... пайда болады

  1. қозғалтқыш иінді білігінің айналысы

  2. қозғалтқышты іске қосуға арналған электр энергиясы

  3. қоздыру катушканың магнитталуы

  4. электр энергиясы

  5. аккумулятор батареясының заряды




Сабақты қорытындылау

Оқушылар білімін бағалау


ІV. Үйге тапсырма беру. Стартердің құрылысы және негізгі ақауларын анықтауды білу



Оқулық: Ю.Т. Вишневецкий «Электрооборудование автомобилей»193-19б.

П.Жүнісбеков, Б.Алиев «Автомобильдер құрылыс»






































Сабақ жоспары


Тақырыбы: Айнымалы ток генераторының техникалық жағдайын тексеру.


Сабақ өткізу күні: 23.12.2011ж

Оқу тобы: А-190

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Айнымалы ток генераторының сипаттамасын алу, генератор бөлшектерінің техникалық жағдайын тексеру әдістерімен танысу.


  • Тәрбиелік мақсаты: Қазіргі уақыт талабына сай бәсекеге қабілетті маман дайындау және оларды орнықтылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.


  • Дамутушылық: Оқушылардың кәсіптік білімін жетілдіру және пәнге қызығушылығын арттыру. Көрсету арқылы, есте сақтау қабілетін және ой-өрісін дамыту.


  • Сабақ түрі: Аралас

  • Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру


  • Сабақтың әдісі: Қөріністік, сызбалар мен бөлщектерді пайдалану, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, тесттік.

  • Қолданылатын көрнекіліктер: Инерактивті тақта, слайд, сұлба, генератор бөлшектері.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысуын

тексеру, дәрісхана тазалығы.

  • Өткен сабақты пысықтау:

Өткен сабақтың тақырыбы: Генераторлар қызметі және құрылысы

Интерактивті тақтадан генератор сұлбасын көрсете отырып, генератор бөлшектерін қолдана отырып тексеру сұрақтары бойынша оқушылардың жауаптарын тыңдаймыз

Өткен сабақ бойынша тексеру сұрақтары:

1.Автомобиль электр жабдықтарын қандай мақсатта қолданады?

2.Электр энергиясының көздерін атап шығыңыз?

3.Генератордың қызметі неге негізделген?

4.Айнымалы ток генераторының құрылысын атаңыз?

5. Айнымалы ток генераторының тұрақты ток генераторынан артықшылығы неде?




















ІІ. Жаңа сабақты хабарлау:

Тақырыбы: Айнымалы ток генераторының техникалық жағдайын тексеру


Қаралатын сұрақтар:


1. Генераторды сырттай қарап қандай әдістермен тексеруге болады?

2. Генераторды жұмыс жасауын зая жүрісте және жүктемеде қалай тексереміз?

3. Генератордың тораптары мен детальдарының техникалық жағдайын қалай тексереміз?

3.1 Щетка ұстағышпен щетканы қалай тексереміз?

3.2 Генератор қоздырушы орамының үзілуі қалай тексеріледі?

3.3 Генератор қоздырушы орамының немесе ротор білігінің тұйықталуы қалай тексеріледі?

3.4 Генератор қоздырушы орамының сымдар арасындағы тұйықталуы қалай тексеріледі?

3.5 Генератор статоры орамының үзілуін қалай тексереміз?

3.6 Генератор диодтарын тексеру?


Автомобильді күрделі жөндеу кезінде генератор жөндеуге жарамды деп

есептелсе, онда оның жарамдылығын анықтау үшін техникалық жағдайын тексеріп

және тексеру нәтижесін генератордың техникалық сипаттамасымен салыстырамыз.

Егер тексерілген генератордың техникалық жағдайы оның техникалық

сипаттамасына лайық келсе,онда ол генератор жарамды деп есептеледі.

1.Генераторды сырттай қарап қандайәдістермен тексеруге болады?

Генератор роторының айналу жеңілдігін қолмен айналысқа әкеліп тексеріп көру;

ротордың осьтік және радиальдықбағыттарға люфтісін тексеру; генератор

қақпағының винті мен шкив гайкасының тартылып бекітілуін тексеру;

ротор шкивпен және желдеткішпен қосылып айналыста болғанда подшивникте

өзгешедыбыс және үйкеліс болмауы тиіс; генератордың қақпағында сынған және

жарылған жері болмауы тиіс.

