Оқушыларға бүкіл әлемдік тіршіліктің төрт құдіретін, яғни күн, Жер – ана, су және ауа екенін, оны қастерлеу халық салты, өмір заңы екенін ұғындыру. Оқушылардың өз ойларын еркін айта білуге үйрету. Өз беттерінше ізденіп жұмыс істеуге үйрету. Оқушылардың өмірге, табиғатқа, күллі адамзатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Адам табиғат перзенті»
Тақырыбы: «Адам – табиғат перзенті»
Тәрбие сағаттың мақсаты:
Оқушыларға бүкіл әлемдік тіршіліктің төрт құдіретін, яғни күн, Жер – ана, су және ауа екенін, оны қастерлеу халық салты, өмір заңы екенін ұғындыру. Оқушылардың өз ойларын еркін айта білуге үйрету. Өз беттерінше ізденіп жұмыс істеуге үйрету. Оқушылардың өмірге, табиғатқа, күллі адамзатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Экологиялық білімді қалыптастыру. Тіршілік көзі табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Зейіннің тұрақтылығын, мағыналық қабылдау, ұзақ мерзімді есте сақтау, сөз – логикалық ойлау, қиял қабілеттерін дамыту. Байланыстырып сөйлеу тілін арттыру.
Тәрбие сағаттың түрі: экологиялық тәрбие
Тәрбие сағаттың әдісі: сұрақ – жауап, ұғындыру, түсіндіру
Көрнекілігі: суреттер, гүлдер т.б.
Сөздік жұмыс: перзент.
Тәрбие сағаттың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. Оқушылардың назарын тәрбие сағатына аудару.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Балалар, орман мектебіне қош келдіңдер. Мынау біздің орманымыз. Орманда не өседі? Орманды қалай қорғау керек? (ағаштардың шыбықтарын сындырмау, қоқыс тастамау керек)
Ал, өзен, көлдерімізді қалай қорғауымыз керек? (таза ұстап, ластамау керек)
Орманымыздың жануарларымен, құстарын, балықтарын қалай қорғауға болады?
Ал енді, мен сендерге білімдерінді одан ары қарай жетілдіру мақсатында ситуациялық сұрақтар қояйын.
ІІІ. Ситуациялық сұрақтар:
Орманда келе жатсың, құстың ұясынан балапаны жерге түсіп кетіпті. Не істер едің?
Мектепте қоңырау кезінде сыныптас досынмен үлкен дәлізде ойнап жүріп, өсіп тұрған үлкен гүлді сындырып алдың делік. Бірақ сендерді ешкім көрген жоқ. Сендердің әрекеттерін.
Орманға сыныптастарымен серуендеуге шықтың дедік. Жанып жатқан отты көрдің. Сонда қандай әрекет жасар едің?
Орманда өсіп тұрған гүлдер, мекендеп жүрген жануарлар, құстар, әр түрлі ағаштар бұлардың бәрін бір сөзбен айтқанда неге жатқызуға болады? Табиғатқа. Дұрыс.
ІV. Негізгі бөлім.
Табиғат – бізді қоршаған орта. Біздің бүгінгі өнеге сағатымыз осы табиғатты қорғауға, туған жерге арналады. Табиғат пен адам әрқашан егіз деуге болады. Оны қорғай білу әр адамның борышы. Табиғатты аялап, сүйе білу, оның әсемдігін сезіну, тамашалау ғана керек деп ойламауымыз керек. Керісінше, әр оқушы өзі ағаш отырғызып немесе бұлақ көзін ашуға ат салысуы керек. Президентіміздің Қазақстан халқына жолдауында 2030 жылға дейін стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге зор көңіл бөлінген.
Туған жер туралы, төрт құдірет туралы қандай мақалдар, ырымдар мен тыйым сөздер білесіңдер?
Туған жердің ауасы шипа.
Туған жер – алтын бесік.
Су анасы – бұлақ.
Туған жердің жуасы да тәтті.
Су жүрген жер береке, ел жүрген жер мереке.
Ауаны былғама, ол ананың демі.
Біз табиғат перзентіміз. Тамылжыған табиғат аясы бізге туған ана құшағындай ыстық.
Енді біз сіздермен тапқыр ойының ойнап көрелік. Кім тапқыр екенін байқайық.
V. Сергіту сәті:
Күннің суреті көрсетіледі. Күн – күн бізді өз сәулесімен жылытады, жазды күні біз талас жағалауында күнге күйіп демаламыз. Қане, қалай күнге күйеміз көрсетейікші! Қолымызды жоғары көтеріп созыламыз, көзімізді жұмып керіліп еркін демалайық.
Жер – жер бетінде біз жүреміз, жүгіреміз, секіреміз.
Су- суды біз ішеміз, тамаққа пайдаланамыз, суға біз шомыламыз, су бетінде қайықпен жүземіз. Қане көрсетейік.
Ауа- ауамен біз демаламамыз. Қане бәріміз еркін демалайық.
Міне бір сәт демалдық, тәрбие сағатымызды әрі қарай жалғастырайық. Енді тып- тыныш қана өз орнымызға отырайық.
VI. Қорытынды.
Неліктен адам- табиғат перзенті дейді? Өйткені адам табиғатпен егіз. Табиғатсыз тіршілік жоқ.
Табиғатты қалай қорғаймыз? Біздің қандай үлесіміз бар?
Төрт құдіретке не жатады? Атап шығу,маңызын түсіндіру.
Адам өміріне табиғаттан не қажет?
Табиғат-өз үйіміз. Қазақта: «Адамның табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың оны айтатын тілі жоқ» – деген сөзі бар. Біздің борышымыз – табиғатты қорғау. Табиғат болмаса, адам баласы да болмайды, өйткені адам табиғаттың бір бөлшегі. Сондықтан, табиғатты өз қалпында бұзбай сақтау керек. Ол әр қайсысымыздың қасиетті борышымыз. Табиғи тепе – теңдік бұзылса, түрлі қасіреттерге соқтырады. Сол үшін, Жер- Анаңды қадірле! Табиғатты қорға!
Балалар естігенімізді, бүгінгі білгенімізді әркез есте сақтап, табиғатты қорғауға үлесімізді қосайық. Осы мектеп ауласын, ауламызды, үй жанын таза ұстайық! Ағаш отырғызып, суды ысырапсыз шашпайық, жерді құрметтейік! Ауаны ластамайық!