Оқушыларға генераторды тексерудің негізгі әдістері жөнінде түсінік беру.

2. Генератордыңжұмыс жасауын зая жүрісте(жүктемесіз) және жүктемеде(бақылау

жүктемеде) қалай тексереміз?

а) Генераторды жүктемесіз тексерудің практикалық әдістерін оқушыларға үйрету.




№1 суретте көрсетілгендей, генератордың қоздыру орамын ажыратқыш (5) арқылы

аккумулятор батареясына жалғап, электродвигательді (1) қосамыз және оның айналу

жилігін біркелкі өзгертіп,генератор роторының айналу жиілігін вольтметр көрсеткіші

арқылы бақылаймыз. Генератордың номинал кернеуі 14 вольтқа жеткен кезде

тахометрмен(2) генератор роторының айналу жиілігін өлшейміз. өлшенген жилікті

Г250маркалы генератордың техникалық сипаттамасымен салыстырамыз. Егер

генератор Г250-дің жүктемесіз кезінде оның роторының айналу жиілігінде номинал

кернеулі 14 вольт болғанда,генератор роторының айналу жиілігі 950 об/мин жоғары

болмауы тиіс.Генератор жүктемесіз жағдайда тексерілгенде оның техникалық

сипаттамасын толықтай қанағаттандырса, онда ол жүктемеде тексеріледі.

ә)Генератордың техникалық жағдайын жүктемеде тексерудің практикалық әдістерін

үйрету.Генератор №2 схемада көрсетілгендей, жұмысқа қосылады. Ажыратқышты

электродвигательге қосамыз, бұдан кейін генератор роторының айналу жиілігін

біркелкі көбейіп, оның қоздырушы 14 вольтқа жеткесін ажыратқышты қосып, реостат

жүктемені біріктіреміз. Генератор роторының айналу жиілігін көбейтіп, генератордың

номиналь кернеуін сақтап,реостаттың көмегімен жүктемені бақылауға дейін

жеткіземіз.Номинальдық кернеуде бақылау жүктемеге жеткен кезде тахометрмен 2

генератор роторының айналу жиілігінің өлшемін аламыз. Алған көрсеткіштеріміз

таб.№1-дегі Г250 маркалы генератордың техникалық сипаттамаларына тең болса,

онда генератор Г250 жұмысқа жарамды деп есептеледі.

Егер генератор жоғарыда көрсетілген техникалық көрсеткіштерді орындамаса,

онда оны ашып, тораптары мен детальдарын тексереміз.




3.Оқушыларға генератордың тораптары мен детальдарының техникалық жағдайын

қалайша тексеруге болатындығы жөнінде түсінік беру.























а) Щетка ұстағышпен цетканы қалай тексеругеболады?

Щетка ұстағыш пен щеткалар қоқыстан тазартылған және майланбаған болуы тиіс.

Щеткалар щетка ұстағышта еркін қысылмай жылысып тұруы тиіс.

Щетка ұстағышта щетканың жеңіл жылысуы қолмен қысып тексеріледі және бұл

кезде щетканың серіппесі толық қысылуы керек.

Щетка щетка ұстағыштан үйкелісіп қысылмай жеңіл шығуы тиіс. Щетканың

ұзындығы линейка немесе штангенциркульмен өлшенеді. Ол өлшенген кезде таблица

№1-де көрсетілгендей, щетканың ең төменгі ұзындық көрсеткішінен төмен болмауы

тиіс. Егер ол 7мм-ден төмен болса, оны алмастыру қажет. Щетканың серіппесімен

төбесіне 200 грамдық күшпен басқанда щеткаұстағышпен табақшаның арасындағы

саңылау 2мм болады, ал диномометрмен щетканы 180-260гк күшпен тартқан кезде

щеткаұстағышпен щетка ұшының арасындағы арақашықтық 2 мм –ге тең болғаны

дұрыс. Бұл тексеру №3 суретте көрсетілген. Ротор сақинасының қоқыстарын

бензинмен ылғанданған матамен сүртіп тазалайды. Егер сақинаны тот басқан болса,

ол түйіршіктігі 100-140 болған шлифовальды қағазбен тазаланады.







ә) Генератор қоздырушы орамының үзілуі қалайша тексеріледі?






















Тексеру 12 вольтты бақылау шамы арқылы өткізіледі. №4 суретте өрсетілген

бойынша жалғанады. Егер орам үзілген болса, шам жанбайды.

б) Генератордың қоздырушы орамының немесе ротор білігінің тұйықталуы қалай

тексеріледі?

Егер тұйықталу «Шығу» орамының қасында болса, онда қоздыру шынжырындағы

қарсылықтың азаюына байланысты қоздыру тогы көбейіп, қоздыру орамының

қызуына әкеліп соқтырады. Егер тұйықталу түйісу сақинасына жақын болып,

щетканың «плюстік» қосылысы болса, онда орам қысқарылады да, генератор

қоздырылмайды. Ротордың қоздырушы орамының плюспен немесе ротор білігімен

тұйықталуы 220 вольттық бақылау шамымен №5 суреттегі сызбада көрсетілгендей

анықталады. Егер орам білікпен немесе плюспен біріккен болса, онда лампа жанады.

Егер орамды біліктен изоляциялап ажырату мүмкін болмаса, онда ол ауыстырылады.

в) Генератордың қоздырушы орамының сымдар арасындағы тұйық-талуы қалай

тексеріледі?

Сымдар арасындағы тұйықталу қоздыру тогын көбейтеді. орамның қызуымен оның

изоляциясы істен шығады да, оның әсерінен орамдағы сымдар тұйықталуы көбейеді .

Қыздыру тогының көбеюі кернеуді реттегіштің істен шығуына әкеліп соқыртыруы

мүмкін. Бұл ақауды тексеру қоздыру орамының қарсылығын өлшеумен анықталып,

№1 таблицадағы техникалық сиппаттамамен теңестіріледі.





Қоздырушы орамның сымдар арасындағы тұйықталуын №6 суреттегі сызбамен

омметрді қолданып тексеруге болады.



















г) Генератор статоры орамының үзілуін қалайша тексеруге болады?

Статор орамының үзілуін №7 суреттегі сызбада көрсетілгендей, бақылау шамын

қолданумен тексереміз. Шам мен қоректендіру көзі кезегімен екі фазаны омметрмен

өлшесек,ол «∞» шексіздікті көрсетеді.

д) Генератор статоры орамының өзекпен тұйықталуын қалай тексеруге болады?




















Мұндай жарасыздықта генератордың қуаты төмендейді немесе генераторжұмыс жасамайды, оның қызуы артады. Аккмулятор батареясына

заряд бермейді. №8 суреттегі сызбада көрсетілгендей, 220 вольттық бақылау шамын қолданумен тексеріледі. Сымның бір ұшы өзекке,

ал екінші ұшы орамның кез-келгеніне біріктіріледі. Егер шам жанса, онда

тұйықталудың болғаны.

е) Генератор статор орамының сымдар арасындағы тұйықталуы қалай тексеріледі?

Статор орамының катушкаларының сымдар арасындағы тұйықталуын

катушкалардың фаздық қарсылығын омметрмен өлшеу арқылы тексереміз.

№9 сызбада көрсетілгендейекі орамның қарсылығы омметрмен өлшегендегі мәндері

таблица №1 дегі генератордың техникалык сипаттамасына тең келмесе, онда сымдар

арасындағы тұйықталудың болғаны.

ж) Генератор диодтарын тексерулі үйрету.

Автомаобильдің электр жабдықтарына қолданылатын диодтардың көбінің екі түрлі

жарамсыздығы болады. Біріншісі генератордың «+» клеммасы корпуспен тұйықталуы

болғанда, екіншісі аккмулятор батареясын жұмыс жасап тұрған двигательден

ажыратқанда және тұрған двигательден ажыратқанда және диодтар қызғанда.

Тізбектегі бір диодтың үзілуі генератордың қуатын төмендетеді, ал екі диодтың

тізбектегі бір фазада үзілуі генератордың бір фазасының үзілуімен тең.























Диодтардың тесілуі және үзілуі №10 а,б сызбада көрсеиілгендей, тексеріледі.

Диодтарды тексеру сызбада көрсетілгендей, шаммен аккумулятор батареясына

тізбектеле алдымен бір бағытқа, кейін басқа бағытқа жалғанады.


Диод жарамды болса бір қосылыста шам жанады. Егер шам екі түрлі қосылыста

жанса, онда диод тесілген. Шам тіпті жанбаса-диод тізбегінде үзілген жері бар.

Оқушылардың өзіндік практикалық жұмыстарды орындай алатынына көз жеткізу

үшін олардың білімдерін сұрақ-жауап арқылы тексеруге болды.


ІІІ. Тақырыпты бекіту:

Оқушыларға интерактивті тақтадағы тест сұрақтарына жауап беруді тапсырамын.


  1. Автомобиль генераторы берілісті неден алады?

а) желдеткіштен, ә)цилиндр блогінен, б) иінді біліктен.

2. Г250 маркалы генератор қандай автомобильдерде қолданылады?

а)ГАЗ-24 ә) ЗИЛ-130 б) барлығында.

3. Г250 маркалы генератордың қоздыру орамының қарсылығы неше ОМ-ға тең?

а)3,0 ом-ға, ә) 3,5 ом-ға, б)3,7 ом-ға

4. . Г272 маркалы генератор қандай реле-реттегішпен жұмыс жасайды?

а)РР356-мен ә) РР380-мен б)РР350-мен

5. Генератор щеткасына қойылатын талаптар?

а) жақсы коммут.,берік және тозуға төзімді қасиеті болу, ә)қыстың төменгі температурасында қозғалтқышты қосу сенімділігі болу, б)аз токты пайдалана отырып үлкен қосу айналдыру моментін жетілдіру

6. Г250маркалы генератордың щеткасының ең төменгі биіктігі неше миллиметр болуға тиіс?

а)5мм, ә)9мм, б)7мм

7. Тұрақты ток генераторына қарағанда айнымалы ток генераторының артықшылығы неде?

а)мыс шығыны төмен, ә)салмағы жеңіл, б)барлығы дұрыс.

8. Автомобиль генераторының қызметіне нелер жатады?

а)автомобильдің электр энергиясының негізгі көзі,

ә) жарық беруші,

б) электр энергиясын сақтаушы

9. Г250 маркалы генератор қандай реле-реттегішпен жұмыс жасайды?

а)РР356-мен ә) РР380-мен б)РР350-мен

10.Г272 маркала генератордң номиналь ток кернеуі неше вольтқа тең?

а) 14- вольтқа, ә) 20-вольтқа, б) 28-вольтқа


  • Сабақты қорытындылау.

  • Оқушылар білімін бағалау.


ІV. Үйге тапсырма беру. Айнымалы ток генераторының техникалық жағдайын тексеру әдістері, жұмысын тексеру.

Оқулық: Ю.Т. Вишневецкий «Электрооборудование автомобилей»173-179б.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Айдана- ашық сабақ

Автор: Сарбаева Айдана

Дата: 13.01.2017

Номер свидетельства: 378951

Похожие файлы

object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Айдана - ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(18) "aidana_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "378949"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484308568"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Ашық сабақ тақырыбы: «Құстар – біздің досымыз!»"
    ["seo_title"] => string(45) "ashyk_sabak_tak_yryby_k_u_star_bizdin_dosymyz"
    ["file_id"] => string(6) "451559"
    ["category_seo"] => string(6) "corect"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1516599847"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Б?гінгі білім- ерте?гі болаша?ым ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(51) "bughinghi-bilim-iertien-ghi-bolashag-ym-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "202466"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429260311"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Ашы? саба?  информатика п?нінен  5 сынып?а "
    ["seo_title"] => string(40) "ashy-saba-informatika-p-ninien-5-synyp-a"
    ["file_id"] => string(6) "108146"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1403589332"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "Ашы? саба? та?ырыбы: Сезім м?шелері ж?не оларды? ма?ызы"
    ["seo_title"] => string(53) "ashyksabaktakyrybysiezimmushielierizhnieolardynmanyzy"
    ["file_id"] => string(6) "279801"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453291030"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства